Кондуктивтік және аралас саңыраулық (есту мүкістігі). Ортаңғы құлақты имплантациялау әдісімен оперативтік емдеу (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Смешанная кондуктивная и нейросенсорная тугоухость двусторонняя (H90.6)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
Ортаңғы құлақтың имплантациясы – дыбыстарды тікелей ортаңғы құлақтың есту сүйекшелері тізбегінің немесе ұлу сұйықтығының ауытқуына трансформациялауға жағдай жасайтын есту протезін қолданудың бір түрі.

Хаттама атауы: Кондуктивтік және аралас саңыраулық (есту мүкістігі). Ортаңғы құлақты имплантациялау әдісімен оперативтік емдеу.
 
Хаттама коды:
 
АХЖ -10 коды (кодтары)
Н 90.0 Екі жақты кондуктивтік саңыраулық
H 90.6 Екі жақты аралас кондуктивтік және нейросенсорлық саңыраулық
Q 16.1 Сыртқы есту жолының туа бітті болмауы, бітеуөзегі (атрезия) және бітелісі
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АЛТ – аланинаминотрансфераза;
АСТ – аспартатаминотрансфераза;
г/л – 1 литрге келетін грамм мөлшері;
Гц – Герц;
дБ – децибел;
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету;
ЖҚА – жалпы қан анализі;
ЖНА – жалпы несеп анализі;
ЕА – есту аппараты;
ЭКГ – электрокардиография.
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: оториноларингологтар (сурдологтар).

Диагностикасы


Емшара/араласу үшін көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер (айғақтар)

Емшара/араласу үшін көрсетімдер
Құлақтың туа біткен ауытқулары, тимпаносклероз, отосклероз, ортаңғы құлақтың жабысқақ (адгезивті) сырқаты кезіндегі, сондай-ақ ортаңғы құлаққа оперативтік ем жүргізілгеннен кейінгі екі жақты кондуктивтік немесе аралас саңыраулық, естуді жақсартатын операцияларынан кейін есту қабілетінің жақсаруының болмауы;
Сүйектің дыбыс өткізгіштігінің 500 Гц-те көбінде 55 дБ, жоғары жиіліктерде – көбінде 75 дБ шектерінде есту қабілетін жоғалту;
65 дБ-де сөздің анықтығы 50 %-дан астам;
Ортаңғы құлаққа немесе ортаңғы құлақ дамуының ауытқуларына оперативтік ем жүргізуден кейін сүйектің дыбыс өткізгіштігінің 500 Гц-те көбінде 55 дБ және жоғары жиіліктерде көбінде 75 дБ шектері кезінде  кондуктивтік немесе аралас есту мүкістігінің болуы;
Ауа арқылы өткізетін ЕА пайдалану тәжірибесі және оларды ұзақ тағып жүру кезіндегі қанағаттанбаушылық (сыртқы есту жолының туа біткен ауытқуы бар балалардан басқа);
Есту функциясының 24 ай бойына тұрақтылығы;
24 ай ішінде ортаңғы құлақтағы қабыну үдерісінің өршуінің болмауы.
 
Емшара/араласу үшін қарсы көрсетімдер
Сүйектің дыбыс өткізгіштігі шектерін 500 Гц-те 55 дБ-ден көп, жоғары жиіліктерде 75 дБ-ден көп арттырумен саңыраулықтың айқын сенсоневралдық компоненті;
Сөз анықтығының (түсініктілігінің) төмен пайызы (65 дБ дыбыс қарқындылығы кезінде сөздің анықтығы 50%-дан аз);
тепе-теңдіктің кенеттен болатын бұзылыстары (эндолимфалық гидропс, жарақаттан кейінгі лабиринтопатия,  есту қабілетінің экстралабиринттік бұзылуы, қанайналымның вертебробазилярлық бұзылыстары);
дабыл қуысындағы холестеатоманың немесе іріңді-кариозды үдерістің рецидиві;
жіті немесе ауыр соматикалық патологияның болуы (тыныс алу жолдарының жіті аурулары, жіті инфекциялық аурулар, айқын гипотрофия, екпе жасалғаннан кейін жағдай (10-14 күннен кем), табиғаты белгісіз гипертермия, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, дамудың теңгерілмеген немесе субтеңгерілген, туа біткен ауыр ақаулары, туберкулез, шок және коллапс, бауыр мен бүйрек аурулары, гемаглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен болатын айқын қаназдық, әртүрлі этиологиядағы жаппай құрысулар, қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары), тыныс алу функциясының III дәрежеден жоғары кемістігі, декомпенсация сатысындағы аурулар, метаболизмдік емделмейтін сырқаттар, 2 және одан жоғары сатыдағы ревматизмдік үдерістің белсенділігі, гормондық терапияның болуы, терінің іріңді сырқаттары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зең аурулары және басқалары), қант диабеті, қан аурулары, ауыр аллергиялық және аутоиммундық сырқаттар;
психикалық және өрескел неврологиялық бұзылыстардың болуы (тұлғаны қоғамнан алшақтататын (әлеуметсіздендіретін) жүйке аурулары (F00; F02; F03; F05; F10–F29; F63; F72–F73);
ретрокохлеарлы патология.
 
Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық іс-шаралар:
ЖҚА;
коагулограмма (тромбоциттер, БІТУ, ПТИ, ПТУ, фибриноген);
ЖНА;
ЭКГ;
стоматологтың консультациясы;
қан тобын анықтау (операция алдындағы кезеңде);
резус факторды анықтау (операция алдындағы кезеңде);
қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, глюкоза, жалпы билирубин, АЛТ, АСТ, креатинин,сарысулық темір);
тимпанометрия (операция алдындағы кезеңде).
 
Қосымша диагностикалық іс-шаралар:
электронейромиография (операциядан кейінгі кезеңде ортаңғы құлақтың имплантациясы жүргізілгеннен кейінгі асқынулар жағдайларында/ бет нервісінің нейропатиясы кезінде).

Емдеу тактикасы


Емшараны/араласуды жүргізуге қойылатын талаптар
 
Қауіпсіздік шараларын сақтауға, санитариялық-эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қауіпсіздік шаралары мен эпидемияға қарсы режим 
 
Жарақтандыруға қойылатын талаптар: «Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық көмек көрсететін Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 бұйрығына сәйкес.
 
Шығыс материалдарына қойылатын талаптар:
Ортаңғы құлақтың импланты
 
Пациентті операцияға дайындауға қойылатын талаптар:
операция алдындағы кеш өқарсаңында тазаларту клизмасын жүргізу;
операция алдындағы кеш қарсаңында операция жасалатын құлақ жақтағы шаштарды алу;
операция жасалатын күні пациентті тамақтандырмау;
периоперациялық профилактика;
операция басталғанға дейін 30 минут бұрын премедикация.
 
1-кесте.  Периоперациялық профилактиканың сызбанұсқасы

Операция түрі АП сызбанұсқасы АП үшін баламалы антибиотик
Кохлеарлы имплантация 1-буын  цефалоспориндері: цефазолин, 50-100 мг/кг, вена ішіне, операцияға дейін 30-60 минут бұрын бір рет, немесе
бета-лактамаз баяулатқыштарымен комбинациядағы пенициллиндер: амоксициллин  +
клавулан қышқылы 30 мг/кг, вена ішіне бір рет операцияға дейін 30-60 бұрын немесе интраоперациялық түрде.
Гликопептидтер (гликопептидтер пенициллинге аллергиясы бар пациенттерде имплант орнатумен байланысты операциялардың көпшілігінде пайдаланылуы мүмкін): ванкомицин: 15 мг/кг  в/і  инфузия, инфузияның ұзақтығы кемінде 60 минут болуы тиіс.
 
Операцияны өткізу әдістемесі:
 
Жатқызу: Бала операция үстелінде арқасымен жатыр, басы қырына қарай (бүйір жаққа) бұрылған, құлақ тұсындағы операция жасалатын аймақ жалаңашталған.
 
Наркоз: миорелаксанттар мен ӨЖЖ қолданумен эндокеңірдекті, құрама
 
1-кезең:
Белгілеуді (1-сурет) temporalis сызығының бойында орналасуы тиіс имплант корпусы үшін орынды ескере отырып, құлақ қалқаны өтетін қатпарды бойлай жүргізеді.

1-сурет - Белгілеу
2-кезең:
Тілікті (2-сурет) құлақ қалқаны өтетін қатпарды бойлап, одан 1 см-ге кері шегіне отырып жүргізеді. Тіліктің төменгі нүктесі емізік тәріздес өсіндінің бас жағына жақын орналасады. Терінің тілігін құлақ қалқанының жоғарғы жиегінің деңгейінен жоғары 2 см-ге созады, тіліктің бұл бөлігінің бағыты тіп-тік, ал пішіні сызықтық болады.

2-сурет – Тілік
3-кезең:
Тері тілігін жүргізіп, сүйекқапты және самай бұлшықеттерінің шандырын жалаңаштағаннан кейін, сүйекқап қиындысы бөлініп (ажыратылып) алынады және алдыға жылжытылып, жаракеңейткіш салынады  (3-сурет).

3-сурет – тері және сүйекқап қиындыларын қалыптастыру
 
4-кезең:
Қыртыстық мастоидотомияны антрумды ашқанға дейінгі әдеттегі шекараларында кескіш фрезамен орындайды. Әрі қарай мастоидотомияны операциялық микросокпты, кескіш және алмаз фрездерді пайдалана отырып жалғастырады. Кондуктивтік және аралас есту мүкістігі кезінде, FMT дөңгелек саңылауының жарғақшасына перпендикуляр ораналасады және шандырмен жабылады (4-сурет). 
 

4-сурет – FMT орналасуы
 
Есту сүйекшелерінің толыққанды тізбегі болған кезінде FMT титан қысқыштың көмегімен төстің ұзын түбіріне (аяғына) орнатылады. FMT үзеңгіге жақын және параллель орналасуы тиіс (5-сурет). Қабылдағыш-стимулятор сүйекқап астына бекітіледі.
 
 
5-сурет – Есту сүйекшелерінің толыққанды тізбегі болған кезінде FMT орналасуы
 
5-кезең:
Имплантты орнатқаннан кейін сүйекқап қиындысын бұрынғы орнына шандыр мен сүйекқап жиектеріне тігіп бекітеді. Жұмсақ тіндердің тілігін қабат бойынша тігеді. Терінің тігісі орап тігілген, түйінді, тері ішілік болуы мүмкін. (6-сурет)
 
 
6-сурет – Қабат бойынша тігу
 
14. Ем тиімділігінің және хаттамада сипатталған диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
аудиопроцессордағы есту функциясын саңыраулықтың I дәрежесіне дейін қалпына келтіру.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Indications of vibrant soundbridge implantation. Lin Chung Er Bi Yan Hou Tou Jing Wai Ke Za Zhi. 2013 Aug;27(16):871-3. 2) Indications and candidacy for active middle ear implants. Wagner F., Todt I., Wagner J., Ernst A. Adv Otorhinolaryngol. 2010;69:20-6. 3) Mastoid cavity obliteration and Vibrant Soundbridge implantation for patients with mixed hearing loss. Ihler F., Köhler S., Meyer A.C., Blum J., Strenzke N., Matthias C., Canis M. Laryngoscope. 2014 Feb;124(2):531-7. 4) Vibroplasty for mixed and conductive hearing loss. Luers J.C., Hüttenbrink K.B., Zahnert T., Bornitz M., Beutner D. Otol Neurotol. 2013 Aug;34(6):1005-12. 5) Vibrant soundbridge: a new implantable alternative to conventional hearing AIDS in children. Sia K.J., Chai C.K., Tang I.P., Prepageran N. Med J Malaysia. 2012 Dec;67(6):625-6. 6) Consensus Statement on Round Window Vibroplasty. Beltrame A.M., Todt I., Sprinzl G., Profant M., Schwab B. Ann Otol Rhinol Laryngol. 2014 May 19. 7) Treatment of the atretic ear with round window vibrant soundbridge implantation in infants and children: electrocochleography and audiologic outcomes. Mandalà M., Colletti L., Colletti V. Otol Neurotol. 2011 Oct;32(8):1250-5. 8) Middle Ear Surgery, Klaus Jahnke, Thieme, 2011. 9) Active Middle Ear Implants, Klaus Böheim, Karger Medical and Scientific Publishers, 2010. 10) Vibroplasty in mixed and conductive hearing loss: comparison of different coupling methods. Vyskocil E., Riss D., Honeder C., Arnoldner C., Hamzavi J.S., Baumgartner W.D., Flak S., Gstoettner W. Laryngoscope. 2014 Jun;124(6):1436-43. 11) The Lübeck flowchart for functional and aesthetic rehabilitation of aural atresia and microtia. Frenzel H., Schönweiler R., Hanke F., Steffen A., Wollenberg B. Otol Neurotol. 2012 Oct;33(8):1363-7. 12) Experience with the Vibrant Soundbridge RW-Coupler for round window Vibroplasty with tympanosclerosis. Iwasaki S., Suzuki H., Moteki H., Miyagawa M., Takumi Y., Usami S. Acta Otolaryngol. 2012 Jun;132(6):676-82. 13) «Руководство по клинической аудиологии», Таварткиладзе Г. А., М., 2014 г.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1)  Кириллова Мария Николаевна – ҚР ДСӘДМ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК Университеттің «Ақсай» клиникасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас балалар сурдологы.
2)  Медеуілова Айгүл Рахманқызы – ҚР ДСӘДМ «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК Университеттің «Ақсай» клиникасы, ЛОР және сурдология орталығының жетекшісі, жоғары санаттағы хирург-оториноларинголог дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Кузовков Владислав Евгеньевич – медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер-оториноларинголог, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Санкт-Петербург құлақ, тамақ, мұрын және сөз ғылыми-зерттеу институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің отохирургы, Халықаралық есту имплантациясының жетекші медициналық орталықтары бірлестігінің сарапшысы (HEARRING).

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх