Жүктілікпен пайда болған ісінулер мен гипертензиясыз протеинурия

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Вызванные беременностью отеки с протеинурией (O12.2)

Анықтамасы

Анықтамасы

Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясының
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

Ісінулер – сұйықтықтың қан тамырларындағы диффузиясы және тіндерде тежелуіның күшеуюі салдарынан ағзада артық жиналуы. Ісінудің орын алғанын (беттің және арқаның төменгі жағындағы қатты немесе тез туындаған ісінулерден басқа) патологиялық жайдың белгілері ретінде қарастыруға болмайды, себебі жүктілердің аяқ ісінулері 50-80%-да протеинурия, артериалды гипертензия болмай-ақ пайда болып физиологиялық сипатқа иеленеді [1,2].
Жүктілердегі протеинурия – несеп талдауында ондағы ақуыздың  тәулігіне >0,3 г немесе 4 сағаттан кейін алынған екі қайтара талдаудан кейін >0,3 г/л болуы [3-7].

Хаттама атауы: Жүктілікпен пайда болған ісінулер мен гипертензиясыз протеинурия

ХАЖ-10 кодтары бойынша:

O12 Жүктілікпен пайда болған ісінулер мен гипертензиясыз протеинурия
O12.0 Жүктілікпен пайда болған ісінулер
O12.1 Жүктілікпен пайда болған протеинурия
O12.2 Жүктілікпен пайда болған протеинуриясымен ісінулер
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АД – артериалды қысым
ХҚҚ - халықаралық қалыптандырылған қатынас
ПВ – протромбиндік уақыт
ПТИ - протромбиндік индекс
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ХВН – созылмалы көктамыр тапшылығы
ЭКГ – электрокардиограмма
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: жүктілер

Жіктемесі

 
Клиникалық жіктеу:
Ісінудің ауырлығы деңгейі
[8]:
-1 деңгей – аяқ басы  мен жіліншіктегі ісінулер;
-2 деңгей – аяқтардың, қарынның төменгі бөлігіндегі және бел-сегізкөз
бөліміндегі ісінулер;
-3 деңгей – қолдардың ісінуі, беттің домбығуы («дөңгеленуі)»;
-4 деңгей – жайылып кеткен ісінулер.
Протеинурия деңгейі бойынша  [5, 6]:
-физиологиялық – несептегі ақуыз тәулігіне <0,3г;
-патологиялық – несептегі ақуыз тәулігіне >0,3 г.

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалау іс-шаралар тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-қанды жалпы талдау 6 параметрде;
-несепті жалпы талдау;
-несептегі тәуліктік протеинурияны анықтау.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-бүйректің УДЗ;
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, глюкоза, несепнәр, креатинин, билирубин);
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальді  тізімі: жүргізілмейді
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-қанды жалпы талдау 6 параметр бойынша;
-несепті жалпы талдау;
-несептегі тәуліктік протеинурияны анықтау;
-Зимницкий бойынша сынама;
-бүйректің УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-Реберг сынамасы;
-қанды биохимиялық талдау (креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз);
 
Жедел шұғыл жәрдем деңгейінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар мен анамнез:
-аяқ-қолдар мен беттің ісінуі, жайылып кеткен ісінулер;
-ісінулердің ұзақтығы мен қарқындылығы;
-диурездің азаюы;
 
Физикалды тексеру:
-АҚ қалыпты көрсеткіштері;
-аяқ-қолдар мен беттің ісінуі, жайылып кеткен ісінулер.

Зертханалық зерттеулер:
Несепті дұрыс алғаннан кейін протеинурияның бар болуы:
-несепті жалпы талдау – ісінулерде несепте ақуыздың болмауы;
-аралығы 4 сағат несепті екі рет жалпы талдау - >0,3 г/л ақуыздың болуы (протеинурия);
-несептің тәуліктік талдауы - >0,3 г/л (протеинурия).
 
Аспаптық тексерулер:

Бейінді мамандар кеңесін алу үшін көрсетімдер:
Экстрагениталды патологияны болдырмау үшін терапевтің кеңесі, несеп шығару жүйесінің патологиясына күдік туғанда - нефрологтың, урологтың кеңесі.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз [9]:

 
Белгі
 
ХВН
 
Нефротикалық ісіну
Жүктілердің ісінулері және/немесе
протеинурия
 
Несепті дұрыс алмау
Зақымдануды жою Көбінесе екі жақты Әрқашан екі жақты Екі төменгі бөлікте Жоқ
Ісінудің орналасуы Жіліншікте, тобықтың үстінде және тобық маңындағы аймақ, аяқ басының кейде ісінуі Жіліншік, тобық маңындағы аймақ,
(± аяқ басының артқы жағы)
Көбінесе жіліншіктің
н/3-де
 
Жоқ
Ісіну сипаты жұмсақ жұмсақ жұмсақ Жоқ
Ісіну аймағындағы терінің түсі Қарапайымнан цианотиктіге дейін солғын солғын Жоқ
Тәуліктік динамикасы Өтпелі (таңертең жоғалады) жоқ өтпелі Жоқ
Тамырдың варикозды кеңеюі Өте жиі Сипатты емес Сипатты емес Жоқ
Трофикалық бұзылу 10-15% жағдайларда жоқ жоқ жоқ
Қосымша критерийлер Ісіну бар немесе ұзақ уақыт бойы орын алып тұрады Негізгі аурудың айқын белгілері Жүктіліктің 2-жартысында пайда болады және ауырлық синдромы білінбейді Несепті дұрыс алғанда және тыңғылықты дәрет алу кезінде – протеинурияның жоқтығы
Протеинурия жоқ бар Бар/жоқ бар

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары: жүргізілмейді

Жүргізу мақсаттары:

-МСАК деңгейінде преэклампсияның алдын алу үшін динамикалық байқау.
-жайылған ісінулер болғанда саралап диагностикалау жүргізу үшін.

Жүргізу тәсілі:
Күндізгі стационарға госпитальдау:
-cағаттық диурезді бақылау;
-тәуліктік несептегі ақыуызды үш күнде бір рет анықтау;
-АҚ бақылау.

Дәрісіз емдеу:
-теңгерімделген тағам;
-емдеу-сақтау режимі;
-тәулігіне 2,0 литрден кем сұйықтық ішу.
Сұйықты қабылдауды шектеу негізсіз, себебі гиповолемияның күшеюіне алып келеді.

Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Дәрі-дәрмекпен емдеу қарастырылмаған.
Диуретиктерді пайдалану негізсіз, себебі мұнда сұйықтың тамыр ішіндегі көлемі азайады да, перифериялық тамырлардың ширығуы.
артады.

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.
Негізгі дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%): жедел шұғыл көмек көрсету кезеңіндегі  дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.

Емдеудің басқа түрлері:
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді
Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді
Жедел шұғыл көмек көрсету кезеңіндегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді
Амбулаториялық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді
Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді

Әрі қарай жүргізу:
-акушер-гинекологқа қаралу;
-АҚ бақылау;
-протеинурия болғанда несепті 3 күн сайын клиникалық көріністер жойылғанға дейін талдауды бақылау;
-терапевке қаралу.

Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік  индикаторлары:
-ісінулердің бар болуы немесе жойылуы;
-протеинурияның бар болуы немесе жойылуы;
-гипертензивтік бұзылыстардың қосылуын болдырмау;
-жүктілікті жалғастыру.
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үшін көрсетімдер:

Шұғыл госпитальдау:
-жүктіліктің 30 аптасына дейін жайылып кеткен ісінулер болғанда – көпсалалы ауруханаға; 30  аптасынан кейін – босандыру мекемесіне;
-жүктіліктің 30 аптасына дейін протеинурияның үдеуінде – көпсалалы ауруханаға; 30 аптасынан кейін – босандыру мекемесіне.

Алдын алуы


Профилактикалық  іс-шаралар:
-теңдестірілген тағам;
-жүктіліктің екінші жартысындағы сол бүйірге жатқызу;
-еңбек пен демалыс режимі.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1. Учебное руководство / Руководство по оказанию антенатальной помощи. Обучение навыкам подготовки к родам.- Алматы, 2012, 120с. 2. Milne F, Redman C, Walker J, et al. The pre-eclampsia community guideline (PRECOG): how to screen for and detect onset of pre-eclampsia in the community. BMJ (Clinical research ed.). Mar 12 2005 ;330(7491):576-580. 3. М. Энкин и др. Руководство по эффективной помощи при беременности и рождении ребенка, СПб, «Петрополис», 2003, с. 124. 4. Antenatal care. Routine care for the healthy pregnant woman Clinical Guideline / Funded to produce guidelines for the NHS by NICE.- March, 2008. 5. Cote AM, Firoz T, Mattman A, Lam EM, von Dadelszen P, Magee LA. The 24¬hour urine collection: gold standard or historical practice? American journal of obstetrics and gynecology. Dec 2008; 199(6):625 e621-626. 6. Thangaratinam S, Coomarasamy A, O'Mahony F, et al. Estimation of proteinuria as a predictor of complications of pre-eclampsia: a systematic review. BMC medicine. 2009; 7:10. 7. Национальный центр по совместной работе по проблемам хронических состояний. Хроническое заболевание почек: национальное клиническое руководство для раннего выявления и ведения заболевания у взрослых при первичной и специализированной медицинской помощи. Лондон: Королевский колледж врачей, сентябрь 2008 г. 8. MEDIKL.info. Медицинская энциклопедия // Отеки ног при беременности, 2010-2014гг. 9. И. А.Золотухин «Дифференциальный диагноз: что скрывается под маской отечного синдрома? Больной с отеком нижних конечностей на терапевтическом приеме» // Новости медицины и фармации.- 9(213), 2007.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Патсаев Т. А. – ШЖҚ «Ұлттық Акушерлік, гинекология және перинатология» РМК Операциялық блогының меңгерушісі, м.д.к.
  2. Мұқанов Е. Т. – Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталды орталық» МКК акушер-гинеколог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.
  3. Бақыбаев Д. Е. – «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармоколог-дәрігері. 
Мүдделер  қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Пікір иесі: Дощанова Айкерм Мжаверовна – м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Акушерия және гинекология интернатурасы» кафедрасының меңгерушісі.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх