Гипертензивті энцефалопатия

H-Т-031

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Гипертензивная энцефалопатия (I67.4)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Гипертензивті энцефалопатия
– ауыр артериалдық гипертония 
туындатқан неврологиялық тапшылықпен бірге жүретін, ми қанайналымының бұзылу синдромы. Бұл өмірге қатер төндіретін, ауыр гипертензивтік жағдайда туындайтын нысана-ағзалардың зақымдалу формасы. Бас ауыру, жайсыздық, жүрек айну, құсу, естің бұзылуы жəне құрыспалық талмалар клиникалық симптомдары болып табылады. АҚ төмендеуі негізінен жағдайдың тез жақсаруына алып келеді. Диагноз, АҚ төмендеу фонында, неврологиялық бұзылулардың жоғалуына дейін күмəнді болып көрінеді. Бұл кезде зақымдалған бас миының жағдайы, басты ретте тез дамитын ісінулермен шартталған.

 
Хаттама коды: H-Т-031 "Гипертензивті энцефалопатия"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ 10 бойынша коды (кодтары):  I67.4 Гипертензивті энцефалопатия

Жіктемесі


Ми қантамырлық ауруларының жіктемесі (Шмидт Е.В.,1985):
1. Ми қанайналымының бұзылуына алып келетін аурулар жəне патологиялық жағдайлар.
2. Ми қанайналымының бұзылулары:
- мидың қанмен қамсыздану жеткіліксіздігінің алғашқы көріністері (МҚҚЖАК);
- ми қанайналымының ауыспалы бұзылулары (МҚАБ), олар ажыратады: транзиторлық ишемиялық шабуылдар жəне гипертониялық церебралдық криздер (ГЦК);
- жіті гипертензивті энцефалопатия.
3. Инсульт.

Қауіп-қатерлі факторлар


Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- кенеттен көтерілген АҚ 220/120 мм.с.б. жоғары;
- жүрек айнумен, құсумен бірге жүретін үдемелі бас ауыру;
- сергектік деңгейінің төмендеуімен қоса, естің бұзылуы;
құрыспалық синдром;
- неврологиялық бұзылулар (аяқ пен қолдағы рефлекстердің диссоциациясы, көз алмасының нистагмдік қозғалыстары).

Жоспарлы госпитализациялау үшін көрсетімдер:
-  АҚ 220/120 мм.с.б. жəне одан жоғары біртіндеп жоғарылауы;
- «Шашыранды» дөрекі емес неврологиялық симптоматиканың пайда болуы.

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер:
- АҚ айтарлықтай артуы (250/130 мм.с.б. жəне жоғары);
- Жүрек айнумен жəне қайталамалы құсумен жүретін үдемелі бас ауыру;
- Естің өзгеруі (кереңдену, сопор);
- Құрысқақтық синдром;
- Көрулік бұзылыстар;
- Көз түбіндегі өзгерістер;
- Жоғарылаған ликворлық қысымның болуы.
 
Шағымдар жəне анамнез (ауыру синдромы туындауының мінезі мен көріністері):
- Жүрек айнумен, құсумен бірге жүретін үдемелі бас ауыру;
- Сергектік деңгейінің төмендеуімен қоса, естің бұзылуы;
- Құрыспалық синдром;
- АҚ жоғарылауымен жəне АҚ төмендеу фонында тез үдеумен білінетін көрулік бұзылыстар (фотопсия, скотома, көру жітілігінің төмендеуі жəне басқалар);
- Анамнезде қатерлі артериалды гипертензияның болуы.
 
Физикалық зеттеулер
1. Науқасты жату немесе отыру, жəне 2 минуттан кем емес тұрып тұру кезінде 2 минут аралықпен екі реттік немесе одан да көп АҚ өлшеу қажет.
2. Қарсы қолдағы АҚ (егер нəтижелер 4 мм.с.б., асса, жоғары көрсеткіштер ескеріледі).
3. Офтальмоскопия (көз түбін зерттеу): гипертониялық ретинопатия стадиясын анықтау.
4. Бастапқы ахуалды бағалау үшін неврологиялық зерттеу: Жалпымилық жəне гипертензивті синдромдар, аккомодация жəне конвергенция бұзылулары, менингизм көрінісі, сіңірлік-рефлекстік сфера жандануы. Эмоционалды-еркіндік бұзылыстары.
 
Инструменталды зерттеулер
ЭЭГ суреті клиникалық көріністерге сəйкес: негізгі ырғақтар дезорганизациясы фонында баяу толқындар байқалады, кейде туындайтын эпилепсияформалы разрядтар тіркеледі. Көрулік бұзылулар кезінде ЭЭГ- өзгерістер шүйде аумағында басым болады.

Бастың КТ жəне МРТ кезінде, шүйде немесе төбе-шүйделік орналасудағы субкортикалды ақ затқа сəйкес, симметриялы көптеген ошақтық өзгерістер мен қосылған гиподенситивті алаңдар анықталады. Жиірек дəл осындай өзгерістер мишықта, ми бағанында, үлкен жартышардың басқа аумағында анықталады. Айтарлықтай «масс-эффект» белгілерін, кейде – бүйірлік қарыншалардың компрессиясын байқауға болады. Нейровизуализацияның өзекті əдісі болып бастың Т2 режиміндегі МРТ табылады.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
Нысана-ағзалардың зақымдануын анықтау үшін: терапевт, кардиолог, офтальмолог, эндокринолог, нефролог (сол қарынша гипертрофиясы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, ЭКГ ишемиялық өзгерістер, қанда глюкоза деңгейінің өзгеруі) консультациялары.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі
АҚ өлшеу, қанның жалпы анализі, зəрдің жалпы анализі, офтальмоскопия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
- КТ жəне/немесе МРТ;
- МРТ – ангиография, нысана-ағзалардың зақымданыун анықтау үшін жүргізеді ЭКГ;
- Эхокардиография;
- Ұйқы, жамбас жəне сан артериялары, аортаның атеросклероздық зақымдануының ультрадыбыстық немесе рентгеноангиографиялық белгілері.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер
 
Нысана-ағзалардың зақымдануын анықтау үшін, қан сарысуының креатининін, зəрдегі белок пен клеткаларды анықтау.
 
Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп-қатерлі факторларын анықтау үшін, аш қарынға қандағы глюкоза, жалпы холестерин деңгейін анықтайды.

Бірнеше қосымша диагностикалық шаралар жүргізілуі мүмкін:
- Белок құрамына микроальбуминурия немесе зəрді порциялы зерттеу;
- Қан сарысуындағы кальций деңгейін, зəр қышқылы, аш қарынға липидтік профиль, тиреотроптық гормон деңгейін анықтау;
- Сол қарыншаның мүмкін гипертрофиясын анықтау үшін эхокардиография;
- Жұлынми сұйықтығының қысымы 180 мм су. бағ. жоғары, ал кейде 300-400 мм су.бағ. дейін жетеді;
- Белоктың құрамы жəне клеткалық құрамы физиологиялық норма 
шеңберінде қалуы мүмкін, бірақ бірқатар жағдайда бұл көрсеткіштер жоғарылаған (əсіресе белок).

Дифференциалды диагноз


Дифференциальный диагноз

Белгілер Гипертензивті энцефалопатия
Гипертониялық
церебральді
криз
Неврологиялық симптоматика
Жалпымилық жəне ошақтық 
симптоматика қайталамалы 
гипертониялық криз кезінде
саты тəрізді артады
Жалпымилық симптоматика
Анамнез
Ұзақ қатерлі артериалдық
гипертония
Артериалдық гипертония криз мінезді
Лабораторлық деректер
Нысана-ағзалардың
зақымдануына байланысты
Физиологиялық норма шеңберінде
Инструменталдық деректер
Көз түбіндегі өзгерістер,
жоғарылаған ликворлық қысым; КТ жəне/ немесе МРТ
құрылымдық өзгерістер
Жоқ
Диагнозды растау
Ісінуге қарсы терапияға жауап
ретінде симптомдардың тз
регрессі жəне АҚ шұғыл түсуі
АҚ жоғарылауы
Аяқталу
Емді кеш бастау кезінде ОГЭ аяғы
лакунарлық жəне қабықтық жəне
паренхиматоздық қанқұйылулар 
болуы мүмкін
Емді кеш бастау кезінде ГК
аяғы ОГЭ болуы мүмкін
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
Шұғыл ем жəне витальдік функциялардың үздіксіз мониторингін жүргізу үшін, міндетті түрде интенсивті терапия (жансақтау бөлімшесі) палатасына жатқызу. ОГЭ науқастар неврологпен жəне реаниматологпен, көрсетімдер бойынша басқа мамандық дəрігерлерінде бақылануы қажет.
Егер систолалық Ақ 200 мм с.б. жоғарыламаса, диастолалық АҚ 120 мм с.б. жоғарыласа антигипертензивтік препараттарды парентералды енгізуге болмайды. Тек қана систолалық АҚ 210 – 200 мм.с.б. жоғары болғанда ғана клонидин, дибазол, каптоприл тағайындауға болады. АҚ бастапқы шамасынан 20 - 25% артық төмендетпеу қажет, АҚ 160 мм.с.б. артық төмендетілмеуі қажет. АҚ қатты төмендету бас миының ишемиясын туындатуы мүмкін.
- АҚ бастапқы деңгейден 25% төмендету (оңай дозаланатын АПФ ингибиторларын, альфа-бета-адреноблокаторларды, бета-адреноблокаторларды қолдану, вазодилатяциялық əсердегі препараттарды пайдалану қарсы көрсетілген);
- Дегидратацтялық терапия (осмостық диуретиктер, кортикостероидтер);
- Гипервентиляция;
- Нейропротекторлар;
- Ангиопротекторлар;
- Гемангиокорректорлар (биореологиялық препараттар – плазма, төменмолекулярлы декстрандар);
· Симптоматикалық ем (құрысуғақарсы, құсуғақарсы препараттар, анальгетиктер, ұйықтататын жəне басқа.).
 
Дəрі-дəрмексіз ем

Гипертензиямен науқастар үшін өмір салтын өзгерту:

 
1. Жеңіл гипертензиямен адамдарға қан қысымын төмендету үшін жаяу жəне велосипедпен жүруді, жүзуді қоса аптасына 3-4 рет 50-60 мин ұзақтықта аздаған физикалық жаттығулар ұсынылады (B нұсқамасының градациясы).
 
2. Алкогольді пайдалану дені сау адамдар үшін, күніне 2 дозадан аспау қажет жəне аптасына 14 стандарттық доза ерлер үшін жəне 9 əйелдер үшін (бір доза 15 мл таза этанолға тең) (B нұсқамасының градациясы).
 
3. Дене салмағының индексі 25 астам науқастарға, əсіресе гипертониктерге салмақты төмендету ұсынылады (B нұсқамасының градациясы).
 
4. 44 жастан үлкен гипертониктерге тұзды пайдалануды күніне 90-130 ммол/л дейін шектеу қажет (B нұсқамасының градациясы).
 
5. Қан қысымын төмендету үшін, төмен құрамдағы майлар, жеміс-жидектерге бай диета ұсынылады (B нұсқамасының градациясы).
 
Дəрі-дəрмектік ем
Ерекше ауыр жағдайларда аздаған гипервентиляция режимінде 
өкпенің жасанды вентиляциясы қажет болады.

Антигипертензивті терапия: АПФ ингибиторларын қолдану көрсетілген, мысалы, эналаприл 10-20 мг/тəулігіне дейін; периндоприл 4-8 мг/тəулігіне дейін; рамиприл 5 мг/тəулігіне дейін, сонымиен қатар селективті бета блокатор – бисопролол 2,5 нан 10 мг/тəулігіне дейін, конкор, қапталған таблеткалар 5 мг, 10 мг.

Дегидратациялық терапия: Маннитол немесе маннит 0,5 – 1,5 г/кг есебінен – 15% флаконда 200-400 мл вена ішіне тамшылатын; Кортикостероидтар ісінуге қарсы заттар есебінде қолданылады, бірақ жоғары АҚ кезінде олардың тағайындалуына абаймен қарайды. Көп жағдайда дексаметазон вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 4 мг в 1 мл 5-6 күн бойы дозаны аздап төмендетумен қабылданады.
 
Метаболиттік терапия: бұзау қанының депротеинизирленген дереваты 1000-2000 мг вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітінді араластырып 10-14 күн бойы тəулігіне 1-2 реттен құяды; сонан соң 1 таблеткадан форте 200 мг 6 ай бойы күніне 3 реттен. Инстенон 2 мл вена ішіне тамшылатып физиологиялық ерітіндіге араластырып тəулігіне 1 рет 10 күн бойы; сонан соң 1 таблеткадан күніне 3 рет, 6 апта бойы.

Симптоматикалық ем (құрысуға қарсы, құсуға қарсы препараттар, анальгетиктер, ұйықтататын препараттар).

Құрысуға қарсы терапия: Диазепам 10 мг (седуксен, реланиум 2 мл вена ішіне физиологиялық ерітіндімен араластырып 0,9% -10 мл, немесе бұлшықетішіне 2 мл).
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Маннитол 15% 200 - 400 мл.
2. Клонидин 0,01% - 1 мл.
3. Бисопролол от 2,5 до 10 мг/тəулігіне.
4. Эналаприл до 10-20 мг/ тəулігіне.
5. Периндоприл до 4-8 мг/ тəулігіне.
6. Рамиприл до 5 мг/ тəулігіне.
7. Инстенон 2 мл вена ішіне физиологиялық ерітіндімен араластырып тəулігіне 1 рет 10 күн бойы; сонан соң 1 таблетке форте күніне 3 рет 6 апта бойы.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Диазепам 10 мг.
2. Дипиридамол 25 мг – 3 рет /тəулігіне.
3. Тиклопидин 250 мг – 3 рет /тəулігіне.
4. Пентоксифиллин 5 мл.
5. Дексаметазон 4 мг.
6. Реополиглюкин 200 -400 мл флаконда.
7. Винпоцитин 10 мг – 3 рет/тəулігіне.
8. Флуоксетин 20 мг.
9. Сомнол 7,5 мг/тəулігіне 4 аптадан көп емес (басқа препараттармен əрекеттестігін ескеріп антидепрессанттармен, транквилизаторлармен бірге тағайындауға болмайды).
10. Натрий метамизолы 50% – 1 мл.
11. Димедрол 1% - 1мл.
12. Толперизон 150 мг/тəулігіне.
13. Карбамазепин 200 мг.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: ОНЖ зақымдануының жалпымилық жəне ошақтық белгілерінің болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- Кенеттен көтерілген АҚ 220/120 мм.с.б. жоғары;
- Жүрек айнумен, құсумен бірге жүретін үдемелі бас ауыру;
- Сергектік деңгейінің төмендеуімен қоса, естің бұзылуы;
- Құрыспалық синдром;
- Неврологиялық бұзылулар (аяқ пен қолдағы рефлекстердің диссоциациясы, көз алмасының нистагмдік қозғалыстары).

Жоспарлы госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- АҚ 220/120 мм.с.б. жəне одан жоғары біртіндеп жоғарылауы;
- «Шашыранды» дөрекі емес неврологиялық симптоматиканың пайда болуы.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар (асқынулардың профилактикасы):
- Антигипертензивті заттарды жəне АҚ түзетудің дəрі-дəрмексіз əдісін пайдалану;
- Антигипертензивті заттарды, АҚ ауырлығы мен мінезімен ғана емес, түрлі ағзалардың зақымдалуы болуымен жəне мінезімен, сонымен ақтар жүрек-қантамыр жүйесі мен қосымша аурулардың басқа Қауіп-қатерлі факторларн ескеріп жеке түрде таңдау;
- АҚ əрбір науқас үшін оптимальді цифрға дейін төмендету;
- Науқасты өмір бойы емге бағыттау;
- Қосымша қауіп-қатерлі факторларын түзету.
 
Əрі қарай жүргізу (реабилитация):
1. Ерте басталған реабилитация бұзылған 
функциялардың толық жəне тез қалпына келуіне жағдай жасайды (физиолечение, ЛФК, таңдамалы массаж);
2. Реабилитация ұзақтығы мен кезеңдері. Бұзылған функциялардың қалпына келуі негізінен ОГЭ дан соң бірінші айларда жүреді, бұл кезеңде қозғалулық, психологиялық реабилитация жүргізу тиімді.
Кезеңдер:
- реабилитация, жедел жəрдем машинасымен жеткізілген науқас бөлімшеде жатқан уақыттан бастап, ОГЭ емдеу үшін басталады;
- реабилитация бір айдан соң реабилитациялық орталықта жалғасады;
- амбулаторлық қалпына келтіру емі: жоспарлы диспасерлі тексеру (АҚ тиянақты өлшеу, қарт адамдардағы ортостаттық реакцияны қоса; мүмкін болған жанама əсерлерді бағалау; қан биохимиясының өзгеруін анықтау).
3. 
Реабилитацияның кешенділігіне жылына бірнеше рет кинезотерапия, дəрі-дəрмектік ем кіреді;
4. Жанұясы жəне туыстарымен жұмыс – туыстарының науқаспен ара-қатынасын корригирлеу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. ГЭОТАР_МЕД, М., 2004.Effect of Perindopril on Cerebral Vasomotor Reactivity in Patients With Lacunar Infarction. 2. Matthew Walters, Scott Muir, Imtiaz Shah, Kennedy Lees. Stroke. 2004;35:1899 3. The 2003 Canadian Recommendations for the Management of Hypertension: Therapy. 4. Н.В.Верещагин, М.А.Пирадов, З.А.Суслина Инсульт. Принципы диагностики, лечения и профилактики –М.: Интермедика,2002.-208с. 5. Дональд Е. Райцик, Джексон Т. Райт, Майкл С. Смит. Секреты артериальной гипертонии –Москва, 2005 6. Суслина З.А., Танашян М.М. Антитромботическая терапия в ангионеврологии - Москва: Медицинская книга,2004.110с. 7. Ганнушкина И.В., Лебедева Н.В. Гипертоническая энцефалопатия./АМН СССР.- М.:Медицина,1987.-224с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У.,   АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К.,  АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх