Теміртапшылықты анемия

P-T-007

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Железодефицитная анемия неуточненная (D50.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Теміртапшылықты анемия (ТТА)
– түрлі патологиялық (физиологиялық) 
процесстер фонында дамитын жəне анемия мен сидеропения белгілерімен көрініс табатын, темір тапшылығы нəтижесінде гемоглобин синтезінің бұзылуымен мінезделетін патологиялық жағдай.

ТТА – ауру емес синдром жəне оны туындатқан патогенездік механизмдер анықталуы қажет, бірқатар ауыр ауруларда дамуы мүмкін.
 

Хаттама коды: P-T-007 "Теміртапшылықты анемия"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
D50    Теміртапшылықты анемия
D50.0 Постгеморрагиялық (созылмалы) анемия
D50.8 Басқа теміртапшылықты анемиялар
D50.9 Анықталмаған теміртапшылықты анемия

Жіктемесі


Анемияның жіктемесі
 
М.П. Кончаловский жіктемесі бойынша постгеморрагиялық, қантүзілу бұзылыстары салдарынан анемия (оның ішінде теміртпашылықты), гемолиттік анемияларды ажыратады.
 
Орташа эритроцитарлық көлемге байланысты ажыратады (ОЭК): микроцитарлық (ОЭК 80 фл аз), нормоцитарлық (ОЭК 81-94 фл аз) жəне макроцитарлық (ОЭК 95 фл жоғары).

Эритроциттердегі Hb құрамына байланысты ажыратады: гипохромдық (эритроциттердегі Hb орташа құрамы [ЭГОҚ] 27 пг аз) нормохромдық (ЭГОҚ 27-33 пг) жəне гиперхромдық (ЭГОҚ 33 пг жоғары).
 
Патогенез бойынша: жіті, постгеморрагиялық жəне созылмалы.
 
Ауырлық дəрежесі бойынша: жеңіл, орташа дəрежелі ауырлықта жəне ауыр.
 
ТТА диагнозында себеп жəне анемия ауырлық дəрежесі көрсетіледі.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар

Қан кетулер, созылмалы энтериттер, кейбір глисттік 
инвазиялар, соқылмалы аурулар маңызды этиологиялық факторлар болып табылады – ТТА көп жағдайда тамақтану рационында қол жетімді биологиялық темірдің тапшылығы ең көп таралған себебі болып табылады.

Əйелдерде қауіп қатарлі факторлар – көлемді 
етеккірлер, асқазан ішек қан кетулері, жеткіліксіз тамақтану, асқазан ішек жолдарында сіңірілудің бұзылуы, асқазан резекциясы, ісіктер, созылмалы экзогендік улану, ферменттердің тұқымқуалаушылық ақауы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

ТТА келесі клиникалық формаларын ажыратады: 

- постгеморрагиялық теміртапшылықты анемия;
- агастральді немесе анэнтеральді 
теміртапшылықты анемия; 
- жүктілер ТТА;
- ерте хлороз;
- кеш хлороз.

 
Шағымдар мен анамнез
Науқастар əлсіздікке, бас айналуға, жүректің соғуына, бас 
ауыруына, көз алдында бұлыңғырлануға, кейде жүктеме кезінде ентікпеге, талмаларға, тексеру кезінде: трофикалық бұзылыстарға, сидеропениялық глоссит көріністеріне, дəм сезудің бұзылуына, иістерге шағымдануы мүмкін.
 
Инструменталық зерттеулер
ФГДС те: өңеш сілемейінде мүйіздену, асқазан сілемейлі қабатында атрофиялық өзгерістер ахилиямен.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
- гастроэнтеролог - асқазан-ішек 
жолдары ағзаларынан қан кету;
- стоматолог - қызыл иектен, мұрыннан қан кету;
- онколог - 
қан кету себебі болып табылатын қатерлі зақымданулар;
- нефролог - бүйрек ауруларын 
алып тастау;
- фтизиатр - туберкулез кезіндегі қан кетулер;
- пульмонолог - бронх-өкпе 
жүйесінің аурулары кезінде қан жоғалту;
- гинеколог - жыныс ағзаларынан қан кету, 
гиперполименорея, жиі жүктілік;
- эндокринолог - қалқанша без функциясының төмендеуі, 
диабеттік нефропатияның болуы;
- проктолог - ректальді қан ағу;
- инфекционист - 
гельминтоз белгілері болса.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі, тромбоциттер, ретикулоциттерді анықтаумен.
2. Қан сарысуындағы темір.
3. Қан сарысуындағы ферритин.
4. Зəрдің жалпы анализі - дифференциалды диагноз үшін.
5. Жасырын қанға нəжіс - ішкі қан кетулерді алып тастау үшін.
6. ЭФГДС - асқазан сілемейін тексеру үшін, қан кетулерді алып тастау үшін.
7. Гематолог консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның биохимиялық анализдері: жалпы билирубин, АСТ, АЛТ, мочевина, креатинин, жалпы ақуыз, қанның қанты.
2. Флюорография.
3. Колоноскопия.
4. Гинеколог консультациясы.
5. Гастроэнтеролог консультациясы.
6. Уролог консультациясы.
7. Хирург консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
 
Темір тапшылығының манифестті декомпенсацияланған формасының негізгі көріністері:
1. Нв синтезінің бұзылыстарынан туындаған гипохромды анемия.
2. Құрамында темір бар ферменттердің белсенділігін төмендету, ол ағзалар мен тіндердегі дистрофиялық өзгерістерді ауырлатып, клеткалық метаболизм өзгерістеріне алып келеді, миоглобин синтезінің бұзылуы миастенияға алып келеді, коллаген синтезінің бұзылуы есебінен өңеш пен асқазан сілемейінде атрофиялық процесстердің қалыптасуы мен үдеуі байқалуы мүмкін.
 
Базалық диагностикалық зерттеулер – гемоглобин концентрациясы, ОЭҚ, эритроциттегі гемоглобиннің орташа құрамы, гематокрит деңгейі, ОЭҚ, лейкоциттер мен ретикулоциттер сангы. 

Альтернативті жол – оның концентрациясын жəне қан сарысуындағы ферритинді анықтау көмегімен темір тапшылығының бар екендігін растау. Темір тапшылығына трансфериннің темірмен 15% қанығуы мен ферритин құрамының 12 мкг/л4 екендігі көрсетеді. “трансферрин/ферритиннің ерігіштік рецепторы” (TfR) индексін анықтау кезінде TfR мəні > 2/3 мг/л болса, темір тапшылығының дəл көрсеткіші болып табылады.
 
Емханалық кезеңде емдеу үшін көрсетімдер: жеңіл жəне орта ауырлықтағы анемия (НВ 70г/л дейін).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз 

Теміртапшылық анемиясы гемоглобин синтезінің 
бұзылыстарымен шақырылған басқа гипохромдық анемиялармен жүргізіледі. Оларға порфирин синтезінің бұзылыстарымен байланысты анемиялар (қорғасындық уланулар кезіндегі анемия, порфириндердің туа пайда болған бұзылыстары кезінде), сонымен қатар талассемия жатады.

Гипохромдық анемиялардың теміртапшылық анемиялардан 
айырмашылығы – олар гем (сидероахрезия) түзу үшін пайдаланылмайтын, қандағы жəне деподағы темірдің жоғары құрамымен жүреді, бұл аурулар кезінде темірдің тіндік тапшылық белгілері болмайды.
 
Порфириндердің синтезі бұзылыстарымен шартталған анемияның дифференциалды белгілері болып, эритроциттердің, ретикулоциттердің базофильді пунктациясымен, сидеробласттардың көптеген сандарымен сүйек кемігіндегі күшейген эритропоэзбен гипохромды анемия болып табылады.

Талассемия үшін эритроциттердің нысанатəрізді 
формасы мен базофильді пунктациясы, ретикулоцитоз жəне жоғарылаған гемолиз белгілері тəн.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: барлық жағдайда анемия себебін анықтау қажет, анемия себебі болған ауруды емдеу.
 
Ем мақсаты: темір тапшылығын толтыру, анемия симптомының регрессін қамтамасыз ету.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  Фармакологиялық емге тəуелсіз түрлі диета ұсынылады, барлық тамаққа ет қосу.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
ТТА ауруының негізінде жататын ем əрі қарай темірді жоғалтудың алдын алуы қажет, бірақ анемияны түзету жəне организмдегі қорды толтыру үшін, барлық емделушілерге темір препараттарымен терапия тағайындау қажет.

Темір сульфаты ** 200 мг тəулігіне 2-3 
рет, сонымен қатар темір глюконаты мен фумараты да тиімді. Аскорбин қышқылы темір адсорбциясын жақсартады жəне жаман жауап кезінде ескерілуі қажет.
 
Парентералдық енгізу кем дегенде екі оралдық препараттарды көтере алу кезінде қолданылуы қажет. Парентералдық енгізу тиімділік жағынан оралдықтан асып түспейді, бірақ өте ауыр сезімді, қымбат жəне анафилаксиялық реакция шақыруы мүмкін.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Құрамында 30 мг кем емес темір бар, темір тұздарының біркомпонентті жəне қосылған препараттары, капсула, драже, таблетка.
2.  *Темір сульфат моногидрат 325 мг, табл.
3. **Аскорбин қышқылы, таблетка, драже 50 мг.
4. **Фоли қышқылы, таблетка 1 мг.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  Поливитаминдер.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптоматиканы төмендету жəне гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштеріне қол жеткізу.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:  Нb 70 г/л аз, ЖҚЖ тарапынан айқын симптоматика, əлсіздікті көтере алмау; қан кету көздерін анықтау қажет; асқазан ішек жолдарының жоғары бөлігінен кеткен қан кетулерді емдеу; жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеу.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
-  Құрамында темірі көп диета (ет, бауыр жəне басқалар).
-  Темір препараттарын ұзақ уақыт қабылдау (4-6 ай).

Профилактикалық шаралар:
1. Темір тапшылығын шақырған себептерді жою.
2. Темірдің парентералды препараттары (көрсетімдер бойынша).
3. Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.
4. Қауіп-қатер тобындағыларға темір препараттарын профилактикалық қабылдау.
 
Науқастарға теміртапшылық анемиясын емдегеннен кейін, ұзақтылығы 6 апта профилактикалық курс ұсынылады (темірдің тəуліктік дозасы — 40 мг), сонан соң жылына 6 апталық екі курс жүргізіледі немесе етеккірден соң 7-10 күн бойы күн сайын 30-40 мг темір қабылдау. Күнделікті 100 г. кем емес ет пайдалану қажет.

Терапевтте тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есеп. Жылына 2 рет тексеру, жалпы қан анализін зерттеу, сарысулық темір мөлшерін анықтау. Мұнымен қоса, теміртапшылық анемиясының этиологиясын ескеріп, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, яғни науқас теміртапшылық анемиясын шақырған ауру себебі бойынша диспансерлік есепте тұрады.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
“Д” есепте тұрған науқастар жылына 1-2 рет темірмен қайталама курстар алады, қауіп қатер тобындағы науқастарға жылына 2-4 рет қанның жалпы анализін қайталау қажет.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению железодефицитной анемии. Ташкент 2004. 2. Iron deficiency anemia. EBM Guidelines. 17.04.2005. 3. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. “ГЭОТАР-МЕД”, 2004. 4. Клинические рекомендации для практикующих врачей. ГЭОТАР-МЕД, 2002. 5. Guidelines for the management of iron deficiency anaemia. Gut, 2000.v.46, p.1. Goddard A.F., Mcintyre A.S., Scott B.B. 6. Основы клинической гематологии. Справочное пособие. Под редакцией проф. В.Г.Градченко ,2003г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Жұмашева Б.Б., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх