Балалар гастроэнтериттері

P-P-003

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие уточненные кишечные инфекции (A08.5)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
 
Диарея деп көбіне жиі болатын сұйық дəретті атайды, дəреттің жиілігі 
тəулігіне > 200 мл.
 
Эпидемиологиясы. Өнеркəсібі дамыған елдерде диареяның спорадикалық жағдайлар Campylobacter, Salmonella, Shigella, Esherichia coli, Yersinia микроорганизмдер түрлері, қарапайымдылар, вирустардан туады. Жартысынан көп жағдайда диарея себебі анықталмайды.
 
Жіті гастроэнтерит - диареямен немесе жүрек айну жəне құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауруы белгілерінсіз өтеді. Балаларда спецификалық белгілер көбіне білінбейді. Диареяны жиіленген сұйық дəреттің болуында нақталанады. Диарея сұйық дəрет жəне күніне ең азы, 3 рет дəретке баруымен анықталады.

 
Хаттама коды: P-P-003 "Балалар гастроэнтериттері"
Педиатрия  саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
A09 Жұқпалы болып болжанатын диарея жəне гастроэнтерит.
A02 Басқа сальмонеллездік жұқпалар.
A03 Шигеллез.
A08 Вирустық жəне басқа анықталған ішек жұқпалары.
A05 Басқа бактериалды тағамдық уланулар.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Бөліністік диарея.
2. Инвазивті диарея.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
-  жіті жəне созылмалы түрімен ауыруы, бактерия бөлгіштер;
-  санитарлық-гигиеналық режимді бұзушылық;
-  ертежастағы балалар;
-  фондық патологиясы бар балалар;
-  иммунды тапшылықты, иммунды-супрессивті жағдайлар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: эпидемиологиялық анамнез.

Физикалық тексеру:
1. Уыттану синдромы (жіті жұқпалық токсикоз).
2. Сусыздану синдромы (дегидратация, эксикоз).
3. Қызба.
4. Гастроинтестиналды синдром.
 
Инструменталдық зерттеулер:  көрсетілмеген.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: бес күн ішінде емнен тиімділік болмаса гастроэнтеролог консультациясы.  
  
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Нəжістің бак.себіндісі.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- Копрологиялық анализ;
- Патогенді микрофлораға нəжісті бактериологиялық себу.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз
 
Диагноз     Симптомдар
Сулы (секреторлы) диарея
Күніне дәреттін 3 реттен жиі болуы, қан жағындысынсыз.
Холера
Ауыр сусызданумен диарея, осы жерде холера кездессе;
V. cholerae нəжістің оң себіндісі О1 немесе О139.
Инвазивті диарея (дизентерия)
Нəжісте қанның болуы (тексеру кезінде байқалатын немесе анасының айтуы бойынша)
Диарея созылуы. 14 күн бойы жəне одан кейінгі диарея.
Антибиотиктерді қабылдаумен байланысты диарея    
Кең спектрлі пероральді антибиотиктермен ем курсынан кейін.
Ішек инвагинациясы
1. Нəжістегі қан.
2. Нəрестенің тері жамылғыларының бозаруымен жылау ұстамалары.
3. Құрсақ қуысындағы тығыздалу (ректальді зерттеу көмегімен анықтау). Бұл жағдайда нəрестені тез арада хирургқа жолдау!

 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Диареялық синдромды, дегидратацияны тоқтату, асқынулардың алдын алу.
2. Жағдайдың тұрақты клиникалық жақсаруы, айығуы.
3. Диареялық синдромның болмауы, дегидратацияны тоқтату, жағдай мен тəбеттің жақсаруы.

Дəрі-дəрмексіз ем: Көп мөлшердегі сұйықтық. Тамақтандыруды жалғастыру.

Дəрі-дəрмектік ем:
Оралдық регидратациялық терапия (ОРТ) сусыздану дəрежесіне байланысты жүргізіледі.
 
1. Диарея бар, сусыздану жоқ баланы А жоспары бойынша емдеу:
- сұйықтықты қосымша беру (бала қанша ішем десе, сонша) оралдық регидратациялық заттар (ОРЗ)**  түрінде: 2 жасқа дейін – 50-100 мл əр сұйық үлкен дəреттен соң; 2 жастан үлкен – 100-200 мл əр сұйық үлкен дəреттен соң;
- емшекпен тамақтандыруды жалғастыру;
- егер бала іше алмаса немесе емшек сора алмаса, ахуал нашарласа, қызба пайда болса, емге түзетулер енгізу үшін бала қайта тексерілуі қажет.
 
2. Диарея бар жəне аздаған сусыздану бар баланың емі Б жоспары бойынша:
- 4 сағат бойы ОРЗ** беру қажет:
4 айға дейін – 200-400 мл;
4 тен12 айға дейін – 400-700 мл;
12 ден 2 жасына дейін – 700-900 мл;
2 ден 5 жасына дейін – 900-1400 мл;
- емшекпен жиі жəне ұзақ уақыт тамақтандыру, емшектегі балаларға;
- ішу үшін қосымша сұйықтықтар беру
- баланың ахуалын қайта бағалау жəне 4 сағат өткеннен соң сусыздануды жіктеу, емді жалғастыру үшін сай жоспарды таңдау.
 
3. Егер баланың ахуалы нашарласа, диареядан басқа ауыр сусыздану белгілері болса, шұғыл госпитализация қажет.
 
4. Цинк препараттарын ауыз арқылы жалпы курспен 14 күннен кем емес:
6 айға дейін күніне 0,5 таблетка (10 мг);
6 ай жəне одан үлкен күніне 1 таблетка (20 мг).
 
5. Гемоколит кезіндегі антибактериалды препараттар:

Препарат Тəуліктік доза
Ципрофлоксацин* 10-15 мг/кг дозаға 2 қабылдауға энтералды 3 тен 5 күнге дейін

Фаготерапия – ЖІИ жеңіл жəне жасырын формасында монотерапия ретінде көрсетілген бактериофагтар мінездемесі:

 Фаг  Қабылдау
формасы
 6 айға дейін  6 айдан 1 жасқа дейін  1 жастан 3 жасқа дейін  3 жастан
8 жасқа дейін
 8 жастан
жоғары
 Шығарылу формасы
 Дизентериялы поливалентті бактерио фаг  Ауыз арқылы
(доза 1 қабылдауға)
 5 мл  10-15 мл 0,5 таб  15-20 мл 1 таб  20-30 мл 1 таб  30-40 мл
2 таб
 Таблетка,
флаконда, мл
 Ректальді  10 мл  20 мл  20-30 мл  30-40
мл
 50-60
мл
 Сальмонеллезді бактериофаг АВСДЕ тобы  Ауыз арқылы
(доза 1 қабылдауға)
 5 мл  10-15 мл 0,5 таб.  15-20 мл 1 таб.  20-30 мл 1 таб.  30-40 мл
2 таб.
 Таблетка,
флаконда, мл
 Ректальді  10 мл  20 мл  20-30 мл  30-40 мл  50-60 мл
 Интестибактерио фаг  Ауыз арқылы
(доза 1 қабылдауға)
 5мл  10 мл  15 мл  20 мл  30 мл  Флаконда, мл
 Ректальді  10 мл  20 мл  30 мл  40 мл  50 мл

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмек тізімі:
1. **Оралды регидрациялық тұз.
2. **Сульфаметоксазол+триметоприм 120 мг, 480 мг табл; 240мг/5 мл сироп.
3.    Амоксициллин 250 мг, 500 мг; 250 мг, 500 мг капсула түрінде; 250 мг / 5 мл пероралды суспензия.
4.    Висмут трикалий дицитраты 120 мг.табл.
5. * Цефтриаксон 20-50 мг.
6. * Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. * Амикацин 10 мг.
2. * Хлорамфеникол 25 мг.
3.   Бактериофаги.
4. * Нетилмицин 9мг.
5. * Амоксициллин + клавулан қышқылы қабықшасын жабу 500 мг / 125 мг, 875 мг / 125 мг.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Сусыздану симптомдарын басылуы.
2. Диареяның тоқтауы.
3. Өзін-өзі жақсы сезінуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Кез келген тамақтанғанан сон, судан кейін көп реттік құсу.
2. Кез келген дəрежедегі дегидратациямен қосарласқан кез келген дəрежедегі токсикоздың болуы, ІІ-ІІІ дəрежедегі клиникалық есеңгіреудің (шок) (бактериалды немесе гиповолемиялық) болуы.
3. 14 күн бойы диареяның болуы.
4. Орташа (мазасыз, шамадан тыс ашушаң, суды қомағайлана ішеді, көзі шүңірейген, тері қыртысы баяу жазылады) сусыздану.
5. Ауыр сусыздану (летаргиялық немесе ес-түссіз, көзі шүңірейген, су іше алмайды, тері қыртысы тым баяу жазылады).

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
1. Емшекпен тамақтандыру.
2. Пайдалануға таза жəне қол жетімді суды пайдалану.
3. Тұрақты түрде қол жуу.
4. Тағам қауіпсіздігін жəне ас дайындаудың талаптарын сақтау.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері;
1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса немесе нəжісте қан болса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігерге қаралуы қажет (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).
2. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса немесе нəжісте қан болса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігерге қаралуы қажет (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).
3. Диспансерлік бақылауға жабық типтегі мекемелердегі балалар жатады (балалар үйі, мектеп-интернаттар) 1 ай бойы, соңында бір рет нəжістің бактериологиялық зерттеуі жүргізіледі.
4. Рецидив кезінде немесе бактериологиялық себіндінің оң нəтижесі кезінде – ем курсы қайталанады. Ем аяқталғаннан соң, 3-ай бойы ай сайын лабораторлық зерттеулер жүргізіледі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 3. М. Медиа Сфера, 2004, с 479- 481. 2. PRODIGY Guidance - Gastroenteritis Last revised in October 2003, www.prodigy.nhs.uk/guidance.asp?gt=Gastroenteritis. 3. Cincinnati Children's Hospital Medical Center. Evidence based clinical practice guideline for children with acute gastroenteritis (AGE). Cincinnati (OH): Cincinnati Children's Hospital Medical Center; 2001 Apr. 13 p. 4. Morbidity and Mortality Weekly Report, Recommendations and Reports November 21, 2003 / Vol. 52 / No. RR-16 Managing Acute Gastroenteritis Among Children Oral Rehydration, Maintenance, and Nutritional Therapy. 5. Gastroenteritis in children, Search date August 2004, Clinical Evidence, BMJ. 6. King CK, Glass R, Bresee JS, Duggan C. Managing acute gastroenteritis among children: oral rehydration, maintenance, and nutritional therapy. MMWR Recomm Rep 2003 Nov 21;52 (RR- 16):1-16.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Идрисова Р.С.,  АМДБЖИ балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх