Балалар пневмониясы

P-P-012

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другая пневмония, возбудитель не уточнен (J18.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Пневмония – айқындылығы əртүрлі сатыдағы тыныс алудың клиникалық тұрғыдан, қызба, уыттану, тəн физикалды өзгерістер мен өкпеде «жаңадан пайда болған» ошақтық - инфильтративтік рентгенологиялық дəлелдемелермен көренетін өкпе паренхимасының жіті жұқпалы - қабынулық ауруы.     


Хаттама коды: P-P-012 "Балалар пневмониясы"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J18 Қоздырғышы анықталмаған пневмония.
J15 Басқа айдарларда жіктелмеген бактериалды пневмония.
J12 Басқа айдарларда жіктелмеген вирусты пневмония.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
1. Пайда болуы бойынша:
- ауруханадан тыс;
- аурухана ішінде;
- құрсақішілік, иммундық тапшылығы бар балаларда;
- энцефалопатиясы бар балаларда аспирациялық.
 
2. Түрі бойынша:
- ошақты;
- ошақты-жиналатын;
- сегменттік;
- қадақ (крупозды);
- интерстициалды.
 
3. Ағымы бойынша:
- жіті;
- ұзақ мерзімді.
 
4. Ауырлығы бойынша:
- ауыр емес;
- ауыр;
- өте ауыр.
 
5. Асқынулар:
- I-III сатыдағы тыныс алу жеткіліксіздігі;
- өкпелік (плеврит, абсцесс, буллалар, пневмоторакс, пиопневмоторакс);
- өкпеден тыс (токсикоз, нейротоксикоз, ОССН, ДВС, ОПН).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Едəуір жиі кездесетін қоздырғыш Streptococcus pneumoniae.
2. Шала туылу.
3. Тамақтанудың айқын бұзылысы.
4. Иммундық тапшылықты жағдайлар.
5. Дамудың туа біткен ауытқулары.
6. Жоғарғы тыныс алу жолдарының жуық арадағы инфекциясы.
7. Муковисцидоз.
8. Бөгде дене.
9. Төмен əлеуметтік-экономикалық статус.
10. Шылым түтіні.
11. Жасөспірімдікке дейінгі жас.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: жөтел.
 
Физикалық тексеру
 
1. Жиілеген немесе қиындағын тыныс:
- 2 айға дейін > минутына 60;
- 2 айдан -12 айға дейін > минутына 50; 
- 12 айдан 5 жылға дейін > минутына 40;
- 5 жастан жоғары минутына 28-ден жоғары.
2. Кеуде клеткасы төменгі бөлігімен дем тарту.
3. Қызба.
4. Ыңқылдап дем алу (нəрестелерде).
5. Аускультативтік белгілер (əлсізденген немесе бронхиалды тыныс алу, майда көпіршікті сырылдар, плевра үйкелісі шуылы).
6. Қызба.
7. Уыттану белгілері.

Инструменталдық зерттеулер: рентгенологиялық көрсеткіштер (өкпедегі «жаңа пайда болған» ошақты-инфильтративті өзгерістер).
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  пульмонолог – созылмалы ағымда жəне демікпелік тыныс болған кезде.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Жалпы зəр анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  кеуде клеткасын рентгенологиялық зерттеу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:  Қанның жалпы анализі (лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Пневмония
- Жөтел жəне жиілеген тыныс:
жасы < 2 ай > 60/мин;
жасы 2 – 11 ай > 50/мин;
жас 1 – 5 жас > 40/мин;
- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар;
- Мұрын қанатының кебуі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
Бронхиолит
- < 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші жағдайы;
- Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі демікпелік тыныс;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс алу;
- Аускультацияда – əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте күшті – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
Туберкулез
- Созылмалы жөтел (> 30 күн);
- Салмақтың нашар дамуы/қалып қоюы немесе салмақ жоғалту;
- Оң Манту реакциясы;
- Анамнезде туберкулез науқсымен жанасу;
- Рентгенологиялық белгілер: біріншілік кешен немесе милиарлы туберкулез;
- Үлкен жастағы балаларда қақырықты зерттеу кезінде туберкулез микобактерияларының табылуы.
Көкжөтел
- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианознемесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел;
- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну;
- Қызбаның болмауы;
- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы.
Бөгде дене
- Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кенттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор;
- Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;
- Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы;
- Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;
- Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
Плевраның шығуы / эмпиемасы
- Перкуторлық дыбыстың «тас» тұйықтығы;
- Тыныстық шудың болмауы.
Пневмоторакс
- Кенеттен басталу;
- Перкуссия кезінде көкірек клеткасының бір жағындағы тимпаниялық дыбыс;
- Аралықтың жылжуы.
Пневмоцистті пневмония
- Орталық цианозбен 2-6-айлық нəресте;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Жиілеген тыныс;
- «Барабан таяқшалары» тəрізді саусақтар;
- Аускультациялық бұзылыстар болмаған кезде рентгенограммадағы өзгерістер;
- Бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндердің ұлғаюы;
- Ана мен балада оң ВИЧ - тесті.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Өкпедегі қабыну процесін тоқтату.
2. ТЖ (тыныс алу жеткіліксіздігі), жалпы уыттану белгілерін жою.
3. Өкпе экскурсиясын қалпына келтіру.
4. Жөтелдің, жиі тыныс алу, пневмонияның аускультативтік көрсеткіштерінің жоғалуы.
5. Хəлі мен тəбетінің жақсаруы.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Температура көтерілген кезеңде – төсек режимі.
2. Адекватты гидратация (жылы көп мөлшерде сұйықтық).
3. Барынша емшекпен тамақтандыру жəне жасына сай барабар тамақтану.
 
Дəрі-дəрмектік ем
 
1. Жалпы шаралар:
- Сəйкес гидратация (сұйықтықты мол ішу) жəне тамақтану;
- Қызбаны тоқтату (> 38,5) - парацетамол 10-15 мг/кг күніне 4 ретке дейін;
Жөтелге қарсы дəрі-дəрмекті қолдануға болмайды.
Демікпелік тыныс алуда- бронхолитикалық ем (мысалы, сальбутамол жас бойынша дозамен күніне 3-4 рет, 5 күн бойы). Ингаляциялық түрлер таңдалады
 
2. Антибактериалды ем:
- Антибиотиктер эмпириялық пероралды түрде қабылданады. Антибактериалды дəрі-дəрмек in vitro флорасының сезімталдығы бойынша эмпириялық тəсілдің нəтижелігінде жүргізіледі. Таңдалатын дəрі-дəрмектер жартылай синтетикалық пенициллиндер, макролидтер, альтернативтілер - ІІ-ІІІ буында цефалоспориндер болып табылады;
- Амоксициллин күніне 15 мг/кг х 3 рет 5 күн бойы, немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг күніне 3 рет);
- Азитромицин 10 мг/кг 1 күн, күніне 5 мг/кг келесі 4 күн пероралды, немесе кларитромицин – 15 мг кг-ға бөлшектік түрде10-14 күн пероралды, немесе эритромицин – 40 мг кг-ға бөлшектік түрде 10-14 күн пероралды тағайындалады. Амброксол сироп 1мг/5 мл; 30 мг/ 5 мл; 7,5 мг/мл ерітінді;
- Цефуроксим тəулігіне 40 мг/кг, бөлшектеп 2 рет қабылдау, 10-14 күн бойы пероралды қабыладанады;
- Цефуроксимнің ең жоғары дозасы балаларда 1,5 г;
- Ұзақ мерзімді, көп мөлшерде антибиотиктік емдеу кезінде микоздың емдеу жəне алдын алу үшін итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 5 мг\кг\күн есебінен, 5 жастан жоғары балаларға тағайындалады.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Парацетамол 200 мг, 500 мг табл.; 2,4% флаконда, сироп түрінде; 80 мг суппозитории;
2. **Амоксициллин 500 мг, 1000 мг табл.; 250 мг, 500 мг капсула; 250 мг / 5 мл пероралды суспензия;
3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг / 125мг, 875 мг / 125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг, 1000 мл / 200 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік енгізуге;
4. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг таблетка; 750 мг флаконда, инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ;
5. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған
6. *Азитромицин 125 мг, 500 мг табл.; 250 мг капсула.
7. **Амброксол сироп 1 мг / 5 мл; 30 мг / 5мл; 7,5 мг / мл ерітінді.
8. *Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Сальбутамол100 мкг/доза, аэрозоль; 2 мг, 4 мг таблетка; 20 мл небулайзерге арналған ерітінді.
2. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.
3. **Эритромицин–250 мг, 500 мг табл.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Тыныс жиілігінің қалпына келуі.
2. Қызбаның жоғалуы.
3. Оң перкуторлық жəне аскультациялық динамикасы.
4. Уыттанудың жоғалуы.
 
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Кеуде клеткасының төменгі бөлігімен дем тартуда ТЖ жəне тыныс алудың жиілеуі.
2. Орталық көгеру (цианоз).
3. Тырыспалар.
4. Айқындалған токсикоз (тамақтанудан, ішуден, емшек емуден бас тарту, сананың бұзылуы).
5. Амбулаторлық емнің нəтижесіздігі.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
1. Науқастар жəне вирус тасымалдаушылармен қатынасты шектеу, əсіресе жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде.
2. Бетперде кию жəне ЖРВИ ауруларымен отбасы мүшелерінің қол жууы.
3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.
4. Шынығулық шараларды жүргізу.
 
Әрі қарай жүргізу:
1. Егер нəресте нашарласа, іше алмаса немесе емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс жиілесе немесе қиындаса (анасына қандай жағдайда жедел арада дəрігерге келуін түсіндіру) учаскелік дəрігердің 2 күн немесе одан бұрын қайта қарауы.
2. Пневмониямен ауырған балалар диспансерлік бақылауда 1 жыл бойы тұрады (тексеруді 1, 3, 6 жəне 12 айдан соң жүргізеді).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Guidelines for Preventing Health-Care–Associated Pneumonia, 2003, Recommendations of CDC and the Healthcare Infection, Control Practices Advisory Committee, Morbidity and Mortality Weekly Report Recommendations and Reports March 26, 2004 / Vol. 53 / No. RR-3 2. Evidence Based Clinical Practice Guideline For Infection Prophylaxis - PCP Guideline 15, Health Policy & Clinical Effectiveness, Evidence Based Clinical Practice Guideline, Pneumocystis Carinii Pneumonia Prophylaxis following Solid Organ or Blood & Marrow Transplants Publication Date: 01-12-01 3. Pneumococcal conjugate vaccines for preventing invasive pneumococcal disease and pneumonia in children under two years of age, Evidence Summaries, 17.1.2005 4. Pneumonia, EBM Guidelines, 11.6.2004 5. Treatment of pneumonia in children, EBM Guidelines, 03.05.2000 6. Ведение ребенка с серьезной инфекцией или тяжелым нарушением питания. Руководство по уходу в стационарах первого уровня в Казахстане. ВОЗ, МЗ РК, 2003 7. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 3. Москва, Медиа Сфера, 2004. 8. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине: Пер с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова.- 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – 1248с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх