Балалардың функциялық диспепсиясы

H-P-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Диспепсия (K30)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Функциялық диспепсия - бір жастан жоғары балаларда қарын үсті аймағында ауру сезімі немесе жайсыздық болатын, зерттеу процесінде органикалық ауруы анықталмайтын симптомдық кешен.

 
Хаттама коды: H-P-018 "Балалардың функциялық диспепсиясы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): K30 Диспепсия

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
- асқазан жарасы тəрізді түрі;
- дискинетикалық түрі;
- бейспецификалық түрі.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері
12 апта бойы (үздіксіз болуы мідетті емес) соңғы 12 айда:
- персистелетін немесе қайталама ауру сезімі немесе эпигастрия аймағында жайсыздық сезімі;
- органикалық ауру белгілерінің болмауы;
- диспепсияның дефекациямен немесе оның басталуы нəжістің сұйылтыла басталғанымен байланысты болуы туралы мəліметтердің болмауы;
- эпигастрия аймағында ауру сезімінің шоғырлануы, тамақ ішкеннен немесе антацидтер қабылдағаннан кейін доғарылатын «аш қарын» ауру сезімі асқазанның ойық жарасына тəн сипат;
- дискинетикалық түрі - іштің жоғарғы бөлімдерінде жайсыздық сезімі, тамақ ішкеннен соң күшейе түседі.
- шағымдарды белгілі түрге жатқызу қиынға соқса- бейспецификалық түрі.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (Er, Hb, L, лейкоформула, СОЭ, тромбоциттер).
2. Эзофагогастродуоденоскопия.
3. Қанның биохимиялық анализі (АЛТ,АСТ, тимол сынамасы, билирубин) серпінділікте.
4. Жалпы зəр анализі.
5. Нəжісте ішек құртының болуын зерттеу.
6. Копрограмма.
7. Диастазды анықтау.
8. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
9. Н.pylori нақтамасы (цитологиялық зерттеулер жəне/немесе уреазды жəне хелик тестілері, IgG к Н.pylori).
10. Отоларинголог кеңесі (жұқпаның созылмалы ошақтарын санациялауға).
11. Стоматолог кеңесі.
12. Невропатолог кеңесі.
13. Электроэнцефалография.
14. Реоэнцефалография.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гистологиялық зерттеулер.
2. АІЖ рентгеноскопиясы.
3. Электрокардиография.
4. Иммунограмма.
5. Дисбактериоз.
6. Дуоденалды құрамның зерттелуі.
7. АІЖ жоғарғы бөлімдерінің рН-метриясы.
8. Эндокринолог кеңесі.
9. Гинеколог кеңесі.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Ауру сезімі синдромын тоқтату.
2. Моторлық бұзылыстарды қалыпқа келтіру.
3. Органикалық диспепсия тобына кіретін ауруларды жою.

Дəрі-дəрмексіз ем: диета, режим.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. ОНЖ қызметін қалпына келтіру.
2. Антисекреторлы ем.
3. Моторлық бұзылыстарды түзету.
4. H.pylori болса, эрадикациялық ем.

Диспепсия сипаты бойынша жеке диета таңдау.

ОНЖ жұмысын қалпына келтіру үшін: седативті - валериана 1 тамшы/бір жасқа немесе 1 таблеткадан күніне 2-3 рет - 3-4 апта., сасықшөптің қайнатпасы 1 ас қасықпен күніне 3 рет, кіші транквилизаторлар - хлордиазепоксид 4-7 жас - 5-10 мг/тəу., 8-14 жас 10-20 мг, 15-тен жоғары - 20-30 мг/тəулігіне. Моториканы қалпына келтіру: домперидон* 0,25-0,5мг/кг күніне 3 рет немесе метоклопрамид* - 0,0025-0,05 гр күніне 2-3 рет ас қабылдауға дейін 20 мин. Бұрын 14 күннен аз емес.

Антисекреторлық ем - жоғары сөл бөлінуі жəне асқазанның ойық жарасы тəрізді түрінде: протонды помпа ингибиторлары (рабепразол*, омепразол*).
Антацидтер: алгелдрат + магний гидроксиді* 1 пакеттен күніне 3-4 рет.

НР эрадикациясы анықталғанда - 3 компонентті 7 күндік сызба: протонды сорғыш ингибиторы (рабепразол* 20 мг, немесе омепразол*, немесе лансопразол 30 мг, немесе эзомепразол 20 мг) немесе ранитидин-висмут-цитрат стандартты дозада + кларитромицин* 7,5 мг/кг(max-500 мг) + амоксициллин* 20-30 мг/кг(max 1000 мг) немесе метронидазол* 40 мг/кг(max 500 мг) барлық дəрі-дəрмекті күніне 2 рет, 7 күн бойы қабылдайды.

Кларитромициннің метронидазолмен үйлестірілуінен гөрі, амоксициллинмен үйлестірілуі анағұрлым дұрыс, ол емделуде жақсы нəтижеге қол жеткізеді. Кларитромицинді 500 мг-ган күніне 2 рет қабылдау, ЛС-ті 250 мг-нан күніне 2 рет қабылдаудан нəтижелі болды.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Омепразол, капс. 20 мг
2. *Рабепразол 20 мг
3. *Алгелдрат+ магний гидроксиді
4. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг
5. *Метронидазол 250 мг
6. *Амоксициллин 250 мг, 500 мг, 1000 мг
7. *Домперидон, тб 10 мг
8. *Пирантел 250 мг
9. *Мебендазол 100 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Гиосцин бутилбромиді (10 мг драже, инъекцияларға арналған ертінді: 1 мл ампулада, свечалар 10 мг)
2. Павлов микстурасы 200 мл
3. Сасықшөп экстаркты 20 мл

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- ауру сезімі мен диспепсиялық синдромдарды тоқтату;
- психоэмоционалдық статусты қалпына келтіру;
- органикалық патологияны жою.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Аурудың ұзақтығы (3 айдан астам).
2. Амбулаторлық емнің тиімсіздігі.
 
Жоспарлы госпитализация алдындағы зерттеулердің қажетті көлемі:
- жалпы қан анализі (6 параметр);
- қанның биохимиялық анализі (АЛТ, АСТ, тимол сынымасы, билирубин);
- жалпы зəр анализі;
- нəжісті копрологияға зерттеу, энтеробиозға қырынды алу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Dyspepsia.EBM Guidelines.25.8.2004. Author: Pekka Pikkarainen. Article ID: ebm00186 (008.031). © 2005 Duodecim Medical Publications Ltd. 2. Chronic abdominal pain in children. Pediatrics 2005 Mar;115(3):812-5. 3. Scottish Intercollegiate Guidelines Network (SIGN). Dyspepsia. A national clinical guideline. Edinburgh (Scotland): Scottish Intercollegiate Guidelines Network (SIGN); 2003 Mar. 4. New Zealand Guidelines Group (NZGG). Management of dyspepsia and heartburn. Wellington (NZ): New Zealand Guidelines Group (NZGG); 2004 Jun. 119 p. 5. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Шарипова М.Н., педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх