Жүкті əйелдер анемиясы

P-O-003

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Анемия, осложняющая беременность, деторождение и послеродовой период (O99.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Теміртапшылықты анемия (ТТА) – гемоглобин жинақталуының 
төмендеуімен, кейде эритроциттер саны мен қанның түсті көрсеткішінің шамалы азаюымен сипатталатын күй.


Хаттама коды: P-O-003  "Жүкті əйелдер анемиясы"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  O99.0 Жүктілікті ауырлататын қан аздық, босану немесе босанғаннан кейінгі кезең.
 

Жіктемесі


Жіктемесі:   ДДҰ / ЮНИСЕФ ,1997
Темір тапшылықты қан аздық:
·  І дəрежелі (гемолобин 110-90 г/л)
·  ІІ дəрежелі (гемолобин 90-70 г/л)
·  ІІІ дəрежелі (гемолобин 70 г/л төмен)

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қан аздық сырқатының таралуына қолайлы аймақ;
2. Жүктілікке дейін етеккірі өте мол əрі ұзақ келген қаралушылар;
3. Бірінен кейін бірі болатын (үздіксіз) жүктілік;
4. Көп ұрықты (бірнеше нəрестелі) жүктілік ;
5. Ұзақ емізу;
6. Қоректенудің жетіспеушілігі;
7. Асқазан-ішек жолдары ағзаларының ауыруына,гельминттерге байланысты ішекте сіңірілудің бұзылуы;
8. Асқазан-ішектен қан кету;
9. Басқа елдерден келгендерде безгек пен гемоглобинопатия салдарынан болған гемолиз;
10. Босану кезінде ашық қан кетуі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Қандағы гемолобин деңгейі 110г/л төмен, эритроцит жинақталуы 3,5млн/мл аз, ЦПК 0,8-0,85-тен аз, гематокрит 30-33%-дан төмен; сарысулық темір, ферритин.
2. Анемияның клиникалық симптомдары.

Шағымдар мен анамнез астеновегетативті синдром: əлсіздік, бас айналу, талмалар, жүрек қағуы, ентікпе, бұлшықеттік əлсіздік; сидеропениялық синдром: тері құрғақтығы жəне атрофиялылығы, тырнақ жəне шаштың сынғыштығы, шаштың түсуі, дəм сезудің өзгеруі, тамақпен бірге бор, тіс пастасын, балшық, шикі талқан, жикі кофе, күнбағыстың тазаланбаған дəнін жеуге əуестену, иіс сезудің өзгеруі, бензин, ацетон, əк иісіне құмарлық.
Неврологиялық бұзылыстар: бас ауыру, парастезиялар, қатты тағамды жұта алмау, зəрді ұстай алмау.

Физикалық тексеру: тері жəне сілемейлі қабат құрғақтығы, терінің құрғақтығы жəне сызаты, ангулярлы стоматит, ауыз бұрыштарындағы сызаттар, тырнақтар қалыңдайды жəне дөңестенеді, тілдің қызаруы, тіл емізігінің атрофиясы.

Инструменталдық зерттеулер: АІЖ ағзалары жəне көкірек клеткасын рентгенологиялық зерттеу, ЭФГДС, ФКС, ректороманоскопия, құрсақ қуысын, бүйректі,
қалқанша безді УДЗ.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: гастроэнтеролог – АІЖ ағзаларынан қан кету; стоматолог – қызыл иектен қан кету, ЛОР – мұрыннан қан кету, онколог- қан кету себебі болатын қатерлі зақымданулар, нефролог – бүйрек ауруларын алып тастау, фтизиатр – туберкулез фонында қан кету, пульмонолог – бронх-өкпелік жүйе аурулары фонында қан жоғалту, гинеколог- жыныс ағзаларынан қан кету, гиперполименорея, жиі жүктілік, эндокринолог –қалқанша без функциясының төмендеуі, диабеттік нефропатия болса, проктолог – ректальді қан кетулер, инфекционист –гельминтоз белгілері болса.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (анализі 6 параметрде)
2. Гемоглобин деңгейі 110-90 г/л төмен болса, гематологтың консультациясы қажет;
3. Анемия əйгіленгенде,емдеу тиімділігін бағалау мақсатында гемоглобин жəне гематокрит деңгейін айына 1 рет бақылап отыру қажет;

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  Жүктілік езінде анемия, ашық қан кету, көп нəрестелі жүктілік болса, босанғаннан кейін ТТА-ға скрининг қажет.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
· Эритроциттер саны
· Ретикулоциттер саны
· Гемоглобин
· Гематокрит
· Эритроциттердің орташа көлемі (MCV)
· Көлем бойынша эритроциттердің таралу ені (RDW)
· Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа құрам (MCH)
· Эритроцитердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы (MCHC)
· Лейкоциттер саны
· Тромбоциттер саны
· Ферритин, қан сарысуының темірі, темірбайланыстырушылық қабілеттілікті анықтау.
· Сүйек кемігін зерттеу.
· Гельминттер жұмыртқасына нəжіс
· Креатинин

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:
 
Теміртапшылықты анемия гемоглобин синтезінің бұзылуларын туындатқан өзге гипохромды анемиялармен жүргізеді. Оларға порфириндер синтезі бұзылыстарына байланысты анемиялар жатады (қорғасындық улану кезіндегі анемия, туабіткен порфириндер синтезі бұзылыстары кезінде), сонымен қатар талассемия. Гипохромдық анемиялардың теміртапшылықты анемиялардан айырмашылығы, гемнің түзілуі үшін пайдаланылмайтын қан жəне деподағы темірдің
жоғары құрамымен жүреді (сидероахрезия), бұл аурулар кезінде темірдің тіндік тапшылығы белгілері болмайды.
Порфириндер синтезі бұзылуымен шартталған анемияның дифференциалды белгісі болып, эритроциттердің, ретикулоциттердің базофильді пунктациясы, сидеробласттардың көптеген санымен сүйек кемігіндегі эритропоэздің күшеюімен гипохромды анемия табылады. Талассемия үшін эритроциттердің нысана тəрізді формасы жəне базофильді пунктациясы, ретикулоцитоз жəне гемолиздің жоғары белгілерінің болуы тəн

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:

Ем мақсаты: Қаназдықты диагностикалыу, кешенді емдеу, қан аздықпен оған байланысты болатын асқынулардың алдын алу.

Дəрі-дəрмексіз ем: 1,2 режим

Дəрі-дəрмектік ем:
Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын ТТА емдеу сызбасы:
1. Гемоглобин деңгейі 109 -90 г/л, гемматокрит 27-32% болғанда:
Екі валентті темір сульфаты 120 мг+фолий қышқылы 400мг күнделікті 3 айға тағайындалады, айына 1 рет қанның жалпы анализін бақылап отыру қажет.
2. Гемоглобин деңгейі 109 -90 г/л төмен, гемматокрит 27% төмен болғанда, тиісті ем тағайындау үшін гематологтың консультациясына жүгіну керек;
3. Гемоглобин деңгейі 110 г/л жоғары,гематокрит 33% көп болып қалыптасқанда: екі валентті темір сульфаты 120мг аптасына 1 рет + фолий қышқылы 400мг күнделікті 3 айға тағайындалады

Анемияның алдын алу:
1. Екі валентті темір сульфаты препараттарын 60 мг. мөлшерінде күнделікті қабылдау;
2. Жүктіліктің алғашқы 12 аптасында анмияны жəне нəрестеде невралдық түтікше ақауын болдырмау мақсатында жүктілік боцыфоль қышқылын 400-500 мг. мөлшерінде күнделікті қабылдау.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Темірдің бір компонентті тұздары жəне құрамында 30 мг. кем емес темірі бар аралас
дəрілер,касулалар,драже,таблеткалар.
2. * Темір декстраны III (100 мг/2 мл), бұлшықет ішіне енгізу үшін, амп.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. II дəрежелі (гемоглобин 90-70 г/л)
2. III дəрежелі (гемоглобин 70 г/л төмен)
 
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
** - амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен
берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: II жəне III ауырлық  дəрежесі.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
· Темір тапшылығын туындатқан себепті жою.
· Жоғары құрамды темір диетасы (ет, бауыр жəне басқалар).
· Темір препараттарын ұзақ уақыт пайдалану (4-6 ай.).
· Темірдің парентеральді препараттары (көрсетімдер бойынша).
· Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.
· Қатер тобында темір препараттарын профилактикалық қабылдау
 
Әрі қарай жүргізу: 
Гемоглобиннің қалыпты деңгейіне қол жеткеннен кейін, темір қорын толтыру үшін 3 ай бойы анемияны басу кезеңіндегі дозамен салыстырғанда 2-3 есе кем тəуліктік дозщада құрамында темір бар препараттармен ем жүргізеді.
Рецидивке қарсы (ұстап тұрушы) терапия.
Əрі қарай жалғасқан қан кетулерде (мысалы, мол етеккірде) темір препараттарын ай сайын 7-10 күндік қысқа курспен қабылдау көрсетлген. Рецидив кезінде ем курсын 1-2 ай бойы қайта жүргізу көрсетілген.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Анемия беременных. Пособие для врачей и интернов// Ярославль.- 2002.- с.20. 2. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению железодефицитной анемии.- Ташкент.- 2004.- с.68. 3. Базылбекова З.О. , Баймишева М.Ш., Раева Р.М., Сапарбекова А.З. «Опыт клинического применения инъекционных препаратов железа в лечении анемии тяжелой степени у беременных высокого риска » 4. Screening for Iron Deficiency Anemia – Including Iron Prophylaxis 5. PRODIGY Guidence – Anaemia – Iron Deficiency 6. Recommendations to Prevent and Control Iron Deficiency in United States, 1998, p.36 7. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005,p.80 8. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286 9. Iron Deficiency Anaemia. Assessment, Prevention and Control. A Guide for Programme Managers. WHO, 2001, p.114

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сапарбекова А.З., м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх