Мойын облысындағы дермоидты сарысулы ісік

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Другие уточненные кисты области рта, не классифицированные в других рубриках (K09.8)
Челюстно-лицевая хирургия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Дермоидты сарысулы ісік эмбрионалдық даму кезеңінде эктодермальды тіндердің дистопирленген элементтерінен эмбрионалды саңылаулар, сайлар мен әжімдер облысында дамитын эпидермистен, дермадан, фолликулдан, майбездерінен тұратын қатерсіз түзілім.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ -10
Коды Атауы
K09.80 Дермоидты сарысулы ісік
 
Хаттаманы әзірлеу / қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

к/і күре тамыр ішіне
б/і бұлшықет ішіне
ACT аспартатаминотрансфераза
AЛT аланинаминотрансфераза
АИТВ адамның иммундық тапшылық вирусы
КТ компьютерлік томография
ЕДШ емдік денешынықтыру
МРТ магнитті-резонансты томография
ЖҚТ жалпы қан талдауы
ЖНТ жалпы несеп талдауы
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
ДД

дәлелділік деңгейі

УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ электрокардиограмма
Er эритроциттер
Hb гемоглобин
Ht гематокрит
Le лейкоциттер
Tr тромбоциттер
 
Хаттаманы пайдаланушылар: бет-жақсүйек хирургтары, стоматологтар, онкологтар, педиатрар, ЖПД, хирургтар, терапевттер.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар мен балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Жіктеме [2]:
I.    Антенатальдық кезеңде туындайтын сарысулы ісіктер (туа біткен сарысулы ісіктер):
·        эпидермоидты және дермоидты сарысулы ісіктер;
·        орталық сарысулы ісіктер және мойын терең жаралары;
·        бүйір сарысулы ісіктер және мойын терең жаралары;
·        шықшыт облысындағы сарысулы ісіктер;
·        тілдің сарысулы ісіктері.
II.  Постнатальды кезеңде туындайтын (жүре пайда болған) сарысулы ісіктер:
·        үлкен және кіші сілекей безінің сарысулы ісіктері;
·        үлкен сілекей бездерінің шығарушы ағындарының сарысулы ісіктері;
·        жоғары жақсүйек қуысының сілекей бездерінің сарысулы ісіктері;
·        майбездерінің сарысулы ісіктері;
·        травматикалық сарысулы ісіктер.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [10][13-15][17]

Диагностикалық өлшемшарттар: 

Пациенттерде дермоидты сарысулы ісіктерге шағымы және аненезі
Шағымдар: Түзілімнің болуы Мойын облысында, ауыз қуысының түбінде, жақсүйек астында, периорбитальды, мойын маңы, самай бөлігінде, мұрын және оның қанаттары облысында үлгілік оқшаулаудың сарысулы ісігі немесе терең жара.
Бет пішінінің өзгеруі Пішіннің өзгеруінің көрінуі пішіннің өзгеруінің бастапқы бегілерін анықтау сәтінен өткен уақытынан қаралған сәтке дейін тәуелді болады.
Функционалдық бұзылулар Ауыз қуысының түбінде оқшауланатын үлкен өлшемді сарысулы ісіктерге айналғанға тілдің қозғалғыштығының, жұтынудың, сөйлеудің бұзылуы.
Ауыру   Сарысулы ісіктердің іріңдеу кезінде дене температурасының артуы, ауыру пайда болады
Аурулар анамнезі: Сарысулы ісіктер баяу, еш белгісіз өседі Туа біткен патология
Аурулардың ұзақтығы Бірнеше айдан бірнеше жылға дейін
Іріңді-қызарушы асқынулар Індет жұқтыру салдарында кездесуі мүмкін.
Өмір анамнезі: Ауысқан және ілеспе аурулар Даму ақауларымен жаңа түзілімдердің үйлесіміне назар аудару қажет
Физикалық тексерулер
Сырттай тексеру, пальпация, ауыз қуысын тексеру Сарысулы ісік жұмсақ тіндер қалыңдығында орналасатын дөңгелек пішінді ісік тәрізді түзілімдер түрінде сезіледі. Түзілім консистенциясы серпімді эластикалық немесе тестілік, беті тегіс, шекаралары айқын. Тері жабындарының бетіне жақын орналасу кезінде (периорбитальды және мұрын облысында оқшаулау кезінде) дермоидты сарысулы ісіктер үлкен өлшемге (5-6 см) қол жеткізетін жұмсақ тіндердің тереңдігінле оқшауланатын дермоидты сарысулы ісіктерден айырмашылығы үлкен өлшемге сирек өседі. Ауыз қуысының түбіндегі дермоидты сарысулы ісіктер ішкі иек қылқаны (spina mentalis interna) мен тіл астындағы сүйек арасында иек-тіл бұлшықеттерінің арасындағы жақсүйек-тіл асты бұлшықеттердің бетіндегі орта сызық бойынша орналасады. Егер сарысу ісігі тіл астындағы сүйекке бекітілсе, ол иек асты облысында жартылай шар тәрізді дүрдиіп көрінеді. Иек асты қылқанмен байланысты сарысулы ісік тіл асты облысының алдыңғы бөлігінің шырышты қабығы мен тілдің алдыңғы бөлігін жоғары көтеріп тіласты облысы жағына өседі. Үлкен өлшемге жеткенде сарысулы ісік алдыңғы тістердің артында ауыз қуысының түбінде шырышты қабықша астында көрінеді. Тіласты сүйекпен байланысты сарысулы ісіктер жұтыну кезінде онымен бірге араласады. Ортаңғы сызықтан бүйірінен орналасу кезінде дермоидты сарысулы ісік жақ асты үшкілінің алдыңғы бөлігіне таралуы мүмкін. Мойында дермоидты сарысулы ісіктері төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықеттің алдыңғы шеті мен қосқарыншалық бұлшықеттің артқы құрсағы арасында оқшауланады. Шықшыт облысындағы сарысулы ісіктер сыртынан жұмсақ тіндердің шамалы өзгеруін тудырып терең жатады.
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚТ – лейкоцитоз, ЭТЖ жеделдету;
Гистологиялық зерттеу Сарысулы ісіктердің құрылымын және олардың ішіндегісін зерттеу кезінде шаш, май және тер бездері сияқты туынды эктодермаларды анықтайды. Қабықша жақсы дамыған тер бездері мен шаш түйіндері болатын айқын бүртікті қабаты көрсетеді. Қабықшаның ішкі беті көп қабатты тегіс эпителиямен қойылған. Сарысулы ісікті зерттеу кезінде бүртікті қабат үнемі жақсы көріне бермейді, ал тері дериваттары ұрық жағдайында табылады.
 
 
 
Аспаптық зерттеулер:
УДЗ Контурлары айқын, капсуламен жақсы визуалданған эхонегативті құрылым
КТ Дөңгелектенген түзілімі, тығыздығы май тініне сәйкес келеді
МРТ қатерсіз сарысулы ісік тәрізді түзілім, дөңгелек пішінді. Қабырғасы жұқа жақсартылған. Сигналдың жоғары қарқындылығы Т1-өлшенген суретте, жоғары – Т-2 өлшенген суретте
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·               анестезиологтың консультациясы – анестезиологиялық жәрдем көрсету үшін;
·               оториноларингологтың консультациясы – мұрын қуысында ісіктің өсуі кезінде;
·               офтальмологтың консультациясы  –көз шарасы қуысында ісіктің өсуі кезінде;
·               терапевттің консультациясы – ілеспе аурулардың болуы кезінде;
·               басқа салалық мамандардың консультациясы – көрсетілімдер бойынша.

Диагностикалық алгоритм:


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі [10,18]
Диагноз Дифференциалды  диагностика үшін негіздеме Тексерулер Диагнозды алып тастау белгілері
Асқынған және ұшыққан созылмалы лимфаденит Дермоидты сарысулы ісіктің іріңдеу кезінде клиникалық картиналардың ұқсастығы. Көбіне дермоидты сарысулы ісік алғаш рет тек іріңдегеннен кейін клиникалық пайда болады
 
Пунктаттың микроскопиялық зерттеулерімен пункция Дермоидты сарысулы ісіктің құрамын микроскопиялық зерттеу кезінде түскен эпителиалдық жасушалар, құрылымсыз қосылымдар және холестерин кристаллдары анықталады.
Қатерсіз ісіктер метастаздары Мойын, жақ асты, иек асты және шықшыт облыстарының жоғары бөлігінің лимфатикалық желілерінің метастаздарының ұқсас клиникалық көріністері болады Анамнез, клиникалық тексеру, биопсия деректері Метастаздар айқын шекарасы болмайтын және қозғалғыштығын ерте жоғалтатын тығыз, ауыртаын ісік тәрізді түзілімдер түрінде көрінеді. Морфологиялық зерттеулер кезінде мөлшерден ауытқу жасушалары анықталады.
Туберкулез және саркоидоз. Туберкулез және саркоидоз кезінде лимфожелілерінің зақымдануы клиникалық картиналар бойынша мойын және жақ асты облысындағы дермоидты сарысулы ісіктермен ұқсас
 
Анамнез, клиникалық тексеру, биопсия деректері Туберкулез және саркоидоз кезінде негізгі аурулар клиникасы өкпенің зақымдануымен ілеседі. Морфологиялық зерттеулер кезінде зор Пирогов-Лангханс анықталады.
Сілекей бездерінің ісіктері Шықшыт сілекей безінің маңында, сондай-ақ пунктат аденолимфосы кезінде  оқшауланатын дермоидты сарысулы ісіктер өзінің құрамы бойынша ішінде эпидермоидты сарысулы ісікті   еске түсіруі мүмкін. Сиалография Сиалографияда, ісік кезінде сілекей безінің тіндерінің құрылымдық өзгерістері, пункциялық биопсия жағдайында ісік тінінің кесегін алады
 
Орта және бүйір сарысулы ісіктер Мойынның дермоидты және бүйір сарысулы ісіктерінің, сондай-ақ ортаңғы сарысулы ісіктер және иек асы облысының дермоидтарының клиникалық ағынының ұқсастығы. Цистография Контрастты цистографияда дермоидты сарысулы ісіктердің ортаңғыдан айырмашылығы біркелкі толтырылады және бүйір тарамдары, сондай-ақ ауыз қуысының түбі жағына жүретін жыланкөз жүрісі болмайды.
Тіласты ісігі Тіл жағына басым өсетін ауыз қуысының түбіндегі дермоидты сарысулы ісіктердің тіл асты ісігімен ұқсастығы болады. Ауыз қуысын тексеру Дермоидты сарысулы ісіктер ортаңғы сызық бойынша орналасады және тіл асты облысының шырышты қабықшасының астынан сарғыш түсті тығыз эластикалық жартылай шар тәрізді түзілімдер түрінде көрінеді, сол уақытта тіл асты ісігі сияқты көгілдір түсті жұмсақ флюктуирлеуші түзілім сипаты болады
 

Емдеу тактикасы (стационар)


CТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Стационарлық деңгейде хирургиялық емдеу жергілікті/жалпы жансыздандырумен өткізіледі. Өткізілген араласудан кейін антибактериалдық, нестероидты қабынуға қарсы препараттар тағайындалады, сондай-ақ қажеттілік болғанда уытсыздандырғыш терапия өткізіледі.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·               II Режим;
·               Диета: №15 стол (көрсетілімдер бойынша диеталық терапия тағайындалады).
 
Хирургиялық араласу [3-6,9,11,12,19]:
·               Цистэктомия:
Оперативтік араласуды өткізуге арналған көрсетілімдер:
·               сарысулы ісіктердің 5 см артық үлкен өлшемі;
·               сарысулы ісіктердің өсуі және болуы функциялардың бұзылуын тудырады;
·               хирургиялық емдеуден кейін қайталануы;
·               сарысулы ісіктердің іріңдеу түрінде асқынулардың дамуы
Қарсы көрсетілімдер:
·               III-IV дәрежелі өкпе-жүрек жеткіліксіздігі;
·               қанның қоюланушылығының бұзылуы, қан тамырлары жүйесінің басқа аурулары;
·               миокард инфаркты (инфарктан кейінгі кезең);
·               ілеспе аурулардың ауыр түрлері (теңгерілмеген қант диабеті, асқазан мен ұлтабардың жара ауруының асқынуы, бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі, қалпына келмейтін жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары, алкоголизм және басқалары);
·               функционалдық жеткіліксіздігімен бауыр мен бүйректің асқынған және созылмалы аурулары;
·               асқыну кезеңінде жұқпалы аурулар.

Дәрі-дәрмектік емдеу: дермоидты сарысулы ісіктердің іріңдеу белгілерін тоқтату үшін, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде симптомдық терапия үшін.

Дәрі-дәрмектік емдеу [8,19]

Негізгі дәрілік заттардың тізімі:

Препарат, шығару түрлері Бір рет берілетін мөлшер Енгізу еселігі ДД
  Опиоидты анальгетиктер  
1 трамадол
100мг/2мл 2 мл-ден немесе
50 мг ауыз арқылы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға /в (баяу тамшымен), 50-100 мг-ды  (ерітіндінің 1-2 мл) бойынша б/і. 30-60 минут  сайын қанағаттанарлықсыз әсердің болмау жағдайында препараттың 50 г (1 мл) қосымша енгізуі ықтимал. Енгізу еселігі айқын ауыру белгісіне және терапия тиімділігіне байланысты тәулігіне 1-4 рет құрайды. Максималды тәуліктік мөлшер – 600 мг.
12 жасқа дейін балаларға қарсы қарсы көрсетілген.
•      операциядан кейінгі кезеңде жансыздандыру мақсатымен 1-3 тәулік
 
А
[4,6,7. 12,14]
  Стероидты емес қабынуға қарсы заттар  
2. кетопрофен
100 мг/2мл 2 мл-ден
немесе ауыз арқылы 150мг мерзімі ұзартылған
100мг.
к/і кезінде тәуліктік мөлшер 200-300 мг (300 мг-нан аспауы тиіс) құрайды, одан әрі 150 мг 1 р/д, 100 мг 2 р/д мерзімі ұзартылғанды ішке ауыз арқылы қолдану •      к/і кезінде емдеу ұзақтығы 48 сағаттан аспауы тиіс;
•      жалпы қолдану ұзақтығы қабынуға қарсы, ыстық түсіретін және ауырғанды басатын мақсатпен 5-7 күннен аспауы тиіс.
B
[4,6,7, 12,14]
3. ибупрофен
100 мг/5 мл100мл немесе ауыз арқылы 200 мг; ішке 600 мг
Ересектер мен 12 жастағы балалар үшін ибупрофен тәулігіне 3-4 рет 200 мг-нан тағайындайды. Ересектерде тек терапиялық әсерге қол жеткізу үшін тәулігіне 3 рет 400 мг дейін ұлғаяды.
Суспензия, бір жолғы мөлшер тәулігіне 3-4 рет бала денесі салмағынан кг-да 30 г-дан аспауы тиіс.
•      ыстық түсіретін заттар ретінде 3 күннен  аспайтын;
•      қабынуға қарсы, ыстық түсіретін және ауырғанды басатын мақсатпен жансыздандырушы зат ретінде 5 күннен аспайтын
 
A
[4,6,7, 22]
 
4. ацетаминофен 200 мг немесе 500мг; ішке қабылдау үшін 120 мг/5 мл немесе тоқ ішекке 125 мг, 250 мг, 0,1 г Ересектер мен дене салмағы 40 кг артық 12 жастан асқан балалар: бір жолғы мөлшер – 500 мг-1,0 г тәулігіне 4 ретке дейін. Максималды бір жолғы мөлшер – 1,0 г. Қабылдау арасындағы аралық кемінде 4 сағат. Максималды тәуліктік мөлшер – 4,0 г.
6 жастан 12 жасқа дейін балалар: бір жолғы мөлшер – 250-500 мг тәулігіне 3-4 ретке дейін. Қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кешіктірмей. Максималды тәуліктік мөлшер – 1,5-2,0 г.
•       Анальгетика сапасы және ыстық түсіретін заттар ретінде қолдану кезінде емдеу  ұзақтығы 3 күннен аспайды. A
[4,6,7, 22]
 
  Гемостатикалық заттар  
5. этамзилат
12,5% - 2 мл
12,5 % ерітіндіні тәулігіне 4-6 мл.
Балаларға дене салмағын ескере отырып (10-15 мг/кг) 0,5-2 мл-ден к/і немесе б/і бір рет енгізіледі.
•      Операциядан кейін қан тоқтамау қауіптілігі кезінде профилактикалық мақсатпен енгізіледі B
[4, 6,7, 12]
 
 
Қосымша дәрілік заттардың тізімі:

Препараттар Бір рет берілетін мөлшер Енгізу еселігі ДД
  Антибактериальдық терапия  
1 амоксицилин клавулан қышқылы (таңдау препараты) К/і: Ересектер: 1,2 г әрбір 6-8 сағат сайын.
Балалар: 40-60 мг/кг/тәул (амоксициллин бойынша) 3 енгізуден.
 
•      емдеу курсы 7-10 күн A
[22-23]
 
2 линкомицин
(балама препарат)
б/і, к/і (тек тамшылап) қолданылады. К/і алдын-ала араластырусыз енгізуге болмайды.
Ересектер: 0,6-1,2 әрбір 12 сағат сайын.
Балалар: 10-20 мг/кг/тәул 2 енгізу.
 
•      емдеу курсы 7-10 күн B
[23-24]
 
3 цефтазидим
(P. Aeruginosa бөлу кезінде)
К/і және б/і:
Ересектер: 3,0-6,0 г/тәул 2-3 енгізу (синегнойлық инфекция кезінде – тәулігіне 3 рет).
Балалар: 30-100 мг/кг/тәул  2-3 енгізу;
 
•      емдеу курсы 7-10 күн A
[ 24-26]
 
4 ципрофлоксацин
(P.aeruginosa бөлу кезінде)
К/і:
Ересектер: 0,4-0,6 г әрбір 12 сағат сайын.
1 сағат ішінде баяу инфузи жолымен енгізіледі.
Балаларға қарсы көрсетіледі.
 
 
•      емдеу курсы 7-10 күн B
[22,
24,27]
  Десенсибилизациялайтын терапия  
5 клемастин  Ересектер және 12 жастан және жоғары жастағы балалар: 1 мг.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 0,5-1мг
•      ересектер және 12 жастан және жоғары жастағы балалар: тәулігіне екі рет таңертен және кешке. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар таңғы ас алдында ұйықтар алдында түнде. В
[4,6,7. 12]
6 хлоропирамин Ішке, ересектер: 25 мг, қажеттілік болғанда 100 мг дейін ұлғайтады.
1 жастан 6 жасқа дейін балалар: 6,25 мг немесе 12,5 мг
6 жастан 14 жасқа дейін: 12,5 мг
•      ішке, ересектер: 25 мг тәулігіне 3-4 рет, қажеттілік болғанда 100 мг дейін ұлғайтады;
•      1 жастан 6 жасқа дейін балалар: 6,25 мг тәулігіне 3 рет немесе 12,5 мг тәулігіне 2 рет
6 жастан 14 жасқа дейін: 12,5 мг тәулігіне 2-3 рет.
С
[4,6,7, 12]

Одан әрі операциядан кейін енгізу:
·               жақсүйек-бет хирургында бақылау – жылына 2 рет;
·               дәрігер-онколог – көрсетілімдер бойынша.
·               Бастапқы (немесе ерзімі кешіктірілген) тері пластикасының көмегіен жақсүйек-бет облысы тіндерінің функциялары мен анатомиялық пішіндерін қалпына келтіру.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторы
·               сарысулы ісіктерді жою;
·               зақымданған анатомиялық құрылымды қалпына келтіру;
·               бұзылған функцияларды қалпына келтіру.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [16]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
•                Бет пен мойынның дермоидты сарысулы ісіктері.
 
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
•                Бет пен мойынның дермоидты сарысулы ісіктерінің іріңдеуі, сарысулы ісіктердің үлкен өлшем түрінде асфиксиясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Сергиенко В.И, Кулаков А.А, Петросян Н.Э. и др. Пластическая хирургия лица и шеи, ГЭОТАР-Медиа 2010. – 328 с. 2) Зеленский В.А., Мухорамов Ф.С., Детская хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия: учебник. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 216с; 3) Афанасьев В.В. Хирургическая стоматология - М., ГЭОТАР-Медиа., 2011,-С.468-479; 4) Козлова В.А., Кагана И.И. Оперативная челюстно-лицевая хирургия и стоматология, ГЭОТАР-Медиа 2014. – 544 с. 5) Кулаков А.А. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Национальное руководство / под ред. А.А. Кулакова, Т.Г. Робустовой, А.И. Неробеева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 928 с; 6) Пачес А.И.Опухоли головы и шеи. Пятое издание переработанное,2013. – 480 с. 7) Фищев С.Б. Воспалительные заболевания, травмы и опухоли челюстно-лицевой СпецЛит, 2015. – 198 с. 8) Linkov G, Kanev P.M, Isaacson G. Conservative management of typical pediatric postauricular dermoid cysts. Int J Pediatr Otorhinolaryngol. 2015 Nov;79(11):1810-3. doi: 10.1016/j.ijporl.2015.08.006. Epub 2015 Aug 13. review 9) Shakeel M, Keh SM, Chapman A, Hussain A. Intra-parotid dermoid cyst: excision through a face lift incision. J Coll Physicians Surg Pak. 2014 Nov;24 Suppl 3:S238-9. doi: 11.2014/JCPSP.S238S239. case report 10) Reissis D, Pfaff M.J, Patel A, Steinbacher D.M. Craniofacial dermoid cysts: histological analysis and inter-site comparison. Yale J Biol Med. 2014 Sep 3;87(3):349-57. eCollection 2014 Sep. com study 11) Kolomvos N, Theologie-Lygidakis N, Tzerbos F, Pavli M, Leventis M, Iatrou I. Surgical treatment of oral and facial soft tissue cystic lesions in children. A retrospective analysis of 60 consecutive cases with literature review. . J Craniomaxillofac Surg. 2014 Jul;42(5):392-6. doi: 10.1016/j.jcms.2014.01.023. Epub 2014 Jan 18. 12) Lenci LT, Shams P, Shriver E.M, Allen R.C. Dermoid cysts: clinical predictors of complex lesions and surgical complications. J AAPOS. 2017 Feb;21(1):44-47. doi: 10.1016/j.jaapos.2016.09.023. Epub 2017 Jan 9. 13) Berbel P, Ostrosky A, Tosti F.Large Sublingual Dermoid Cyst: A Case of Mandibular Prognathism. Craniomaxillofac Trauma Reconstr. 2016 Nov;9(4):345-348. Epub 2016 Apr 21. 14) Sahoo N.K, Choudhary A.K, Srinivas V, Kapil Tomar. Dermoid cysts of maxillofacial region. Med J Armed Forces India. 2015 Dec;71(Suppl 2):S389-94. doi: 10.1016/j.mjafi.2013.11.004. Epub 2014 Mar 6. 15) Dillon J.R, Avillo A, Nelson B.L.Dermoid Cyst of the Floor of the Mouth. Head Neck Pathol. 2015 Sep;9(3):376-8. doi: 10.1007/s12105-014-0576-y. Epub 2014 Oct 29. 16) Wagner M.W, Haileselassie B, Kannan S, Chen C, Poretti A, Tunkel D.E, Huisman T.A. Oropharyngeal dermoid cyst in an infant with intermittent airway obstruction. A case report. Neuroradiol J. 2014 Oct;27(5):627-31. doi: 10.15274/NRJ-2014-10085. Epub 2014 Sep 25. 17) Dutta M, Saha J, Biswas G, Chattopadhyay S, Sen I, Sinha R. Epidermoid cysts in head and neck: our experiences, with review of literature. Indian J Otolaryngol Head Neck Surg. 2013 Jul;65(Suppl 1):14-21. doi: 10.1007/s12070-011-0363-y. Epub 2011 Dec 4. 18) Jeremy d. Meier, md, and Johannes Fredrik Grimmer, MD Evaluation and Management of Neck Masses in Children University of Utah School of Medicine, Salt Lake City, Utah Am Fam Physician. 2014 Mar 1;89(5):353-358. 19) Robert A Schwartz, MD, MPH; Chief Editor: Dirk M Elston, MD. Dermoid Cyst Treatment & Management May 04, 2017 20) Lockhart PB, Loven B, Brennan MT, Baddour LM, Levinson M. The evidence base for the efficiency of antibiotic prophylaxis in dental practice. J Am Dent Assoc 2007; 138(4):458-74. 21) Lockhart, PB, Hanson, NB, Ristic, H, Menezes, AR, Baddour, L. Acceptance among and impact on dental practitioners and patients of American Heart Association recommendations for antibiotic prophylaxis. J Am Dent Assoc 2013;144(9):1030-5 22) Impact of antibiotic stewardship on perioperative antimicrobial prophylaxis.Murri R1, de Belvis AG2, Fantoni M1, Tanzariello M2, Parente P3, Marventano S4, Bucci S2, Giovannenze F1, Ricciardi W2, Cauda R1, Sganga G; collaborative SPES Group 23) [Perioperative antibiotic prophylaxis in maxillofacial surgery]. Merten HA1, Halling F. Int J Qual Health Care. 2016 Jun 9. 24) Clin Ther. 2016 Mar; 38(3):431-44. doi: 10.1016/j.clinthera.2016.01.018. Epub 2016 Mar 2.Ceftazidime-Avibactam: A Novel Cephalosporin/β-Lactamase Inhibitor Combination for the Treatment of Resistant Gram-negative Organisms. Sharma R1, Eun Park T2, Moy S3.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1) Батыров Төлеубай Оралбайұлы – ҚР ДСМ бас штаттан тыс бет-жақсүйек хирургы, профессор, медициналық ғылымдар кандидаты, «Астана Медициналық Университеті» АҚ стоматология және жақсүйек-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.
2) Сағындық Хасан Люкотұлы – бет – жақсүйек хирург дәрігері, медициналық ғылымдар кандидаты, «Астана Медициналық Университеті» АҚ стоматология және жақсүйек-бет хирургиясы кафедрасының профессоры.
3) Өтепов Дилшат Кәрімұлы – жақсүйек-бет хирург дәрігері, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ақсай» ОК, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жасындағы стоматология кафедрасының ассистенті.
4) Сәдуақасова Ләззат Меңдібайқызы – м.ғ.к., жақсүйек-бет хирург, ҚР ДСӘДМ «Семей қаласындағы ММУ» ШЖҚ РМК стоматологиялық пәндер кафедрасының доценті.     
5) Сүгірбаев Әділ Асылханұлы - бет жақсүйек хирург дәрігері, «Астана Медициналық Университеті» АҚ стоматология және жақсүйек-бет хирургиясы кафедрасының магистранты.
6) Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана Медициналық Университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі: Нұрмағанов Серік  Балташұлы – жоғары санатты жақсүйек-бет хирург дәрігері, медициналық ғылымдар докторы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жасындағы стоматология кафедрасының профессоры, Алматы қ. №5 ҚКЕ балалар жақсүйек-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх