Ересектердегі синусит

P-S-019

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другой острый синусит (J01.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Себебі аллергиялық, вирустық, бактериялық, сирек жағдайда 
саңырауқұлақтық болатын мұрынның бір немесе бірнеше қосалқы қойнауларының шырыштық қабықтарының қабынуы.

 
Хаттама коды: P-S-019 "Ересектердегі синусит"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J01    Жедел синусит
J01.0 Жедел жоғарғы жақсүйектік синусит
J01.9 Жедел синусит анықталмаған
J32    Созылмалы синусит
J32.0 Созылмалы жоғарғы жақсүйектік синусит
J32.4 Созылмалы пансинусит
J32.8 Басқа созылмалы синуситы
J32.9 Созылмалы синусит анықталмаған

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Аллергия. Жиі суық тиюлер. Шылым шегу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, іріңдік бөлінуілер.
 
Физикалық тексеру: бактериялық синусит диагнозы анамнез мəліметтеріне, объективтік зерттеулерге сүйеніп қойылғанымен, ең маңызды диагностикалық шара қойнаулардың аспирациясы болып табылады. Көзұяастылық (гайморит), қасүстілік (фронтит), шүйделік (сфеноидит) аймақтардағы ауырулар жəне кеңсірік (этмоидит).
 
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық зерттеулер: сұйықтық деңгейінің болуы – қабынудың шынайы белгісі. Қойнаулар көлемін алдыңғы рентгенограммалармен салыстыру.
УДЗ: зерттеудің алғашқы нүктесінен кем дегенде 3 см қашықтықта алынған біреулік эхосигналдың болуы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы талдауы (6 көрсеткіш).
2. Қосалқы қойнаулардың 1 проекциядағы рентгенографиясы.
3. Гаймор қойнауының пункциясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: бактериялық жəне вирустық синуситтер ауру ұзақтығына, симптомдардың айқындылығына қарап ажыратылады.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру, мұрыннан іріңдік бөліндінің тоқтауы.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем
 
Антибактериалдық терапия тез жазылу үшін өте қажет. Антибиотиктерді қажетсіз қолданбау үшін оны жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруы симптомдарының персистенциясы жағдайларында немесе аурудың ауыр ағымында, клиникасы айқын кезде тағайындау қажет. Антибиотикотерапияны тағайындаудың тиімділігі емдеу нəтижелерін алтын стандарт əдісімен бағалауға негізделген зерттеулердің мета-талдауымен дəлелденген (А).

Таңдау препараты - амоксицилин əдеттегі 250-500 мг 
мөлшерде күніне 3 рет тағайындалады.
Егер науқастың жағдайында жақсару байқалмаса, терапияны амоксициллин-клавуланаттың үлкен мөлшерлерін – амоксициллин+клавулан қышқылы 250/1000 мг күніне 2-3 реттен тағайындауға тиімді.
Сонымен қатар цефдинир, цефуроксим, 
цефподоксим дəрілері альтернативтік ем үшін қолданылады. Егер науқаста қайталанатын құсулар аясында препаратты ішке тағайындауға мүмкіндік болмаса, Цефтриаксонның (50 мг/кг/тəул.) бір реттік мөлшері тамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне тағайындалады.
Науқастың клиникалық жағдайы жақсарғаннан кейін 24 сағаттан соң препаратты ішке қабылдауға көшеді.

Егер науқастың жағдайы антибиотикті ауыстырғаннан кейін, жүргізілудегі емге қарамастан жақсармаса немесе аурудың ағымы өте ауыр болса, науқастың жүргізудің екі жолы бар:

Гаймор қойнауының пункциясын орындап, бактериологиялық зерттеулер 
нəтижесінде қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын анықтап, емнің тиімділігін арттыру үшін науқасқа отоларинголог консультациясы ұсынылады.
 
Альтернативтік вариант – цефотаксим немесе цефтриаксонды тамырішіне тағайындап, отоларингологқа осы терапия нəтиже бермесе ғана жолдау. Ұзақ антибиотикотерапия кезінде микоздың дамуын алдын алу үшін итраконазолдың ішке қабылдауға арналған ерітіндісі 400 мг\тəул. 7 күнге тағайындалады. 

Қосымша терапия антибиотиктермен қатар 
жүргізіледі. Бұл терапияға құрамында түрлі тұздары бар спрейлер (гипертониялық жəне изотониялық), антигистаминдік препараттар; секрецияны төмендететін жəне тамыртарылтатын препараттар (жергілікті жəне орталыққа əсер ететін), муколитикалық препараттар, жергілікті қолданылатын стероидтар.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин 250 мг табл; 250 мг, 500 мг капс; инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг, 1000 мг; суспензия 125/5 мл флаконда.
2. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг.
3.  Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.
4.  Клиндамицин инъекцияға арналған ерітінді 300 мг/2 мл, амп.
5. *Амоксициллин+клавулановая кислота 625 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді 600 мг флаконда.
6. *Азитромицин 250 мг, 500 мг, капсулы.
7.  Цефотаксим инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда.
8. *Цефтриаксон инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1 000 мг флаконда.
9.  Цефтазидим инъекция ерітіндісін дайындау үшін ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2гр
10. *Итраконазол оральный раствор 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: мұрынмен тыныс алудың қалпына келуі, ауыру синдромының жойылуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: бір аптаның ішінде емнің нəтижесі болмаса, асқынулардың дамуы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: жоғарғы тыныс жолдарындағы ошақты санациялау.

Профилактикалық шаралар: мұрын қуысын санациялау.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принципі: тұрғылықты жері бойынша ЛОР дəрігерінде бақылауда болу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ведение пациентов с синуситами в общей врачебной практике. Клиническое руководство. Дубикайтис Т.А.. 2. The diagnosis and management of acute bacterial sinusitis. Guideline. Alberta Medical Association. November 2001. 3. Acute sinusitis: A cost-effective approach to diagnosis and treatment. Guideline. American Family Physician. November 1998. 4. Health Care Guideline: Acute sinusitis in adults. Institute for Clinical System Improvement. 2004. 5. Prodigy Guidance-Sinusitis. 2004

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С.,  Алматы қ. №5 ҚКА

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх