Қайталанатын оңалту. "Травматология және ортопедия" бейіні (балалар)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Последствия неуточненной травмы нижней конечности (T93.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған

Хаттама атауы: «Қайталанатын оңалту».
 
Хаттама коды: «Травматология және ортопедия» бейіні (балалар)
 
АХЖ-10 код(тар)ы
S42 Иық белдеуі мен иық деңгейіндегі сынық
S52 Білек сүйектерінің сынуы
S 72.0 Ортан жілік мойнағының сынуы
S72.1 Ұршықбас арқылы сыну
S72.2 Ұршықбасасты сынық
S72.3 Ортан жілік денесінің [диафиздің] сынығы
S72.4 Ортан жіліктің төменгі ұшы сыну
S72.7 Ортан жіліктің бірнеше жерден сынуы
S72.8 Ортан жіліктің басқа да бөліктерінің сынуы
S72.9 Ортан жіліктің нақтыланбаған бөлігінің сынығы
S 82 Сирақтың тобық буынымен қоса сынуы
T 92 Қол жарақаттарының салдарлары;
Т93 Аяқ жарақаттарының салдарлары
Z 92.4 Жеке анамнездегі басқа айдарларда жіктелмеген салмақты операция
Q 65.0 Ортан жіліктің туа біткен біржақты шығуы
Q 65.1 Ортан жіліктің туа біткен екіжақты шығуы
Q 65.2 Ортан жіліктің туа біткен нақтыланбаған шығуы
Q 65.3 Ортан жіліктің туа біткен біржақты шала тайып кетуі
Q 65.4 Ортан жіліктің туа біткен екіжақты шала тайып кетуі
Q 65.5 Ортан жіліктің туа біткен нақтыланбаған шала тайып кетуі
Q 65.6 Орнықсыз ортан жілік
Q 65.7 Ортан жіліктің шығуға бейім болуы
Q 65.8 Ортан жіліктің басқа да туа біткен деформациялары
Q 65.9 Ортан жіліктің туа біткен нақтыланбаған деформациясы
Q 66 Аяқ басының туа біткен деформациялары
Q 66.0 Ат тұяғы-варустық маймақтық
Q 66.1 Өкше-варустық маймақтық
Q 66.2 Варусты аяқ басы
Q 66.8 Аяқ басының басқа туа біткен деформациялары
Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін
S 22.0 Кеуде омыртқасының сынығы
S22.1 Омыртқа бағанының кеуде бөлігінің бірнеше жерден сынуы
S 32 Омыртқа бағанының бел-сегізкөз бөлігі мен жамбас сүйектерінің сынығы
M 41.0 Омыртқалардың инфантилдік идиопатиялық қисаюы
М 41.1 Омыртқалардың жасөспірімдік идиопатиялық қисаюы
М 41.2 Омыртқалардың басқа да идиопатиялық қисаюы
М 41.3 Омыртқалардың торакогенді қисаюы
М 41.4 Омыртқалардың нерв-бұлшықеттік қисаюы
М41.5 Омыртқалардың өзге де салдарлық қисаюы
41.8 Омыртқалардың қисаюының басқа да нысандары
Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67 Бастың, беттің, омыртқа бағанының және кеуде қуысының туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялары
Q 68 Басқа да туа біткен сүйек-бұлшықеттік деформациялар
Q 71 Қолдарды қысқартатын ақаулар
Q 72 Аяқтарды қысқартатын ақаулар
Q 74 Аяқ-қол(дар)дың басқа да туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q77 Түтік тәрізді сүйектер мен омыртқа бағанының өсу ақаулары бар отеоходродисплазия
Q 78 Басқа да остеохондродисплазиялар
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ЭКГ – электрокардиография
БӘФ – биоәлеуметтік функциялар
АХЖ – аурулардың халықаралық жіктемесі
БОБ – биологиялық обраинді байланыс
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.

Хаттаманы пайдаланушылар:
-травматолог-ортопедтер;
-медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология) жөніндегі дәрігер (балалар)
-«Дәстүрлі ем (рефлекстік терапия, уқалау емі, су-джок-терапия, гомеопатия, сүлікпен емдеу, өсімдіктермен емдеу)» мамандығы бойынша дәрігер;
-Медицина психологтары;
-педиатрлар/ЖТД.

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ

Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-өмір сүру сапасын  жақсарту;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 
Балалардағы тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын медициналық оңалту үшін көрсетімдер
 
Қайталанатын оңалту
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
T 92; Т93; Z92.4
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –60-70 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 50%-нан кем
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін
Z 92.4; Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –60-70 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 50%-нан кем
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32;
M 41.0-8
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
 
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем

Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), -бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде;
-өзіне-өзі қызмет көрсетуге және жүріп-тұруға қабілеттілікті жоғалту кезіндегі тірек-қимыл аппаратының қатты айқын қайтымсыз бұзылыстары;
-2 және одан жоғары дәрежедегі ревматизмдік үдерістің белсенділігі, гормондық терапияның болуы;
-жамбас ағзалары функцияларының бұзылуы;
-операциядан кейінгі іріңді асқынулардың болуы;
-шорбуындар және тұрақты қайтымсыз сіресімдер (контрактуралар).
 
Медициналық оңалту көлемдері
10 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер:
Оңалтудың негізгі әдістері:
-емдік дене шынықтыру:
белсенді кинезитерапия – 15 емшара;
пассивті кинезотерапия – 15 емшара;
сараланған массаж – 10 емшара;
механотерапия – 10 емшара;
-Физиотерапия (емшаралардың үйлесімділік кестесіне сәйкес бүкіл курс бойына 2-3 емшара түрінен көп емес):
жылумен емдеу (парафинді және озокеритті ем, жылумен, балшықпен емдеу пакеті) – 10 емшара;
жарықпен емдеу (ультракүлгін және инфрақызыл сәулелендіру, өрістендірілген (поляризацияланған) жарықпен сәулелендіру, лазерлік әсер ету) – 10 емшара;
электрлік емдеу – 10 емшара;
сумен емдеу (ванналар, душтар) – 10 емшара;
магнитті терапия – 10 емшара;
ультрадыбыстық терапия, соққылы-толқынды терапия – 10 емшара;
омыртқа бағанын созу – 10 емшара;
лифодренаж – 10 емшара;
рефлекстік терапия (корпоральді акупунктура, магнитті пунктура, лазерлі пунк-
тура, вакуумпунктура) – 10 емшара
-артромот-терапия – 10 емшара.

Оңалтудың қосымша әдістері:
-оңалту үдерісіне белсенді қатысуға нұсқауларды (белгілеулерді) әзірлеу, балалар ұжымында өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру, өзін-өзі бағалауды көтеру, білім беру және оқу дағдыларын жаттықтыру және дамыту мақсатымен психотерапия бойынша сабақтар (музыкамен емдеу, арт - терапия);
-өсімдіктермен емдеу – 10 емшара;
-оттекті коктейль – 10 емшара;
-слим-жүйесі – 10 емшара;
-кинезиотейпирлеу -10 емшара;
-БОБ-терапия – 10 емшара.
*Осы талаптарда көрсетілген бір пациент үшін қызмет көрсету саны пациенттің жай-күйін, жасын және көрсетімдерді ескере отырып ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.
 
Кесте – «Қайталанатын оңалту» кезеңінде балалардағы тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын медициналық оңалтудың ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
T 92; Т93; Z92.4
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі – 60-70 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 50%-нан кем
20
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін
Z 92.4; Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі – 60-70 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 50%-нан кем
20
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32; M 41.0-8
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
 
20
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 45 балл
MRC- scale – 2-3 балдан бастап
Карновский индексі –40-60 балл
Гониометрия – қалыпты мөлшердің 30%-нан кем
20
 
 
Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары
 
Кесте - Оңалту іс-шаралары тиімділігінің индикаторлары*
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Бағалардағы балдар санының ұлғаюы
1 Аяқ-қолдар сүйектерінің сынықтарынан кейін: 
S 42; S52; S 72.0-9; S 82;
T 92; Т93;
Z92.4
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі –65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю (бастапқы деңгейден 20-25 градусқа көп)
2 Ортан жіліктің туа біткен шығуы мен туа біткен маймақтық кезіндегі операциядан кейін
Z 92.4;
Q 65.0-9; Q 66
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі –65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю
3 Омыртқа бағанының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынықтарын оперативті емдеуден кейін: 
S 22.0-1; S 32;
M 41.0-8
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі –65-80 балл
 
4 Қаңқаның тұқым қуалайтын, жүйелік аурулары мен қаңқа дамуының ауытқулары
Q 67; Q 68; Q 71; Q 72; Q 74; Q 77; Q 78
Barthel индексі > 50 балл
MRC- scale – 3-4 балдан бастап
Карновский индексі –65-80 балл
Гониометрия – 15%-ға ұлғаю
*
  1. Тірек-қимыл аппаратының клиникалық-функционалдық жай-күйін тұрақтандыру;
  2. Зақымданған аяқ-қолдарда белсенді және пассивті қозғалыстар көлемін ұлғайту.
  3. Дәрі-дәрмектік терапияға қажеттілікті (мөлшері мен еселігін) төмендету.
  4. Зақымданған аяқ-қолдардағы бұлшықет күшін арттыру
  5. Бастапқы деңгейімен салыстырғанда арнайы жаттығулардың жұмысшы амплитудасын ұлғайту.
  6. Жасына сәйкес арақашықтыққа өз бетінше жүріп-тұруға қабілеттілікті қалпына келтіру.
  7. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын орындауға қабілеттілікті жастық қызмет деңгейіне дейін жеткізу.
  8. Тіршілік ету шектеуін 5-24%-ға дейін азайту.
  9. Науқас «мектебіндегі» функциялардың бұзылуын қалпына келтіру әдістерін және іс-шараларын меңгеру.
Ескерту. Бір пациент үшін индикаторлардың саны пациенттің жай-күйін, жасын және көрсетімдерді ескере отырып ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Баиров Г.А. Детская травматология. - СПб.: Питер, 2000. 2. Горяная Г.А. Лечебная физкультура при сколиозе.- Москва, 2012. 3. Епифанов В.А., Епифанов А.В. Восстановительное лечение при повреждениях опорно-двигательного аппарата.- М.:Авторская академия, 2009. 4. Епифанов В.А., Епифанов А.В. Реабилитация в травматологии.– М.:ГЭОТАР –Медиа, 2010. 5. Иванов С.М. Лечебная физическая физкультура при заболеваниях в детском возрасте.-Москва, 2012. 6. Карачевцева Т.В. Руководство по физиотерапии в педиатрии.- Москва. 7. Лечебная физкультура в системе медицинской реабилитации: Руководство для врачей /Под редакцией А.Ф. Каптелина, И.П. Лебедевой.-М.: Медицина,1995.- 400 с. 8. Медицинская реабилитация (руководство).- Том 1,ΙΙ,Ш /Под ред. В.М. Боголюбова.- М.: Смоленская обл.типография, 2007. 9. Носков С.М. Болезни суставов: Учебное пособие /С.М. Носков.- Ростов н/Д: Феникс, 2006.- 603 с. 10. Разумов А.Н., Хан, Л.А., Кривцова М.А., Демченко В.И. Физиотерапия в педиатрии.- Москва-Омск, 2003. 11. Руководство по реабилитации больных с двигательными нарушениями: Том 1 /под редакцией А.Н.Беловой, О.Н.Шепетовой.-М.,1998.-224 с. 12. Справочник по детской физической культуре /по ред. М.И. Фонарева.-Л: Медицина,1983.- 360 с. 13. Улащик B.C. Физиотерапия. Универсальная медицинская энциклопедия /B.C. Улащик. - Мн.: Книжный Дом, 2008.-640 с. 14. Физиотерапия: Пер. с польск. /Под ред. М.Вейсса, А.Зембатого.-М.: Медицина,1986.-495 с. 15. Частная физиотерапия: Учебное пособие /Под ред. Г.Н.Пономаренко.-М.:ОАО «Издательство: «Медицина», 2005.-744 с. 16. Шевелева Н.И. Лечение магнитными полями (учебно-практическое пособие). – Караганда, 2001. 17. http://onlinelibrary.wiley.com/subject/ ... iveLetter 18. Kjar M.,Krogsgaard M., Magnusson P.,Engebretsen L., Roos H., Takala T Savio L-Y Woo S. L-Y. Textbook of Sports Medicine: Basic Science and Clinical Aspects of Sports Injury and Physical Activity «Blackwell», 2003. 19. Walter R. Frontera Rehabilitation of sports injuries: Scientific basis «Blackwell», 2003.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
  1. Дробышева Людмила Васильевна – «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК жанындағы «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық ауруханасы» дәрігер – реабилитолог.
  2. Шандырова  Фатима  Дәулетқызы – денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ жоғары санаттағы дәрігер-физиотерапевт
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Шевелева Н.И. – м.ғ.д., профессор, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, ДКҮДФ медициналық реабилитология және спорт медицинасы кафедрасының меңгерушісі

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх