Жіті іріңді ортаңғы отит

H-P-034

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый гнойный средний отит (H66.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Жіті орташа іріңді отит - жіті іріңді қабыну процесі ол ортаңғы құлақ қуысында, клиникалық іріңдену сипаты, құлақтың ауруы жəне уыттану симптомы, сонымен қатар дабыл жарғағының гиперемия түріндегі отоскопиялық көрінісі, тану белгілерінің жоқ болуы, ал дабыл жарғағының орнында солқылдатып ауру рефлексі анықталады [5].
 
 
Хаттама коды: H-P-034 "Жіті іріңді ортаңғы отит"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Н66.0 Жіті іріңді ортаңғы отит
Н66.4 Анықталмаған жіті ортаңғы отит

Жіктемесі


Жіктемесі 

1. Түріне қарай:
- талаурау;
- іріңді;
- жабысқақ;
- жалқықты.

2. Ағымына қарай:
- жіті;
- қайталанатын;
- созылмалы (мезотимпаний, эпитимпанит).

3. Асқынуы:
3.1. Самайішілік асқынулар:
- мастоидит, антрит (3 жасқа дейінгі балада);
- дабыл жарғағының жыртылуы;
- есту нейросезгіштіктің жоғалуы;
- естудің кондуктивті жоғалуы;
- холестеотома;
- тимпаносклероз;
- есту сүйектерінің бекуі немесе оның ажырауы;
- лабиринтит;
- петрозит;
- бет сүйегінің параличі;
- холестеринді гранулема.

3.2. Бассүйекішілік асқынулар:
- менингит;
- эпидуральді абсцесс;
- субдуральді эмпиема;
- шектеулі отогенді энцефалит;
- ми абсцессі;
- латеральді синус тромбозы;
- бас миының отогенді шемені.

Диагностикасы

 
Диагностикалық критерийлер

Шағымдар мен анамнез: айқын құлақ ауруы, ол жарғақты тескен соң кемиді, ал құлақтың ірің ағуы, естудің төмендеуі, температураның 380С-ден жоғары көтерілуі, бас ауруы, тəбетінің төмендеуі, емшектен баланың бірден шыңғыруы, емуден бас артуы. Симптомның жиі білінуі, көрініс беруі вирустық инфекцияның өзінен өткізуі мен баладағы инфекцияның асқынуы.

Физикалық тексеру: жақ сүйегінің еміздіктегі бұрышын басқаннан ауруы мүмкін.

Лабораторлық зерттеулер:
1. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарлауы.
2. Құлақтан шыққан бөліністің бактериологиялық зерттеуінде: патогенді микробтардың бар болуы.

Инструменталдық зерттеулер
Отоскопиялық мəліметтер: құлақтан патологиялық бөліністер шығуы, дабыл жарғағындағы қан кернегені немесе бұлдыр, білінетін белгілері айырлмайды, тесілген жарғақ орнын солқындатып ауру рефлекспен анықталады, кейде дабыл жарғағының артқы жоғарғы шаршысынан өздігінен тесілуі қиындығынан, парацентез (дабыл жарғағын тесу) тез арада жасалуын қажет етеді. Парацентезде - ортаңғы құлақ қуысынан бөлініс шығады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- ішкі бас сүйегіндегі асқыну белгілері бар болса - нейрохирургқа;
- есту қаблеті төмен болса - сурдологқа.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Зəрдің жалпы анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Дабыл жарғағында парацентез.
2. Самай сүйегінің рентгенологиялық зерттеу.
3. Құлақтағы бөліністерді бактериологиялық зерттеу.
4. Аудиограмма.

Дифференциалды диагноз


Белгілері 
 
Жіті іріңді орташа отит
Есту бесігінің шиқаны
1. Аурудың басталуы
ЖРВИ көрнісінде немесе одан соң
Жиірек есту жолы терісінің механикалық жарақаттануынан соң
немесе айқын иммунодефициттен
2. Жасы
 
Көбінде емшек жасындағы балалар
7 жастан үлкен балаларда
3. Аурушаңдығы 
Ауыратыны аяқ астынан, үштік нервтің жолымен бойлай, бастың жартысы
жақ жəне тістерге сай
 
Дөрекі түрде құлақ тазалаған соң, оның құлақ сыртын басып, құлақ
қалқанын созсада, шайнасада ауырады
4. Температура   380-390 дейін Шамалы қызулы
5. Отоскопия 
 
Құлақта патологиялық бөліністер, құлақ жарғағында қан кернеуі
немесе бұлдыр, танитын белгілерді айыра алмайды, тесілген жарғақ орнын ауру солқылдатып рефлекспен айқындалады, кейде дабыл жарғағының артқы жоғарғы 
шаршысынан өздігінен тесілу қиындығынан тез арада парацентез
жасалуын қажет етеді
Есту тесігінің жарғақты шеміршекті бөлігінде сіңбелік анықталады, содан соң терең өзектік бөліністен ірің шығады
6. Өткізілген шаралар тиімділігі
 
Парацентезден Шиқанды ашу

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
- ортаңғы құлақ қуысындағы қабынуды тию;
- жалпы уыттану симптомын жою;
- естуді қалпына келтіру;
- құлақтан бөлінген патологияны жоқ қылу;
- сезімін жəне тəбетін жақсарту.

Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы режим, тəттіге шектеулі диета.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Қызбаны тию (>38,5) - парацетомол ** күніне 4 рет 10-15 мг/кг.
2. Көз тазалығы (антисептикалық заттармен құлақты шаю, мысалы фурацилин ертіндісімен); микробтарға қарсы, бактерияға қарсы препараттарды тікелей ендіру (мысалы, 1% диоксидин ертіндісі, софрадекс, нормакс- құлаққа тамызу). Тамырды тарылтатын тамшыларды мұрынға тамызу (нафазолин нитраттың - 0,05% ертіндісі, ксихометазолин гидрохлоридтың - 0,05% ертіндісі).
3. Аллергиялық компонент болса - денсенсибилизациялық терапия (мысалы, дифингидраминді гидрохлоридті дозасы, жасына қарай дозировкасын күніне 2 рет, 5 күн бойы).
4. Бактерияға қарсы терапия: ауыз арқылы пайдаланатын антибиотиктер қолданылады. Антиобиотиктерді дəрілік заттарды таңдау in vitro флорасына сезімталдығына қарай, егер тиімсіз емдеуде жүргізіледі. Препараттарды таңдағанда - жартылай синтетикалық пенициллин, макролидтер, екінің бірі - цефалоспориннің II; III ұрпағы. Амоксициллин**3 рет, 5 күн ішінде 15 мг/кг. Азитромицин бір күн 10 мг/кг əр 4 күнде ауыз арқылы 5 мг/кг немесе клари-тромицин* - бөлшектеп 10-14 күн ауыз арқылы 15 мг/кг эритромицин - 10-14 күн ауыз арқылы бөлшектеп 40 мг/кг.

Цефуроксим*- тəулігіне 40-мг/кг бөлшектен 2 қабылдау, ауыз арқылы 10-14 күн ішінде. Цифуроксим* акситил - суспензия үшін түйіршікті дайындап, ішке қабылдауда 125 мг/5 мл флаконда, қабықты таблетка 125 мг, 250 мг. Цифуроксимның балалар үшін максималды дозасы 1,5 г.
Цефтадизим- флаконда иньекция үшін ұнтақ ертінді дайындайды. Ұзақ, жалпы антибиотикотерапияда-интраконазолды микоз тууының алдын алу жəне емдеу үшін.

Профилактикалық шаралар:
- вирустық аурулардың алдын алу;
- құлаққа (1 айға дейін) су кетпеуі керек;
- гиппоаллергенді диета;
- мұрынды тұрақты тазалау;
- жатқызып бөтелкеден баланы тамақтандыруға болмайды.

Асқынулардың алдын алу:
- уақытында парацентез жүргізу;
- уақытында ауруханаға жатқызу.

Әрі қарай жүргізу: емнен кейін 5 күннен соң, симптомдар сақталса антибактериалды терапияны тағы 5 күн жүргізеді, егер симптомдар 2 апта немесе одан көп сақталса созылмалы ортаңғы отит диагнозын отоскопиялық растау қажет жəне тиісті терапия тағайындау керек.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.**Парацетомол 200 мг, 500 мг табл.; флакондағы 2,4% сироп; 80 мг суппозоториялар
2.**Амоксициллин 500 мг,1000 мг табл.
3.** Амоксициллин+ клавулон қышқылы 625 мг табл.; 600 мг флаконда, инъекциялық ертінді
4.**Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл.; 750 мг флаконда ұнтақ инъекциялық ертінді дайындау үшін
5.*Интраконазол ауыз арқылы, 150 мл - 10мг/мл ертінді
6.*Интраконазол 100 мг, капс.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. 1%-диоксидин ертіндісі, софрадекс, нормакс (құлақ, көз тамшылары)
2. *Азитромицин 125 мг, 500 мг табл.
3. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг таб.
4. *Цефуроксим акстил түйіршік суспензия дайындау, флакон ішінде 125 мг/5 мл; қабықты таблетка 125 мг, 250 мг
5. *Цефтазидим - флаконда инъекциялық ертіндіні ұнтақ күйінде 500 мг, 1 г, 2 г дайындайды
6. **Эритромицин - 250 мг, 500 мг таблетка; ауыз арқылы берілетін суспензия 250 мг/5 мл

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Ортаңғы құлақ қуысының іріңді қабыну процесін тию.
2. Аурудың асқыну формасын жоғалту.
3. Уыттану сиптомын тию.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- ортаңғы қулақ қуысындағы ірің-қабыну процесінің болуы;
- ауру түрлерінің асқынуы;
- уыттанудың айқын симптомы;
- амбулаториялық емдеудің тиімсіздігі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Bluestone CD, Klein JO Jtitis Media in Infants and Children. Philadelphia, W.B. Saunders, 1995 2. Todd DH, Stool SE: Otitis media with effusion A condensed review. Ambul Child Health 1: 44-54, 1995 3. Lee KJ. Essential Otolaryngology. New Haven, CT, Medical E[amination Publishing Co., 1995 4. Страчунский Л.С., Бойко Л.М., Блохин Б.М. и др. «Фармокоэпидемиологическая оценка применения антибиотиков при респираторных инфекциях у детей в поликлинике». Антибиотики и химиотерапия 1997; 42(10): 10-14 5. Секреты отоларингологии: Пер с англ./ Под ред. Ю.М. Овчинникова.- С-П.: Невский диалект, 2001. – 624 с. 6. Болезни уха, горла, носа. /В.Т. Пальчун, Н.А. Преображенский. М,1978 7. Детская оториноларингология./ Ю.Б Исхаки, Л.И Кальштейн. Душанбе, 1985 8. Неотложная помощь в оториноларингологии./ М.А. Шустер, В.О. Калина, Ф.И. Чумаков. М, 1989 10.Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине: Пер с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова.- 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – 1248 с.

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Алданьярова Бахыт Жалауовна, Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО, лор-дəрігері.
Чекмезова О.Б., м.ғ.к.
Умарова Р.А., бірінші санаттағы дəрігер.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх