Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі

P-O-005

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Замедленный рост плода неуточненный (P05.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: ұрықтың құрсақта дамуының тежелуі – фетометрия мəліметтеріне немесе нəрестені алғашқы УЗ-сканирлеу мəліметтеріне қарай соңғы етеккірдің бірінші күні бойынша жүктілік мерзімінен нəресте өлшемдерінің төмен болуы.


Хаттама коды: P-O-005  "Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О36.5 Анаға медициналық жəрдем көрсету талап етілетін ұрық өсуінің жеткіліксіздігі.
Р05. Ұрық өсуінің баяулауы жəне қоректенуінің жеткіліксіздігі.
Р05.0 Ұрықтың гестациялық жасына қарай «салмақ аздығы».
Р05.1 Ұрықтың гестациялық жасына қарай мөлшерінің (көлемінің) кішілігі.
Р05.2 Гестациялық жасына қарай мөлшерінің (көлемінің) кішілігі немесе «салмақ аздығын» ескермегенде, нəресте қоректенуінің жеткіліксіздігі.
-гестациялық жасына қарай «салмақ аздығы». (Р05.0),
-гестациялық жасына қарай мөлшерінің (көлемінің) кішілігі (Р05.1)туралы ескерілгенде, нəресте қоректенуінің жеткіліксіздігі болмайды.
Р05.9 Ұрық өсуінің баяулауы анықталмаған.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1.  Пайда болу уақытына қарай : ерте түрі;  кеш түрі;
2.  Даму типіне қарай: симметриялы түр;  ассимметриялы түр.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1.Əлеуметтік – экономикалық жағдай;
* төмен əлеуметтік-экономикалық статус;
* медициналық көмектің қолжетімсіздігі;
* кəсіптік зияндылықтар;
* «зиянды əдеттер» (шылым шегу, алкоголь,  есірткілер).
2. Тамақтану:
* жүкті əйелдің бастапқы дене салмағы төмен;
* жүктілік кезінде дене салмағының жеткіліксіз қосылуы;
* ұзақ ашығу;
* вегетариандық емдəм, белгілі бір ғана тағамға құштарлық.
3. Қосарлас аурулар:
* созылмалы артериялық гипертензия;
* тамырларды зақымдаушы сусамыр ауруы;
* бүйрек ауруы;
* аутоиммундық аурулар;
* гемоглобинопатия;
* ауыр анемия;
* жүректің қан айналымы жеткіліксіздігінің белгілері бар туа біткен ақаулары.
4. Ананың жұқпалы аурулары:
* вирустық: қызамық,цитомегаловирус, қарапайым ұшық, шешек;
* бактериялық: листериоз, түбіркүлез, полиомиелит, мерез;
* протозойлық: токсоплазмоз, малярия.
5. Акушерлік белгілер.
* балаларының ҰҚДТ (ВЗРП) белгілерімен тууы (қайталану ықтималдығы 25%);
* өлі туу;
* жүктілік мерзімінің белгісіздігі,есепке кеш алыну;
* ананың жасы(16-дан төмен,35-тен жоғары ).
Жүктіліктің асқынулары:
* преэклампсия;
* 2 жəне 3-триместрде қан кету;
* мерзімінен асқан жүктілік;
* кіндік пен бала жолдасы орналасуының ауытқулары (плацентаның алда жатуы) ;
* көп ұрықтылық;
* ЖТТБ өсуінің жеткіліксіздігі (нормадан 3-см.-ден аз).
 

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Соңғы етеккірдің бірінші күні бойынша жүктілік мерзімімен жəне жүктіліктің 12-аптасына дейін екі қолмен зерттеу мəліметтерімен (дəлдігі 7 күнге дейін) немесе нəрестені алғашқы УЗ-сканирлеу фетометриясының нəтижелерімен салыстырғанда нəрестенің фетометрия көрсеткіштері төмен;
2. Жүкті əйелдің дене салмағының қосылуы күткендегіден төмен;
3. ЖТТБ (ВСДМ) жүктіліктің осы мерзіміне тəн қалыптан төмен(3 см жəне одан да көп). Жүктіліктің 20-36-апталарының арасында ЖТТБ (ВСДМ) аптасына 1см.аз үлкейуі сезік тудыруы керек. ЖТТБ -нің жүктілік мерзіміне сай келмеуі 3-4 см-ден артық болғанда, УДЗ жүргізу қажет болады, бұл клиникалық мəліметтерді едəуір толықтыруы мүмкін.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жатыр түбінің тұру биіктігін динамикада өлшеу;
2. НҚДТ даму қаупі бар топқа жататын жүкті əйелдерге келесі параметрлер бойынша ультрасонография жасау:
- ұрыққа əр 4 аптада, 3-триместрде əр 2-3 аптада фетометрия жасау;
- алғашқы УДЗмен салыстырғанда нəрестенің даму динамикасы;
- қағанақ суының (амниотикалық сұйықтық) көлемін бағалау (суаздық – нəресте  аурушаңдығы жəне өлім қаупі факторы, суаздықта аптасына1-2 рет,көрсетімдер бойынша одан да жиі );
- нəрестенің қимылдау белсенділігін бағалау;
- биофизикалық профиль;
- нəрестені дамуының туа біткен ақаулары немесе хромосомдық маркерлер патологиясының болуына зерттеу.
3. Жатыр - бала жолдасы-нəрестелік қан журуді келесі параметрлер бойынша допплерометриялық зерттеу:
- кіндік күре тамырында қан жүруі;
- жатыр күре тамырларында қан жүруі;
- нəрестенің ми күре тамырларында қан жүруі;
- нəрестенің ми күре тамырлары мен жатыр күре тамырларында қан жүруі көлемінің ара
қатынасы.
4. Стрестік тест;
5. Дəстүрлі жəне модификацияланған биофизикалық профиль;
6. Стрестік емес тест;

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
 
Ем мақсаты:
1. Жүкті əйелдің НҚДТ  –  не алып келетін қосарланған ауруларын емдеу;
2. Ана мен нəресте күйіне динамикалық бақылау;
3. Акушерлік тактиканы дер кезінде өзгерту (көрсетімдері бойынша);

Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ
 
Дəрі-дəрмектік ем:  жоқ

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі :  жоқ
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі :  жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. құрсақтағы нəрестенің фетометриялық параметрлерінің елеулі артта қалуы;
2. қағанақ суы көлемінің азаюы;
3. нəрестенің тыныс алу белсенділігінің жəне жүрек қызметі реактивтілігінің азаюы;
4. нəрестеге допплерометрия жасағанда аномалды белгілердің қосылуы;
5. НҚДТ-нің жүктіліктің ауыр асқынуларымен қосарлануы;
6. НҚДТ мен бірге экстрагениталдық патологияның дамуы;
7. диагностикалаудың инвазиялық тəсілдерін жүргізу қажеттілігі- (амниоцентез, кордоцентез).

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

профилактикалық шаралар:
1. жүктілік кезінде шылым шегуден сақтандыру;
2. созылмалы жұқпалар ошағын анықтап, емдеу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. National Guideline Clearinghouse: Intrauterine Growth Restriction. www.guideline.gov 2. National Guideline Clearinghouse: ACR Appropriateness Criteria for Growth Disturbances: Risk of Intrauterine Growth Restriction.- www.guideline.gov 3. Royal College of Obstetricians and Gynecologists. Setting Standart to Improve Women’s Health – The Investigation and Managment of the Small-For-Gestational-Age Fetus.- Guideline #31, 2002, p.16 4. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 5. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p.80 6. Внутриутробная задержка роста плода. – Ярославль.- 2001.- с.21

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх