Қылилық

H-S-011

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Косоглазие неуточненное (H50.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы: 

Қылилық - екі көздің біреуінің көру білігінің ортақ бекіту нүктесінен ауытқуы.

Хаттама коды: H-S-011 "Қылилық"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H50 Қылилықтың басқа формалары
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
- қосарланған, салданған;
- біріншілік, екіншілік;
- вертикалді компонентпен қосылатын, одан ажырайтын;
- монолатералді, альтернациялық;
- аккомодациялық емес, жартылай аккомодациялық, аккомодациялық;
- кезеңдік, тұрақты.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: бифовеалді бірігудің болмауы, көздердің біреуінде көрудің төмен болуы.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: көрудің төмендеуі, қылилық бұрыштың болуы.

Физикалық тексеру: визометрия (қыли көздің көруінің төмендеуі), Гиршберг бойынша көз ауытқулары, ОУ жəне СУ, БФС.

Лабораториялық тексеру: жоқ.

Инструменталдық зерттеулер: офтальмоскопия (көз түбінің жағдайы), ЭФИ (ЭРГ, ЗВП) - көрсеткіштердің төмендеуі.

Мамандар консультациясы үшін көрсеткіштер: ЛОР, стоматолог, невропатолог, педиатр.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Визометрия.
2. Гиршберг бойынша қылилық бұрышын анықтау.
3. Көру сипатын анықтау.
4. Қылилықтың объективтік жəне субъективтік бұрыштарын анықтау.
5. Фузиондық резервтерді анықтау.
6. Скиаскопия.
7. Биомикроскопия.
8. Офтальмоскопия.
9. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көзді УДЗ.
2. Электрофосфен.
3. Ұшқындар бірігуінің критикалық жиілігін зерттеу.
4. Электроретинография.
5. Коордиметрия.
6. Кераторефрактометрия.

Дифференциалды диагноз


Белгі Бірлескен қылилық Параличтік қылилық
Ауытқы бұрышы
Бірінші бұрыш екінші бұрыш
ауытқуына тең
Бірнішілік бұрыш екіншілік
ауытқу бұрышынан аз
Бастың қалыпы Өзгермеген
Көздік тортиколлиз, бастың
мəжбүр қалыпы
Көзалмасының қозғалымы Шектелмеген
Зақымдану жағындағы
қозғалыстың шектелуі
Диплопияның болуы Жоқ Бар
Ісіктер (ретинобластома)
Көзбұршақ мөлдір, оның артында ақ түсті, васкуляризацияланған
жаңа түзілістер байқалады
Торқабықтың сыпырылуы,
мерзімі жетпей туылғандардың
ретинопатиясы
Көзбұршақ мөлдір, офтальмоскопия кезінде – торқабық сыпырылған,
фиброзды өзгерген, қысқарған.
Персистирлеуші шыны дене
Шыны денеде витреоретинальді аурлық анықталады, фиксирленген ДЗН

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ортотропия, бинокулярлық көруді қалыптастыру, көрудің бірқалыпты болуы, көз қылилығы бұрышының төмендеуі.

Дəрі-дəрмексіз ем: аппараттық ем - синоптофорда емдеу, монобиноскопта емдеу, мускулотренер, жарықпен емдеу, компьютерлік бағдарламалар, лазермен стимуляциялау, электр тогымен стимуляциялау.

Дəрі-дəрмекті ем
Операция жасауға көрсеткіштерге қылилық бұрыштың 10 градустан жоғары болуы, монолатералді қылилық жатады (косметикалық мақсатта). Көздің дұрыс қойылуына немесе қылилық бұрыштың төмендеуіне операция арқылы қол жеткізуге болады.

Операция алдында премедикация жүргізіледі (дифенгидрамин - 5-30 мг бұлшықет ішіне жасына қарай бір мəрте). Жансыздандыру жалпы.

Операция: бір не екі көзге екі немесе одан да көп көз сыртындағы бұлшықеттерге басқа шаралар жүргізу.

Операциядан кейін инфекциялардың алдын алу үшін антибактериялық ем жүргізіледі (хлорамфеникол - 2 тамшыдан 6 рет күніне, тобрамицин - 2 тамшыдан 6 рет күніне), қабынуға қарсы ем (дексаметазон 2 тамшыдан 6 рет күніне, диклофенак - 1 тб 2-3 рет күніне, кеторолак – 50-100 мг 10 кг салмаққа бұлшықет ішіне).

Профилактикалық шаралар: плеоптро-, ортопто, дипоптиялық шаралар.

Əрі қарай жүргізу: жоқ.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
2. Тобрамицин көз тамшылары
3. *Хлорамфеникол көз тамшылары
4. *Дексаметазон инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/мл, 8 мг/мл дексаметазон фосфаты (динатрий тұздары түрінде) ампулада 1 мл
5. *Диклофенак натрий 25 мг, 100 мг, 150 мг табл.
6. *Кеторолак инъекцияға арналған ерітінді 1 мл/30 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: қылилық бұрышының төмендеуі, ортотропия, бинокулярлық көруді қалыптастыру, көрудің бірқалыпты болуы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: тұрақты аккомодациялық емес қылилық, бинокулярлық көрудің болмауы, қылилық бұрышының болуы.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі: жалпы қан анализі (6 параметрі), жалпы несеп анализі, нəжісті құрттарға тексеру, қандағы қантты анықтау, АЛТ, АСТ, ЭКГ (қорытындысымен), педиатрдың, невропатологтың, ЛОР-дəрігердің, стоматологтың қорытындылары.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. EBM Guidelines. Impaired vision. 2004 2. Randomised controlled trial of treatment of unilateral visual impairment detected at preschool vision screening. M P Clarke, C M Wright, S Hrisos, J D Anderson, J Henderson and S R Richardson. BMJ 2003;327;1251-doi:10.1136/bmj.327.7426.1251

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Краморенко Ю.С., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх