Миокардтың асқынған жіті инфаркті

H-T-010

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый инфаркт миокарда (I21)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы: 

Миокард инфаркті − ұзаққа созылған ишемияға байланысты кардиомиоциттердің тіршілік қасиеті жойылып өліеттенуі (некрозы).

Хаттама коды: H-T-010 "Миокардтың асқынған жіті инфаркті"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): І21 Миокардтың жіті инфаркті
 

Жіктемесі

 
Миокард инфарктін жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) бір формасы ретінде қарастырған жіктеме. (ДДСҰ сараптамаларының жұмысшы тобы, 1979; Е.И.Чазов, 1982 ұсынған).

Аурудың формалары бойынша:

1. Миокардтың жіті инфаркті:
- анықталған инфаркт;
- мүмкін инфаркт.

2. Миокардтың болған инфаркті:

Зақымдалған аумағы бойынша:
- майдаошақты инфаркт;
- іріошақты инфаркт.

Орналасуы бойынша:
- алдыңғы инфаркт;
- бүйірлік инфаркт;
- артқы (төменгі) инфаркт;
- далдалық инфаркт жəне т.с.с.

Зақымдану тереңдігі бойынша:
- трансмуральдық инфаркт;
- инграмуральдық инфаркт;
- субэпикардтық инфаркт, субэндокардтық инфаркт.

Ағым кезеңдері бойынша:
- продромдық кезең (инфаркталдылық жағдай);
- инфарктің өте жіті кезеңі;
- инфарктің жіті кезеңі;
- инфарктің жітілеу кезеңі;
- постинфарктік кезеңі.

Миокард инфарктінің атипиялы формалары:
- астмалы (демікпелі) формасы;
- гастралгиялы формасы;
- аритмиялы формасы;
- церебральдық формасы;
- симптомсыз формасы жəне т.б.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: еркекжыныстылық, жас ұлғайғандық, дислипопротеинемия, артериялық гипертония, темекі тарту, дене салмағының артықтығы, дене қимылының аздығы, қантты диабет, араққа салынып кету.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: ұзақтығы 20 минуттан асып кеткен ауырсыну синдромы.

Физикалық тексеру
Науқасты қарау кезінде: бозғылттық, терінің жоғары ылғалдылығы, ерін, мұрын, құлақ, тырнақ астының цианозы. Аздаған тыныс жиілігінің артуы байқалады. Жүрек тұсын пальпациялау кезінде – сол жүрекше жиырылуы туындатқан, 4-ші тонмен бірге естілетін пресистолалық пульсация. Сол қарынша миокардының систолалық дисфункциясы болған кезде уақыт бойынша 3 тонға сəйкес, диастоланың ерте фазасында жүрек ұшында пульсация пальпацияланады.
Асқынбаған МИ кезінде жүрек шекаралары жиі жағдайда қалыпты, кейде перкуссия жүректің сол шекарасының аздап ұлғайғанын анықтайды. Асқынбаған, бірақ көлемді МИ науқастарда жүрек аускультациясы кезінде I тонның тұйықталуы жəне жүрек ұшында аздаған систолалық шу анықталады.

Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды, қан құрамында фибриноген, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының артуы, С-реактивті протеиннің пайда болуы.

Инструменталдық зерттеулер:
1. ЭКГ өзгерістер: ST интервалының көтерілуі, Q типтік патологиялық тісшесі, Гис шоғыры аяқшасының блокадасы.
2. Оң қарынша МИ эхокардиографиялық белгілері:
- оң қарынша жиырылғыштық қабілетінің төмендеуі жəне дилатация;
- үшжармалы қақпақша жеткіліксіздік белгілері;
- оң жүрекше дилатациясы;
- жүрекшеаралық бөгеттің сол жүрекше жағына қарай жылжуы;
- төменгі қуыс венасының дилатациясы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Несептің жалпы анализі.
3. Глюкоза деңгейін анықтау.
4. Креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін анықтау.
5. Артериялық қысымды өлшеу.
6. Антропометрия жасау.
7. Қан коагулограммасын тексеру (негізгі тестілер).
8. Калий/натрий деңгейін анықтау.
9. Электрокардиограммасын тексеру.
10. Эхокардиография жасау.
11. Капиллярлық (қылтамырлық) қанның ұю уақытын анықтау.
12. Бета-липопротеидтер деңгейін анықтау.
13. Холестерин деңгейін анықтау.
14. Тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині деңгейін анықтау.
15. Триглицеридтер деңгейін анықтау.
16. АЛТ деңгейін анықтау.
17. АСТ деңгейін анықтау.
18. Тропонин ИФА жасау.
19. Миоглобин ИФА жасау.
20. Билирубин деңгейін анықтау.
21. Несепнəр деңгейін анықтау.
22. Креатинин деңгейін анықтау.
23. Реберг сынамасын жасау.
24. Нəжісте жасырын қан бар-жоғын тексеру.
25. Құрсақ ағзаларын ультрадыбыспен тексеру (ультрадыбыстық зерттеу УДЗ).

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Холтер əдісімен тəуліктік мониторлық тексеру.
2. Көкірекке екіпроекциялы рентгенография жасау.
3. Коронароангиография.

Дифференциалды диагноз



Ауырудың орналасуы
Инфаркт миокардын дифференциялайтын өзге аурулар
Төс аумағы 
- Стенокардия
- Аорталгия
- Перикардит
Өңеш аурулары
- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Көкірек клеткасының сол жартысы
- Қабырғааралық
- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы, өкпе инфаркті
- Пневмония, плеврит, пневмоторакс
Эпигастрий аумағы
 -Өңеш аурулары
- Асқазан-ішек жолдарының аурулары
- Ұйқыбез аурулары
- Пневмония
Оң жақ қабырға асты аумағы
- Бауыр жəне өт қабының аурулары
- Пневмония, плеврит
- Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Сол қол
- Омыртқа аурулары
- Иық буынының аурулары
- Жұлын жəне омыртқа аурулары
Сол иық аумағы
Перикардит
- Сол иық буынынң аурулары
- Диафрагмалық плеврит
Сол жауырын аумағы
- Ұйқыбез аурулары
- Асқазан аурулары
- Омыртқа аурулары
- Бұлшықеттің ауыруы
- Сол жақтық пнемония
 

Асқынулар


Миакард инфарктінің асқынулары:

1. Кардиогендік шок: рефлекторлық, нағыз, ареактивті, аритмиялы.

2. Жүрек функциясының жіті жеткіліксіздігі (жіті жүректік жеткіліксіздік): солжақ қарыншалық (жүректік демікпе, өкпе ісінуі), оңжақ қарыншалық.

3. Жүрек ырғағы жəне өткізгіштігі бұзылу (экстрасистолия, пароксизмалы тахикардия, жүрекше мен қарыншаның тыпырлауы жəне жыпылықтауы, атриовентрикулалық ырғақ, жүрек блокадалары).

4. Тромбоэмболиялар (қуысішілік тромбоз салдарынан).

5. Жүрек қарыншаларының қабырғасы, қарыншааралық далда, емізікше бұлшықет жыртылуы.

6. Басқа асқынулар (асқазан жəне ішек парезі, жалақжаралы гастрит, панкреатит, психикалық бұзылыстар, Дресслер синдромы, эпистенокардиялық перикардит жəне т.б.).

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
- ауырсынуды басу;
- ишемия ошағында қан келуді қалпына келтіру;
- асқынулармен күресу;
- асқынуларын ескере отырып миокардтың жіті инфарктіне шалдыққан науқасты оңалту (реабилитациялау);
- ЭКГ бойынша миокард инфарктінің тыртықтану сатысына жеткізу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
- ауырсыну ұстамасын тыю;
- коронарлық қанағымды қалпына келтіру;
- инфаркт зонасын (аумағын) шектеу жəне асқынулардың алдын алу.

Профилактикалық шаралар: МИ кейінгі екіншілік профилактиканың мақсаты өлімнің алдын алу, МИ қайта дамуын жəне созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігін алдын алу.

Негізгі дəрі-дəрмектердің тізімі:
1. *Морфин гидрохлориді ампулада 1% 1 мл
2. *Промедол 2% 1 мл, амп.
3. *Фентанил 0,005%, ампулада
4. *Дроперидол 0,25% 10 мл, флаконда
5. *Стрептокиназа 1500000 Бір, флаконда
6. *Алтеплаза 50 мг, флаконда
7. *Гепарин, инъекциялық ерітінді 5000 Бір/мл флаконда
8. *Надропарин кальций – алдын ала толтырылған шприцтердех 2850 ХБ анти-Ха/0,3 мл; 3800 ХБ анти-Ха/0,4 мл; 5700 ХБ анти-Ха/0,6 мл; 7600 ХБ анти-Ха/0,8 мл, 9500 ХБ анти-Ха/1,0 мл
9. Эноксапарин 0,3 мл; 0,6 мл; 1,0 мл
10. *Фондапаринукс натрий, тері астына егуге ерітінді 2,5 мг/0,5 мл, 5 мг/0,4 мл, 7,5 мг/0,6 мл алдын ала толтырылған шприцтерде
10. *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг
11. *Ацетилсалицил қышқылы 325 мг, табл.
12. Клопидогрель 75 мг, табл.
13. *Изосорбид динитрат 0,1% 10 мл, ампулада
14. *Изосорбид динитрат 20 мг, табл.
15. *Изосорбид динитрат, аэроз доза
16. *Нитроглицерин 0,5 мг, табл.
17. Изосорбид мононитрат 20 мг, табл.
18. Изосорбид мононитрат 40 мг, капс.
19. *Атенолол 50 мг, табл.
20. Карведилол 25 мг, табл.
21. Бисопролол 5 мг, 10 мг табл.
22. *Метопролол 25 мг, 50 мг; 100 мг табл.
23. Дилтиазем 90 мг, капс.
24. *Верапамил 40 мг, табл.
25. *Амлодипин 5 мг, табл.
26. Каптоприл 25 мг, табл.
27. Фозиноприл 10 мг, табл.
28. Рамиприл 2,5 мг; 5 мг; 10 мг
29. *Периндоприл 4 мг, табл.
30. *Эналаприл 10 мг, табл.
31. Симвастатин 10 мг; 20 мг, табл.
32. Аторвастатин 10 мг; 20 мг
33. *Фуросемид 40 мг, табл.
34. *Фуросемид, 40 мг амп.
35. *Спиронолактон 100 мг, табл.
36. *Гидрохлортиазид 25 мг, табл.
37. *Амиодарон 200 мг, табл.
38. *Амиодарон 150 мг, амп.
39. *Диклофенак 75 мг, амп.
40. *Преднизолон 30 мг, амп.
41. *Преднизолон 5 мг, табл.
42. *Диазепам 2,0 амп.
43. *Диазепам 5 мг, табл.
44. * Адам инсулині еритін, биосинтетикалық инъекцияға арналған 100 Бір/мл
45. Калий хлориді 4% 10,0 ампулада
46. *Глюкоза 5% 200 мл
47. *Натрий хлориді, инфузияға арналған 0.9% пластик құтыда, 500 мл

Қосымша дəрі-дəрмектердің тізімі:
1. *Цефазолин 1 г инъекцияға арналған ұнтақ, флаконда
2. Триметазидин 20мг, табл.
3. *Токоферол ацетат 30 % 1 мл, ампулада
4. *Атропин 0,1% 1 мл, ампулада
5. *Дигоксин 25 мг, табл.
6. *Дигоксин 0,025% 1 мл, ампулада
7. Фруктозо-дифосфат 5 мл, ампулада
8. Тианептин 12,5 мг, табл.
9. *Лидокаин 2%, 10 % 2 мл ампулада
10. *Допамин гидрохлорид 5 мл, ампулада
11. Норадреналин гидрохлорид 0,2%-1 мл амп.
12. *Аминофиллин 2,4% 5 мл, ампулада

Ем тиімділігінің индикаторлары: айқын ауыруларды азайту, миокардтың қанмен қамсыздандырылуын қалпына келтіру, асқынулардың даму жиілігін азайту, ишемия рецидивін жəне МИ қайталануын алдын алу, емнің жанама əсерлері минимумындағы өлімді азайту.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Жіті коронарлық синдром болу.
2. Миокардтың жіті инфаркті жəне оның асқынулары болу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине. 2 изд., «ГЕОТАР-МЕД», 2002 2. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Вып. 3, изд-во Медиа Сфера, 2004 3. Clinical Evidence. The Internatuonal source of the best available evidence for effective health care. BMJ. Acute myocardial infarction. www.clinicalevidence.com 4. Antman EM, Anbe DT, Armstrong PW, Bates ER, Green LA, Hand M, Hochman JS, Krumholz HM, Kushner FG, Lamas GA, Mullany CJ, Ornato JP, Pearle DL, Sloan MA, Smith SC Jr. ACC/AHA guidelines for the management of patients with ST-elevation myocardial infarction: a report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines (Committee to Revise the 1999 Guidelines for the Management of Patients With Acute Myocardial Infarction). 2004. Available at www.acc.org/ clinical/guidelines/stemi/index.pdf. © 2004 by the American College of Cardiology Foundation and the American Heart Association, Inc. 5. Consilium-medicum, т. 2, №9, 2000. Инфаркт миокарда. В.В. Гордецкий.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Рысбеков Е.Р. ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх