Нерв түбіршектері мен өрімдерінің зақымдалуы

P-T-011

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Поражение тройничного нерва неуточненное (G50.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Мононейропатия – бұл бір, көптеген мононейропатия бірнеше ірі 
нервтердің зақымдалуы. Патоморфологияда мононейропатия мен көптеген мононейропатиялар кезінде vasa nervorum зақымдалуы анықталады. Нерв түбіршектері мен өрімдерінің зақымдалуы, бір реттік немесе кезеңдік қайталанулармен сыртқы жаншылудан туындаған компрессионды нейропатия типі бойынша дамиды.
 
Ең жиі себептер – жарақаттар, сыртқы жаншылу (қысылу) немесе көлеммен жаншылу. Компрессионды зақымдалуға əсіресе, жұмсақ тіндермен қоршалған нерв пен түбіршектер бейімді. Сыртқы басылуларды жойғаннан кейін, түбіршектер, нерв пен өрімдер функциясының қалпына келуі өзінше жүреді.
 
Туннельді синдром – перифериялық нервтің қоршаған анатомиялық құрылымдармен жаншылуы (жиірек метаболиялық генезде). Нерв, түбіршек, өрімдер компрессиясытұрақты, бірақ оның айқындылығы тіндердің ісінулері мен аяқ қол бұлшықеттерінің күштенуіне байланысты түрленуі мүмкін. Клиникалық тəжірибеде негізінен шынтақтық сай немесе кубитальды туннелде жаншылуына жəне білезік каналында жаншылу нəтижесінде ортаңғы нерв невропатиясына байланысты, шынтақ нервінің невропатиясы кездеседі.
 
Белл параличі — бет нервінің перифериялық зақымдалу нəтижесінде мимикалық бұлшықетттердің жіті туындайтын парезі немесе біржақтық параличі. Белл параличі кезінде құлақта немесе оның артында ауыру байқалады, беттің зақымдалған жағында сезімталдылықтың жоғалуы, гиперакузия, тілдің тиісті жағындағы алдыңға бөлігінде дəм сезудің бұзылуы.

Санның латералды тері нервінің невралгиясы – ең жиі себеп – жарақат, корсет кию, бандаж кию. Үлкенжіліншік нервінің жаншылуы – себебі жарақат, артропатия, метаболиялық бұзылулар кезіндегі туннельді синдром. Кейде бассүйек ми нервтері қосылады, жиірек VII жұп; V жұп; көзқозғалтқыш нервтер.
Үштік нерв невралгиясы (ҮНН) V бассүйек нервінің бір немесе бірнеше бұтақтары жолында туындайтын, өзіне тəн мінезді ауыру синдромы. Диагноз тек қана анамнез деректері бойынша қойылады жəне ауыруға тəн белгілерге негізделеді. Ол кенеттен пайда болады жəне бірнеше секундтан 2 мин. дейін созылады.
Ауыру ұстамаларының жиілігі кең диапазонда түрленеді: күнделікті жүз ұстамалардан өте сирек ұстамаларға дейін, егер ремиссия кезеңі жылдарға созылса. ҮНН кезіндегі ауыру өте күшті, оны интенсивті, жіті, беткейлі, тесіп өту, күйдіру немесе электрлік соққыға теңейді. Нақты бір науқаста ауыру мінезі ұстама кезінде бірдей. Жиі жағдайда қандай да бір триггерлі зонаға жанасу, тамақ қабылдау, сөйлесу, бет жуу мен тіс тазалау ұстаманың басы болуы мүмкін. Пароксизмалар арасындағы кезеңде ауыру симптомсыз өтеді. Диагноз қою кезінде бет облысында туындаған ауырудың басқа себептерін алып тастау.
 
Хаттама коды: P-T-011 "Нерв түбіршектері мен өрімдерінің зақымдалуы"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
G50- G59 Жеке нервтердің, нерв түбіршектері мен өрімдерінің зақымдалуы
M50.1 Радикулопатиямен мойын бөлігінің омыртқа аралық дискілерінің зақымдалуы
M51.1 Радикулопатиямен бел жəне басқа бөліктердегі омыртқа аралық дискілерінің зақымдалуы
M54.1 Радикулопатия

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Нерв түбіршектері мен өрімдерінің зақымдалуы этиологиялық белгілер бойынша мыналарға бөлінеді:
1. Инфекциялық: вирустық, микробтық (скарлатина, бруцеллез, мерез, лептоспироз жəне басқалар кезінде).
2. Инфекциялы-аллергиялық (балалар инфекциясында: қызылша, қызамық, вакциналық, шашыранды склерозды, сарысулық жəне басқа).
3. Уыттық (созылмалы уыттану кезінде (маскүнемдік, қорғасын жəне басқа).
4. Дисметаболиялық: витаминдер тапшылығы, эндокриндік аурулар кезінде (қантты диабет) жəне басқа.
5. Дисциркуляторлы: түйінді периартеритте, ревматизмдік жəне басқа васкулиттерде.
6. Идиопатиялық жəне тұқымқуалаушылық (Шарко-Мари невральді амиотрофиясы жəне басқа).
7. Түбіршектер мен қрімдердің жарақаттық зақымдалуы.
8. Кейбір перифериялық нервтердің компрессионды-ишемиялық зақымдалуы (білезік каналы синдромы, тарзальды канал синдромы).
9. Вертеброгенді зақымдалу.

Топографиялық-анатомиялық принцип бойынша бөледі:
1. Радикулиттер – жұлын түбіршектерінің зақымдалуы.
2. Плекситтер - өрімдердің зақымдалуы (мойын, мық, бел-сегізкөз).
3. Мононевриттер – бассүйек ми нервтері перифериялық нервтерінің, қабырғааралық, аяқ қол нервтері.
4. Перифериялық нервтердің көптеген зақымдалулары.
5. Мультинейропатиялар немесе бірнеше перифериялық нервтер зақымдалатын, көптеген мононейропатиялар, жиірек асимметриялы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: омыртқааралық диск жарықтарының салдарынан, жұлын нервтері түбіршектерінің жаншылуы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: ауыру.

Физикалық тексеру:
1. Тартылудың оң симптомы, Тиннель симптомы.
2. Қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзулулар.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: КТ жəне/немесе МРТ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Рентгенография.
4. Қанның биохимиялық анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Компьютерлік томография жəне/немесе магниттік-резонанстық томография.
2. Терапевт консультациясы.
3. Офтальмолог консультацияы.
4. Травматолог консультациясы.
5. Инфекционист консультациясы.
6. Эндокринолог консультациясы.
7. Нейрохирург консультациясы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: зақымдалған нерв түбіршектері мен өрімдердің функциясын қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: ем спецификалы, ауруды туындатқан себептерге байланысты, жəне зиянды факторлардың əсерін тоқтатудан басталады. Бірақ барлық жағдайда витаминотерапия жүргізіледі, қажет болса, спецификалық емес емді құрайтын массаж, емдік дене шынықтыру мен физиоем.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Көп жағдайда радикулопатия кезінде, əсіресе омыртқааралық диск жарықтарында, консервативті ем тиіміді: төсек режимі, транквилизаторлар (түнге), тарту. Түбіршектің ауыру кезінде, консервативті терапиямен қатар, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) тағайындалады, лорноксикам 8 ден 16 мг/тəулігіне дейін, диклофенак 25 тен 75 мг/тəулігіне дейін.

Перифериялық нерв жүйесінің аурулары кезінде 
«В» тобындағы витаминдерді тағайындау патогенді маңызды, себебі, олар тотықтырғыш энергетикалық механизмдер жəне нервтердің қалыпты функциясы мен құрылымын ұстап тұру үшін қажет. Соңғы уақыттарда инъекциялы формалармен қатар, «В» тобындағы витаминдер кешені пероралдық қабылдаумен де қолданылады.

Жергілікті əсердегі 
препараттар: диклофенак, хондроксид жəне басқа мазьдер.
Физиотерапиялық емшаралар 
тиімді, иглорефлексотерапия. Емдік дəрі дəрмектік бөгеттерді кортикостероидтармен жүргізеді. Комбинациялы препараттармен, қабынуға қарсы, ыстықты түсіру жəне ауыруды басатын əсерді туындататын, Амбене (Германия) дайын шприцтері.

Əрекет ететін заттар: дексаметозан (глюкокортикостероид) жергілікті қабынуға қарсы, дегидратациялы, анальгетикалық əсер етеді; фенилбутазон (СЕҚҚП); натрий салициламиді (анальгетикалық тиімділік); цианкобаламид (витамин В) нерв функциясына қолайлы əсер көрсетеді: лидокаин жергілікті ауыруды басатын əсерге ие.

Туннельді синдромның емі жеңіл жағдайда тыныштықпен шектеледі. Кортикостероидтарды каналға енгізу тиімді (ұзақ əсерлі форма). 

Мимикалық мускулатураның идиопатилық параличінде кортикостероидты терапия курсын тағайындау қажет, күнара 30-60 мг преднизолон, таңертең 5 мг ға дозаны төмендетумен. Микроциркуляцияны жақсартатын препараттарды тағайындау қажет-декстрандар 200 нан 400 мл дейін, вена ішіне, 3 тен 5 ретке дейін ем курсымен.

Декомпрессия жүргізу үшін, дегидратациялы терапия, 10-20% маннитол аса тиімді, 0,5 –1,5 г/кг дозада тамшылатып вена ішіне. Мұнан соң қалпына келтіру терапия ретінде нейропротекторлы терапия ұсынылған – бұзау қанының депротеинді гемодериваты (драже 200 ден 600 мг дейін немесе 40 мг бұлшықет ішіне), “В” тобының витаминдері (нейромультивит, пиридоксинмен қоса магний лактаты).

Прозерин тағайындау 
көрсетілмеген (прозерин контрактура шақыратындығы анықталған). Дұрыс таңдалған тактика мен уақытылы басталған ем кезінде контрактура болмайды.

Үштік нервтің невралгиясы кезінде, ауыру синдромын басу үшін, 600 мг/тəулігіне дейін карбамазепин тағайындалады. Ламотриджинді қолдану (400 мг/тəулігіне) плацебомен салыстырғанда, төрт аптадан кейін жақсару байқалған науқастар үлесін арттырады.

Құрсау теміреткі кезінде, вирусқа қарсы препараттар тағайындалады, 7-10 күн бойы тəулігіне 5 рет 400 мг дозада ішке енгізу үшін ацикловир, иммунномодуляторлар, аспирин, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар, анальгетиктер тағайындайды. 8 –16 мг лорноксикам тиімді. Терішілік электростимуляция жүргізеді, онымен бірге антидепрессанты, В тобының витаминдерін тағайындайды.

Қысып ауыру кезінде 
карбамезин тиімді, бастапқы дозасы тəулігіне 2 реттен 100 мг ішке енгізу, онан соң дозаны тəулігіне 2 реттен 200мг дейін жайлап жоғарылатады. 0,025% капсаицин кремін жергілікті қолдану, оны зақымдалған жерге тəулігіне 4 рет жағу.

Күйдіруді болдырмау үшін, зақымдалған жерге 20 минут алдын кремді жергілікті анестетиктермен бірге жағады. Көпіршіктерді 1%-2% бриллиант көгімен өңдейді. Сонымен қатар зақымдалған жерлерге кортикостероидтар инъекциясын жəне жергілікті анестетиктерді, нерв бөгегіштерін пайдаланады.

Бассүйек ми нервтерінің зақымдалуы 
кезінде, ұшықтың аса қауіпті асқынулары менингоэнцефалит, блефарит, кератит, увеит, постгерпестік невралгия, бұлшықеттердің перифериялық парезі.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1.   Лорноксикам 4 мг, 8 мг, табл.
2. *Диклофенак 100 мг, мазь.
3.   Хондроитин сульфат 5% 30 г, мазь.
4. *В тобының витаминдері (нейромультивит).
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Преднизолон 5 мг, табл.
2. *Маннитол, 10%, 20% флакондағы ерітінді 100 мл, 500 мл.
3. *Карбамазепин 100 мг, 200 мг, табл.
4. *Декстран, флакондағы инфузия үшін ерітінді 200 мл, 400 мл.
5. *Ламотриджин 25 мг, 50 мг, табл.
6. *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, табл.
7. *Ацикловир 400 мг, табл.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Себептерді анықтау үшін тексерулер (алмасулық процесс, қабынба, жарақат).
2. Айқын ауыру синдромы.
3. Асқынулар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Англо-русский медицинский энциклопедический словарь (дополненный перевод 26-го издания Стедмана). ГЭОТАР МЕДИЦИНА, М., 2000 2. Справочник врача общей практики. Дж. Мерта. Практика, М., 1998 3. Внутренние болезни. Кн. 10. Т.Р. Харрисон. “Медицина”, М., 1997 4. Acute low back problems in adults. Clinical practice guideline no. 14 (AHCPR publication no. 95-0642). 5.Неврология. Под ред. М. Самуэльса. Пер. с англ.-М., Практика, 1997.-640с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У. – АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К. – АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх