Жатырдың қабынбасыз өзге аурулары

P-O-026

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Невоспалительная болезнь матки неуточненная (N85.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Эндометрияның (жатырдың ішкі кілегейлі қабығының) шамадан артық 
өсуі - эпителийдің шамадан артық жəне аз мөлшердегі строманың пролиферациясы болып табылатын гистологиялық диагностика.
Эндометрияның (жатырдың ішкі шырышты қабығының) гиперпластикалық процестері патогенезінде ағза жүйелерінің көпшілігі жəне көптеген мүшелерге қатысты өте күрделі ауру болып табылады (есептеледі).

 
Хаттама коды: P-O-026 "Жатырдың қабынбасыз өзге аурулары"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ – 10 бойынша коды (кодтары):
N 85.     Жатыр мойнағы ауруларынан басқа, жатырдың қабынбасыз өзге аурулары.
N 85. 0. Жатырдың ішкі сілемейлі қабығының бездік гиперплазиясы (тіннің шамадан артық өсуі).
N 85.1. Жатырдың ішкі сілемейлі қабығының аденоматозды (бездің негізгі обыры) гиперплазиясы.
N 85.2. Жатыр гипертрофиясы (жатыр тінінің жуандап ұлғаюы).
N 85.3. Босанғаннан кейінгі жатырдың қалпына келуінің бəсеңдігі (090.8)
N 85.4. Жатырдың дұрыс орналаспауы.
Жүктілік, босану немесе босанудан кейінгі кезеңдегі асқынуды есептемегенде. (034. 5, 065.5)
N 85.5. Жатырдың теріс айналуы.
Болуы мүмкін емес:
Босанғаннан кейінгі жатырдың түсуі. (N 71.2)
Ағымдағы акушерлік жарақаттар. (071.2)
N 85.6.  Жатыр іші қуысының жабысуы.
N 85.7.  Жатыр қуысына қанның жиналуы.
Болуы мүмкін емес: Іншекке қанның толуымен жатыр қуысына қанның жиналуы. (N 89.7)
N 85.8. Анықталған қабынуға жатпайтын басқа жатыр аурулары.
N 85.9. Анықталмаған басқа қабынуға жатпайтын жатыр аурулары.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Эндометрия гиперплазиясы
 
Б.И. Железнов бойынша гистологиялық жіктемесі:
1. Безді гиперплазия (ЖГ)
2. Безді – киста гиперплазиясы (ЖКГ)
3. Атиптік гиперплазия (ГА); ұқсас түрлері: аденоматоз, аденоматозды гиперплазия.
 
Гиперплазия 2 түрі бар:
- атипті;
- атипсіз.
 
Г.М. Савельев., В.Н. Серов бойынша клиника-морфологиялық жіктемесі:
1. Кез-келген жастағы атиптік гиперплазия (ГА).
2. Кез-келген жастағы гипоталомустың жəне метаболизмдік бұзылулармен қоса бездік гиперплазия (ЖГ).
3. Эндометрияның əсіресе менопауза алды жəне менопаузадан кейінгі кезеңдегі рецидивті бездік гиперплазиясы (ЖГ).

Я.В. Бохман бойынша жіктемесі:
1. Фондық процесстер:
А) Безді гиперплазия (ЖГ);
Б) Безді – киста гиперплазия (ЖКГ).
2. Обыр алды процестер:
А) Атиптік гиперплазия (ГА).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:

1.   Бала кездегі жұқпалы ауруларға жоғары бейімділік.
2.   Созылмалы қабыну аурулары.
3.   Ерте етеккірдің келуі.
4.   Анабез, бүйрек үсті безі, қалқанша бездері қызметінің бұзылуынан болатын дисгорманды ахуал.
5.   Жынысқа қатысы жоқ аурулар:  семіздік жəне глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, қант диабеті, қан қысым аурулары.
6.   Құрамында тек қана эстроген бар дəрі-дəрмектерді ұзақ уақыт пайдалану.
7.   Ановуляторлы бедеулік.
8.   Жатыр миомасы (бұлшық ет ткандерінде өсетін ісік), гениталилі эндометриоз.
9.   Анабездердің фолликулярлы жылауығы. 
10. Менопаузаның (етеккірдің тоқтауының) кеш басталуы.
11. Жыныс мүшелерінің рецепторлы. Аппаратының жыныс стероидті гормондарына сезімталдығының өзгеруі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
- Гиперпластикалық процессті анықтау;
- Гистологиялық зерттеулердің нəтижесін клиникада қарастыру;
- Əйел ағзасындағы гормондық бұзылуларының ерекшеліктерін анықтау.

Шағымдар мен анамнез:
- Аурулардың басты шағымы – етеккірдің уақытында келмеуі, кешігуі;
- Алғашқы кезде өте аз мөлшерде келуі, кейін ұзақ əрі қатты келуі;
- Етеккір аралығындағы қанды бөлінулер.

Белгілері І нұсқа ІІ нұсқа
Етеккір қызметі.
Дерт ановулет жайындағы мəліметте жатырлық қан кету.
Бұзылмаған. Өзгермеген (не нарушена).
Бала туу қызметі.
Төмендеген бедеулік болуы мүмкін.
Өзгермеген.
Етеккір тоқтау мерзімі. Жиі 50 жастан кейін. Көбінесе 50 жасқа дейін.
Постменопаузада кольпоцитологиялық 
реакция типі.
Эстрогенді. Атрофикалық.
Анабездер жəй-күйі.
Тека-ткандердің гиперплазиясы.
Штейн-Левенталь Синдромы
Фиброз. (Талшықты дəнекер тінінің
өсіп-өніп кетуі).
Бұрын жасалған қырындылар
немесе
эндометриялық фон.
Гиперпластикалық процесстер.
Атрофия (сенуі)
Миометрияның күйі.
Фибромиома, ішкі эндометриоз.
Ерекшеліктерсіз.
Семіздік. бар Жоқ
Гиперлипидемия қанда майдың көбеюі.
бар Жоқ
Қант диабеті (сусамыр). бар Жоқ
Қан қысым ауруы.
Семіздік пен қант диабетімен қабаттасады.
Болмайды немесе семіздік пен қант
диабеті қабаттасады.
Иммунитет жүйесі. Аса өзгеріссіз. Иммунитеттің тежелуі.

Физикалық тексеру:
Гинекологиялық тексеру кезінде: жатыр (қан кету кезеңінде) жұмсақтау, тығыздықта белгілі мөлшерден үлкендеу болады. Жатырдың қосалқы мүшелері маңайын қолмен басып көргенде, анабездің ұлғайғанын байқауға болады.

Инструменталдық зерттеулер:
- Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);
- Емшекті УДЗ (көрсетім бойынша);
- Мамография (көрсетім бойынша);
- Жатырдың шырышты қабығы мен жатыр мойнынан диагностикалық қырынды алу, гистологиялық зерттеу жүргізу;
- Пайпфель қырнаушы көмегімен эндометрия биопсиясы (емдеуді бақылау үшін, əйелдерді скринті тексеру үшін);
- Доплерометрия;
- Гистероскопия.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: онкогениколог консультациясы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- анамнез (дерт жайында мəлімет);
- шағымдар;
- гинекологиялық тексерулер;
- қанның жалпы талдауы;
- кіші жамбас мүшелерін УДЗ;
- жатырдың шырышты қабығынан (эндометриядан) жəне жатыр мойнынан диагностикалық қырынды алу, гистологиялық зерттеу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
- Пайпфель көмегімен эндометрия биопсиясы (емдеуді бақылау үшін);
- Доплерометрия;
- Гистероскопия;
- Перифериялық қан плазмасындағы гонадотропты гормондар деңгейін анықтау;
- Қанның липидті спектрі (холестерин, ЛПНП, ЛПВП, триглицеридтер);
- Емшекті УДЗ;
- Маммография;
- ДЭАС қан алу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- Қанның жалпы анализін жасау;
- Эндометрия қырындысын алып, гистологиялық зерттеу жүргізу (диагностиканың сенімді тəсілі);
- Перифериялық қанның плазмасындағы гонадотропты гормондар деңгейін анықтау (ФСГ);
- Аспиратты цитологиялық зерттеу;
- Қанның липидті спектрі (холестерин, ЛПНП, ЛПВП, триглицеридтер).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика:
- эндометрия рагі;
- жатыр мойны рагі;
- ДЖК.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
Емдік əсер етуді таңдау жəне негіздеу əйелдің жасымен, репрадуктивті жүйе қызметінің жағдайымен, патологиялық процестің клиника-марфологиялық ерекшеліктерімен, ауру ұзақтығымен, ауру адамның соматикалық күйімен жəне қосымша гинекологиялық аурулардың болуымен анықталады.
 
Эндометрия гиперплазиясы ауруымен ауырған науқастарды емдеу кезеңдері:
І.   Өзгеріске ұшыраған эндометрияны алып тастап, морфологиялық зерттеу жасау;
ІІ.  Эндометрияны тежеуге бағытталған гормонды терапия жүргізу;
ІІІ. Горманальдық жағдайды жақсарту, оңайландыру;
IV. Зат алмасу – эндокринді бұзылуларды түзету;
V.  Орталық жəне вегативтік нерв жүйесінің қызметін қалпына келтіру;
VI. Иммундық жүйені қалпына келтіру.

Ем мақсаттары:
І.   Қан кетуді тоқтату;
ІІ.  Ұлғайған кезде етеккірдің тұрақты тоқтату немесе етеккірдің келуін қалпына келтіру;
ІІІ. Қан кету қайталануын алдын-алу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем
 
Гормональды емдеу:
Алынған эндометрияның гистологиялық зерттеу нəтижесі белгілі болғаннан кейін ғана гормональды терапия жүргізіледі (А) [7].

Безді гиперплазия (БГ) жəне без-кистозды гиперплазияны (БКГ) емдеу:
 
А. 35 жасқа дейінгі əйелдерге құрамында эстроген жəне гестаген бар препараттар тиімді (монофазды КОК). Эстроген – 30 мкг-нан кем емес мөлшерінде жəне
антипролиферативті тиімділігі бар гестагендер (левоноргестел, диеногест) 3-6 ай бойы оралымды тəртіппен емдеу жүргізіледі;
 
Б. Кеш репрадуктивті жəне етеккір тоқтау алдында (перименопауза) прогестерон жəне 19 - норстерондтер туындысы гестагендермен емдеу белгіленеді. Препараттар диагностика қырындысы алынғаннан кейін оралымның екінші кезеңінде (16-26 күн аралығында) беріледі:
1.  Дидрогестерон 10 мкг-нан тəулігіне 2 рет;
2.  Табиғи прогестерон 100 мкг-нан тəулігіне 2 рет;
3.  Ноэтистерон ацетат 5 мг-нан тəулігін 1 рет;
4.  Медроксипрогестерон 10-20 мг-нан тəулігін 1 рет;
5.  Гидоксипрогестерон капроат 125-250 мг-нан бұлшық ет арасына, аптасына 2 рет;
 
В. Перименопауза кезінде эндометрияның үдемелі гиперплазиясында – андрогендер туындысы (даназол) антигонадотропты препараттарды күніне күнделікті 200-400 мг. немесе 19-норстероид гестринон 2,5 мг-нан аптасына 2 рет 3-6 ай бойы беріледі.
 
Г. Эндометрияның үдемелі гиперплазиясы 8 апталық жүктілік мөлшеріндегі жатыр миомасы жəне 2-3 дəрежелі аденомиозбен қоса болған жағдайында - хирургиялық ем қолданылады.

Атипиялық гиперплазияны емдеу (АГ):
 
А. Репрадуктивті жəне перименопауза кезеңінде 6 айға гонадолиберин агонистами терапиясы жүргізіледі.
1. Əсері ұзартылған дəрі-дəрмектер:
- Тері астына 3,6 мг. мөлшерінде гозерелин 28 күнде 1 рет;
- Бұлшық ет арқылы 3,75 мг. мөлшерінде трипторелин 28 күн.
2. Қысқа əсері бар дəрі-дəрмектер:
- Бусерелин ацетат эндоназальды спрей түрінде 15 мг-нан тəулігіне 3 рет мұрын қуысына күнделікті;
- аГнРГ пайдалана алмау жағдайында медроксипрогестерон тəулігін 100 мг-н
ан немесе гидоксипрогестерон капроат 500 мг-нан бұлшық ет арасына аптасына 3 рет 3 ай бойы үзіліссіз қабылданады. Тиімділік болмаған жағдайда – хирургиялық ем жасалады.
 
Б. Эндометрия гиперплазиясы миома немесе аденомиозбен қабаттасқанда – операция жасалынады.
 
В. Семіздік, қан қысымы ауруы, диабет жəне глюкозаға төзімділіктің бұзылуында хирургиялық ем қажет.
 
Г. Етеккір тоқтаған кезеңдегі эндометрия гиперплазиясында + хирургиялық емдеу керек. Хирургиялық емдеу мүмкін емес жағдайда гидоксипрогестерон капроат бұлшық ет арқылы 500 мг. мөлшерінде аптасына 3 реттен үзіліссіз 6-12 ай салынады.
Эндометрия гиперплазиясына горманальды терапия жасағанда М-эха құрылымы мен ұлғаюына УДЗ-тексеру 1 айда 1 рет жүргізіледі. Безді жəне без-кистозы эндометрия гиперплазиясының үдемелі түрінде 3 жəне 6 ай сайын эндометрияның тексеру қырындысы алынады.
Артериялық қысымға жəне сүт бездерінің күйіне динамикалық бақылау қажет. (УДЗ, мамография 6 айда 1 рет).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Дидрогестерон.
2. Табиғи прогестерон.
3. Норэтистерон ацетат.
4. Медрокиспрогестерон.
5. Гидоксипрогесторон капроат.
6. Гозерелин.
7. Трипторелин.
8. Бусерлин ацетат эндоназальды спрей түрінде.

Қосымша дəрі-дəрмектер:  жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Қан кетуді тоқтату.
2. Жас ұлғайғандағы етеккір қызметін толық тоқтату жəне қалыпты етеккір оралымын қалпына келтіру.
3. Эндометрия гиперплазиясы қайталанбауы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: жоспарлы жəне шұғыл
1. Эндометрияның үдемелі гиперплазиясы, (БГ жəне БКГ) 8 апталық жүктілік мөлшеріндей жатыр миомасы жəне 2-3 дəрежелі аденомиоз қабаттасқан жағдайда жатыр алынады, анабездер мұқият тексеріледі.
2. Эндометрияның аденоматозды гиперплазиясының миома немесе аденомиозбен қабаттасуы кезінде – хирургиялық емдеу қажет.
3. Эндометрияның аденоматозды гиперплазиясына семіздік, қан қысым аурулары, диабет жəне глюкозаға төзімділіктің бұзылуы кезінде – хирургиялық ем қажет.
4. Менопаузадан кейінгі эндометрияның аденоматозды гиперплазиясы кезінде хирургиялық ем қажет.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- Қасаға қабынуының созылмалы ауруларын дер кезінде емдеу;
- Дисгормондық ахуалды түзету;
- Жынысқа қатысы жоқ (Экстрагенитальды) ауруларды емдеу;
- Терапияның қазіргі əдістерін қолдана отырып əйел бедеулігінің əр түрлі формаларын ерте анықтау жəне емдеу;
- Анабез жылағуын консервативті жəне хирургиялық емдеуден кейін қалпына келтіру шараларын жүргізу.

Профилактикалық шаралар:  жоқ.
 
Əрі қарай жүргізу, ауруханаға жатқызу:
1. Эндометрия гиперплазиясына горманальды терапия жасағанда айына 1 рет М-эха құрылымы жəне көлеміне ультрадыбыстық зерттеу – тексеру жүргізіледі.
2. Безді жəне (безді-кистаты) үдемелі эндометрия гиперплазиясында 3-6 ай сайынт эндометрияның тексеру-қырындысы алынады.
3. Артериялық қысымға жəне сүт бездерінің күйіне динамикалық бақылау қажет (УДЗ, мамография 6 айда 1 рет).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. /Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд.,испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 3. Клиническая гинекология, И.В. Дуда, В.И.Дуда, 1999 год. 4. Гинекология подростков, Ю.А. Гуркин, 2000 год. 5. Неоперативная гинекология, В.П. Сметник, 2003 год. 6. Акушерство, гинекология,и здоровье женщины, Ф. Карр, Москва 2005. 7. National Cancer Institute. NCI/PDQ® Health professionals: Prevention of Endometrial Cancer. Posting Date: January 16, 2003. Last Modified: July 20, 2005. http://oncolink.upenn.edu/types/article.cfm?c=6&s=18&ss=144&id=9149#_85

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.     Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М.   Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.     Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.          Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх