Естен тану. Талу

PN-T-009

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Обморок [синкопе] и коллапс (R55)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Талу – бас миының өтпелі ишемиясы туындатқан кенеттен есті жоғалту.


 
Хаттама коды: PN-T-009 "Естен тану. Талу"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): R55 Талу [синкопе] жəне коллапс

Жіктемесі


Жіктемесі
 
1. Жүрек-қантамыр ауруларымен байланыссыз:
- Вазодепрессорлық (вазовагальді);
- Ситуациялық;
- Никтуриялық;
- Жөтелдік;
- Дəрілік;
- Үлкен дәретке бару кезінде;
- Жұтыну кезінде;
- Ортостаттық гипотензия кезінде;
- Ми тамырларының аурулары кезінде.
 
2. Жүрек-қантамыр ауруларымен байланысты:
- Жүректік шығарылудың төмендеуі;
- Аритмия.
 
3. Түсініксіз пайда болған.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар: артериалдық гипотензия, брадикардия, айналымдағы қан көлемінің азаюы немесе веналық қайту, жүректік шығарылымның төмендеуі, жүрек ритмінің бұзылуы, цереброваскулярлық аурулар, түрлі этиологиядағы ауыру, анафилаксиялық реакция, теріс эмоциялар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
Науқастың төмендеуі «шөгуі», тері жабындыларының  
бозаруы, РS төмендеген немесе анықталмайды, AD күрт төмендеген, беткейлік тыныс.
Балаларда қоршаған ортаға адекватты реакцияның болмауы (күрт тежелу, ұйқышыл, дыбысқа, ашық түстерге, жарыққа реакция жоқ).

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау – талмаға əсер ететін жағдайлар, дəрілік анамнез жəне басқа.
2. Объективті тексеру – физикалық деректер (гипотензия, пульстің айырмашылығы, жүректегі шу, брадикардия, беткейлік тыныс жəне басқалар).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Науқасты арқасына жатқызып, аяғын шамалы көтеру, мойынын жəне 
көкірегін қысып тұрған киімнен босату. Бетіне суық су бүрку немесе өткір иісті сұйықтық иіскету.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Анықтау жəне жəрдем көрсету.
2. Есін жиғызу.
3. Асқынулардың алдын алу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер
Емнің стационарлық кезеңіне ауыстыру: ұзақ уақыттық жəне жиі талмаларда, диагноз бен емді анықтау үшін. 5 жасқа дейінгі балаларда қайталанған талмалар кезінде – шұғыл госпитализация.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.Справочник практического врача. Медицина 2001 г. 2.Трудный диагноз, Р.Б.Тейлор Москва 1999 г. 3.Справочник фельдшера Ростов-на-Дону 2001 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Татибекова А.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх