"Амбулаториялық оңалту ІІ" көлемі, үшінші кезең. "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Другие врожденные аномалии крупных артерий (Q25.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
Хаттама атауы: «Амбулаториялық оңалту ІІ» көлемі, үшінші кезең, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар).
 
Хаттама коды:
 
АХЖ Х код(тар)ы
I10 Эссенциалдық [ілкі] гипертензия
I27.0 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы
I42 Кардиомиопатия
I42.0 Кеңеюлік (дилатациялық) кардиомиопатия
I42.1 Обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
I42.3 Эндомиокардиалды (эозинофильдік) сырқат
I42.4 Эндокардиалды фиброэластоз
I42.5 Басқа да рестриктивті кардиомиопатия
I42.7 Кардиомиопатиялар
I43 Басқа айдарларда жіктелген сырқаттар кезіндегі кардиомиопатия
I43.0 Басқа айдарларда жіктелген инфекциялық және паразиттік аурулар кезіндегі кардиомиопатия
I43.1 Метаболизмдік бұзылыстар кезіндегі кардиомиопатия
I43.2 Тамақтанудың бұзылыстары кезіндегі кардиомиопатия
I43.8 Басқа айдарларда жіктелген басқа да аурулар кезіндегі кардиомиопатия
I97.8 Қанайналым жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген, медициналық емшаралардан кейін болған, басқа бұзылыстары
I97.9 Қан айналымның нақтыланбаған, медициналық емшаралардан кейін болған бұзылыстары
Q21.0 Миокард алдыңғы қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
Q21.1 Миокард төменгі қабырғасының жіті трансмуралды инфаркты
Q21.2 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы / Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q25.0 Ашық артериялық түтік
Q25.8 Ірі артериялардың басқа да туа біткен ауытқулары
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
БӘФ – биоәлеуметтік функциялар
КТ – компьтерлік томография
МРТ – магнитті-резонанстық томография
ЖК – жүрек кемістігі (жеткіліксіздігі)
ФК – функционалдық класс
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоКГ – эхокардиография
NYHA – Нью-Йорк Жүрек қауымдастығы
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-үйлестіруші–дәрігер;
-реабилитолог-дәрігер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология)» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар) (ересектер, балалар);
-психология саласындағы маман («психиатрия (наркология, медициналық психология)» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар немесе «психология» мамандығы бойынша медициналық емес (педагогикалық) жоғары білімі бар);
-емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маман (медициналық, медициналық емес (педагогикалық) жоғары білімі бар);
-емдік дене шынықтыру бөлмесінің емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маманы, мейіргері (медициналық және медициналық емес (педагогикалық) орта білімі бар);
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы-маман (медициналық емес/педагогикалық жоғары білімі бар);
-еңбекпен емдеу бойынша нұсқаушы-маман (медициналық/медициналық емес орта білімі бар);
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері;
-күтім мейіргері;
-әлеуметтік қызметкер.

 

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
 
Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-жіті дамыған патологиялық үдерістің аяқталуы барысында ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-өмір сүру сапасын  жақсарту;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 
Оңалту үшін көрсетімдер :
 
1-кесте.  «Амбулаториялық оңалту ІІ» көлемі, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар), оңалтудың үшінші кезеңі үшін көрсетімдер
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Ілкі  (эссенциалды) гипертензия I 10 I-II ФК (NYHA) ЖК
2 Кардиомиопатиялар I 42 - I 43 I-II ФК (NYHA) ЖК
3 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0 I-II ФК (NYHA) ЖК
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I-II ФК (NYHA) ЖК
5 Қанайналым жүйесінің медициналық емшаралардан кейін болған бұзылыстары I97.8,
I97.9
I-II ФК (NYHA) ЖК
 
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған, жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде.
 
Медициналық оңалту көлемдері, 10 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер:
 
Оңалтудың негізгі әдістері:
Емдік дене шынықтыру:  
-ЕДШ – 10 емшара;
-ингаляциялар – 15 емшара.
 
Оңалтудың қосымша әдістері:
Физиотерапия:
-лазерлік терапия –7 емшара;
Массаж:
-мойын-жаға аймағы – 7 емшара;
-қолдардың – 7 емшара;
-аяқтардың – 7 емшара.
Логопедтік терапия– 7 емшара (сөйлеудің бұзылуы болған кезде).
Кинезотерапия – 7 емшара.
 
2- кесте. «Амбулаториялық оңалту ІІ» көлемі, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар), оңалтудың үшінші кезеңінің ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері
1 Ілкі  (эссенциалды) гипертензия I 10 I-II ФК (NYHA) ЖК 10
2 Кардиомиопатиялар I 42 - I 43 I-II ФК (NYHA) ЖК 10
3 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы I 27.0 I-II ФК (NYHA) ЖК 10
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I-II ФК (NYHA) ЖК 10
 
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары:
 
3-кесте. Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Ілкі  (эссенциалды) гипертензия I 10 6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап)  II→I ФК (NYHA) ЖК
2 Кардиомиопатиялар I 42 - I 43 6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап)  II→I ФК (NYHA) ЖК
3 Өкпенің ілкі (біріншілік) гипертензиясы
I 27.0
6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап)  II→I ФК (NYHA) ЖК
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап)  II→I ФК (NYHA) ЖК
5 Қанайналым жүйесінің медициналық емшаралардан кейін болған бұзылыстары I97.8, I97.9 6 минуттық жүріс тесті (балаларға 6 жастан бастап)  II→I ФК (NYHA) ЖК
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Е.Т Лильин , В.А Доскин Детская реабилитология. 3-е издание . Москва 2011г. 2) Клиническое практическое руководство по кардиологической реабилитации Министерства здравоохранения и социальных услуг населению США (1995 г.) (Wenger NK, Froelicher ES, Smith LK, Ades PA, et al. Cardiac Rehabilitation: Clinical Practice Guideline 17: U.S. Department of Health & Human Services; 1995; 2008). 3) Руководство Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов «Показатели исполнения кардиологической реабилитации по направлению и оказанию услуг кардиологической реабилитации/вторичной профилактики». (AACVPR/ACC/AHA2007). Journal of the American College of ardiology/Journal of American College of Cardiology: Vol.50,N 14:1401-1410. 4) Клиническое Руководство по кардиологической реабилитации амбулаторных пациентов Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов. Последний обзор 6.08.2006 г.(Cardiac Rehabilitation (Outpatient): Clinical Guideline (CG-REHAB -02//Empire/Current Effective Date 11/17/2006. Last Review Date: 06/08/2006: Medical Policy &Technology Assessment Committee (MPTAC) review. 2005 AHA/AACVPR guideline and the 2005 AHRQ Technology Assessment). 5) Программы кардиологической реабилитации и вторичной профилактики: Statement From the American Heart Association Exercise, Cardiac Rehabilitation and Prevention Committee, the Council on Clinical Cardilogy; the Council on Cardiovascular Nursing, Epidemiology and Prevention. and Nutrition, Phisical Activity, and Metabolism; and the AACPR.Gary J.Balady, Mark A. Williams, Philip A.Ades et al. //Circulation 2007; 115;2675-2682.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Мамежанова  Людмила  Ильинична  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, балалар оңалтуы бөлімшесінің кардиолог дәрігері;
2)  Аймақова  Гүлсім  Тарғынқызы  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Беркінбаев Сәлім Фахатұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстанның  кардиологтары қауымдастығының президенті, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, директор.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх