Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Синдром предменструального напряжения (N94.3)
Акушерство и гинекология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының
2014 жылғы «4» шілдедегі № 10 хаттамасымен бекітілген

Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы (етеккір келер алдындағы синдром - ЕАС) – бұл етеккір күндері алдында туындайтын (етеккір циклының екінші фазасында) және нейропсихикалық, вегатативті-қантамырлы және эндокриндік алмасу түрінде көрініс табатын симптомдар кешені.
Хаттама атауы: Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы
 

ХАЖ-10 кодтары:
N94.3  Етеккір келер алдындағы қысылу синдромы

Хаттамада пайдаланатын қысқартулар:
RW - Вассерман реакциясы
АлАТ- аланинаминотрансфераза
АсАТ- аспартатаминотрансфераза
БІТУ- белсенді ішінара тромбопластиналық уақыт
АИТВ – адамның иммунитет тапшылығы вирусы
ДСИ – дене салмағының индексі
ИФТ – иммуннофлюресцентті тәсіл
ЛГ – лютеинделген гормон
ДҚ – дәрілік құралдар
ХҚҚ – халықаралық қалыпты қатынас
МРТ - магнитті-резонансты томография
ЕЦ – етеккір циклі
ПУ – протромбиндік уақыт
ЕАДБ – етеккір алдындағы дистрофикалық бұзылу
ЕАС – етеккір алдындағы синдром
ПТР – полимерлі тізбекті реакция
ДД – дәлелділік деңгейі
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ФЫГ –фолликулынталандырушы гормон
ЭКГ - электрокардиграмма
ЭЭГ - электроэнцефалография

Хаттаманы әзірлеу күні: 2014жыл.
 
Пациенттер санаты:
жасөспірім қыздар және етеккір алдындағы синдромы бар әйелдер.

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибиеде дәрігерлері, фельдшерлер, жедел медициналық көмек дәрігері.
Ұсыныстардың дәлелділігін бағалауға арналған Канаданың Профилактикалық денсаулық сақтау нысаналы тобымен (Canadian Task Force on Preventive Health Care)  әзірленген*

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [1,2]:
ЕАС – ЕЦ лютеиндік фазасында көрініс табатын, әр түрлі психопатологиялық, вегето-қантамырлы және эндокриндік алмасуларды сипаттайтын мыналарға байланысты күрделі симптомдар кешені:
-тұрақты етеккірі бар әйелдердегі циклдың лютеинделген фазасымен;
-ЕЦ бұзылулар бар әйелдерде;
-гистерэктомиядан кейінгі әйелдерге;
-пубертатты кезеңдегі жасөспірімдерге;
-перименопаузадағы әйелдерге байланысты.
 
Клиникалық симптомдардың ерекшеліктеріне және етеккір алдындағы бұзылудың көрінісіне байланысты ЕАС жіктеу:
-етеккір келер алдындағы симптомдар;
-етеккір келер алдындағы синдромның өзі;
-етеккір келер  алдындағы дистрофиялық бұзылулар;

 
Етеккір келер алдындағы магнификация – етеккір келер алдындағы кезеңдегі соматикалық аурулардың қосарласуы немесе асқынуы (ЕАС атипті пішіндері):
-вегето-дизовариалды миокардиодистрофия;
-гипертермикалық офтальмоплегиялық бас «сақинасы» ауруы;
-циклдық «аллергиялық» реакциялар (жаралы гингивит, стоматит, дерматит, бронхиалды астма, иридоциклит);
-гипертермикалық  (ағзада асқыну үдерістерінің белгілері болмай дене температурасының 37,2-38С-қа дейін циклдық көтерілуі );
-гиперсомникалық (циклдік күндізгі ұйқышылдық);
-тері көріністері: тұрпайы безеулер, тері майлылығының өзгеруі, көбірек терлеу, есекжем, қышу, таңылтақтардың көбейіп кетуі. Сүйектердің, бұлшықеттердің, -буындардың ауыруы, люмбалгия, бұлшықет күшінің азаюы;
-жаралы гингивит, стоматит және басқа гастро-интестинальды көріністер (тәбеттің өзгеруі (анорексия, булимия), дәмді тұтынудың өзгеруі, құсу, жүрек айну, метеоризм);
-циклдік иридоциклит (нұрқабықтықты дененің сыртқы бөлігінің және цилиарлы дененің қабынуы).
 
Ауырлық деңгейі бойынша ЕАС жіктеу:
-жеңіл формасы – маңызды көрініс табатын етеккірге қарсы 2-10 күн қалғандағы 3-4 симптомның пайда болуы;
-ауыр формасы –3-14 күн қалғандағы 5-12 симптомның пайда болуы, олардың ішінде олардың 2-5 маңызды көрініс табады.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі диагностикалық іс-шаралар:
-аурудың шағымдары мен анамнезін жинау;
-физикалды тексеру;
-қан гормондарын (пролактин, эстрадиол, прогестерон) ИФТ әдісімен анықтау:
пролактинді, эстрадиолды, прогестеронды – фолликулярлы фазада (циклдің 7-8 күндері) және лютеинді фазада (ЕЦ 21 -23 күндері. Тексерудің толық көлемін орындау мүмкін болмағанда оны ЕЦ 2-фазасында (ЕЦ 21-23 күндері) немесе ЕАС клиникалық симптомдары манифестациялау сәтінде жүргізу орынды (ДД ШС) [1];
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-антропометриялық зерттеулер (ДСИ бағалауы);
-тәуліктік диурез (ісінуде);
-ЭКГ (ЕАС криз болса);
-ЭЭГ (бас ауруларында);
-бас миының МРТ (бас ауруларында);
-аналық бездің УДЗ (аналық сүт безінде аналық бездің патологиясын анықтау кезіндегі ЕЦ бірінші фазасында (циклдің 7-11 күндері);
-офтальмоскопия (ЕАС цефалгиялық формасында).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (көрсетімдер бойынша):
-ҚЖТ;
-НЖТ;
-коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, ХҚҚ);
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, билирубин,);
-АВО цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау;
-қанның резус-факторын анықтау;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы АИТВ р24 антигенін анықтау;
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусын анықтау;
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді анықтау;
-гинекологиялық сүртіндінің тазалық деңгейін анықтау;
-кіші жамбас ағзаларына УДЗ;
-ЭКГ.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:

-ҚЖТ;
-НЖТ;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-қан сарысуындаңы p24 АИТВ антигенін ИФА-әдісімен анықтау;
-ЭКГ (цефалгия және криз формаларында)
-аналық бездің функциялық ахуалын бағалау үшін кіші жамбас органдарының УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-ЭЭГ (ЕАС цефалгия формасында);
-бас миының МРТ (ЕАС цефалгия формасында және пролактиннің үш есе және одан жоғары артуы).
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін  диагностикалық іс-шаралар:
-ЭКГ (цефалгия және криз формаларында).
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар: эмоциональды тұрақсыздық, мазасыздық, қозу, депрессия, жылауықтық, жабырқау, жадтың нашарлауы, шаршағыштық, әлсіздік, ұйқының бөлінуі, (ұйқысыздық/летаргия), қорқыныш/сағыныш сезімі, либидоның бұзылуы, дыбысқа, иіске аса сезімталдық, бас ауруы, бас айналу, қозғалысты бұзылуы, гиперестезия, кардиалгия/аритмия, демікпе ұстауларының жиілеуі/пайда болуы; вазомоторлы ринит құбылысы, көкіректің қысылу сезімі, өлімнен қорқу, аяқ-қолдың жансыздануы мен суықтауы, жүрек соғуының жиілеуі.

Анамнез: ЕАС кезінде жоғарыда аталған барлық симптомдар ЕЦ-нің лютеинделген фазасымен байланысты (етеккірге дейін 2-14 күн қалғанда пайда болады да, етеккірден кейін жойылады).
Өзін-өзі қадағалау тәсілін қолдану қажет – 2-3 ішінде пациенттің патологиялық көріністердің барлығы және қарқыны туралы белгілері бар күнделікті жүргізу. (ДД IA)[1].

Физикалды тексеру
Су-электролитті теңгерімнің бұзылуы (ісік пішінді):
-перифериялық ісінуде;
-дене салмағының артуы;
-масталгия;
-іштің кебуі;
-диурездің бұзылуы;
-жалпы қалыптағыдай тәулігіне  500-700 мл дейін сұйықтықтың тоқтауы.
АҚ (ЕАС криз формасында).
Аналық бездерді саусақпен басып көру (екінші фазада ЕАС кезінде аналық бездің үлкеюі) (ДД -IA)[2].

Зертханалық зерттеулер:

Қандағы гормондарды анықтау
:
-циклдың екінші фазасында прогестерон деңгейін азаюы;
-қандағы пролактин деңгейін артуы (цефалгия және криз формасында);
-несептің үлестік салмағының өзгерісі
 
Аспаптық зерттеулер:

Кіші жамбастың УДЗ: циклдің 21-23 күндері лютеиндік фазаның жеткіліксіздік белгісінің болуы (фолликуланың кеш жетілуі, циклдың екінші фазасында эндометрийдің сәйкессіздігі);

ЭЭГ: етеккір цикліның екінші фазасында ми бағанасының ерекшелігі жоқ құрылымының үлкен жарты шеңберінің қабығында белсендендіру әсерінің күшеюі;

Офтальмоскопия: қан тамыры суретінің күшею белгілері;

Бас миының МРТ: қан тамыры суретінің күшею белгілері.

Мамандар кеңесін алуға көрсетімдер:
-невропатологтың кеңесі – кризді және цефалгия формаларында;
-психикалық ауруларды болдырмау үшін психиатрдың кеңесі;
-терапевтің кеңесі (криз формасында);
-маммолог кеңесі (сүт бездері ауырған кезде).

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:

1-кесте. Етеккір алдындағы бұзылулардың әр түрлі формаларынын саралап  диагностикалау критерийлері


Етеккір алдындағы симптомдар Етеккір алдындағы синдром (ЕАС өзі) Етеккір алдындағы дистрофиялық бұзылулар (ЕАДБ)
•    сұйықтықтың денеде қалып қоюы;
•    перифериялық ісіктер;
•    дене салмағының өсуі;
•    тәбеттің артуы;
•    ашуланшықтық;
•    сүт бездерінің ісінуі
.
•   ЕАДБ өлшемдерінің жоқтығы;
•   шамалы физиологиялық жайсыздық;
•   сұйықтықтың денеде ұзақ тұруы / ісінулер;
•   сүт бездерінің ісінуі;
•   дене салмағының өсуі;
•   назарды ұстаудың нашарлауы;
11 симптомның ішінде 5 ЕАДБ өлшемінің бар болуы (оның ішінде алдыңғы 4 ішіндегі ең аз дегенде 1):
•    депрессивті ахуал;
•    мазасыздық
•    көңіл-күйдің өзгергіштігі;
•    агрессиялық;
•    ашуланшақтық;
•    өмірге қызығушылықтың төмендеуі;
•    шаршағыштық;
•    тәбеттің өзгеруі;
• ұйқысыздық/ұйқыбастылық;
•    өзін-өзі басқарудың бұзылуы;
Физикалды симптомдар: масталгия;
буын аурулары;
дене салмағының артуы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тәсілі:

Дәрі-дәрмексіз терапия:  жүргізілмейді.

Дәрі-дәрмекпен емдеу:

2-кесте. ЕАС дәрі-дәрмектермен емдеу (ДД I,A) [3,7]

 

№ ДҚ тағайындауға арналған көрсетімдер ДҚ
Қанмен қамту, метаболизм және ОЖЖ функциялық ахуалын реттейтін дәрілер
1 Гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесін тұрақтандыру мақсатында ЦНС алмасу үдерісі мен микроайналымды жақсарту
Ноотропты әсер
Психотропты әсер (седативті, анксиолитикті, тимолептикалық)
Ұйқының қалыптануы
Магний цитраты сусыз;
Пиридоксин гидрохлорид – тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан;
Пирацетам 0,4-1,2г тәулігіне
Вазобелсенді дәрілер
2 Қан реологиясын қалыптандыру
Қантамыры тонусын реттеу
Ангиjпротекторлы әсер
Ағзалар мен тіндерді қанмен жабдықтауды жақсарту
Қайталама анальгетикалық әсер (ми тінінің гидрофильділігін азайту есебінен)
Троксерутин тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет;
Пентоксифиллин 100,0-300,0 мг;
Ницерголин 30,0-60,0 мг;
Құрамында қаныққан май қышқылдары мен полидәрумендері бар дәрілер
Нейромедиаторлық әсері бар дәрі-дәрмектер
3 Дофаминергиялық әсер
Пролактин өнімін қалыптандыру
Серотонинергиялық әсер
Психотроптық әсер
Каберголин 0,25-0,5 мг аптасына екі рет ЕЦ 2-ші фазасында
Бромокриптин 5,0-15,0 мг ЕЦ 2-ші фазасында;
Флуоксетин 20,0 мг етеккірдің басталуына 4-10 күн қалғанда бір рет

 
Метаболиялық дәрілер, иммунитет түзеткіштер мен адаптогендер
4 Трофикалық үрдістерді жақсарту
Тін және гуморальды иммунитетті түзету
Ағзаның арнайы емес резистенттілігін арттыру
Арналауына сәйкес В, Е, С, А тобы дәрумендері
Бейстероидты қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер
5 Антипростагландинді әсер
Антиноцицепция
Жүйке жүйесіндегі алмасуды қалыптандыру
Нимесулид 100,0 мг тәулігіне екі рет ЕЦ 16-25 күн аралығында
Гормональдық дәрі-дәрмектер
6 Айқындалған гормональды гомеостаз бұзылуларына сәйкес әр жағдайда жеке тағайындалады
Гестагендер
7 Прогестагенді, антиандрогенді, антиминералды кортикоидты әсерлі ОЖЖ-да нейростероидтер  алмасуын қалыптандыру Дидрогестерон 10,0-20,0 мг ЕЦ 16-25 күндері аралығында
Микронделген прогестерон
100,0-200, 0 мг ЕЦ 16-25 күндері аралығында
Құрама оральды контрацептивтер
8 Овуляция кезеңі және, тиісінше, ЕЦ лютеинді фазасын жоққа шығару этинилэстрадиол - дроспиренон этинилэстрадиол - диеногест этинилэстрадиол - гестоден
этинилэстрадиол - дезогестрел
Допаминдік рецепторлардың агонистері
3 Пролактин өнімін қалыптандыру
Нейромедиаторлы әрекет
Кабероглин ЕЦ 2-ші фазасында күніне 50 мг
Бромокриптин 2,5-7,5 мг күніне
Гн-РГ агонистері
4 Гонадтағы стероидты гормондар өнімінің уақытша төмендеуі
Гипофиз қызметінің бұзылуы
Бусерелин 28 күні 1 рет 3,75 мг т/і немесе 1-3 айға 900,0 мкг спрей
Трипторелин №1-3 28 күні 1 рет 3,75 мг т/і
       
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу;
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
-магний цитраты инъекцияға арналған сусыз  ерітінді 25%, 5 мл, ампула;
-пиридоксиногидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл, таблетка 100 мг;
-пирацетам инъекцияға арналған ерітінді 20% 5мл;
-пентоксифиллин таблетка 100 мг, таблетка 600 мг, таблетка 5 мг;
-ницерголин, лиофилизат инъекция ерітіндісін дайындауға арналған, 4 мг флакон.
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
-каберголин таблеткада 0,5 мг;
-бромокриптин, таблеткада 2,5 мг;
-дидрогестерон; таблеткада 10 мг;
-микронделген прогестерон таблеткада 100 мг, 200 мг;
-этинилэстрадиол 30 мкг - дроспиренон 3 мг, таблеткада;
-этинилэстрадиол 30 мкг - диеногест 2 мг, түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - гестоден 75 мг; түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - дезогестрел 150 мкг, таблеткалар;
-трипторелин лиофилизат  инъ екция суспензиясын әзірлеуге арналған 3,75 мг флакон.
 
Стационарлық деңгейде дәрімен емдеу
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
-магний цитраты инъекцияға арналған сусыз ерітінді 25%, 5 мл, ампула;
-пиридоксиногидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл, таблетка 100 мг;
-пирацетам, инъекцияға арналған ерітінді 20% 5мл;
-пентоксифиллин, таблетка 100 мг, таблетка 600 мг, таблеткада 5 мг
-ницерголин, лиофилизат инъекция ерітіндісін дайындауға арналған, 4 мг флаконда.
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
-каберголин таблеткалар 0,5 мг;
-бромокриптин 25 мг таблеткалар;
-дидрогестерон таблеткалар 10 мг;
-микронделген прогестерон 100 мг, 200 мг таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг дроспиренон 3 мг, таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг - диеногест 2 мг; түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - гестоден 75 мг; түйіршік;
-этинилэстрадиол 20 мкг - дезогестрел 150 мкг, таблеткалар;
-трипторелин лиофилизат инъекция дайындауға арналған суспензия 3,75 мг.

Жедел шұғыл жәрдем кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.

Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.

Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Әрі қарай жүргізу:
-тоқсанына 1 рет гинекологқа қаралу;
-кіші жамбас ағзаларына УДЗ  6 айда 1 рет (гормонды терапия тағайындау кезінде).
-терапияның тиімділігін қадағалау: пациенттің 3 етеккір циклі кезінде симптомдардың саны және олардың пайда болу уақыты туралы күнделік жүргізуі (етеккірге дейін  қанша күн).

Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:
-жүргізілген терапиядан кейін бір жыл ішінде ЕАС қайталанбауы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үшін  госпитальдау түрімен нұсқалған  көрсетімдер.

Жедел госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер: етеккір алдындағы синдромның ауыр түрі.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар (асқынулар профилактикасы, тәуекел факторларын көрсете отырып, ЕАСП деңгейіне арналған бастапқы профилактика).  

ЕАС даму тәуекелі факторлары:
-стрестік жағдайлар;
-нейроинфекциялар;
-асқынған босанулар мен түсіктер;
-әр түрлі жарақаттар мен оперативтік араласу.

Ерекшеліксіз профилактика:
-оральды контрацептивтерді тұрақты қабылдау (қарсы көрсетімдер болмаса);
-салауатты өмір салты (темекіден бас тарту, дене жаттығулары, тұрақты жыныстық өмір, стрестік жағдайларды болдырмау).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) Линде В.А., Татарова Н.А. Предменструальный синдром. СПб.: Гиппократ, 2005. С. 216. 2) Торчинов А.М., Барденштейн Л.М., Полухова Е.В., Фириченко В.И. Предменструальный синдром (вопросы патогенеза, клинической картины и лечения) // Гинекология. 2010. Т. 12. № 2. 3) Freeman E.W., Sammel M.D., Lin H. et al. Clinical subtypes of premenstrual syndrome and responses to sertraline treatment // Obstet. Gynecol. 2011. Vol.118(6). P. 1293-1300. 4) Nyberg S. How to determine symptom severity in premenstrual syndrome: a combination of daily symptom ratings and interviews // Sex. Reprod. Healthc. 2011.Vol.2(4). P. 161-168. 5) Van Die M.D., Burger H.G., Teede H.J., Bone K.M. Vitex agnus-castus extracts for female reproductive disorders: a systematic review of clinical trials // Planta Med. 2013. Vol. 79(7). P. 562-575. 6) Whelan A.M., Jurgens T.M., Naylor H. Herbs, vitamins and minerals in the treatment of premenstrual syndrome: a systematic review // Can. J. Clin. Pharmacol. 2009. Vol. 16(3). P. 407-429. 7) Wuttke W., Jarry H., Christoffel V. Chaste tree (Vitex agnus-castus)-pharmacology and clinical indications // Phytomedicine. 2003. Vol.10(4). P. 348-357. 8) Zukov I., Ptacek R., Raboch J. et al. Premenstrual dysphoric disorder -review of actual findings about mental disorders related to menstrual cycle and possibilities of their therapy // Prague Med. Rep. 2010. Vol. 111(1). P. 12-24. 9) SOGC. Primary dysmonerya - clinical guedline. 2005 Dec.

Ақпарат


Біліктілік деректері  көрсетілген  хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Дощанова Әйгерім Мжаберқызы - м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті»  АҚ интернатура жөніндегі «Акушерия және гинекология» кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер.
  2. Төлетова Айнұр Серікбайқызы – бірінші санатты дәрігер, PhD докторы, «Астана медицина университеті» АҚ.
  3.  Малтабарова         Нұрилә      Аманғалиқызы - «Астана медицина университеті» АҚ «Жедел шұғыл медициналық көмек курсымен анестезиология- реаниматология» кафедрасының профессоры; Құдайбергенова Махира Сейдоллақызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
Мүдделер  қақтығысының жоқтығын  көрсету: жоқ
Пікір иесі: Рыжкова Светлана Николаевна – жоғары санатты дәрігер, м.ғ.д. профессор, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» РМКК дәрігерлерді жетілдіру факультетінің акушерия және гинекология курсының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх