Балалардың уыттық энцефалопатиясы

P-Р-026

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Токсическая энцефалопатия (G92)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Уыттық энцефалопатия – түрлі аурулардың ауыр ағымы нəтижесінде туындайтын потенциалды қайтымды нервтік-психикалық бұзылыстар кешені.


Хаттама коды: P-Р-026 "Балалардың уыттық энцефалопатиясы"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): G 92 Уыттық энцефалопатия.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Уыттық энцефалопатия (УЭ), энцефалопатия түрлерінің бірі болып, ауырлығы бойынша 3 формаға жіктеледі:

1. Ауыр формасы комамен (2-4 дəреже Глазго шкаласы бойынша), қайталанбалы генерализациялы тырысулармен немесе тырысулық статуспен (3 күннен артық), делирий жəне ошақты неврологиялық симптоматикамен мінезделеді. Көптеген авторлардың жəне неврологтардың кəсəби одақтарының ойынша, (National Institute of Neurological diseases and stroke, Sugaya N.,2002, Kurihara Meta., 2005) жоғары өлімшілдікпен байланысты УЭ (20-50%), жиірек тұмау туындатады.
 
2. Орташа-ауыр формасы – қысқа мерзімге есті жоғалтумен, Глазго бойынша 1-2 дəрежелі комамен, бір реттік немесе қайталанбалы құрысулармен, қысқаша уақытты делиримен, қайтымды ошықтық симптоматикамен мінезделеді. Естің бұзылу ұзақтығы 3 күнге дейін.

3. Жеңіл формасы – есті жоғалтусыз, қысқа мерзімді делирий, бір реттік құрысулар, ошақтық неврологиялық симптоматика жоқ.
 
Диагнозда ауырлықпен қатар, жетекші неврологиялық симптом көрсетіледі, ал УЭ өзі оны туындатқан этиологиялық диагноздан кейін көрсетіледі.
Клиникалық диагноз мысалы: А Тұмауы, ауыр ағым, уыттық энцефалопатия, орташа ауырлық дəрежесінде, қайталанбалы (екі реттік) генерализацияланған тонико-клониялық құрысу.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Созылмалы уыттану құбылыстарымен соматикалық аурулар.
2. Жіті инфекциялық аурулар немесе созылмалының өршуі.
3. Тұқымқуалаушылық аурулар немесе зат алмасу бұзылыстары.
4. Коршаған орта жəне экологияның зиянды əсерлері.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Физикалық тексеру:
- естің бұзылуы, делирий;
- тырысулар – генерализацияланған, тонико-клониялық;
- тремор;
- миоклониялар.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Невропатолог консультациясы.
4. Электроэнцефалография.
5. Педиатр консультациясы.
6. Психиатр консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қантқа қан алу.
2. Электрокардиограмма.
3. Мидың компьютерлік томографиясы.
4. Офтальмолог консультациясы.
5. Эндокринолог консультациясы.
6. Жұлын сұйықтығын зерттеу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Витальді функция бұзылыстарының қаупін басу (есті, жүрек қызметін қалпына келтіру).
2. Асқынулар профилактикасы.
3. Ахуалды тұрақтандыру.
4. Тырысуларды басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: режим сақтау.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Дезинтоксикациялық терапия - инфузионды терапия: 5%, 10% глюкоза* – 10 мл/кг; реополиглюкин* – 10 мл/кг; тұзды ерітінділер (күндізгі стационарда).
2. Негізгі ауруларды жəне оның симптомдарын емдеу (тұмау кезіндегі гипертермия, метаболиттік бұзылыстар жəне басқа).
3. Диазепам* – 3 жасқа дейін5 мг тəулігіне 2 рет, 3-5 жас 5 мг тəулігіне 2-3 рет, 5 жас жəне одан жоғары 5-10 мг тəулігіне 2 рет. Б/і 0,5% 1 мл ерітіндіні (5 мг) тəулігіне 2-3 рет енгізеді. Таблетка түрінде мүлдем қолданбайды, карбамазепин* немесе вольпроат натриге* ауыстырады.
4. Вольпроат натрий* – 20-60 мг/кг тырысулар жəне делирилер кезінде.
5. Дифенин* (тырысулық статус кезінде) – 5 жасқа дейінгі балаларға тəулігіне 0,025, 2-3 рет (1/4 тб, 1 тб – 0,1), 5-8 жас – тəулігіне 2 рет, 8 жастан жоғары – 0,1 (1 тб) тəулігіне 2 рет.
6. Карбамазепин* 10-20 мг/кг (Тб по 200 мг).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

Негізігі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Глюкоза 5%, 10% 400 мл, 500 мл, флакондағы инфузия үшін ерітінді; 40% 5 мл, 10 мл, амп.
2. *Реополиглюкин 200 мл, 500 мл, флакондағы инфузия үшін ерітінді.
3. *Тұзды ерітінді.
4. * Диазепам10 мг/2 мл, амп.; 5 мг, 10 мг, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Вольполь қышқылы 150 мг, 300 мг, 500 мг, табл.
2. *Дифенин250 мг, табл.
3. *Карбамазепин 100 мг, 200 мг, табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Ахуалды тұрақтандыру.
2. Тырысулық синдромды басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Перинатальные поражения центральной нервной системы. Библиотека ИМС Невронет. 2. Дамулин И.В. Деменции: дифференциальная диагностика и терапия. Кафедра нервных болезней Московской медицинской академии им И.М. Сеченова. 3. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия новоржденных: руководство для врачей. СПб: «Питер», 2000г. 4. Medical Masterclass. Neurology, Ophthalmology and psychiatrii. Royal College of Physicans of London. Blackwell Science, London, 2001г. 5. NINDS Encephalopathy Information page National institute of neurological disorders and stroke (сетевой ресурс).

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Идрисова Р.С., АМДБЖИ балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх