Өкпе обыры

Өкпе обыры

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Злокачественное новообразование бронхов или легкого неуточненной локализации (C34.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Өкпе рагі (бронхогенді бронхоальвеолярлық рак) бронхтардың шырышты қабатының эпителилерінен жəне бездерінен дамитын қатерлі ісіктер.


Хаттама коды: PN-S-004 "Өкпе обыры"
Хирургия саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): С34 бронхтардың жəне өкпенің қатерлі ісіктері.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Ұсақ жасушалы емес карциномалар:
• жалпақ жасушалы карцинома ( 40-45% жағдайда) азаюға тəн тенденция болуда;
• аденокарцинома жəне оның подтиптері, бронхиолоальвеолярлық карцинома (25-30% жағдайда), көбеюге тəн тенденция болуда;
• ірі жасушалы дифференциялданбаған карцинома ( 10% жағдайда );
 ұсақ жасушалы карцинома ( 20-25% жағдайда ).
 
Клинико-анатомиялық формалары:
 
• Орталық жəне шеткері форма.
- Орталық рак ірі бронхтарды зақымдайды (сондай ақ сегментарлық бөліктерін де);
- Шеткері рак субсегментарлы жəне одан да кіші бронхтарда орналасады.
- Орталық 
формасы түбірдің элементтеріне қарай өсіп, негізгі бронхтар мен кеңірдекке ерте таралады.
- Шеткері рак əдетте өкпе паренхимасында шар тəріздес түйін түзеді.

 
• Атиптік формалары:
Шеткері рак (апикалді рак), медиастиналді рак жəне өкпенің 
біріншілік карциноматозы;
Медиастиналді рак біріншілік ошақ анықталмағанда кеуде аралық лимфа түйіндеріне метастаздарымен сипатталады.
Лимфогенді метастаздар біріншілік ісіктен тезірек дамуы 
мүмкін. Біріншілік карциноматоз – екі жақты біріншілік – көптеген өкпе рагі.
Өкпе тіні əр 
түрлі мөлшердегі ісік түйіндерімен инфильтрацияланған. Олардың арасында біріншілік жəне екіншіліктерін ажыратып жатудың мағынасы жоқ.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Темекі шегу.
2. Асбестоз.
3. Басқа да себептер (мышяк хром жəне никельдің əсері).
4. Сəулелену (радон).

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері
 
Науқастарды, егер оларда мынадай белгілері, 3 аптадан артық уақыт қандай да бір объективті себептерсіз болса - рентгенографияға жіберу керек:
- Жөтел;
- Кеудеде немесе кеуде қуысынан тыс ауыру сезімі;
- Ентігу;
- Салмақ тастау;
- Дауысының қарылуы (көмейдің қайтармалы нервінің медиастиналдық ісікпен қысылуына байланысты);
- Соңғы фалангтардың қалыңдауы;
- Өкпе рагының метастаздарына күдік тудыратын симптомдар (ОЖЖ зақымдалу белгілері, бауыр көлемінің ұлғаюы, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімдері, сүйектегі ауыру сезімдер);
- Лимфа түйіндерінің ұлғаюы (мойын, бұғана үсті, қолтық асты).
 
Пульмонологқа-онкологқа жолдау - егер науқаста келесі симптомдар болса, онда шұғыл түрде кеңеске жіберілуі тиіс:
- Қан қақыру;
- Рентгенологиялық зерттеу нəтижелері өкпе рагының бар екендігіне күдік туғызады (плевралдық бөлінділер жəне күңгірттену ошақтары да)
- Жоғарғы қуыс венаның қысылу синдромы (кеуде қуысы веналарының кеңеюі мен беттің цианозы, ісінуі, кеуде ішілік қысымның жоғарылауынын қосарланып келуі , қан тамырдың кеуде аралық ісікпен қысылуымен шақырылады);
- Стридор (шұғыл жолдама).
 
Рентгенографияның нəтижелері қалыпты болған жағдайда, себепсіз 6 аптадан артық бейспецификалық симптомдары (мысалы: ұйқышылдық өкпе рагінің нəтижесінен болуы мүмкін) бар науқастар жедел түрде пульмонолог – онкологқа консультацияға жіберілуі тиіс.
 
Рентгенологиялық зерттеу өкпе рагына күдік туғызатын барлық науқастарға жасалуы тиіс. Кеуде жəне құрсақ қуысының контрастты компьютерлік томографиясы кеуде қуысының рагіне күдікті кез келген науқасқа рентгенографиялық зерттеу нəтижелеріне қарамай жасалады.

Науқаспен психологиялық жұмыс жүргізу – барлық медицина қызметкерлері 
үшін өте маңызды міндет болып табылады. Науқастарға аурудың сипаты жəне емдеу тəсілдері жайында ең аз уақытта түсіндірілуі шарт (диагноз анықталғаннан кейін бір аптадан кем емес). Осы уақыт аралығында науқаспен кеңесіп, ем түрін таңдау қажет.

Дəрігерлер жəне денсаулық сақтаудың алғашқы тізбегіндегі медбикелер тиісті:
а) өкпе 
рагының алғашқы белгілері мен симптомдарын білуі жəне осындай белгілері бар науқастарды клиникалық зерттелуге жіберуі;
б) темекі шегуге қарсы бағытталған үгіт насихатты мүмкін болғанынша барлық күш жігерімен жүргізу.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі: жоқ.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: онкодиспансер дəрігері тағайындаған тегін дəрілер тізімі бойынша.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: ‹‹кіші белгілері›› болған жағдайда зерттелу жəне госпитализацияға жолдама беру.

* – негізгі (өмірлік маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: ерте анықтау жəне келесі кезеңге ауыстыру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау кезінде қолданылған əдебиеттер тізімі: 1. Diagnosis of lung cancer: the guidelines/ Chest 2003; 2. Management of patients with lung cancer. A National clinical guideline. Scottish Intercollegiate Guidelines Network (SIGN).2005; 3. Treatment of early stage non-small cell lung cancer. Chest 2003; 4. The noninvasive staging of non-small cell lung cancer: the guidelines. Chest 2003; 5. Клинические рекомендации плюс фармакологический справочник. И.Н.Денисов, Ю.Л.Шевченко. М. 2004; 6. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Выпуск 2-2003; 7. Профилактика через первичное здравоохранение / Под ред. L. Dobrossy. – Б.: Одиссей - 2003.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ячменев В.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх