Балалардың несеп жүйесі инфекциясы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Инфекция мочевыводящих путей без установленной локализации (N39.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10хаттамасымен
бекітілген
  
Несеп жүйесі инфекциясы термині (НЖИ) - несеп жүйесіндегі бактериялардың өсуімен сипатталатын аурулар тобын біріктіреді [2].

Хаттаманың атауы: Балалардың несеп жүйесі инфекциясы.

Хаттама коды:

ХАЖ-10 бойынша кодтар:N10 Жіті тубулоинтерстициальды нефрит
N11.0 Бітелусіз рефлюкспен байланысты созылмалы пиелонефрит
N11.1 Созылмалы бітелумен пиелонефрит
N11.8 Басқа да созылмалы тубулоинтерстициальды  нефриттер
N11.9 Анықталмаған созылмалы тубулоинтерстициальды  нефрит
N39.0 Оқшаулануы шектелмеген несеп жүйесінің инфекциясы

Хаттамада қолданылған қысқартулар:
АЛТ- аланинаминотраснфераза
АСТ- аспаратаминотрансфераза
НЖИ- несеп жүйесінің инфекциясы
ИФТ – иммуноферменттік талдау
ОҚБ – отарқұрушы  бірліктер
КТ – компьютерлік томография
ЛОР – оториноларинголог
ДЗ – дәрілік заттар
ХАЖ - халықаралық аурулар жіктеуі
ҚНР - қабықшалы – несепағарлық рефлюкс
ПН – пиелонефрит
ПТР – полимераздық-тізбекті реакция
ШТЖ - шумақтық  тұну жылдамдығы
ЭШЖ - эритроциттердің шөгу жылдамдығы
СРА- С - реактивті ақуыз
УДЗ- ультрадыбыстық зерттеу
СБА – созылмалы бүйрек ауруы
ЭКГ – электрокардиограмма
эхоКГ – эхокардиография
ЭЭГ – электроэнцефалография
DMSA – Dimercaptosuccinic Acid
NICE - The National Institute for Health and Care Excellence (NICE), Ұлыбритания
 
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл.

Пациенттердің санаты: балалар.

Хаттаманы қолданушылар: жалпы тәжірибеі дәрігерлер, педиатрлар, нефрологтар.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі

1-кесте. НЖИ клиникалық жіктелуі [3, 4]


НЖИ түрлері Бөлімдері
Маңызды бактериурия Таза несеп үлгісінің орта мөлшеріндегі
>105/мл  бір түрлі бактериялардың болуы [5]
 
Асимптомды
бактериурия
НЖИ белгілері болмағанда маңызды бактериурия [6]
 
Қайталамалы НЖИ Жіті пиелонефритпен НЖИ 2 және одан көп бөлімі
1 бөлімі НЖИ жіті пиелонефритпен+1 және  асқынбаған НЖИ одан көп көріністері
Асқынған НЖИ (жіті пиелонефрит) >39°C қызбаның, улану белгілерінің, қоймай құсудың, сусызданудың, бүйректің жоғары сезімталдылығының, креатинин көтерілуінің болуы
Асқынбаған НЖИ (цистит)
 
Дене температурасының болар-болмас көтерілуімен, дизуриямен, жиі несеп шығарумен және асқынбаған симптомдарысыз НЖС
 
Атипті  НЖИ (уросепсис) Ауыр қалып, қызба, несеп ағысы әлсіз, қуық қалбыршағы мен  құрсақ қуысының ісігі, креатининнің көтерілуі, септицемия, 48 сағаттан кейін қалыпты антибиотиктермен емделудің толық емес жауабы, бей E.coli  топтан микроорганизмдармен шақырылған инфекция

Ескерту: Созылмалы пиелонефрит (ПН) өте сирек кездеседі, бұл термин көбіне жіті бір немесе көп мөлшердегі  ПН кейін бүйректің жиырылуын атау үшін  орынсыз қолданылады. Пиелонефритикалық бүйрек жиырылуын персистейтін құжатталған инфекциясы болмағанда, созылмалы мысал ретінде қарастыруға болмайды [2].
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 парамерлі);
-ЖНТ;
-несепті  бактериологиялық зерттеу;
-биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр);
-бүйректің УДЗ;
-қуық қалбыршағы УДЗ.


Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-кеуде  қуысы ағзаларының рентгенографиясы.


Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі қажетті тексерулердің минимальді тізімі:
-ЖҚТ (6 параметрлі);
-ЖНТ;
-биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр, калий, натрий, хлор, СРА);
-бүйректің УДЗ.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 параметрлер);
-ЖНТ;
-биохимиялық қан тапсыру (несепнәр, креатинин, СРА, калий/натрий, хлоридтар);
-несептің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтаумен бактериологиялық зерттеу;
-бүйректің УДЗ.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде өткізілмеген диагностикалық зерттеу өткізіледі):
-биохимиялық қан талдау (глюкоза, АЛТ, АСТ);
-антибиотиктарға сезімталдығын және қоздырғыш сәйкестілігі мен морфологиялық құрылылымын зерттеумен қанды зарарсыздығына тексеру;
-қан газын анықтау (pCO2, pO2, CO2);
-ИФТ (АИТВ-ға мөлшерлік антиденелерді анықтау);
-қан тобын анықтау;
-резус-факторды анықтау;
-несептегі ақуызды анықтау (мөлшерлік);
-іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы;
-ФЭГДС;
-контрастілеу затын енгізумен бүйрек КТ (несеп жолдарының бітелуін жоққа шығару мақсатында, НЖИ белсенді емес жағдайда өткізіледі);
-бүйрек МРТ (несеп жолдары кедергісін болдырмау үшін);
-ЭЭГ;
-эхоКГ;
-ЭКГ;
-іш қуысы ағзаларының УДДГ
-бүйрек тамырларының УДДГ;
-бірфотонды эмиссионды КТ (динамикалық бүйрек сцинтиграфиясы).
 
Ескерту:
- ≤ 6 айлық  балаларға атипиялық және жас ерекшелікті НЖИ болғанда микционды      цистография мен НЖИ кейін 4-6 айдан соң  міндетті динамикалық сцинтиграфия өткізу     керек. Асқынған НЖИ болып, бүйрек, қуық қалбыршағында өзгерістер айқындалғанда, микционды цистография өткізу қажет.
- 6 айлық≤3 жастағы  балаларға атипикалық және жас ерекшелікті НЖИ болғанда НЖИ     кейін 4-6 айдан соң  міндетті динамикалық сцинтиграфия өткізу керек. НЖИ асқынып, бүйрек,      қуық қалбыршағы УДЗ өзгерістер болса микционды       цистография өткізу қажет.
- 3 жастан асқан балаларға жас ерекшелікті НЖИ болғанда НЖИ кейін 4-6 айдан соң      міндетті динамикалық сцинтиграфия өткізу керек.

Жедел шұғыл жәрдем кезінде өткізілетін диагностикалық зерттеулер:
-анамнез бен шағымдарды жинау;
-физикальды қарау.
 
Диагностикалық белгілер  (үдеріс деңгейінің ауырлығына байланысты сырқаттану ауру айқын анықтамасы).
 
Анамнез және шағымдар:

Шағымдар
-дене температурасының көтерілуі;
-әлсіздік, босаңдық, тәбеттің болмауы;
-ауыру, несеп шығару кезінде қысылу, өктемді шақырулар;
-несепті ұстай алмау, кіші мөлшерлермен жиі несеп шығару;
-бел аймағында, іштің ауыруы;
-несеп түрінің өзгеруі.

Анамнез:
-анық емес этиологиямен температураның көтерілуі;
-жүрек айнуымен/сыз, құсумен/сыз анық шектеусіз іш ауыруы;
-анамнездегі несеп инфекциясының көріністері көріністері;
-іш қату;
-вульвит, қыздарда вульвовагинит;
-ұлдарда баланопостит,  фимоз.
                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Физикальды зерттеулер:
-айқындылығы түрлі деңгейдегі улану көрсеткіштері;
-несептік түрлер: несеп шығарудың жиіленуі, нашар иісті бұлдыр несеп, несеп ұстай алмау [7];
-тікішек тонусы мен несеп шығарудың аномалиясы;
-омыртқа аномалиясы;
-фимоз, синехиялар;
-қуық қабыршағы мен құрсақ қуысын саусақпен сезу: фекалит,  саусақ сезгіш бүйрек [7].
 
Зертханалық зерттеулер:

ЖҚТ: ЭТЖ көтерілуі, лейкоцитоз, нейтрофилез;
Қанды биохимиялық талдау: СРА көтерілуі, ипонатриемия, гипокалиемия,  гипохлоремия, креатининнің көтерілуі мүмкін, СБА дамуы кезінде несепнәрлер;
ЖНТ: несептің центрифугада айналдырылған үлгіде >5 лейкоциттер және центрифугадан өтпеген несепте  10 лейкоцит [9, 10, 11] (A);
Несепті бактериологиялық зерттеу – НЖИ диагностикасындағы алтын стандарт (А) [8]; E. coli мен  Грам «-» микроорганизмдар өсірінділерінен шығару, бактериурияның диагностикалық белгілері 2-кестеде көрсетілген.
 
2-кесте. НЖИ диагностикалық критерийлері [12] (A).

Несеп жинау әдісі ОҚБ мөлшері НЖИ мүмкіндігі (%)
Қасаға үстілік аспирация әдісі Түрлі микроағзалар көлемі 99
Қуық қабыршағын катетерлеу әдісі >5×104 ОҚБ /м 95
Несепті ерікті жинау тәсілі >105ОҚБ /мл 90–95
 
Аспаптық зерттеулер:
Бүйректің УДЗ - бүйрек көлемін үлкеюі, бүйрек көлемдерінің асимметриясы (бір немесе екі бүйрек көлемінің кішіреюі), айыратын бүйрек жүйесінің үлкеюі, бүйректік паренхимнің кішіреюі.
        Егер несеп жүйесі УДЗ-да аномалия анықталмаса, онда басқа визуалдау әдістерін өткізу керек емес.
Микционді цистография – бір немесе екі жақтан қабықшалы-несепағар рефлюкстін болуы.
DMSA-мен нефросцинтиграфия – бүйректің бір жақ бүйректік жүйесінің төмендеуі.

Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:-
-урологтың кеңесі - қабықшалы-несепағар рефлюксті, обструктивті         уропатияны анықтағанда;
-оториноларингологтың кеңесі – созылмалы ошақтарынын инфекциясын     санациялану үшін;
-стоматологтың кеңесі  –  созылмалы ошақтарынын инфекциясын санациялау          үшін;
-гинекологтың кеңесі – сыртқы жыныстық мүшелерінің инфекциясын санациялау          үшін;
-көз дәрігердің кеңесі – микротамырлардың өзгеруін бағалау үшін;
-сурдологтың кеңесі – есту бұзушылықтарын анықтау мақсатында;
-кардиологтың кеңесі – артериальды гипертензия, ЭКГ жағынан бұзушылық болғанда;
-ревматологтың кеңесі – жүйелік сырқаттану белгілерінде;
-инфекционистің кеңесі – зоонозды және басқа да инфекциялар, вирусты         гепатит болған кезде;
-хирургтың кеңесі – жіті хирургикалық патология болғанда;
-невропатологтың кеңесі – неврологиялық симптомдар болғанда;
-гастроэнтерологтың кеңесі – іш ауыруы, іш қату болғанда;
-гематологтың кеңесі – қан ауруларын жоққа шығару үшін;
-пульмонологтың кеңесі – төменгі тыныс алу жолдарының патологиясы     анықталғанда;
-анестезиолог-реаниматологтың кеңесі – ерте жастағы балалардың         бүйрегінің КТ, МРТ өткізу, орта тамырларды катетерлеу алдында.
 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:
 
 4-кесте. Асқынған және асқынбаған НЖИ сараланған диагностикасы.

Белгі Асқынбаған НЖИ Асқынған НЖИ
Гипертермия ≤39°C >39°C
Улану белгілері болмашы Айқын
Құсу, сузыздану - +
Іш ауыруы (бел) - жиі
Дизуриялық көріністер ++ +
Лейкоцитурия, бактериурия + +
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
-гипертермияның,  улану белгілерінің төмендеуі/ жойылуы;
-несепте және қанда лейкоциттердің қалпына келуі;
-бүйрек жүйесінің қалпына келуі.
 
Емделу тәсілі:

Дәрі-дәрмексіз  емдеу:
-теңгерімделген диета, калорияларды сәйкес енгізу (1,5-2 г/кг)
-су ішу тәртібі (көп ішу).

Дәрі-дәрмекпен емдеу
 
Бактерияға қарсы емдеу:
NICE бойынша антибиотикотерапия қағидаттары [15,16,17] (А):
-≤3 айлық балаларға: 2-3 күн барысында тамырішілік антибиотиктер, сосын клиникалық оңалу кезінде пероральды қабылдауға көшу;
-жоғарғы бөлімдер НЖИ-мен >3 айлық балаларға (жіт пиелонефрит): құсу болғанда 2-4 күн барысында тамырішілік антибиотиктер, сосын пероральды антибиотиктер, жалпы қабылдау 10 күн;
-антибиотикалық алдын алу кезде НЖИ қайта көрінісінде профилактикалық дәрілер мөлшерін көбейтудің орнына бактерияға қарсы дәрілер тағайындау қажет;
-НЖИ қайталанбаса, антибиотикалық алдын алу ұсынылмайды.

5-кестеде НЖИ емдеу кезінде қолданылатын бактерияға қарсы дәрілер көрсетілген.
 
5- кесте. НЖИ емдеу кезінде микробқа қарсы препараттарды қолдану [3] (А) 


Антибиотиктер Мөлшерлері (мг/кг/тәу)
Парентеральды
Цефтриаксон 75–100, тамыр ішілік 1–2 енгізу
Цефотаксим 100–150, тамыр ішілік 2-3 енгізу
Амикацин 10–15,  үнемі тамырішілік немесе 
бұлшықет ішілік [18]

 
Гентамицин 5–6, үнемі тамырішілік немесе 
бұлшықет ішілік
Амоксициллин + Клавулан қышқылы
амоксициллин + клавуланат)
50-80 амоксициллиннен,  тамыр ішілік 2-ге бөліп енгізу
Пероральды
Цефиксим 8, 2 қабылдау (немесе күніне бір рет)
Амоксициллин + Клавуландық қышқыл (Ко-амоксиклав) 30-35 амоксициллиннен, 2 қабылдау
Ципрофлоксацин 10–20, 2-ге бөліп қабылдау
Офлоксацин 15–20, 2-ге бөліп қабылау
Цефалексин 50–70, 2-ге бөліп 3-ке бөліп қабылдау
Ескерту: ШСЖ төмендетілген балаларда  ШСЖ байланысты дәрілер мөлшерлемесі түзетіліп тұрады.
 
Дезинтоксикациялық терапия
Көрсетімдер: НЖИ асқындауы, атипиялы НЖИ.
Инфузияның жалпы көлемі 60 мл/кг/тәулігіне 5-8 мл/кг/сағат жылдамдықпен (5% декстроза ерітіндісі/ 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі).

Нефропротективті терапия (СБА 2-4 сатыда болғанда):
фозиноприл 5-10 мг/тәулігіне
 
Амбулаториялық деңгейдегі  дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі ДЗ тізімі
-амоксициллин + клавулан қышқылы, ауыз арқылы қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған  суспензия, таблеткалар 625мг;
-ауыз арқылы қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған  цефиксим суспензия, капсула 400мг;
-ципрофлоксацин, таблеткалар 500мг;
-офлоксацин, таблеткалар 400мг;
-цефалексин, ішке қабылдау үшін суспензия 250мг/5мл;
-фозиноприл, таблеткалар 10мг.

Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізгі ДҚ тізімі  
-цефотаксим, енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг;
-цефтриаксон, енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг;
-амоксициллин + клавулан қышқылы, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 625мг;
-амикацин, ерітінді дайындауға арналған флакон 500мг;
-гентамицин, ампула 80мг;
-ауыз арқылы қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған  цефиксим суспензия, капсула 400мг;
-ципрофлоксацин, таблеткалар 500мг;
-офлоксацин, таблеткалар 400мг;
-цефалексин, ішке қабылдау үшін суспензия 250мг/5мл;

Қосымша ДЗ тізімі
-0,9% натрий хлорид ерітіндісі 400мл;
-5% декстроза ерітіндісі 400мл;
-фозиноприл, таблеткалар 10мг.
 
Жедел  шұғыл жәрдем кезінде көрсетілетін   дәрі-дәрмекпен емдеу:
Қызба кезіндегі дене температурасын төмендету шаралары: суықтандырудың физикалық тәсілдері, ыстық түсіретін дәрілер қабылдау (жасқа байланысты парацетамол 250-500мг).
 
Емдеудің басқа түрлері жүргізілмейді.
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері
Стационарлық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері
Жедел шүғыл жәрдем кезінде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері
 
Хирургиялық араласу
- өткізілмейді.
 
Амбулаториялық деңгейдегі хирургиялық араласу
 
Стационарлық деңгейдегі хирургиялық араласу

Әрі қарай  бақылау (амбулаториялық деңгейде пациентті қолдау) :
Нефрологтың қарауы  3 айда 1 рет. Пациенттің жағдайы нашарлаған кезде госпитальдау мәселесін шешу қажет.
Контроль лабораторных данных:
-ЖҚТ , ЖНТ 3 айда  1 рет;
-креатининді анықтау 6 айда  1 рет.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары
-улану белгілерінің, гипертермияның төмендеуі/жойылуы;
-несепте және қанда  лейкоциттердің қалпына келуі;
-бүйрек жүйесінің қалпына келуі.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үшін көрсетімдер

Шұғыл:
-баланың жалпы жағдайының төмендеуі: улану, құсу, бірнеше күн қызу.

Жоспарлы:
-амбулаториялық деңгейде өткізілген терапияның тиімсіздігі;
-2-5 сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы (СБА).

 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
-суйықтық қабылдаудың оңтайлы тәртібі;
-гипорефлекторлы түр бойынша құық қабыршағының әрекетсіздігі кезінде амалсыздан несеп шығару тәртібі;
-антибиотиктермен профилактика [19,20,21] (C).

Қайталанған НЖИ-де жасқа тәуелсіз  антибиотикалық профилактика жүргзіледі.
ҚНР I-II сатысындағы балаларда антибиотикалық профилактиканы растау мүмкін емес. Антибиотикалық профилактика ҚНР III-V кезде  белгілі рөл ойнауы мүмкін, әсіресе 5 жастан кіші балаларда.
Антибиотикалық профилактика ҚНР хирургиялық емдеумен салыстырғанда:
Химиопрофилактиканы қабылдаған және хирургиялық емдеуден өткен балалар арасында бүйрек жүйесінің, НЖИ қайталану жиілігінің  айырмашылығы жоқ.
Антибиотикалық профилктика НЖИ бойынша хирургиялық түзеуден кейін 6 айға дейін созылады.
Антенатальды гидронефрозы бар барлық балалар радиологиялық зерттеулер өткізілмегенше, антибиотикалық профилактиканы қабылдау қажет.
НЖИ–мен транспланттаудан кейін немесе көшірілген бүйректегі дәлелденген гидронефрозбен барлық балалар антибиотикалық профилактиканы қабылдау қажет.
Антибиотикалық профилактика мына жағдайларда тағайындалмайды:
-асимптомды бактериурия;
-ҚНР-пен туған ағалар;
-қуық қабыршағының интермиттерленген катетерлеудегі балаларға;
-несеп жүйесінің бітелуі;
-несептас ауруында;
-қуық қабыршағының нейроген әрекетсіздігі.
НЖИ профилактикасы үшін бактерияға қарсы дәрілерді таңдау баланың төзуі мен жасына байланысты (6-кесте)
 
6-кесте. НЖИ кезде антибиотикалық профилактика.

Дәрі Мөлшері (мг/кг/тәу) Ескерту
Ко-тримоксазол Триметоприм бойынша 1-2 Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназ жетіспеушілігі бар және <3 айлық балаларға тағайындауды болдырмау
Нитрофурантоин 1–2 Асқазан–ішектік бұзылу. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназ жетіспеушілігі бар және <3 айлық балаларға тағайындауды болдырмау
Цефалексин 10 Алғашқы 3 ай өмір сүруде таңдалған дәрі
Цефиксим 2 Белгі бір жағдайларда
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1) Халықаралық аурулар жіктелуі. Денсаулықпен байланысты мәселелер мен аурулардың халықаралық статистикалық жіктелуі негізінде жиналған қысқаша нұсқауы.43 Бүкіләлемдік Денсаулықсақтау Ассамблеясымен қабылданған, 10 қарастыру.ХАЖ-10. 2) Э. Лойман, А.Н.Цыгин, А.А.Саркисян. Балалық нефрология. Практикалық басшылық. Москва, 2010ж. 3) Indian Pediatric Nephrology Group. Consensus statement on management of urinary tract infections. Indian Pediatr. 2001;38:1106-15. 4) Kishore Phadke, Paul Goodyer, Martin Bitzan. Manual of Pediatric Nephrology. Springer-Verlag Berlin Heidelberg 2014, 641с. 5) Wald E. Genitourinary tract infections: cystitis and pyelonephritis. In: Feigin R, Cherry JD, Demmler GJ, Kaplan SL, eds. Textbook of Pediatric Infectious Diseases. 5th ed. Philadelphia, PA: Saunders; 2004:541–555 6) Kemper K, Avner E. The case against screening urinalyses for asymptomatic bacteriuria in children. Am J Dis Child. 1992;146(3):343–346 7) American Academy of Pediatrics, Committee on Quality Improvement Subcommittee on Urinary Tract Infections (2011) Practice parameters: the diagnosis treatment and evaluation of the initial urinary tract infections in febrile infants and young children. Pediatrics 128(3):595–610 8) Hellerstein S. Recurrent urinary tract infections in children. Pediatr Infect Dis J. 1982;1:271–281 9) Hoberman A, Wald ER, Reynolds EA, Penchansky L, Charron M. Is urine culture necessary to rule out urinary tract infection in young febrile children? Pediatr Infect Dis J.1996;15(4):304–309. 10) Kunin CM, DeGroot JE. Sensitivity of a nitrite indicator strip method in detecting bacteriuria in preschool girls.Pediatrics. 1977; 60(2):244–245 11)Johnson CE. Dysuria. In: Kliegman RM, ed. Practical Strategies in Pediatric Diagnosis and Therapy. Philadelphia, Pa: Elsevier; 1996:40 12) Chang SL, Shortliffe LD. Pediatric urinary tract infections. Pediatr Clin North Am. 2006;53:379-400. 13) NICE clinical guideline. Urinary tract infection in children. Diagnosis, treatment and long-term management. Issued: August 2007. guidance.nice.org.uk/cg54 14) NICE clinical guideline. Urinary tract infection in children: algorithm. 22 August 2007. guidance.nice.org.uk/cg5 15) Hodson EM, Willis NS, Craig JC. Antibiotics for acute pyelonephritis in children.Cochrane Database Syst Rev. 2007;(4):CD003772 16) Bloomfield P, Hodson EM, Craig JC. Antibiotics for acute pyelonephritis in children. Cochrane Database Syst Rev. 2005;(1):CD003772 17) Lesley Rees . . . [et al.]. Paediatric nephrology —2nd ed. p. ; cm.—(Oxford specialist handbooks in paediatrics) Rev. ed. of: Paediatric nephrology/Lesley Rees, Nicolas J.A. Webb. 18) Bloomfield P, Hodson EM, Craig JC. Antibiotics for acute pyelonephritis in children. Cochrane Database Syst Rev. 2003;3:CD003772. 19) Mangiarotti P, Pizzini C, Fanos V. Antibiotic prophylaxis in children with relapsing urinary tract infections: review. J Chemother. 2000;12:115-23. 20) Dai B, Liu Y, Jia J, Mei C. Long-term antibiotics for the prevention of recurrent urinary tract infection in children: a systematic review and meta-analysis. Arch Dis Child. 2010;95:499-508. 21) Williams GJ, Lee A, Craig JC. Long-term antibiotics for preventing recurrent urinary tract infection in children. Cochrane Database Syst Rev. 2006;3:CD001534.

Ақпарат

Әзірлеушілер тізімі:
  1. Б.А. Әбеуова - м.ғ.д., «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК «ФНПР педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасының меңгерушісі;
  2. Н.Б. Ниғматуллина - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Уронефрология» бөлімінің нефрологы;
  3. В.Х. Алтынова - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Диализ» бөлімінің меңгерушісі;
  4. Н.С. Ахмадьяр - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ  клиникалық фармакологы.
 
 Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі:
М.С. Молдахметов, м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ  «Балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх