Ұрықтың өліп қалуы жəне көпіршікті емес (гидатидалық емес) кірме

H-O-019

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Погибшее плодное яйцо и непузырный занос (O02.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: жоқ  

Хаттама коды:
  H-O-019   "Ұрықтың өліп қалуы жəне көпіршікті емес (гидатидалық емес) кірме"

Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша код:  О02.0  Іштегі ұрықтың өліп қалуы, көпіршікті емес кірме

Жіктемесі


Жіктемесі:  болған емес

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: ерекше шағым болмауы да мүмкін. Анамнезде эндокриндік жəне иммундық жүйенің аурулары, алдыңғы түсіктер жəне іштегі нəресте жұмыртқасы дамуының ауытқуы болуы мүмкін.
 
Физикалық тексеру:  ауруларды, əсіресе эндокриндік жəне аутоиммундық табиғатын анықтау үшін жүргізіледі.
Гинекологиялық тексерулерге іншектік бимануальдық зерттеулер жүргізу кіреді, осында гестация мерзіміне жатыр мөлшерінің сəйкес келмегені аталды.

Инструменталдық зерттеулер:
· Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
· Гистероскопия
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  хромосомдық патология табылған кезде – генетик, эндокриндік патологияда – эндокринолог, зооноздық инфекция бар болса - инфекционист.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ
2. Қанның жалпы анализі
3. Зəрдің жалпы анализі
4. Қаның биохимиялық анализі – жалпы белок, глюкоза, электролиттер, зəр, қалдық азот
5. Коагулограмма
6. Терапевтің тексеруі
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қандағы СГ-нің шоғырлануын анықтау
2. Цервикальдық өзектің ішіндегіге баксебінді (көрсеткіш бойынша)
3. Иммунограмма
4. Гемостазиограмма
5. Перинатальдық инфекцияның ПЦР анализі
6. Генетик, инфекционист, эндокринологтің консультациясы
7. Қалқанша без гормондарының (Т3, Т4, ТТГ, ТТГ-ге антитела) деңгейін анықтау
8. Қалқанша без УДЗ-і
9. Ерлі-зайыптының қан торшасының хромосомдық анализі
10. Қан сарсуындағы антифосфолипидтық АТ-ні анықтау
11. V факторы мутациясына тест
12. В, С вирусті гепатитіне қан тексерту
13. Анестезиологтың консультациясы

Жоспарлы госпитализацияға дейін тексеру:
14. Қанның жалпы анализі
15. Зəрдің жалпы анализі
16. Қан тобы мен резус факторды анықтау
17. Жатыр УДЗ-і
18. ВИЧ, мерезге қан тапсыру
19. Тазалық дəрежесіне жағынды алу

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
 
· Қандағы СГ-ні сандық анықтау
· Прогестерон деңгейін анықтау

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:


 Симптомдары  Нозологиялық форма
 Көпіршікті емес
кірме
 Көпіршікті емес
кірме
 Эктопикалық
жүктілік
 Жатырлық
физиологиялық
жүктілік
 Етеккірдің келмей
қалуы
 +  +  +  +
 Жыныс мүшесінен
қанды сұйықтық ағу
 +/-  +/-  +/-  -
 Қан СГ
 Гестация мерзіміне
 сəйкес келмейді
 Шамадан 5-10 рет артық
 Гестация мерзіміне
сəйкес
 Гестация мерзіміне
сəйкес
 Бимануальдық
зерттеулер
 Жатыр өлшемі
гестациямерзімінен
кіші
 Жатыр өлшемі гестация
мерзімінен үлкен
 Гестация мерзімінен кіші
Гестация мерзіміне 
сəйкес
 УДЗ
 Ұрықтың жоқтығы
 Жатыр қуысы түгел кеуіктік құрлыстың 
көптеген құрлымына толы
 
Іштегі нəресте жұмыртқасын 
жатыр тыс 
жерден табу
 Іштегі нəресте ұрығы бар жұмыртқасы, с/б+, гестация мерзіміне сəйкес

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: Іштегі нəресте жұмыртқасының қаза болуының уақытында жасалған диагностикасы, науқасты кешенді тексеру, терапевтикалық əдісті таңдау,  түсіктің асқынуының профилактикасы, науқастың репродуктивтік қызметін сақтау, сенімді контрацепция.
Емдеу əдісі жөнінде, шешім қабылдау алдында, клиникалық мəліметтердің негізінде (соңғы етеккірдің бірінші күнінен) УД-зерттеулер нəтижесі бойынша гестациялық жасын анықтау керек (B)[1,2,4].
Бұл патологияны емдеуді таңдау əдісі – орынды жансыздандырумен жатыр қуысы қабырғаларын қыру болып табылады, себебі іштегі нəресте жұмыртқасы қалдығы қалып қою мүмкіндігі инфекциялық асқынулар мен қан кету қауіпін көбейтеді [1,2,4].
Жатыр қуысынан алынған қырындыға гистологиялық зерттеулер жүргізілуі керек [2].
Гистероскопияның көмегімен эндометрия полиптерін алып тастауға жəне жатыр қуысындағы бар бөлінділерді кесіп алып тастайды. Хирургиялық жолмен ашу (лапаротомия) қажеттілігі сирек болады.
Генетикалық бұзылу жəне хромосомдық ауытқуларды емдеу дəрілері жоқ.

Дəрі-дəрмексіз ем: Диета, нəруыз жəне витаминдерге бай, ұсақталған тағамдармен жиі тамақтану. Физикалық белсенділікті шектеу (демалу уақытын көбейту) [3].

Дəрі-дəрмектік ем:  Жатыр қуысы қабырғасын қыру операциясын жасау кезіндегі антибиотикотерапия кестесі (С)[4]:
· Операция кезінде метронидазол 1 г.  ректальды,  100 мг  доксициклинді қоса тəулігіне 2 рет ішуге қажет (қырғанан кейін барлығы 7 тəулік);
· Операция кезінде метронидазол 1 г. ректальды жəне 1 г.  азитромицинді қоса  операция жасалған күні бір рет ішу керек.
· Окситоцин 1 мл тəулігіне 2 рет;
· Кальций надропарині – егуге арналған ертінді, алдын ала шприцтерге 2850 ХБ анти-Ха/0,3мл; 3800 ХБ анти-Ха/0,4мл; 5700 ХБ анти-Ха/0,6мл; 7600 ХБ анти- Ха/0,8мл. толтырылған.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Тəулігіне 1 г. суппозиторидің метронидазолі
2. Доксициклин 200 мг тəулігіне
3. Метронидазол 1 г
4. Азитромицином 1 г.
5. *Кальций надропарині - 2850 МЕ анти-Ха/0,3мл; 3800 ХБ анти-Ха/0,4мл; 5700 ХБ анти-Ха/0,6мл; 7600 ХБ анти-Ха/0,8мл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Преднизолон  30-60 мг/тəулігіне,
2. Ацетилсалицилдік қышқыл 75-225 мг/ тəулігіне,

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· науқастың жалпы жағдайының қалыпқа түсуі;
· зертханалық мəліметтердің қалыпқа түсуі;
· науқастың репродуктивтік қызметін сақтауы;
· сенімді контрацепция.
 
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау көрсетімдері:  жоспарлы жəне шұғыл

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар ( асқыну профилактикасы):
1. Іштегі нәрестені укытына дейін котереалмаудын профилактикасы
2. Инфекциялық асқынулар профилактикасы

Әрі қарай бақылау:
Əйелдер консультациясында бақылау
Симптоматикалық терапия

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologist. Medical Managment of Abortion.- 2001.- apr. 13 p. 2. Royal College of Obstetricians and Gynecologist. Setting Standart to Improve Women’s Health. Managment of Early Pregnancy Loss, 2000 Oct. 9p. 3. Unsafe Abortion. Global and Regional Estimates of the Incidence of Unsafe Abortion and Associated Mortality in 2000. WHO, Geneva, 2004, р.35 4. Royal College of Obstetricians and Gynecologist. Setting Standart to Improve Women’s Health. The Care of Women Requesting Induced Abortion. Evidence-based Clinical Guideline #7, Sept.2004, p.104

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
 
Cултанова Ж.У., м.ғ.к., Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу
орталығы оперативті гинекология бөлімшесінің жетекші маманы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх