Созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит (созылмалы пиелонефрит)

H-Т-039

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие хронические тубулоинтерстициальные нефриты (N11.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы

Пиелонефрит
– инфекциядан туындаған бүйректің (бір бүйректің ) қабынбалы ауруы, патологиялық процесс басым жағдайда интерстициалды тінде орналасады жəне тостақша-түбек жүйесінің міндетті зақымдануы.А

 
Хаттама коды: H-Т-039 "Созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит (созылмалы пиелонефрит)"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N11    Созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит
N11    Жіті немесе созылмалы ретінде анықталмаған тубулоинтерстициалды нефрит
N11.0 Рефлюкспен байланысты, обструктивті емес созылмалы пиелонефрит
N11.1 Созылмалы обструктивті пиелонефрит
N11.8, N14 Басқа тубуло-интерстициалды нефриттер

Жіктемесі


ЖіктемесіА [А.В. Папаян, Н.Д. Савенкова, 1997г.]:
1. АХЖ бойынша жоғарыдан қара.
2. Орналасуы бойынша: біржақтылық жəне екіжақтылық.
3. Бүйректік интактілігі бойынша: біріншілік жəне екіншілік.
4. Бүйрек функциясының жағдайы бойынша – бүйректік созылмалы ауруының халықаралық жіктемесі (БСА), K/DOQI:
- І стадия, ШФЖ (шумақтық фильтация жылдамдығы) – ≥ 90 мл/мин;
- ІІ стадия, ШФЖ – 89-60 мл/мин;
- ІІІ стадия, ШФЖ – 59-30 мл/мин;
- IV стадия, ШФЖ – 29-15 мл/мин;
- V стадия, ШФЖ –15 мл/мин аз (ТХПН).

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
- температураның жоғарылауы;
- белдің ауыруы;
- дизурия;
- макрогематурия эпизодтары;
- полиурия;
- əлсіздік; 
- шаршау.в

 
Физикалық тексеру:
- бүйрек орналсқан ауданды сипалағанда ауыру;
- артериалдық 
гипертония.
 
Инструменталдық зерттеулер:
- бүйректі УДЗ: зəрді іркілу белгілері, туа біткен даму аномалиясыА;
- цистография - қуық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюкстік операциядан кейінгі жағдайА;
- нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошақтарыВ;
- диагноз түсініксіз болғанда - бүйректің диагностикалық пункциялы биопсиясыС.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- мұрын-жұтқыншақ, ауыз қуысы жəне 
сыртқы жыныс органдары инфекцияларын санациялау үшін ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог;
- аллергия көріністері кезінде аллерголог;
- микроқантамырлардағы өзгерістерді 
бағалау үшін окулист; 
- айқын артериалды гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылулар 
кардиолог консультацясы үшін көрсетім болып табылады;
- жүйелік процесс белгілері 
кезінде – ревматолог; 
- вирустық гепатит, зоонозды жəне құрсақішілік жəне басқа 
инфекциялар кезінде – инфекционист.
 
Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр), гематокрит.
2. Сандық əдіспен СРБ.
3. Колония жəне антибиотикограмманы таңдап зəрді себу.
4. Креатинин, мочевина, зəр қышқылын анықтау.
5. Шумақ фильтациясының жылдамдығын Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу:
                           (140 – жасы) х салмақ (кг) х коэффициент
ШФЖ, мл/мин = -------------------------------------------------------------------
                                  0.82 х қан креатинині (мкмоль/л)
 
Коэффициент: əйелдер үшін = 0.85; ерлер үшін =1
 
6. Жалпы белок, белок фракцияларын анықтау.
7. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау.
8. Калий/натрий, хлоридтерді, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау.
9. Қышқылды-негізді жағдайды анықтау.
10. Зоонозды инфекцияларға ИФА.
11. Зəрдің жалпы анализі.
12. Зəр белогының электрофорезі (зəрдегі бета 2- жəне альфа1-микроглобулинді анықтау).
13. Зимницкий бойынша анализ.
14. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
15. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы.
16. Гельминт жұмыртқаларына қырынды алу.
17. Копрограмма.
 
Қосымша диагностикалық шаралар:
1. Жасырын қанға нəжісті зерттеу.
2. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір проекция).
3. ЭКГ, эхоКГ.
4. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, АЧТВ, плазманың фибринолиттік белсенділігі).
5. А, М, G, E иммуноглобулиндердің барлығына ИФА.
6. Компьютерлік томография.
7. Нефробиоптатты гистологиялық зерттеумен бүйрек биопсиясы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Белгі
Созылмалы
тубулоинтерстициалды
нефриттің асқынуы
Созылмалы нефриттік синдром
Аурудың басы
Дизуриялық көріністен жіті,
температураның жоғарылауы,
анамнезде жіті пиелонефрит,
Біртіндеп, микрогематурияны
кездейсоқ табу, көтерілген АҚ
Ісінулер Тəн емес Жиі
Жынысы Жиірек əйелдер Ерлер де, əйелдер де
Артериалдық қысым
Тəн емес Жиірек көтерілген
Жалпы симптомдар
Қызба, уыттану айқын, дизурия
Ісінулер, гематурия, АҚ көтерілуі
Жергілікті симптомдар
Белдің бүйрек орналасқан
ауданының ауыруы
Айқын емес
Дизурия Тəн емес Тəн емес
Лейкоцитурия Выраженная Не характерна
Гематурия Айқын Тəн емес
Гиперазотемия Сирек, транзиторлы
Жиі, біртіндеп үдеумен
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
- бүйрек тіндеріндегі қабынбалық процесстерді жою немесе азайту 
(антибактериалды терапия); 
- симптоматикалық терапия – артериалды гипертензия, 
гомеостаз бұзылыстары, анемияны түзету;
- диурездік, нефропротективті терапия.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: №5 диета, тағам рационынан ащы тамақты, көп қайнаған сорпаларды, түрлі дəмдеуіштерді, қою кофені алып тастау, қорғанышты режим.
 
Дəрі-дəрмекті ем
 
Дезинтоксикациялы терапия:
- көп мөлшерде сұйықтық;
- глюкозаның 5-10% NaCl 0.45% 
ерітіндісі түріндегі парентералды инфузиялық терапия тек қана диспепсия кезінде көрсетілген (жүрек айну, құсу, диарея).
 
Антибактериалды терапия
Микробқа қарсы заттарды, олардың микрофлорасына 
сезімталдылықтың қатаң ерте жəне ұзақ уақыт тағайындау, негізгі принцип болып табылады. Ерте жəне ұзақ уақыт бойы микробқа қарсы заттарды тағайындау, негізгі принцип болып табылады. Мұнан басқа, мүмкіндігінше зəрдің қалыпты пассажына кедергілерді жою.
 
1. Грам-оң флора: полусинтетикалық пенициллиндер (Ампициллин, амоксициллин + клавулан қышқылы).
2. Грам-теріс флора: Ко-тримоксазол + Флюорохиндер (Ципрофлоксацин, Офлоксацин, Норфлоксацин).
3. Нозокомеальді инфекция: Аминогликозидтеры (Гентамицин) + Цефалоспорины (Цефриаксон, Цефотаксим, Цефтазидим).
4· Қосалқы антибиотиктер: Имипенем, Амикацин.
5· Уроантисептиктер: нитрофураны (Фурагин).
 
Антибактериалды терапия ұзақтығы инфекциялық процесстің ауырлығымен, асқынулардың болуымен анықталады.
Бірқатар жағдайларда басқа антибактериалды заттар қосылған, ұстап тұрушы терапия қажет – уросептиктер (фурагин 1-2 мг/кг/түнге, ко-тримаксазол – 120-240 мг түнге). Бұған параллель саңырауқұлаққа қарсы терапия (итраконазол), ішек микрофлорасын түзету, иммуностимуляторлармен терапия қажет.

Басқа жағдайларда жіті тубулоинтерстициалды 
нефриттің емі – симптоматикалық.
Дəрілік нефрит - дəріні тоқтатуды, ауру себебі, көлемді сұйықтық, жұтаң диетаны қажет етеді.
 
Әрі қарай жүргізу: бүйректің фильтрациялық, концентрациялық функцияларын, зəр анализдерін, артериалдық қысымды бақылау, бүйректі УДЗ, бүйрек нефросцинтиграфиясы. Əрі қарай тубуло-интерстициалдық өзгерістер гломерулярлы өзгерістермен қосылуы мүмкін (появление отеков, гипертонии).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі
1. Амоксициллин + клавулан қышқылыв, қапталған таблеткалар, 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, вена ішіне енгізу үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг/ 100 мг
2. АмпициллинА – 500 мг, фл.
3. ЦефтриаксонВ 500мг, 1 г фл.
4. Имипенемыв
5. Флюорохиндер (Ципрофлоксацин, Офлоксацин, Норфлоксацин)в
6. Ко-тримоксазолС – 120 мг, 480 мг таб.
7. Цефуроксим аксетилв – 125 мг, 250 мг таб, суспензиялар
8. ГентамицинС 40мг, 80 мг фл.
9. Фурагинв 50 мг таб.
10. Эналаприлс 5 мг, 10 мг таб.
 
Қосымша дəрі дəрмектер
1. Цефуроксим инъекция үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 750мг, 1.5 гр.
2. Цефтазидим порошок инъекция үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг, 1 гр, 2 г
3. Ко-тримоксазолС – 120 мг, 480 мг таб.
4. Эпоэтин бета, шприц-тюбиктер 1000 ХБ жəне 10 000 ХБ
5. Темір препараттары: сульфат, капс 300мг, темір сукраты
6. Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл
7. Итраконазол 100 мг, капс.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- уыттану симптомдарын басу;
- зəрді санациялау;
- артериалдық қысымды қалыпқа келтіру;
- диурез жəне гомеостаз көрсеткіштерін қалпына келтіру;
- асқынулардың болмауы немесе басылуы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: пиелонефриттің клиникалық-лабораторлық белсенділігі.

Стационарға жолдау кезіндегі минимум тексерулер:
1. ҚЖА.
2. ЗЖА.
3. Сандық əдіспен СРБ.
4. Креатинин, жалпы ақуыз, трансаминаз, тимол сынамасы жəне қан билирубині.
5. Бүйректі УДЗ.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
- вирусты, саңырауқұлақты инфекциялар профилактикасы;
- электролиттік теңгерім бұзылуларының профилактикасы;
- асқынулардың профилактикасы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Борисов И. А., Сура В. В. Современные подходы к проблеме пиелонефрита // Тер. архив. 1982. № 7. С. 125-135. 2. Мухин Н. А., Тареева И. Е. Диагностика и лечение болезней почек. М., 1985. 3. Пытель А. Я., Голигорский С. Д. Пиелонефрит. М., 1977. 4. Чиж А. С. Лечение острого и хронического гломерулонефрита: Метод, рекомендации. Мн., 1982. 5. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей. 2-е издание, ГЕОТАР, 2002. 6. Kincaid Smith P. Pyelonephritis chronic, Interstitial. Nephritis and Obstructive Uropathy // Nephrology / Ed. Hambyrger et al. Paris, 1979. P. 553-582. 7. Grabensee B. Nephrologie. 2005. Stuttgart. New-York 8. Gilbert D. Guide to antimicrobial therapy. 2001. USA 9. K/DOQI clinical practice guidelines for chronic disease: evaluation, classification, and stratification. Kidney Disease Outcome Initiative. Am J Kidney Dis 2002 Feb;39 (2 Suppl 1): S1-246. 10. I Международный нефрологический семинар «Актуальные вопросы нефрологии», Алматы, 2006 г. 11. А.Ю. Земченков, Н.А.Томилина. «K/DOQI обращается к истокам хронической почечной недостаточности». Нефрология и диализ, 2004, №3, с 204-220. 12. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2-е издание, ГЕОТАР, 2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Кабулбаев Кайрат Абдулла улы,  №7 ҚКА консультант-нефролог
Канатбаева Асия Бакишевна,      КазҰМУ, балалар ауруы кафедрасының профессоры
Сарсенова Шынар Абилхановна,  №7 ҚКА нефрология бөлімшесінің меңгерушісі
Наушабаева Асия Еркиновна,      ҚР ДСМ ПжБХ ҒО докторанты
Чингаева Гульнара Нуртасовна,   КазНМУ, КазҰМУ, балалар ауруы кафедрасының ассистенті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх