Жіті панкреатит

H-S-016

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый панкреатит (K85)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Жіті панкреатит (ЖП) - ұйқы безінің ісінуімен (ісінген панкреатит) немесе қабыну реакциясын беретін біріншілік асептикалық панкреонекрозбен (деструктивті панкреатит) сипатталады.

Жіті деструктивті панкреатиттің ағымы кезеңмен өтеді, əр кезеңге белгілі бір клиникалық форма сəйкес келеді.
 
Хаттама коды: H-S-016 "Жіті панкреатит"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K85 Жіті панкреатит
K86 Ұйқы безінің басқа аурулары
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:

1. Жіті жеңіл панкреатит.

2. Жіті ауыр панкреатит:
- асептикалық панкреонекроз;
- инфекцияланған панкреонекроз.

3. Жіті ауыр панкретит, асқынған.
 

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- билиарлық;
- токсикалық-аллергиялық;
- жанасу (контактілік);
- ангиогендік;
- токсикалық-инфекциялық;
- жарақаттан кейінгі;
- асқынған;
- криптогендік.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:

Шағымдар мен анамнез: көп рет құсу, бел аймағы айнала ауыруы.

Физикалық тексеру 
Қандағы амилазаның жоғарылауы, ұйқы безінің көлемінің үлкеюі жəне шарбылық қаптағы сұйықтықтың көбеюі. Жіті панкреатит диагнозын қоюмен қатар аурудың ауырлық дəрежесін де анықтау керек. Ауыр панкреатитті ертерек анықтау өте маңызды, себебі емнің нəтижесі негізінен емнің басталу уақытына тəуелді.

Ауыр ЖП-ке тəн белгілер мынадай: перитонеалдық синдром, тұрақсыз гемодинамика, олигурия, гемоглобин 150г/л-ден жоғары, лейкоцитоз 14х109 /л-ден жоғары, глюкоза 10 ммоль/л-ден жоғары, мочевина 12 ммоль/л-ден жоғары.
 
Осылардың ішінен ең болмаса екі белгінің болса ауыр ЖП диагнозын қоюға болады, науқасты бірден реанимация жəне интенсивті ем бөлімшесіне жібереді. Басқа науқастарды (ауыр емес панкреатит) хирургиялық бөлімшелерге госпитализация жасайды.

Лабораторлық зерттеулер:
1. ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, солға жылжыған лейкоцитоз.
2. ЗЖА: билирубин, α-амилазаның жоғарылауы.
3. ҚБА: α-амилаза құрамының, липаза, трипсин, γ-глобулиндер, сиал қышқылдары, серомукоидтардың көбеюі.

Инструменталдық зерттеулер: ұйқыбездің ұлғаюы жəне сальниктік сөмкеде сұйықтықтың көбеюі.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: эндокринолог, гастроэнтеролог консультациясы.

Дифференциалды диагноз: құрсақ қуысы ағзаларының тура проекциядағы ретгенографиясы дифференциалды диагностика жүргізуге көмектеседі (ойықжара ауруындағы перфорация, ішек түйілуі).
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Глюкозаны анықтау.
4. Қалдық азотты анықтау.
5. Креатининді анықтау.
6. Жалпы белокты анықтау.
7. Билирубинді анықтау.
8. Калий/натрийді анықтау.
9. Диастазаны анықтау.
10. Іш қуысы ағзаларына рентгеноскопия (ирригоскопия).
11. Қан тобын жəне резус факторды анықтау.
12. ЭКГ.
13. Тінді гистологиялық зерттеу.
14. Микрореакция.
15. Қанды ВИЧ-ке тексеру.
16. Анти-НВS.
17. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
18. Компьютерлік томография.
19. Эзофагогастродуоденоскопия.
20. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ұйқы безінің қабынуын тежеу жəне ұйқы безінің некрозданған тінін алып тастау.
 
Дəрі-дəрмекті ем
ЖП ферменттік фазасында ең тиімдісі - интенсивті консервативтік ем болып табылады.
Ауыр емес панкреатитті емдеу үшін базистік емдеу кешенін жүргізу жеткілікті:
- ашығу;
- асқазанды зондылау жəне ондағы сұйықтықты сорып алу (аспирация);
- жергілікті гипотермия (ішке салқын басу);
- анальгетиктер;
- спазмолитиктер;
- инфузиялық ем науқастың 1 кг дене салмағына 40 мл көлемінде күшейтілген (форсирование) диурезбен 24-48 сағат бойы жүргізіледі.
Базистік емді антисекреттік жəне антиферменттік еммен күшейткен тиімдірек болады.

Базистік емнен 6 сағат ішінде нəтиже болмаса жəне ауыр панкреатиттің ең болмаса бір белгісі байқалса, ауыр панкреатит диагнозы қойылып, науқасты реанимация жəне интенсивті емдеу бөлімшесіне ауыстырады да, жіті ауыр панкреатиттің емін тағайындайды.
Ауыр панкреатиттің интенсивті емі: емнің негізгі түрі - интенсивті консервативтік ем.

Жоғарыда көрсетілген базистік емдеу кешені ауыр ЖП кезінде жеткілікті нəтиже бермейді, сондықтан арнайы қосымша емдік кешен тағайындалады. Соңғысының нəтижелілігі емді ерте бастаған кезде жоғары болады (ауру басталған алғашқы 12 сағат ішінде).

Лапаротомия түріндегі хирургиялық емдеу шарасы тек хирургиялық бағыттағы асқынулар пайда болғанда, эндоскопиялық əдіспен тежеу мүмкін болмағанда ғана тағайындалады (деструктивті холецистит, асқазан-ішек жолынан қан кету, Жіті ішектік түйнекте жəне т.б.).

Арнайы ем:
1. Антисекреттік ем (оптималдық мерзімі - аурудың алғашқы үш тəулігі):
- таңдаулы препарат - сандостатин (октреотид) 100 мкг х 3 р. тері астына;
- резервтегі препарат - квамател (40 мг х 2р. в/і), 5-фторурацил (5% 5 мл в/і).

2. Реологиялық белсенді ем (гепарин, реополиглюкин, рефортан жəне т.б.).

3. Жоғалған плазманың орнын толтыру (су-электролиттік, белоктық, т.б. азаюын орнына келтіру: жалпы алғанда дене салмағының 1 кг-на 40 мл-ден жоғары сəйкес инфузиялық заттар; коллоидтық жəне кристаллоидтық ерітінділер қатынасы - 1:4).

4. Гистопротекция:
- антиферменттік ем (контрикал - 50 мың бірл. аз емес, гордокс - 500 мың бірл. аз емес в/і. Оптималді мерзім - аурудың алғашқы 5 тəулігі);
- антиоксиданттық жəне антигипоксанттық ем.
 
5. Детоксикация.

6. Кең əсерлі антибиотикотерапия - екі антибиотик тағайындау (фторхинолондар, метронидазол).

Лапароскопия көрсеткіштері:
- перитонеалдық синдромы бар науқастар, соның ішінде іш қуысында бос сұйықтық бар екенін көрсететін УД-белгілері;
- қажет болса іш қуысының басқа ауруларымен салыстырмалы диагноз жүргізу.

Операцияға көрсеткіштер: жіті іш синдромы, парапанкреатит белгілері, секвестрлердің инфекциялануы.

Операциялық емнің негізгі əдістері - өт түтіктерінде қысымды азайту (декомпрессия) жəне дренаж жасау: іш қуысына, шарбы қабына, ұйқы безі жанындағы шелмайға санация жəне дренаж жасау - перитонеалдық лаваж жасау. Іріңді қуыстарға дренаж жасау, секвестрэктомия, ұйқы безіне резекция жасау, панкреатэктомия.

Профилактикалық шаралар: алкоголь пайдалануды тоқтату, салауатты өмір салтын жүргізу. Өт шығару жүйесінің ауруларын дер кезінде емдеу.

Əрі қарай жүргізу: физиотерапия.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. * Йод+калий хлориді+глицерин+су ерітіндісі флаконда 25 мл
3. *Преднизолон 5 мг, табл.
4. *Натрий хлориді біркомпонентті жəне күрделі ерітінділер инфузия жəне инъекция үшін
5. *Глюкоза инфузияға арналған ерітінді 5%, 10% флаконда 400 мл, 500 мл; ерітінді 40% ампулада 5 мл, 10 мл
6. *Декстран мол. масса шамамен 60000 - 400 мл
7. *Поливидон 400 мл, фл.
8. *Альбумин инфузияға арналған ерітінді флаконда 5%, 10%, 20%
9. *Метоклопрамид таблетка 10 мг; ерітінді ампулада 2 мл
10. *Неостигмин инъекцияға арналған ерітінді 0,05% ампулада 1 мл; таблетка 15 мг
11. *Қаннан алынатын препараттар, плазма орнына қолданылатын жəне парентералді қоректенуге арналған заттар
12. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл
13. *Фамотидин таблетка 40 мг инъекцияға арналған ерітінді 20 мг
14. *Фуросемид 40 мг табл.
15. *Аминофиллин инъекцияға арналған ерітінді 2,4% ампулада 5 мл, 10 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: панкреонекроз кезінде ұйқы безінің асептикалық кистасына қол жеткізу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жіті.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Mergener K., Baillie J. Acute pancreatitis. Clinical review. BMJ 1998;316: 44-48; 2. National Guideline Clearinghouse. Treatment of acute pancreatitis; 3. EBM Guidelines. Acute pancreatitis and chronic pancreatitis. 2004.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ерманов Е.Ж., ҚР ДСМ Хирургия ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх