Бауыр трансплантациясы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Алкогольная печеночная недостаточность (K70.4), Алкогольный фиброз и склероз печени (K70.2), Алкогольный цирроз печени (K70.3), Ангиосаркома печени (C22.3), Атрезия желчных протоков (Q44.2), Болезни накопления гликогена (E74.0), Веноокклюзионная болезнь печени (K76.5), Гепатобластома (C22.2), Доброкачественное новообразование печени (D13.4), Другие болезни желчевыводящих путей (K83), Другие врожденные аномалии желчных протоков (Q44.5), Другие врожденные аномалии печени (Q44.7), Другие саркомы печени (C22.4), Другие уточненные болезни печени (K76.8), Другие уточненные раки печени (C22.7), Злокачественное новообразование переднего средостения (C38.1), Злокачественное новообразование печени неуточненное (C22.9), Злокачественное новообразование: поражение желчных путей, выходящее за пределы одной и более вышеуказанных локализаций (C24.8), Инвазия печени, вызванная echinococcus multilocularis (B67.5), Кистозная болезнь печени (Q44.6), Классическая фенилкетонурия (E70.0), Нарушения обмена белков плазмы, не классифицированные (E88.0), Нарушения обмена меди (E83.0), Нарушения обмена цикла мочевины (E72.2), Наследственный дефицит фактора VIII (D66), Острая и подострая печеночная недостаточность (K72.0), Отмирание и отторжение пересаженных органов и тканей (T86), Печеночноклеточный рак (C22.0), Привычный выкидыш (N96), Синдром Бадда-Киари (I82.0), Синдром Криглера-Найяра (E80.5), Фиброз и цирроз печени (K74), Хроническая печеночная недостаточность (K72.1), Хронический активный гепатит, не классифицированный в других рубриках (K73.2), Чистая гиперхолестеринемия (E78.0), Энцефалопатия неуточненная (G93.4)
Трансплантология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның
2017 жылғы «10» қарашадағы
№ 32 хаттамасымен мақұлданған

Бауыр трансплантациясы – бауыр ауруларының терминалды сатыларын  оталы емдеудің ағза алмастыратын/ағзабіріктіретін әдісі болып келеді [1].

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Хаттаманы әзірлеу/қайта қарастыру күні: 2014 жыл (2017 ж. қайта қарастырылған).

Хаттаманы пайдаланушылар: трансплантологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар, инфекционисттар, терапевттер, жалпы практика дәрігерлері.
 
Пациенттердің санаты: ересектер.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі
Көшірілетін ағзаның түрі бойынша:
 
·                   қайтыс болған донордан алынған толық бауырдың трансплантациясы;
·                   қайтыс болған донордан алынған бауырдың бір бөлігінің (редуцивті бауыр немесе бөлінген бауырдың бір бөлігі – сплит-транплантация) трансплантация;
·                   тірі донордан алынған бауыр бөлігінің трансплантациясы
Трансплатнациялау үлгісінің нұсқасы бойынша:
 
·                   бауырдың ортотопикалық трансплантациясы – рецепиенттің алып тастаған бауырдың орнына донорлық бауырды көшіру;
·                   қосымшалы бауырдың гетеротропикалық трансплантациясы – бұл жағдайда бауырдың донорлық тіні рецепиентке отырғызылып, оның өзінің бауыры сақталып қалады.
 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық зерттеулер тізбесі:

·               қан тобын, Rh-факторын анықтау;
·               жалпы қан анализі;
·               жалпы зәр анализі;
·               ашық коагулограммасы (АЧТВ, ПТИ, МНО, А фибриногені, антитромбин-III, D-димер);
·               құрсақ қуысының және өкпеқап қуысының УДЗ;
·               ЭКГ,
·               гепатологтың консультациясы;
·               сифилиске ИФТ;
 
Қосымша диагностикалық шаралардың тізбесі:
·               қанның ашық биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз және ақуыздың фракциялары, электролиттер, трансминаздар, билларубин және оның фракциялары, амилазу, креатинин, несепнәр, аммиак, лактат. С-реактивті ақуыз);
·               ПЦР әдісімен В, С және D гепатиттерінің вирустарын анықтау (сапалы, мөлшерлік талдау);
·               серологиялық әдісімен қанның сарысуында А, М,G класстарының жалпы антиденелерін анықтау;
·               онкомаркерлерді анықтау (CA 19-9, CA 125; АФП; РЭА);
·               зәр және қанның бактериологиялық зерттелуі [27];
·               ИФТ әдісімен қан сарысуында антинуклеарлы аутоантиденелерді анықтау (AMA, ANA);
·               В, С және D вирустық гепатиттерін ИФТ;
·               АИТВ-инфекцияларына қанның анализі;
·               герпес тобының вирустарына ИФТ (герпес 1,2,8, цитомегаловирус, Эбштейн-Барра вирус);
·               иммуногистохимиялық әдісімен моноклиналды антиденелерді қолдана отырып зерттеулерді жүргізу;
·               МРХПГ;
·               асцитикалық сұйықтықтарының бактериалды талдауы;
·               көрсетілімдер бойынша HLA-типтілеу;
·               корсетілімдер бойынша донормен кросс матч;
·               дәрігер-инфекционистпен консультация;
·               қан гормондары: ТТГ, Т4 еркін, Т3 еркін
·               спирография;
·               кеуде қуысының ағзаларының шолулық рентгенографиясы;
·               эзофагогастродуоденоскопия;
·               эхокардиография;
·               құрсақ қуысы тамырларының допплерографиясы;
·               ангиографиясы бар құрсақ қуысының КТ.
·               кардиологтың консультациясы;
·               психологтың консультациясы;
·               дәрігер-инфекционистерінің консультациясы;
·               оториноларингологтарының консультациясы;
·               стоматологтың консультациясы.

Емдеу тактикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ

Емшараларды/араласуды жүргізу мақсаты:
·          Бауыр ауруының терминалды сатысы бар пациентті радикалды емдеу.
 
Емшараға/араласуға көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

Емшараға/араласуға көрсетілімдер:
·               бауырдың ауруының терминалды сатылары, бұл жағдайда өмірінің ұзақтығы 1 жылдан кем құрайды (Child-Turcotte-Pugh бойынша В және С класстары);
·               тұрақты паренхиматозды сарыауруы бар бауыр циррозы;
·               энцефалопатия бар бауыр циррозы;
·               энцефалопатиясы бар бауыр циррозы (оның ішінде TIPS жүргізуден кейін)
·               өңештің кеңейген тамырларынан қайталанбалы қан кетуі бар бауыр циррозы;
·               гепатореналды синдроммен, тұрақты асцитпен, көбеетін бауыр жетіспеушілігімен ілесетін бауыр циррозы;
·               бауырдың ошақты ауруы, бұл жағдайда резекцияны жүргізу техникалық тұрғыдан мүмкін емес (үлкен ошақта немесе көптеген ошақтар болған кезінде);
·               Милан немесе UCSF өлшемшарттары шегіндегі гепатоцеллюлярлы карционамасы;
·               биллиарлы атрезия және өт арналарының туа біткен ауытқулары;
·               асқынған бауыр жетіспеушілігі;
·               өмір сапасын төмендететін бақыланбайтын шыдамсыз тері қышуы;
 
Емшараға/араласуға қарсы көрсетілімдер:
·               жүрек, өкпе ауруы, ОЖЖ декомпенсация сатысында;
·               резистентті туберкулез;
·               АИТВ-инфекциясы;
·               белсеңді фазасындағы сифилис;
·               терапияға бағынбайтын инфекциялар;
·               онкологиялық аурулар, Милан немесе UCSF өлшемшарттары шегіндегі гепатоцеллюлярлы карциномалардан басқа;
·               ішімдік (емдеуге жатпайтын);
·               нашақорлық (емдеуге жатпайтын);
·               пациенттің бауырды көшіруге психологиялық дайындығының толығымен жоқтығы. 

Емшаларды/араласуларды жүргізуге қойылатын талаптар

Қауіпсіздік шараларын, санитарлы-эпидемиологияға қарсы режимді сақтауға қойылатын талаптар  [21]

Жабдықталуына қойылатын талаптар [22,23]:
Техникалық жабдықталу:
·                   кавитационды хирургиялық аспираторлар (ультрадыбыстық және/немесе суағысты);
·                   кесу (тілу) режимдері бар электрохирургиялық коагулятор, коагуляция, тамырлар биполяры және лигирлеу;
·                   қанның үзіліссіз аутотрансфузиясына арналған жүйе;
·                   аспаптардың микрохирургиялық жиынтығы;
·                   стационарлы ота микроскопы;
·                   мобилді рентгенологиялық қондырғысы (С-доғасы);
·                   көпфункционалды жараны кеңейткіші;
·                   оптикалық аспаптары (бинокулярлы лупа);
·                   ерітіндіні жылытатын тез инфузияға арналған аспап;
·                   жасанды қан айналымының аспабы (тамыр-тамырлы айналу – байпас);
·                   бауырдың пункциондық биопсиясына арналған аспап және бір реттік инелер;
·                   орталық гемодинамика мониторингісіне арналған аспап;
·                   анестезияның тереңдігін анықтайтын аспап;
·                   пациенттерді жылытуға арналған аспап:
·                   төменгі көктамырды қысуға арналған қысқыш;
·                   клипсалары бар клипаторлары (кішкентай, орташа, үлкен);
·                   жазық датчигі бар УДЗ аппараты;
·                   суыттатқыш камерасы бар холодильник;
·                   бауырлы графты дауындауға арналған қозғалмалы ота үстелі;
·                   ангиография.

Шығын материалдарына қойылатын талаптар:
·                   тамырларға арналған тігуші аспаптар;
·                   ішектерге арналған тігуші аспаптар;
·                   синтетикалық тамырлы протездер;
·                   екі баллонды катеторлар;
·                   ағзаларды байлауға арналған контейнерлер;
·                   таралып кететін және таралмайтын монофиламентті тігісті материал;
·                   каркасты биллиарды дренаждар.

Пациентті дайындауға қойылатын талаптар:
·                   риа алдында кешке жеңіл ас сағат 18.00 дейін, ота күні – аш қарын;
·                   ішекті тазалау;
·                   ота күні танертен ота белдемін қыру;
·                   отаның алдында барлық гигиеналыө процедураларын жүргізу: ауыз қуысын шаю, тісті тазалау, шешілмелі тіс протездарын шешу; мұрын қуысын тазалау, ер адамдарға қырыну;
·                   хирургиялық пациенттер үшін оталық белдемін стандартты дайындау (асептикалық ерітіндісімен).

Антибиотиктармен профилактикасы:
·               антибиотикті таңдау пациентте анықталған патологиялық флорасының сезімталдылығына сәйкес жүргізіледі;
·               антибиотикті тамыр ішіне отаға дейін 30-60 минут бұрын енгізеді.

Ота кезінде дәрі-дәрмектермен қолдау:
Иммуносупрессивті терапия (транспланттантың қабылдамау профилактикасы мақсатында):
·               метилпреднизолон интраоталық:
-              төменгі көктамырды қысу алдында – 500 мг т/і;
-              траспланттанттың реперфузиясы алдында  – 500 мг т/і;
·               базиликсимаб – 20 мг, т/і, реперфузия алдында (тірі донордан трансслпантациясы кезінде көрсетілімдер бойынша).

B және D гепатитінің вирусымен реиннфекциясының профилактикасы:
В гепатитіне (HBIg) қарсы иммуноглобулинді интраоталық енгізу (агепатикалық кезеңде).

Цитомегаловирусты инфекцияны профилактикалау және емдеу:
ЦМВИ рутиндің профилактикасы D-R- бауыр реципиенттері бар пациенттерге ұсынылмайды. ЦМВИ дамуының жоғары қауіптілігі бар рецепиенттер үшін профилактикасы: валганцикловир ішіне 450 мг, тәулігіне 2 рет (дәрілік заттардың мөлшері бүйрек функциясына тәуелді болады).

Басқа герпестік инфекциялардың профилактикасы (қарапайым герпес, герпес зостер) валацикловирдің көмегімен жүргізіледі, мөлшері  500 мг күніне 2 рет.
·               анестезиологиялық нұсқама;
·               стандартты премедикация;
·               пациент күйінің мониторингісі (5бөліну ЭКГ), IBP, CVP, орталық гемодинамикасын өлшеу (PAР, WP, СО, CI, PVR), пульсоксиметрия, пациенттің температурасы, капнография);
·               тромбоэлластографияның бақылауымен  гемотрансфузионды терапия [24]:
·               жаңадан мұздатылған плазма;
·               криопреципитат;
·               тромбомасса;
·               эритроцитарлы масса.
Когулопатикалық қан кетулерде гемостатикалық терапия:
·               октаплекс 0,9-1,9 мл/кг, ең жоғарғы бір реттік мөлшері 3.000 МЕ.
Емдеуге арналған қажетті мөлшерін есептеу негізінен ІІ фактордан 1МЕ немесе 1 кг салмағына Х фактордан эмпирикалық есептеуден құралады, сәйкесінше, ІІ және Х плазмалы факторларының белсеңділігі 0,02 және 0,017 МЕ/мл жоғарлайды.
·               эптаког альфа:
-              алғашқы мөлшері 90 мкг/кг;
-              екінші мөлшері 2 сағаттан кейін енгізіледі;
-              кейін дәрілік зат бірінші 24-48 сағат ішінде 2-3 сағаттық аралықпен енгізіледі және пациентке жүргізіліп жатқан араласу мен клиникалық күйіне байланысты болады.

Портальнды  гипертензияны емдеу:
·               пропранолол 20—180 мг, тәулігіне 2 рет немесе  карведилол 6,25 - 25 мг/тәу склеротерапия немесе варикоз тамырларын байлаумен бірге жүреді.

Қан кетуді тоқтату:
·               терлипрессин 1 мг т/і ағыспен, кейін 24 сағат бойы әр 4 сағат сайын 1 мг енгізу.
·               соматостатин* порталды гипертензия кезінде 250 мг-мен т/і болюсті, кейін 1 сағат ішінде  250 мг т/і (инфузияны 5 күнге дейін жүргізуге болады).
(NB! *дәрілік зат ҚР территориясында тіркелгеннен кейін қолданылады).

Окпелі гипертензияны емдеу:
·               азот монооксиді 10-40 ppm (тромбоциттер және мет–Hb бақылау астында);
·               илопрост ингаляции 2,5 мкг;
·               фосфодиэстераза ингибиторлары V (силденафил) 25-300 мг/тәу.

Ота:  
Бауыр графтісіні дайындау (толық ағзаны немесе оның бір бөлігін (Baсk Table): 
Бауыр графтісін трансплантациялау үшін консервациялау және дауындау: донорлік бауыр (кадаврдан) немесе бауырдың бір бөлігін (тірі донордан) ота жағдайларында, жеке ота үстелінде жүргізіледі (Back table).
Донорлік бауыр немесе бауырдың бір бөлігі  мұзды сынықтарымен толтырылған арнайы лотокқа салынады, кейін графт өлшеніп, тамырлы және биллиарлы құрылымдарның диаметрлері өлшенеді.
Кейін қан (қақпалы)  көктамыры, сосын инкреторлы (бауыр) көктамыры канюляцияланады, кейін бауыр графтісі артерия немесе көктамыр арқылы 1000 ед. гепарині бар физиологиялық ерітіндісімен, кейін консервирлеуші ерітіндісімен «таза суға» дейін жуылу/перфузиясы жүргізіледі (мысалы, Кустодиол немесе Висконсин универсиетінің консервилеуші ерітіндісімен 1000-3000 мл).
Перфузиядан кейін, қан және инкеторлы тамырларының, сонымен қатар анастамоздарды қалыптастыру үшін  өт арнасының препарациясы жүргізіледі.
Исмплатанция алдында 5% альмубин ерітіндісімен графтың жуулыуы/перфузиясы жүргізіледі.
Отаның негізгі сатысын жүзеге асыратын бригаданың дайындығы бойынша бауыр графтісі бар лоток трнасплантацияны жүргізу үшін оталық үстелге трансплантацияланады.

Рецепиентке бауырды трансплантациялау:
Ота жүргізгенге дейін қанның реинфузиясы үшін аспапты және жалпы тамыр-тамырлы шунттау аспабын (оларды қолдану жоспарлау кезінде) жұмысқа дайындау, сонымен қатар энергетикалық коагуляциялық-ультрадыбыстық кешенді, операциялық микроскопты дайындау жүргізіледі.

Пациенттің орналасуы: шалқасынан жату.

Ауырсынуды басу: жалпы анестезия.
NB! Орталық тамырлардың катертеризациясы (4 дейін), сәулелеу артериясының, пульс-оксиметрия датчигі және инвазивті қысымды, жүрек шығарылымын, дене темпаратусының, ЭКГ, демалу механикасы, демалатын/дем шығаратын газ қоспасының газды құрамының катертеризациясы жүргізіледі.

Рецепиентте оталық өрісін өңдеу: антисептикалық ерітінділерді қолдану арқылы үш реттен кем емес.
Оталық кесу:
·                   Старлз кесуі («Мерседес» белгісінің типі бойынша үшсәулелеу пішінінің лапартомиясы) ( 1 сурет).

1 сурет.  Старлз кесуі
 
Құрсақ қуысының ағзаларының ревизиясы:
Құрсақ қуысының ағзаларының ревизиясы, бауыр, көк бауыр күйінің бағалануы, тамырлы коллатералдердің көріну дәрежесі, асцитикалық сұйықтықтардың бактериологиялық талдауы жүргізіледі.
Холецистэктомия жүргізіледі.
Гиперспленизм синдромы бар айқын спленомегалия жағдайларында спленэктомия жүргізілуі мүмкін. 

Бауырдың сол және оң жағының мобилизациясы:
Сатымен бауырдың артқы жағының көктамырдан босата отырып ұсақ дәрежелі тамырлардың легирлеу және қиылу арқалы бауырдың  сол және оң жақ бөліктері мобилизацияланады.
Төменгі көктамырдың бауыр үсті бөлімі бөлінеді, бауыр тамырлары дифференцияланады. Бауырлы артериалды таяқшасының, жалпы порталды тамырының, гепатикохоледоханың созылымымен гепатодуоденалды байланысу элементімен дифференциалданады. Төменгі көктамырдың бауыр асты бөлімі бөлінеді.
Жалпы тамыр-тамырлы шунттау аспабын қосылуы жүргізіледі (сонымен қтар тамыр-тамырлы шунттау аспапсыз оталар да жүргізіледі).
Белгілі реттілікпен қанды және инкреторлы тамырлары қысылады: бауыр артериясы, порталды жүйесінің тамыры, төменгі көктамырға түсетін өт арнасы және тамырлары (бауыр тамырының тармақтары). Анастамозға кіруге жоспарланбаған өт арналары қысылады, қолмен тігіліп қойылады. Тамырлы қысқыштарда анастамоздар жүргізілу жоспарланған тамырлы құрылымдар (бауыр артериясы, көктамыр, бауыр тамыры) қиылады. Анастамозға кіргізуге жоспарланбаған тамырлар тармақтары қолмен немесе аспапты әдіспен тігіледі.

Гепатэктомия:
·          гепатэктомия жүргізіледі;
·          төменгі көктамырдың жартылай немесе толық қысылуы жүргізіледі;
·          рецепиенттің тамырлы және биллиарлы элементтерінің өлшенуі жүргізіледі.  

Бауыр графтісінің имплантациясы:
Тамыр-тамырлы анастамоздың қалыптасуы:
Алшақтаған бауырдың позициясында ертеде дайындалған графт орналастырылады.
Рецепиенттің бауыр тамырларының және графтың бауырлы тамырларының бағаналары арасында анастамоз келесі екі әдістің бірімен «пролен 4,0» немесе «пролен 5,0» жіптерімен үзіліссіз тігіс арқылы қалыптасады:
·                «шеті шетіне» (бауыр фрагментінің имплатанциясы кезінде);
·               «жақ-жақ» кең кава-кавалды анастамозбен («Piggy back» типі бойынша анастамоз) (толық донорлық бауырды имплатанциялау кезінде).

Порталды жүйесінің тамырлары арасындағы анастамозды қалыптастыру:
Рецепиенттің порталды жүйесінің тамыры және бауыр графтісінің қақпалы тамыры арасында «пролен4,0» немесе «пролен 5,0» жібімен «шеті шетіне», сонымен қатар бірқатарлы тігіспен анастамоз қалыптасады.

Қан айналымын қосу (реперфузия):
Төменгі көктамыр және қақпалы тамыр арасында қысқыштар сатылы шешіледі (анастезиологтардың келісімімен).
Донорлық бауыр мен құрсақ қуысы жылы физиологиялық ерітіндісімен жуылады.
Бақылаулы ультрадыбысты доплерография  жүргізіледі, бауырдың ішінде тамырлы қан айналымы бағаланады.

Артериалды анастамозды қалыптастыру:
Оталық микроскопты пайдалана отырып «пролен 7,0-8,0» жіптерімен «шеті шетіне», түйінді тігістермен рецепиент және графтың артериалды құрылымдарының анастамозының қалыптасуы жүргізіледі.
Бақылаулы ультрадыбысты доплерография  жүргізіледі, бауырдың ішінде тамырлы қан айналымы бағаланады.

Биллиарлы жүйесі анастомозының қалыптасуы келесі жолмен жүргізіледі:
·               «шеті шетіне» билио-билиоанастомозы.
·               аш ішектің Roux ілмегі бойынша қалыптасқан билиодегистивті анастомоз (өт арналарының күрделі анатомиясы кезінде).
Анастамоздарды тігу каркасты дренажда немесе онсыз 4-0 немесе 5-0 монофилиментті синтетикалық тарап кететін тігісті материалмен бір қатарлы түйінді тігістермен тігіледі (өт арнасы/арналарының өлшемдеріне байланысты).
Өт шығарушы жүйесінің сыртқы дренажы: өт шығаратын жолдарының декомпрессиясын құрастыру және отадан кейінгі кезеңде өт шығарушы жолдарының күйін бақылау мақсатында (3 айға дейін қалдырумен).
Өттің ағып кетпеуіне бақылау жүргізіледі: дренажды құбыр арқылы метиленді көк бояу енгізіледі. Қалыптасқан анастамоздардан және/немесе ұсақ өт арналарынан өттің ағып кетуі анықталған кезінде оларды тігісті материалмен тігілу жүргізіледі (пролен 4,0-5,0).

Отадан кейінгі гемостаздың бағалануы:
Қан кетуін анықтау үшін құрсақ қуысын тексерілу жүргізіледі.
Қан кетуі анықталған кезінде тігісті материалмен тігілу жүргізіледі (пролен 4,0-5,0).

Отаның аяқталушы сатысы:
Гемостатикалық жөргек пен майлықтар есептеледі.
Бақылаушы дренаждар орнатылады – оң жақты диафрагма асты кеңістігіне, бауыр асты кеңістігіне және кіші жамбасқа.
Жара қабат қабатпен тығыз тігіледі.
Жараға асептикалық таңу салынады.

Отадан кейінгі кезеңде рецепиенттерді емдеу/жүргізудің негізгі әдістері: антибактериалды терапия, иммуносуппресивті терапия, вирусқа қарсы терапия, зеңге қарсы терапия, сиптоматикалық және сндромалды емдеу клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Емдеудің басқа түрлері: фульминантты бауырлы жетіспеушілік/көрінбелі бауыр-жасушалы жетіспеушілігі кезінде:
·               плазмаферез;
·               альбуминді диализ (МАРС-терапиясы);
·               бауырлы-бүйректі жетіспеушілік кезінде;
·               гемодиализ. 
 
Емшара тиімділігінің индикаторлары 
·               қан көрсеткіштерінің қалпына келуі (тромбоциттер, жалпы ақуыз,  альбумин, несепнәр, креатинин, жалпы билирубин, АлТ, АсТ, ГГТП, сілтілі фосфатаза, триглицериды, лактат, МНО, протромбинді индексі, АЧТВ).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Testa G, Malago´ M, Valentı´n-Gamazo C, et al. Biliary anastomosis in living related liver transplantation using the right liver lobe: techniques and complications. Liver Transpl. 2000; 6:710–4. 2) Gondolesi GE, Varotti G, Florman SS, et al. Biliary complications in 96 consecutive right lobe living donor transplant recipients. Transplantation. 2004; 77:1842–8. 3) Belghiti J, Guevara OA, Noun R, et al. Liver hanging maneuver: a safe approach to right hepatectomy without liver mobilization. J Am Coll Surg. 2001; 193:109–11. 4) Fan ST, Lo CM, Liu CL, et al. Biliary reconstruction and complications of right lobe live donor liver transplantation. Ann Surg. 2002; 236:676–83. 5) Varotti G, Gondolesi GE, Goldman J, et al. Anatomic variations in right liver living donors. J Am Coll Surg. 2004; 198:577–82. 6) Walter M., Pascher A., Papachristou C. et al. Psychological and somatic aspects of living liver donors: preoperative assessment and postoperative course. Dtsch. Med. Wochenschr. 2005 V. 29. N 130(30). P. 1749-1755. 7) Lo C.M. Complications and long-term outcome of living liver donors: a survey of 1,508 cases in five Asian centers //Transplantation. 2003. V. 15. N 75. P. 12-15. 8) Olthoff KM, Merion R.M., Ghobrial R.M. et al. Outcomes of 385 adult-to-adult living donor liver transplant recipients: a report from the A2ALL Consortium // Ann. Surg. 2005. V. 242. N 3. P. 314-323. 9) Broering D.C., Wilms C., Bok P. et al. Evolution of donor morbidity in living related liver transplantation: a single-center analysis of 165 cases//Ann. Surg. 2004. V. 240. N 6. P. 1013-1024. 10) Lo CM., Fan S. Т., Liu C.L. etal. Lessons learned from one hundred right lobe living donor liver transplants // Ann. Surg. 2004. V. 240. N l.P. 151-158. 11) Константинов Б.А., Готье С.В., Ерамишанцев А.К. және басқалар. Ресейлік Ғылыми Хирургия Орталығында бауырды трансплантациясы: 15 жылдық тәжірибе // Ағзалардың клиникалық трансплантациясы бойынша конференция материалдары. М., 2005. С. 133-134. 12) Готье С.В., Цирульникова О.М. Бауырдың ортотопикалық трансплантациясы. // Клиникалық трансплантология. М., 2004. С. 121-131. N 75 (3 Suppl). P. S37-40. 13) Rainer W.G. Gruessner, Enrico Benedetti//Living donor organ transplantation. McGraw-Hill, 2008. p.438-458. 14) Rainer W.G. Gruessner, Enrico Benedetti//Living donor organ transplantation. McGraw-Hill, 2008. p.533-569. 15) Davis C.L., Feng F., Sung R., et al. / Simultaneous liver-kidney transplantation: evaluation to decision making. American journal of transplantology. 2007; 7:1702-1709. 16) Kareem Abu-Elmagd, Jorge Reyes, Geoffrey Bond et al / Clinical Intestinal Transplantation: A Decade of Experience at a Single Center. Annals of surgery. Vol. 234, No. 3, p.404–417. 17) Brian I. Carr // Hepatocellular carcinoma, diagnosis and treatment. 2nd edition. Humana press 2010, p.467-491. 18) Rea D.J., Heimbach J.K., Rosen C.B., Haddock M.G., Alberts S.R., Kremers. W.K., et all./ Liver transplantation with neoadjuvant chemoradiation is more effective than resection for chilar cholangicarcinoma. Annals of Surgery 2005; 242: 451-8. 19) Emir Hoti, Rene Adam. /Liver transplantation for primary and metastatic liver cancers. Transplant International. 21 (2008) 1107–1117. 20) 2012 жылдың 17 қантарынан № 87 Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау нысаналарына санитарлы-эпидемиологиялық талаптары» санитарлы ережелеріне сәйкес қауіпсіздік шаралары және эпидимияға қарсы режим . 21) 2011 жылдың 3 қарашасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. №763 «Нейрохирургиялық көмекті көрсететін медициналық ұйымдардың әрекеті туралы Ережесін бекіту турады» бұйрығы. 22) 2013 жылдың 29 наурыздан ҚР ДСМ №199 «Қазақстан Республикасының ағзалар мен тіндерін трансплантациялау қызметін дамыту бойынша шаралар туралы» бұйрығы 24) 2012 жылдың 26 шілдеден Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің № 501 «2009 жылдың 6 қарашадан Қазақастан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. №666 «Қан және оның компоненттерінің номенклатурасы, қайта өңделуі, сақтау, жүзеге асыру дайындау ережесі, сонымен қатар қан, оның компоненттерін және заттарды сақтау, қайта құю ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы» бұйрығы. 25) Long-term management of the successful adult liver transplant: 2012 practice guideline by the American Association for the Study of Liver Diseases and the American Society of Transplantation. GUIDELINE SUMMARY https://guideline.gov/summaries/summary/46232-2013 JAN. 26) «Бауыр трансплантациясы» клиникалық хаттамасы 2014 жыл.

Ақпарат


АХЖ-10 Коды(тары):
АХЖ-10
Коды Атауы
В67.5 Echinococcus multiocularis табылған бауыр инвазиясы
C22 Бауырдың қатерлі жаңатүзілімдері және бауыр ішіндегі өтті ағындары
С22.0 Бауыржасушалы обыр
C22.2 Гепатобластома
С22.3 Бауырдың ангиосаркомасы
С22.4 Бауырдың басқа да саркомалары
С22.7 Бауырдың басқа да нақтыланған обыры
С22.9 Бауырдың нақтыланбаған қатерлі жаңатүзілімдері
С24 Өт шығаратын жолдарының басқа да және анықталмаған бөліктерінің қатерлі жаңатүзілімдері 
С24.8 Жоғарыда аталған бір немесе бірнеше оқшаулау шегінен шығып жатқан өт долдарының қатерлі зақымдалуы
С38.1 Гемангиоэндотелиома
D13.4 Бауырдың қатерсіз және қатерлі ісіктері: (бауырдың гемангиоматоз; аденоматоз; гамартоматоз; поликистоз; бауырдың басқа да қатерсіз және қатерлі ісіктері)
D66 Гемохромтоздың даму жағдайларында А гемофилиясы
Е70.0 Тирозинемия
Е72.2 Несепнәр синтезі циклінің бұзылуы
Е74.0 Гликогеннің жиналу ауруы (Гирке ауруы)
E78.0 Отабысылық гиперхолестеринемия
Е80 Эритропоэтикалық протопорфирия
E80.5 Криглера-Найяр синдромы
Е83.0 Вильсон-Коновалов ауруы
Е88.0 α-1-Антитрипсин тапшылығы
G93.4 С-протеин дефициті
I82.0  Бауыр тамырының тромбозы немесе Бадда-Киари синдромы
К70.2 Ішімдікті фиброз және бауыр  склерозы
К70.3 Бауырдың ішімдікті циррозы
К70.4 Ішімдікті бауыр жетіспеушілігі
K72.0 Асқынған және асқыну жағдайындағы бауыр жетіспеушілігі
К72.1  Созылмалы бауыр жетіспеушілігі
К73.2 Аутоиммунды гепатит нәтижесіндегі бауыр циррозы
К74.0  Бауыр фиброзы
К74.1 Бауыр склерозы
К74.2  Склерозы бар бауыр фиброзы
К74.3 Алғашқы  билиарлы циррозы
К74.4 Екінші дәрежелі билиарлы циррозы
К74.5  Билиарлы цирроз, анықталмаған
К74.6  Басқа да және анықталмаған бауыр циррозы
К76.5 Бауырдың тамырлы окклюзивті ауруы
К76.8 Отбасылық  холестатикалық синдромы
К83 Екінші дәрежелі склерозды холангит
N96 Sea-blue гистиоцитарлы синдромы
Р98.3 Нейман-Пик ауруы
Т86 Ретрансплантация (созылмалы ағзаның қабылдамауы, бірінші әрекет етпейтін трнасплантант, диффузды аурулардың рецидиві нәтижесіндегі трансплантанттың созылмалы дисфункциясы, курабелді биллиарлы стриктуралары, трансплантантта дамитын бауыр циррозы)
Q44.2 Билиарлы атрезия
Q44.6 Бауырдың кистозды ауруы
Q44.5 Өтті ағындардың туа біткен ауытқулар
Q44.7 Бауырдың басқа да туа біткен ауытқулары
Q44.5 Кароль аурулары

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
т/і тамыр ішіне
б/і бұлшықет ішіне
АлТ аланинаминотрансфераза
АсТ аспартатаминотрансфераза
АФП альфа-фетопротеин
БІТУ Белсеңдірілген ішінара тромбопластинді уақыт
АИТВ адамның иммунтапшылығы вирусы
ГГТП гамма-глутамилтранспептидаза
ІҚЖ ішек қарын жолы
ӨЖЖ өкпенің жасанды желдету
ИФТ иммуноферменттік талдау
КТ компьютерлік томография
ХҚҚ халықаралық қалыпты қатынастар
МРХПГ магниттік-резонанстік холангиопанкреатография
ЖҚА жалпы қанның анализі
ЖЗА жалпы  зәр анализі
ШШОҚ шығу шетіндегі оң қысым
ПТИ протромбинді индекс
ПЦР полимеразноцепті реакция
РЭА обырлы эмбрионалды антиген
ТТГ тиреотропты гормон
Т3 еркін трийодтиронин еркін
Т4 еркін тироксин Т4 еркін
УДЗ ультрадыбысты зерттеу
ОЖЖ орталық жүйке жүйесі
ЦМВИ цитомегаловирусты инфекция
ЭКГ электрокардиография
AMA антимитохондриалды антиденелер
ANA антинуклеарлы антиденелер
HLA нuman leukocyte antigen
HBIg иммуноглобулин против гепатита В
IBP Invasive blood pressure
UCSF University of California, San Francisco
PAР рulmonary arterial pressure
PVR рulmonary vascular resistance
Rh-фактор резус фактор
CA 19-9 онкомаркер (көмірсутекті антиген 19-9)
CA 125 онкомаркер (көмірсутекті антиген 125)
СО көмірсутегі монооксиді
CI сardiac index
CVP сentral venous pressure
TIPS тransjugular intrahepatic portosystemic shunt 
WP Wedge pressure
cross-match кросс матч


ХАТТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ  ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып,хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)                Баймаханов Болатбек Бимендеевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы.
2)                Доскали Марлен Акмырзаулы – MD, PhD «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ, ағзалы трансплантациясының ғылыми бөлімшесінің басшысы.
3)                Баймаханов Жасулан Болатбекович – PhD, БҒҚ, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ.
4)                Мутагиров Владимир Владимирович – медицина ғылымдарының кандидаты, ЖҒҚ, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ.
5)                Есмембетов Кахарман Избасарович – медицина ғылымдарының кандидаты, «ұлттық ғылыми онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ гепатология және гатсроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі, Астана қ.
6)                Спатаев Жанат Сейтбатталович – «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, гепатобилиарлы хирургия және бауыр трансплантация бөлімшесінің аға ординатор-трансплантологы, Астана қ.
7)                Юхневич Екатерина Александровна – «Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК клиникалық фармакология және дәлілділік медицина кафедарысының доцентінің м.а., клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Руммо Олег Олегович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, басты штаттан тыс трансплантолог, Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, ғылым және техникасы саласында РҚ мемлекеттік премиясының лауреаты.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: протокол 5 жыл өткен соң және/немесе жоғары дәлділік деңгейі бар диагностика/емдеудің  жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх