Санның сынығы

E-017

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Перелом неуточненной части бедренной кости (S72.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Санның сынығы
– жарақат немесе патологиялық үрдіс əсерінен сан 
сүйегінің зақымдануы жəне оның бүтіндігінің бұзылуы.

 
Хаттаманың коды: Е–017 "Санның сынығы"
Жедел медициналық көмек
Кезеңнің мақсаты: ауыру сезімін басу, зақымдануды азайту, өмірге қажетті жүйе жəне мүшелердің қызметін қалыпқа келтіру, науқасты арнайы медициналық мекемеге тасымалдауға дайындау.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
С 72 Сан сүйегінің сынуы
Келесі анықтамалар жағдайдың қосымша сипатына факультативті қолдану үшін берілген, ол көптеген бекіністерді жүргізу мүмкіндігі болмағанда сынықты жəне ашық жараны идентификациялау үшін қажет; Егер сынық ашық немесе жабық екені көрсетілмесе, оны жабық етіп жіктейді.
0 - жабық;
1 - ашық.
С 72,0 Сан мойнының сынығы
С 72,1 Ұршықүсті сынығы
С 72,2 Ұршықасты сынығы
С 72,3 Сан сүйегі денесінің (диафиздің) сынығы
С 72,4 Сан сүйегінің астыңғы соңының сынығы
С 72,5 Сан сүйегінің көптеген сынықтары
С 72,6 Сан сүйегінің басқа бөліктерінің сынығы
С 72,7 Сан сүйегінің анықталмаған бөлігінің сынығы

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Жұмсақ тінінің зақымдану сипатына қарай:
- жабық;
- ашық.
 
Орналасқан жеріне қарай:
- эпифизарлық;
- метафизарлық;
- диафизарлық.
 
Сынықтардың ығысуына қарай:
- ығысусыз;
- ығысқан.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп – қатер тобы:
- шынықпаған;
- байқаусыз тез қозғалыстар;
- қартайған шақ.

 
Түскен кезі: шұғыл.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Жарақаттық генез ескеріледі, авто жəне мото жарақат кезіндегі тура ұрылу, жолаушыларда «бамперлық» сынықтар, биіктен құлау, əртүрлі кездейсоқ жағдайлар.
Соғылған күштің (массаның) үлкендігі бағаланады, қозғалыстың бағытына, күш түскен аймаққа мəн беріледі.

Сынықтардың абсолюттік (тура) көрсеткіштері:
- сүйектік деформация;
- сүйектік крепитация;
- патологиялық қозғалыс;
- жарақаттан сүйек сынықтырының шығып тұруы;
- аяқтарының қысқаруы.
 
Сынықтардың басқа көрсеткіштері:
- ауыру сезімі (пальпация кезіндегі ауыру сезімі мен локальді ауыру сезімінің ұқсауы).
- ості жүктеме симптомы – аяқтарға жүктеме осі бойынша түсірген кезде локальді ауыру сезімінің күшеюі.
- ісінулерінің көрінуі (гематома).
 
Абсолюттік көрсеткіштердің біреүі көрінсе «сыну» диагнозын қоюға болады.
 
Сүйек крепитациясының симптомдарын жəне патологиялық қозғалыстарды абайлап тексеру керек, ал егер сынулардың нақты көрсеткіштері болса - тексеруге болмайды.
 
Эпифизарлық (сан мойныныңсынықтары). Көбінесе 60 жастан асқан жасы үлкен адамдарда кездеседі. Көбінесе табанның шеткі қырының ротациясы тəн, зақымданған жағында – «жабысып қалған бақай симптомы» болады. Жамбас - сан байлам аралығында жергілікті ауыру сезімі болады. Жарақаттанған аяқтардың қысқаруы болады.
 
Метафизарлық. Жиі сұқпалы. Жергілікті ауыру сезімі тік ось бойынша жүктеменің симптомы оң. Аяқтарының қысқаруы көрінуі мүмкін.

Диафизарлық.  Ең жиі кездесетіні сынық бөлшектерінің бірігуі тəн. Жергілікті ауыру жəне сынық аймағында ауыру сезімі. Бірталай ісінген гематома. Сынудың тура жəне ауыспалы көрсеткіштері айқын, «жабысып қалған бақай симптомы». Гиповолемиялық шок тууы мүмкін. Қарау барысында жүйке – тамырлық шумақтың зақымдануы көрінуі мүмкін (суықтау, балтыр жəне табанда сезімталдықтың жоғалуы).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:  жоқ

Емдеу тактикасы


едициналық жəрдем көрсету жолы
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Жарақаттанған аяқтардың жоғарғы жəне төменгі зақымданған бөлігін ұстап, бекіту.
 
2. Ашық сыну кезінде – қанағудың тоқтауы (қысатын таңғыш, буынды қысу, жгуты байлау), зазалсыдандырылған таңғышты таңу. Жарақаттан шығып тұрған сүйек бөлшектерін түземеу.
 
3. Тасымалдаушы иммобилизация. Пневматикалық, вакуумдық шиналар, Дитерихс, Крамер шиналары қолданылады. Жамбас – сан, тізе, балтыр – табан буынын бекіту керек. Жарақаттанған аяқты сау аяққа бинтпен таңып тастауға болады (аутоиммобилизация деп аталады) аяқ араларында жұмсақ матасы бар тақтай қойылу қажет, ол тізе буыны мен тақым арасына қойылады.
 
4. Зақымданған аймақтың суық болуы.
 
Дəрі-дəрмектік ем: жансыздандыру.
 
- Наркотикалық емес анальгетиктер – кеторолак 1мг/30мг бұлшық етке;
- Қатты ауыру 
кезінде наркотикалық анальгетиктер – трамадол 50-100мг көктамырға,немесе морфий гидрохлориді 1% - 1,0мг көктамырға, немесе промедол 2% - 1,0 мг көктамырға,жəне диазепам қосуға болады 5-10 мг көктамырға.
- Гиповолемиялық шок көрінісінде: 
инфузионды терапия – кристаллойдтық (натрий хлориді ерітіндісін 0,9% - 500,0 - 1000,0, декстроза 5% - 500,0) жəне коллоидтық ерітіндісін (декстран 70-200-400мг).
 
Жедел госпитализациялау үшін көрсетімдер: ауруханананың травматологиялық бөліміне зембілмен жедел жеткізу.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Кеторолак иньекцияға арналған ерітінді 1мг/30мг.
2. Морфин гидрохлориді 1%- 1,0.
3  Тримепиридин гидрохлориді (промедол) 2% - 1,0.
4. Трамадол 50мг/1мл.
5. Натрий хлориді 0,9% - 500,0.
6. Декстроза 5% - 500,0.
7. Декстран 70-200-400,0.
8. Диазепам 0,5% - 2,0.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Травматология и ортопедия. Под ред. Юмашева Г.С. Москва «Медицина 1990 г. 2. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. А.Г. Мирошниченко, В.В. Руксина. Санкт-Петербург 2006 г. 3. Курс по неотложной медицине для Учебных центров в Евразии. АМСЗ 2003 г. 4. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел 
жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к,
доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент СилачевЮ.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх