Саусақ флегмонасы

H-S-044

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Флегмона пальцев кисти и стопы (L03.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Бұл қолдың тері асты қабатының диффузды іріңді зақымдалуы. Саусақ флегмонасы дамуының этиологиясында іріңді қабынбалы процесстің таралуына жағдай жасайтын, саусақ құрылымының анатомиялық ерекшеліктері маңызды. Алақан терісі тығыз, алақандық апоневрозбен байланысады, ал апоневроздан тереңге қарай басты алақан фиксациясына сүек аралық бұлшықеттер кетеді. Ортаңғы фасциальді кеңістік шынтақтың бүгілгіш сіңірлерімен байланысады.
 
Хаттама коды: H-S-044 "Саусақ флегмонасы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ -10 бойынша коды (кодтары): L03.0 Қол жəне аяқ саусақтарының флегмонасы
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Саусақ іріңді ауруларының жіктемесі
 
I.  Саусақтың іріңді аурулары (панарициялар):
1. Терілік панарициялар.
2. Тері асты панарициялар.
3. Сіңірлік панарициялар (іріңді тендовагинит).
4. Буындық панарициялар.
5. Сүйектік панарициялар.
6. Паронихия.
7. Тырнақ алдылық панарициялар.
8. Пандактилит.
9. Саусақ сыртының фурункулы (карбункулы).

II. Саусақтың іріңді аурулары:
1. Тенардың бұлшықетаралық флегмонасы.
2. Гипотенардың бұлшықетаралық флегмонасы.
3. Комиссуральді флегмона (мозольді абсцесс, намин).
4. Орталық алақан кеңістігінің флегмонасы (сіңір үстілік жəне астылық, апоневроз асты жəне үсті).
5. Тоғысқан /U-тəрізді/ флегмона.
6. Саусақ сыртының теріасты (апоневрозүсті) флегмонасы.
7. Саусақ сыртының апоневрозасты флегмонасы.
8. Саусақ сыртының фурункулы (карбункул).

Саусақ пен қолдың жіті іріңді аурулары тері жабындыларының зақымдануы салдарынан пайда болады. Тесілген жарақаттар, соғылулар мен сызаттар зақымданулардың басым бөлігін құрайды. Қолдың іріңді ауруларының клиникалық көрінісі, өзге аурулардағыдай жалпы жəне жергілікті белгілерден құралады: ісінулер, гиперемия, ауыру, температураның жоғарылауы жəне ағза функциясының бұзылуы.

Саусақ флегмонасының жіктемесі: көптеген жіктемелер арасында саусақ флегмонасының ыңғайлы жіктемесі төменде көрсетілген (Л. Г. Фишман бойынша).
1. Терілік абсцесс (“намин”).
2. Мозольді абсцесс.
3. Алақанның апоневроз үсті флегмонасы.
4. Саусақаралық флегмона.
5. Алақанның апоневроз асты флегмонасы.
6. Орталық алақандың кеңістік флегмонасы.
7. I саусақ дөңесінің бұлшықет кеңістігінің флегмонасы.
8. V саусақ дөңесінің бұлшықет кеңістігінің флегмонасы.
9. Қолдың сыртындағы тері асты флегмонасы.
10. Қол сыртының апоневроз асты флегмонасы.
 
Саусақ флегмонасы кезінде инфекцияның кіруі қол зақымдалған кезде болуы мүмкін (беткейлік флегмоналар) жəне инфекцияның саусақтан таралуы (терең флегмоналар).

Қабынудың бастапқы (серозды-инфильтративті) жəне іріңді (іріңді-некроздық) стадияларын бөледі.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез 
Қолдың іріңді ауруларының клиникалық көрінісі, өзге аурулардағыдай жалпы жəне жергілікті белгілерден құралады: ісінулер, гиперемия, ауыру, температураның жоғарылауы жəне ағза функциясының бұзылуы. Аталған симптомдардың айқындылығы қабынбалық процесстің ауқымына, қоздырғыштың вируленттілігіне, организмнің қорғаныс реакциясына, оның иммунологиялық реактивтілігіне байланысты. Сондықтан да саусақ флегмонасының клиникалық ағымы түрлі - қарапайым қабынудан айқын уыттанумен жүретін, ауқымды іріңді некроздық процесстердің таралуына дейін.

Физикалық тексеру: саусақ флегмонасының жергілікті белгілеріне тіндердің ісінуі мен гиперемиясы, саусақ функцияларының бұзылуы, жергілікті температураның жоғарылауы, пальпация кезіндегі ауырсынулар жатады.

I саусақ флегмонасы тенардың жіті ісінуімен қатар жүреді. Пальпация кезіндегі ауырсыну, тіндердің ширығуы, тенар ісінген тінінің қозғалысы шектеледі, алақанның тері қатпарлары тегістелген - тенар флегмонасына тəн симптомдар. Іріңді экссудат бірінші бүйірлік сүйекаралық бұлшықеттердің шетімен саусақтың дорсальді беткейіне таралады..

Кіші саусақ флегмонасы (гипотен) айқын уыттану құбылыстарынсыз өтеді. Аздаған ісіну, гиперемия жəне тіндердің ширығуы тəн, пальпация кезінде гипотенар
аумағындағы ауырсыну, V саусақты қозғалтқанда ауыру күшейеді.

Ортаңғы алақан кеңістігінің флегмонасы кезінде іріңді экссудат алақандық апоневрозбен фасциальді пластинка арасына жиналады. Ауру айқын уыттану көріністерімен, дене температурасының жоғарылауымен, бастың ауыруымен, перифериялық қандағы өзгерістермен қатар жүреді. Саусақты қарағанда алақанның орталық бөлігі ісінген, тері ширыққан, қатпарлар тегістелген, флюктуацияны анықтау қиынға соғады.
Қабыну ошағын пальпациялау кезде күшті ауыру сезімі байқалады.

Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Инструменталдық зерттеулер: рентгенограммада сүйектің бұзылу белгілері 2-ші аптаның аяғында немесе 3-ші аптаның басында байқалады. Операцияны анық рентгенологиялық деструктивті өзгерістерді күтпей ақ аурудың клиникалық белгілерін жетекшілікке алып жасау қажет.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: травматолог, микрохирург.
Саусақтың терең флегмонасымен науқастар тек қана стационарда емделу қажет.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Флораны анықтау жəне оның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау.
4. Қан тобы мен резус факторды анықтау.
5. Дифенил сынамасын, тимолсынамасын, глюкозаны анықтау.
6. АЛТ анықтау.
7. ЭКГ.
8. Өкпе рентгенографиясы.
9. Глист жұмыртқасына нəжісті зерттеу.
10. Қандағы қантты зерттеу.
11. Эндокринолог консультациясы.
12. HBs Ag, anti - HCV ВИЧ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы: анықталған саусақ флегмонасы диагнозында ем тек қана оперативті. Жалпы жəне жергілікті жансыздандыру.

Ем мақсаты: оперативті ем жəне іріңді ошақтарды санациялау, тері жабындыларының жəне қолдың функциясын қалпына келтіру, рецидивтің алдын алу.

Дəрі дəрмексіз ем: қабынудың серозды-инфильтративті фазасында спирттік ванналар, трипсин, химотрипсин электрофорезі, антибиотикотерапия қолданылады, оның ішінде антибиотиктерді регионарлық венаішілік енгізу, УВЧ-терапия.

Дəрі дəрмектік ем: операциядан кейін микрофлора сезімталдылығы ескеріліп, антибиотикотерапия қолданылады, антисептиктер, сульфаниламидтер, протеолиздік ферменттер, физио- жəне рентгенотерапия.

Саусақтың іріңді аурулары кезіндегі операциялар
Саусақ сыртындағы флегмонаны (беткейлік жəне терең) ұзынша сызықпен айқын флюктуация жəне гиперемия жерінде ашады. Осындай əдіспен алақан жəне үстіңгі жақ абсцесстері ашылады.

Ортаңғы алақан кеңістігінің беткейлік флегмонасын ұзынша кесіп, саусақтың алақан бетіндегі некроздалған апоневрозды кеседі.

Ортаңғы алақан кеңістігінің терең флегмонасын осындай əдіспен кеседі. Алақандық апоневрозды кескеннен кейін емшараны алақандық артериалдық доғаны зақымдап алмас үшін, тұйық жолмен жүргізеді.

Фасциальді май қабат кеңістігінің флегмонасын линиялық тілікпен кесіп, əрі қарай жараны дренаждайды. Тенар флегмонасын ашу кезде орталық нервті зақымдап алмау қажет.

Комиссуральді флегмонаны тиісті сүйекаралықта линиялық тілікпен кеседі. Саусақтың бүйірлік бетінде қабыну процессінің таралуында іріңді қосымша тіліктен дренаждайды.

Дренаждауды полихлорвинилді түтік көмегімен жүргізеді. Операциядан кейін міндетті түрде алақан мен шынтақты иммобилизациялау.

Профилактикалық шаралар: зақымдалған саусақты дер кезінде емдеу, жарақатпен күресу, панарициді дұрыс емдеу.

Әрі қарай жүргізу: амбулаторлық жағдайда операциядан кейінгі реабилитация.

Негізгі жəне қосымша дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Дифенгидрамин инъекция үшін ерітінді 1% 1 мл
2. *Тримепиридин гидрохлорид ампуладағы инъекция үшін ерітінді 1% по 1 мл
3. *Цефуроксим флакондағы инъекция үшін ерітінді дайындауға ұнтақ 750 мг, 1.5 гр
4. *Цефтазидим - флакондағы инъекция үшін ерітінді дайындауға ұнтақ 500 мг, 1 гр, 2 г
5. *Цефтриаксон флакондағы инъекция үшін ерітінді дайындауға ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг
6. *Лидокаина гидрохлорид инъекция үшін ерітінді 10% 2 мл
7. *Прокаин 0,25 мг табл.
8. *Гентамицин инъекция үшін ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл в ампуле
9. *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл - 10 мг\мл
10. *Флуконазол капсула 50 мг, 150 мг; в/і енгізуге ерітінді 100 мл
11. *Повидон-йод ерітінді 1% флаконда
12. *Глюкоза инфузия үшін ерітінді 5%, 10% флаконда 400 мл, 500 мл; ампуладағы 40% ерітінді 5 мл, 10 мл
13. *Гангренозға қарсы сарысу инъекция үшін ерітінді, амп.
14. *Тырысқаққа қарсы сарысу инъекция үшін ерітінді 2 мл, 3 мл, 5 мл, амп.
15. *Дифтерия-тырысқақтық анатоксин инъекция үшін ерітінді, амп. 1 мл
16. *Иммуноглобулин стафилакокқа қарсы су ерітіндісі 3 мл ампулада
17. *Тиамин инъекция үшін ерітінді 5% ампулада 1 мл
18. *Пиридоксин таблетка 10 мг, 20 мг; инъекция үшін ерітінді 1%, 5% ампулады 1 мл
19. *Цианокобаламин ампуладағы инъекция үшін ерітінді 1 мл (500 мкг)
20. *Хлоропирамин таблетка 25 мг; инъекция үшін ерітінді 20 мг/мл в ампуле
21. *Сутегі тотығы ерітінді 3% флаконда 25 мл, 40 мл
22. *Магний сульфаты инъекция үшін ерітінді 25% ампулада 20 мл
23. *Нитрофурал 20 мг табл.
24. *Диазепам 2 мг, 5 мг табл.
25. *Қаннан алынатын препараттар, плазмаалмастырушы заттар мен параентеральді тамақтандыру үшін заттар
26. *Натрий хлорид, инфъекция үшін ерітінді 200 мл
27. *Перманганат калий сулы ерітіндісі 1:10 000

Ем тиімділігінің индикаторлары: ауру көріністерінің симптомының жойылуы, тері жабындылары бастапқы жағдайының жəне саусақ функциясының қалыпқа келуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер (шұғыл): инфицирлену белгілерімен тері жабындыларының зақымдалуы, саусақтың ауыруы, саусақтың қабынған аумағын басқан кезде ауыру, саусақ етінің ісінген жері тығыздалып ісінеді, айналасындағы тіндердің ісінуі жəне өзге іріңді-қабынбалық процесстер.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Флегмона кисти http://panariciy.narod.ru/fleg.html 2. Панариции, флегмоны кистей http://www.nartaylakov.ru/lekzii4/panar.html

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Алиев Мұхтар Алиевич – академик, А.Н Сызғанов атындағы ХҒО құрметті директоры.
Баймаханов Болатбек Беимендиевич – м.ғ.д., профессор, А.Н Сызғанов атындағы ХҒО директоры.
Наржанов Бауыржан Анарбекович – м.ғ.к., А.Н Сызғанов атындағы ХҒО клиникалық істер жөніндегі директор орынбасары.
Самратов Тимур Уралович – м.ғ.к. А.Н Сызғанов атындағы ХҒО бөлімше меңгерушісі.
Тоқсанбаев Данияр Сапарович – м.ғ.к., А.Н Сызғанов атындағы ХҒО аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх