Бассүйек-ми жарақаттары

PN-S-006

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Внутричерепная травма неуточненная (S06.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Бас ми жарақаты – бастың зақымдалуы кезінде дамитын 
симптомокомплекс. Жабық бас ми жарақаты бас терісінің бүтіндігінің бұзылмағандығымен, геморрагиялық сұйықтықтың жоқтығымен, яғни мұрын, құлақ жолдарынан геморрагиялық сұйықтық ағуы болмауымен ерекшеленеді. Жоғарыда келтірілген белгілерінің біреуі болса, көрінсе -  бас ми жарақатын ашық деу керек.

 
Хаттама коды: PN-S-006 "Бассүйек-ми жарақаттары"
Хирургия саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  S06 Бас ішілік жарақат

Жіктемесі


Жіктемесі - клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты:
• 1 дəрежесі (төменгі немесе аз қауіп ) – аздаған бас ауырулары немесе болмауы, жүрек айну жəне қысқа уақытқа құсулар,  есін жоғалтумен жалғасады( секундтар) баста соғылу белгілері болуы мүмкін.
• 2 дəрежесі (орташа қауіп ) – есін жоғалту 1 минуттан ұзақ, үдемелі бастың ауыруы, ұйқышылдық, 3 реттен артық құсу, бас айналу, аз уақыттық еске сақтау қабілетінің
жоғалуы болуы мүмкін. Бас сүйегінің сыну белгілері, бет қаңқасы сүйектерінің зақымдалу белгілері, көптеген жарақаттар болуы мүмкін.
• 3 дəрежесі – неврологиялық белгілері, бастың енген жарақаттары.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: жол апатынан болатын политравма, алкогольдық немесе наркотикалық мас болу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Оқиға орнында жағдайды бағалау, травматогенезді бағалау, 
жəбірленушіні тыңғылықты тексеру. Қолда бар белгілердің негізінде бас ми жарақатының ауырлығын бағалау.
Мынадай белгілердің болуы айқын байқалады:
- бас 
ауыру;
- есінің бұзылуы мүмкін;
- бас айналу;
- ұйқышылдық;
- əлсіздік; 
- жүрек айну;
- құсу; 
- ес 
жоғалту;
- тұрақты немесе қысқа уақыттық амнезия.

Бастың шашты бөлігінде жырылулар, 
гематомалар, жарақаттар.  Бір немесе екі жақтық параорбиталдық гематомалар («көзілдірік»).  Бір немесе екі жақтық құлақ тесіктерден, мұрын жолдарынан қанды бөлінулер.

Психоэмоционалдық қозу.  Тырысу ұстамалары, тырысу ұстамасына дайындық. 
Анизокория жəне нистагм. Рефлекстердің ассимметриясы. Тыныстың тереңдігі мен
реттілігінің бұзылуы, апноэ.

Төменгі жақтың салбырауы, құсу, құсық массасының 
аспирациясы, жөтел. Гипертензия, брадикардия. Қан айналымның декомпенсациясы, гипотензия. Тахи (бради)-кардия.

Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі
 
Ес жоғалтқанда жəне құсу болғанда – тұрақты бүйірлік қалып, ол құсық массасының жеңіл кетуіне көмектеседі жəне аспирациялық пневмонияның алдын алады.
Шок кезінде, 
терминалдық жағдайда жəне клиникалық өлім кезінде - инфузиялық ем, жүрек - өкпе реанимациясы көрсеткіштер бойынша.
Психомоторлық қозу кезінде, тырысулы синдром 
кезінде, тырысуға дайындық кезінде – атропин 0,1% ерітіндісі 0,5-1 мл тері астына, диазепам 0,5% ерітіндісі 2-4 мл бұлшықетке ( көк тамырға ).
Гипертензиялық синдромда – фуросемид 1% раствор 2-4 мл көк тамырға.
Ауыру синдромында – кеторолак бұлшықетке немесе трамадол 0,5% ерітіндісі 2-4 мл (100-200 мг) бұлшық етке (көк тамырға).
Сыртқа тыныс бұзылысында – ауыз жұтқыншақтың санациясы, ауа үрлегіш. Жара кезінде - асептикалық таңу.
 
Жоғарыда келтірілген емдік іс-шараларды жүргізгеннен кейін, ең жақын стационарға зембілде функционалдық тиімді қалыпта шұғыл түрде жеткізу керек.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Атропин инъекция ампулада (сульфат) 0,1% 1 мл.
2. *Диазепам раствор для инъекций в ампуле 10 мг/.2 мл.
3. *Фуросемид таблетка 40 мг; раствор для инъекций 20 мг/ 2 мл в ампуле.
4. *Кеторолак раствор для инъекций 1 мл / 30 мг.
5. *Трамадол капсула 50 мг; раствор в ампуле 50 мг/1 мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: Жарақат түрін ерте анықтау жəне көмек көрсету үшін дұрыс шешім қабылдау.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:  бас ми жарақатының 2-3 дәрежесі кезінде.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Справочник врача общей практики. Дж. Мерта. Практика, М., 1998 2. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. ГЭОТАР-МЕД, М., 2004 3. Pediatrics at a glance. Ed S.M. Altschuler, S. Ludwig 4. Маnagement of children with head trauma. Canadian Paediatric Society (CPS) Canadian Medical Association Journal, 1990, 149, 949. Reaffirmed January 2002. 5. Early management of patients with a head injury. SIGN, 2000 6. Руководство по диагностике и лечению черепно-мозговой травмы у детей. Орлов Ю.А.,Киев.2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ячменев В.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх