Балалар орхиты және эпидидимиті

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Орхит, эпидидимит и эпидидимо-орхит без упоминания об абсцессе (N45.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
 
Орхит –
аталық ұрық безінің қабынуы, әдетте инфекциялық аурулардың (тұмау, паротит, сарып, құздамалық полиартрит, сүзек, өкпе қабынуы (пневмония) және т.б.) асқынуы ретінде пайда болады. Атабездің қабынуы жарақаттан кейін туындауы мүмкін. Жаңа туылған нәрестелерде атабездің қабынуы көбінесе жұқпаның ауру жұқтырған кіндік тамырларынан атабезге енуінен болады [1].
Эпидидимит - атабез қосалқысының қабынуы, көбінесе инфекциялық аурулардың (тұмаудың, баспаның, өкпенің қабынуының (пневмония) және басқа да инфекциялардың) асқынуы ретінде, қан арқылы жұқпаның (инфекцияның) қосалқыға өтуінің салдарынан дамиды [1].    

Хаттама атауы: Балалар орхиты және эпидидимиті
 
Хаттама коды:
 
АХЖ Х код(тар)ы
N45 Орхит және эпидидимит
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ЖҚА –  жалпы қан анализі
ЖНА –  жалпы несеп анализі
УДЗ –   ультрадыбыстық зерттеу
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар хирургтары мен урологтары.
 

 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
•  ЖҚА;
•  ЖНА;
•  Ұма ағзаларының УДЗ.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: жүргізілмейді.

Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараудың ең аз тізбесі: жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
•  ЖҚА;
•  ЖНА;
•  Ұма ағзаларының УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:

•  қан тобын анықтау;
•  резус-факторды анықтау.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.

Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнез:

Шағымдар:
•  жоғары дене қызуы;
•  қалтырау;
•  шап аймағына берілетін атабез аймағындағы қатты ауырсыну сезімі;
•  атабез қосалқысының үлкеюі;
•  ұманың жоғарғы бөлігіндегі ісіну және ауырсыну;
•  ұма терісінің ісігі;
•  қызудың «себепсіз» қайталап көтерілуі.

Анамнез:
•  атабезде кенеттен туындайтын ауырсынулар;
•  дене қызуының 38–39 °С-қа дейін көтерілуі;
•  тікелей аталық ұрық безінде немесе атабез қосалқысында орналасатын домбығу.
 
Физикалық зерттеп-қарау:
•  ұма аймағындағы ауырсынулар, ісіну.
 
Зертханалық зерттеулер:
•  лейкоциттік формуланы солға жылжытатын лейкоцитоз, шапшаң ЭШЖ.
 
Аспаптық зерттеулер:
Ұма ағзаларының УДЗ: атабездің немесе атабез қосалқысының көлемінің үлкеюі.

Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
•  педиатрдың консультациясы (ілеспелі/бәсекелес соматикалық аурулар бар болғанда);
•  балалар инфекционистінің консультациясы (аурудың инфекциялық этиологиясы болғанда).

 

Дифференциалды диагноз


Орхит пен эпидидимиттің сараланған диагнозы:
 
1-кесте. Орхит пен эпидидимиттің сараланған диагнозы

Белгілері Орхит және эпидидимит Атабездердің жарақаты Морганьи сарысулы ісігінің (гидатида) бұралып кетуі Атабездің бұралып кетуі
Ауырсыну + + + +
Атабез(дер) көлемінің үлкеюі + + + +
Ұма терісінің қан кернеуі (гиперемиясы) + + + +
Атабездің саусақпен сезу (пальпация) кезінде ауырсынуы + + + +
Дене қызуының көтерілуі + + + +
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
атабездің және оның қосалқысының қабыну үдерісін тоқтату.
 
Емдеу тактикасы.

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
қабынған ағзаға барынша тыныш қалып-күйді қамтамасыз ету мақсатындағы төсектік режим.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Бактерияға қарсы терапия:
цефалоспориндер:
цефтриаксон – 75–100 мг/кг/тәу, вена ішіне 1–2 рет енгізу, курстың ұзақтығы 14 күнге дейін;
цефотаксим – 100–150 мг/кг/тәу, вена ішіне 2–3 рет енгізу, курстың ұзақтығы 4-14 күн.
аминогликозидтер:
амикацин,10–15 мг/кг/тәу, вена ішіне немесе бұлшықет ішіне бір рет, курстың ұзақтығы 7-10 күн;
гентамицин – 4 - 5 мг/кг/тәу, вена ішіне немесе бұлшықет ішіне бір рет, курстың ұзақтығы, 5 күн.

Глюкокортикостероидтық терапия:
преднизолон –20 мг-нан тәулігіне 2 рет, курстың ұзақтығы 5-7 тәулік;
гидрокартизон –100 мг-нан тәулігіне 2 рет, курстың ұзақтығы 5-7 тәулік.

Симптомдық терапия:
ацетилсалицил қышқылы – 0,5 г-нан тәулігіне 3 рет, курстың ұзақтығы 5-10 тәулік.

Уытсыздандырғыш терапия:
Құюдың жалпы көлемі 5-8 мл/кг/сағат жылдамдықпен 60 мл/кг/тәулік  (натрий хлориді ерітіндісі 0,9%/глюкоза ерітіндісі 5%).
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
цефотаксим, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ  500 мг;
цефтриаксон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ  500 мг;
амикацин, ерітінді дайындауға арналған құты 500 мг;
гентамицин, ампула 80мг.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.
 
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері:
 
Хирургиялық араласу:
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Операция түрлері:
•  ұма ағзаларының ревизиясы;
•  абсцесті тілу, абсцесті дренаждау;
•  атабездің толық іріп кетуі (іріңдеуі) кезінде – атабезді алып тастау;
•  атабездің ақуызды қабығына кертіктер.
Абсцесті тілуге көрсетімдер:
•  атабез абсцесінің туындауы.
Ұма ағзаларының ревизиясына және атабездің ақуызды қабығына кертік салу үшін көрсетімдер:
•  консервативтік емнің оң нәтиже бермеуі (тиімсіздігі) (атабез қосалқысын алып тастау көрсетілген [1]).

Әрі қарай бақылау
•  урологтың бақылауы (1,3,6 айдан, 1 жылдан кейін);
•  ЖҚА (көрсетімдер болған кезінде);
•  ЖНА (көрсетімдер болған кезінде);
•  ұма ағзаларының УДЗ (көрсетімдер болған кезінде).
 
Ем тиімділігінің және хаттамада сипатталған диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
•  ЖҚА, ЖНА қалыптандыру;
•  Атабез бен оның қосалқысының көлемін кішірейту (ұма ағзаларының бақылау УДЗ).

Ауруханаға жатқызу


Емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:
Ұма ағзаларында қабыну үдерісінің болуы.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Алдын алуы

 
Профилактикалық іс-шаралар.
•  ұма ағзаларының жарақаттары мен қатты тоңуын профилактикалау;
•  балалардың басқарылатын инфекцияларын  профилактикалау: уақтылы егу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Урология. Н.А.Лопаткин. Учебник. 2011 г. 2) Лучевая диагностика: учебник для студентов педиатрических факультетов / Васильев А.Ю., Ольхова Е.Б., - 2008. - 688 с.: ил. 3) Детская урология. А.Г.Пугачев., руководство для врачей. 2009 г. С.340. 4) «Клиническая оценка расстройств мочеиспускания, Вишневский Е.Л., Лоран О. Б., Вишневский А.Е.. М.: ТЕРРА, 2001. 5) Детская урология и андрология. Учебное пособие. Разин М.П., Галкин В.Н., Сухин Н.К., Москва, 2011 год.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1)  Асқаров Мейрамбек Сатыбалдыұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицинаы университеті» ШЖҚ РМК, балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер–балалар урологы-хирург;
2)  Батырбеков Марат Тағайұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ, бас директордың клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
3)  Мұхамеджан Ілияс Тұңғышханұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ, бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары;
4)  Әбікенов Бақытжан Дайырбайұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ, бас директордың клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, балалар урологиясы бөлімшесінің меңгерушісі;
5)  Жүсіпова Гүлнәр Дәрігерқызы – «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы, медицина ғылымдарының кандидаты, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Майлыбаев Бақытжан Мұратұлымедицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, аға ғылыми қызметкер, жоғары санаттағы дәрігер-балалар урологы.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх