Ересектердің өзге көз аурулары салдарынан дамыған глаукома (факоморфиялық глаукома)

H-S-003

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз (H40.5)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Факоморфиялық глаукома - көз ішіндегі сулы ылғалдың көзден шығуының бұзылуынан көз ішінің қысымы жоғарылауымен сипатталатын, көзбұршақ көлемінің үлкеюі салдарынан көздің алдыңғы камерасы бұрышының қызметтік немесе органикалық тығындалуы нəтижесінде көру аймағының ақауы жəне көру нервінің атрофиясымен (экскавациямен) жүретін ауру.

 
Хаттама коды: H-S-003 "Ересектердің өзге көз аурулары салдарынан дамыған глаукома (факоморфиялық глаукома)"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H40.5 Көздің басқа ауруларынан кейін пайда болатын екіншілік глаукома.
 

Жіктемесі

 
Глаукома шығу тегі бойынша, науқастың жасына байланысты, көз ішіндегі қысымның (КІҚ) жоғарылау механизміне, КІҚ деңгейі, көру аймағының өзгеру жəне көру нерві дискінің зақымдану дəрежесіне, ағымының типіне байланысты жіктеледі.

Шығу тегі бойынша: біріншілік, екіншілік, көздің даму ақауларымен жəне организмдегі басқа құрылымдардың ақауларымен қатар жүреді.

Пациенттің жасына байланысты: туа пайда болған, жасөспірімдік (ювенилдік), ересектер глаукомасы.

КІҚ жоғарылау механизмі бойынша: ашықбұрышты, жабықбұрышты, алдыңғы камера бұрышының дисгенезімен жүретін глаукома, претрабекулярлық блокпен жүретін глаукома.

КІҚ деңгейі бойынша: гипертензиялық, нормотензиялық; қалыпты, біркелкі жоғарылайтын жəне жоғары КІҚ.

Көру аймағының өзгеру жəне көру нерві дискінің зақымдану дəрежесіне байланысты: бастапқы, жетілген, шектен шыққан, терминалдық.

Ағымы (көру қызметінің динамикасы) бойынша: қалыптасқан, қалыптаспаған.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: КІҚ жоғарылауы, көздің ауыруы.

Физикалық тексеру: алдыңғы камераның кішкентай болуы, көзбұршақ көлемінің үлкен болуы, көру аймағының тарылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, көру нерві дискінің экскавациясы.

Лабораториялық тексеру: спецификалық емес.

Инструменталдық зерттеулер: спецификалық емес.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көру өткірлігін тексеру.
2. Көз биомикроскопиясы.
3. Тонометрия.
4. Периметрия.
5. Гониоскопия.
6. Көзжас жолын жуу.
7. Екі көздің офтальмоскопиясы.
8. Терапевт консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көзді УДЗ.
2. Электрофосфен.
3. Жалт етулердің тұтасуының шекаралық жиілігін зерттеу.
4. Электроретинография.
5. ИОЛ өлшемін есептеу.
6. Тонография.
7. Кераторефрактометрия.
8. Бактериялық себу үшін жағынды алу (көзден).
9. АЛТ.
10. АСТ.
11. ВИЧ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: көз ішілік қысымды қалпына келтіру, ауыру синдромын басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмекті ем:

1. Операцияға дейін КІҚ төмендету үшін жалпы дегидратация жəне жергілікті гипотензиялық ем - ацетазоламид 250 мг 1 тб 4 рет күніне, 1-3 күн, тимолол 0,5% 2 рет көзге тамызу - 1-3 күн; бринзоламид 1-2 рет күніне, 1-3 күн, маннитол 20% 2 г/кг 1 рет күніне, 1-3 күн; калий препараттары.

2. Ісінген көзбұршақты алып тастау - катаракта экстракциясы жəне көрсеткіштер бойынша бір мезгілде афакияны вискоэластиктер мен ИОЛ пайдалана отырып интраокулярлық коррекция жасау.

Жансыздандыру жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін.

Операция: көзбұршақты жəне басқа катаракта аспирацияларын механикалық бөлшектеу.

Операцияға көрсеткіштер: көзбұршақтың ісінуі, КІҚ жоғарылауы, ауыру синдромы, көру өткірлігінің төмендеуі.

Операцияның басқа типтері:
13.42 Көзбұршақты жəне катаракта аспирацияларын артқы жету жолы арқылы механикалық бөлшектеу.
13.20 Көзбұршақты сызықтық экстракция əдісі бойынша қапшықсыртылық экстракция жасау.
12.64 Сыртқы трабекулэктомия.
13.71 Катаракта экстракциясы кезінде бір мезгілде көз ішіне жасанды көзбұршақ енгізу.
12.31 Гониосинехия лизисі.
12.14 Иридэктомияның басқа (лазерлік) түрлері.

1. Вискоэластикалық материалдар қолдану арқылы дəрілік емдеуден нəтиже болмағанда гипотензиялық операция жасау.

2. Операциядан кейінгі қабынулық асқынулардың алдын алу үшін антибактериалық жəне қабынуға қарсы емдеу - хлорамфеникол 0,25% 4 рет күніне - 7 күн жəне дексаметазон 0,1% 1 х 6 рет күніне тамызу -7 күн, анальгетиктер - кеторолак - 1 мл 1 рет күніне, 3 күн, диклофенак тб, 25 мг 1 тб 3 рет күніне, 7-10 күн.

3. Операциядан кейінгі айқын қабыну кезінде - қосымша қабынуға қарсы жəне тарқату терапиясы: дексаметазон 0,5-1 мл парабульбарлық инъекциялар - 8 күн; диклофенак тамшылары 2 тамшыдан 4 рет күніне, 6-9 күн; тропикамид көз тамшылары 1 тамшыдан 3 рет күніне, 5-8 күн; парабульбарлық инъекциялар гентамицин 0,5 7 күн; б/і гентамицин инъекциялары 1 г 2 рет күніне, 7 күн; глюкоза 40% тамшы күйінде, аскорбин қышқылы 5% 0,5 парабульбарлы жəне 4,0 бұлшық ет ішіне, нитрофурал 0,02% 2 тамшыдан  күніне 6 рет. Айқын экстракциядан кейінгі реакция кезінде емге преднизолон венаға құйылады (струйно) 90 мг 1 рет күніне, 6-9 күн.

4. Таңғыштар.

Аурудың қалыпты ағымында - ем 7 тəулік, асқынған ағымында - 10 тəулікке дейін.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дифенгидрамин сыртқа қолданылатын гель 20 г
2. *Хлорамфеникол көз тамшылары
3. *Дексаметазон ерітінді (көз тамшылары) 0,1% 10 мл
4. *Диклофенак натрия 25 мг, 100 мг, 150 мг табл., көз тамшылары
5. *Кеторолак инъекцияға арналған ерітінді 1 мл/30 мг
6. *Атропин ерітінді (көз тамшылары) (сульфат) 0,1%, 0,5%, 1% 1 мл-ден
7. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
8. Декстроза көз тамшылары
9. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл
10. *Нитрофурал көз тамшылары
11. *Преднизолон инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл
12. *Тропикамид көз тамшылары 0,5%, 1% 5 мл-ден

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: КІҚ қалпына келуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: ісінген катарактаның болуы, көздің ауыруы, КІҚ жоғарылауы.

Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу алдындағы қажетті тексеру шаралары: эхография, терапевт консультациясы, көздің өткірлігін тексеру, биомикроскопия, тонометрия, периметрия, ЖНА, ЖҚА, бактериялық себу жасау үшін көзден жағынды алу, нəжісті құрттарға тексеру, АЛТ, АСТ, ВИЧ, флюорография, электрокардиограмма, қандағы қант мөлшерін анықтау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. EBM Guidelines. Glaucoma. 2004. 2. Rossetti L., Marchetti I., Orzalesi N. Randomised clinical trials on medical treatvent of glaucoma: are they appropriare to guide clinical practice? // Arch. Ophalmol/ - 1993, 111: 96- 103. 3. Glaucoma Laser Trial Group. The glaucoma laser trial (GLT) and glaucoma laser trial followup study: results. Am. J. Ophtalmol 1995, 120: 718-731. 4. Migdal C, Gregory W., Hitchins R., Kolker AE. Long-term functional outcome after early surgery compared with laser and medicine in open angle glaucoma. Ophthalmology 1994, 105: 1651-1657. 5. Collaborative normal-tension glaucoma study group. The effectiveness of intraocular pressure reduction in the treatment of normal 0tension glaucoma. Am.J.Ophtalmol 1998, 126: 498-505. 6. Edwards RS. A comparative study of Ocuset Pilo 40, intensive pilocarpine and low-dose pilocarpine in the initial treatment of primary acute angle-closure glaucoma. Curr Med Res Opin 1997, 13: 501-509.

Ақпарат


Краморенко Ю.С., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх