Балалардың жүрегі зардапталуымен білінетін ревматизмдік қызбасы

H-P-014

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый ревматический эндокардит (I01.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Жіті ревматикалық қызба – А тобының гемолитикалық стрептококкты жіті мұрын-жұтқыншақты жұқпадан кейін қалыптасатын жүрек-қан тамыр жүйесінде басым шоғырланған процесімен, дəнекер тіннің жүйелі түрдегі қабынулық ауруы. Ал, ауруға жиі шалдығатындар, көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар.

 
Хаттама коды: H-P-014 "Балалардың жүрегі зардапталуымен білінетін ревматизмдік қызбасы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I01.1 Жіті ревматикалық эндокардит
I01.2 Жіті ревматикалық миокардит
I01.0 Жіті ревматикалық перикардит

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Жүрекке əсер етпейтін ревматикалық қызба.
2. Жүрекке əсер ететін ревматикалық қызба.
3. Ревматикалық хорея.

Фаза:
- белсенді: I, II, III-белсенділік;
- белсенді емес.

Жүрек жəне басқа да ағзалар мен жүйелердің клиникалық-анатомиялық зақымдалу сипаты:
- қақпақшаның ақауы жоқ біріншілік ревмокардит;
- жүрек ақауы бар қайталамалы ревмокардит;
- жүректе айқын өзгеріс байқалмайтын ревматизм;
- ревматикалық миокардиосклероз (белсенді емес фаза);
- жүрек ақауы (белсенді емес фаза);
- полиартрит;
- серозиттер (плеврит, перитонит, абдоминалды синдром);
- хорея, энцефалит, менингоэнцефалит, церебралды васкулит, нервтік-психикалық бұзылыстар;
- васкулит, нефриттер, гепатит, пневмония, терінің зақымдаулы, ирит, иридоциклит, тиреоидит.

Ағым сипаты:
- жіті;
- жітілеу;
- ұзақ мерзімді;
- үздіксіз-рецидивтік (аурудың қайта өршуі);
- латентті (жасырын).

Қан айналудың функциялық сипаты:
- қан айналым жеткіліксіздігі жоқ;
- қан айналым жеткіліксіздігінің I сатысы;
- қан айналым жеткіліксіздігінің IIА сатысы;
- қан айналым жеткіліксіздігінің IIБ сатысы;
- қан айналым жеткіліксіздігінің ІІI сатысы.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері

Үлкен критерийлер:
- кардит;
- полиартрит;
- хорея;
- сақина тəрізді эритема;
- тері асты ревматикалық түйіндер.

Кіші критерийлер:
Клиникалық:
- қызба;
- артралгиялар;
- анамнезде ревматизмнің болуы.

Екі үлкен немесе бір үлкен немесе екі кіші критерийдің болуы ревматизмнің болуының жоғары мүмкіндігін көрсетеді. Алайда, ревматизм диагнозын қоюға ақырғы шешімді қабылдау үшін стрептококкты жұқпаны дəлелдейтін мəліметтер қажет.

Шағымдар мен анамнез: дене қызуының жоғарылауы.

Физикалық тексеру
Стрептококкты жұқпаны дəлелдейтін мəліметтер:
- стрептококкқа қарсы антиденелердің жоғарылаған титрі (АСЛ-О жəне т.б.);
- аңқадан А тобы стрептококк себіндісін алу;
- жуық арада жəншаумен ауыруы.

Лабораторлық зерттеулер: жіті фазаның реактанттары (СОЭ, С-реактивтік белоктың жоғарылауы).

Инструменталдық зерттеулер: P-R аралығының ұзаруы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокардиография.
2. Эхокардиография.
3. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір кескіні).
4. Құрсақ қуыс ағзаларының УДЗ.
5. Жалпы қан анализі (6 параметр).
6. Антистрептолизиннің анықтамасы – О.
7. С-реактивті белокты анықтау.
8. Жалпы белокты анықтау.
9. Белокты фракцияларды анықтау.
10. Сиалды сынаманы анықтау.
11. Электролиттер - калий, натрийді анықтау.
12. Иммунограмма.
13. Жалпы зəр анализі.
14. Колонияларды таңдаумен биологиялық сұйықтықтардың себіндісін жасау.
15. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығының анализі.
16. Тимол сынамасын анықтау.
17. АЛТ анықтау.
18. АСТ анықтау.
19. Билирубинді анықтау.
20. Несепнəрді анықтау.
21. Креатининді анықтау.
22. Глюкозаны анықтау.
23. Отоларинголог консультациясы.
24. Стоматолог консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эзофагогастроскопия.
2. Холтер бойынша ЭКГ-ні тəуліктік мониторлеу.
3. Жұтқыншақты контрастау кескінінде жүрек рентгенографиясы.
4. Қантамырлар УДЗ.
5. Коагулограмма.
6. Дефиниламин сынамасын анықтау.
7. Антистрептокиназаны анықтау.
8. Антистрептогиалуронидазаны анықтау.
9. В антидезоксирибонуклеазаны анықтау.
10. Мидың компьютерлік томографиясы.
11. Электроэнцефалография.
12. Лактатдегидрогеназа, малатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа изоферменттерінің кардиоспецефикалық фракцияларының қанда анықтамасы.
13. Сарысуды, экссудаттар жəне транссудаттарды зерттеу.
14. Нечипоренко бойынша зəрдің анализі.
15. Зимницкий бойынша зəр анализі.
16. Кардиохирург консультациясы.
17. Окулист консультациясы.
18. Невропатолог консультациясы.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Клиникалық-зертханалық ремиссияға (оңалу) жету.
2. Қан айналу жеткіліксіздігі белгілерінің азаюы (тоқтатылуы).
3. Гемодинамиканы тұрақтандыру, жүрек ырғағының қалыпқа келтірілуі.
4. Белсенділік зертханалық көрсеткіштерінің толық дамуы.

Дəрі-дəрмексіз ем: 2-3 апта бойы төсек режимі (кардит ауырлығына байланысты).

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Антибактериалды ем: А тобының b-гемолитикалық стрептококкының эрадикциясына бағытталған жəне бензилпенициллинмен* 50 000-100 000 ЕД/кг/тəу. 10 -14 күн бойы; феноксиметилпенициллин 40/мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға, 10 күнге; амоксициллин* 0,125-0,5 г 3 рет қабылдауға, 10 күн; амоксициллин/клавуланат* 1,875 г 3 рет, 10 күн бойы қабылдау жүзеге асырылады; пенициллин дəрісі жақпағанда бір антибиотик таңдалып тағайындалады: эритромицин* 0,4-1,0 г тəулігіне 4 рет қабылдауға, 10 күн; азитромицин* 10 мг/кг күніне 1 рет, 3 күндік курс; спирамицин* тəулігіне 1,5-9,0 млн МЕ 10 күн; рокситромицин 5 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 10 күн; кларитромицин* 15/мг/кг/тəу. 2 рет қабыладуға, 10 күн; цефазолин* 20-50-100 мг/кг/тəу.; цефалексин* 50-100 мг/кг/тəу. 4 рет қабылдауға, 10-14 күн; цефуроксим* 50-100 мг/кг/тəу. 3-4 рет, 10-14 күн; цефтриаксон* 50-100 мг/кг/тəу.

Антибактериалды ем курсынан кейін 600 000-1 200 000 БІР - 1 дозасында бициллин-5 тағайындалады - айына 1 рет немесе осы дозада экстенциллин.

2. ОРЛ патогенетикалық емдеу қабынуға қарсы глюкокортикоидтар мен стероидты емес дəрі-дəрмектер тағайындалады: кг-ға 1-2 мг тəуліктік дозада преднизолон* (20-30-60 мг) емдік нəтижеге қол жеткізу үшін, 2 -3 апта бойы, дозаны əрі қарай төмендетумен (2,5 мг əр 5-7 күн) дəріні қабылдауды толық бітіргенше; стероидсыз қабынуға қарсы дəрі-дəрмектер ацетилсалицил қышқылы* 60-100 мг кг-ға, бірақ, тəулігіне 2,0 гр, немесе индометацин 2-2,5-3 мг/кг/тəу., немесе диклофенак* 2-3 мг/кг/тəу., немесе ибупрофен* 30-40 мг/кг/тəу., немесе напроксен 10-20 мг/кг/тəу., немесе нимесулид 5 мг/кг/тəу.

3. Иммунды модулдейтін ем: хингамин* 4 мг/кг/тəу. (бірақ тəулігіне 250 мг-нан артық емес) – тəулігіне 1 рет (түнге); гидроксихлорохин (плаквенил) 8 мг/кг/тəу. дозасында (тəулігіне 400 мг-нан артық емес) – тəулігіне 1 рет (түнге), 6-8 айдан кем емес емделу курсымен.

4. Қан айналу жеткіліксіздігі белгілерінің болуында емдеу жоспарына жүрек гликозидтері мен диуретикатерді енгізеді: жүрек гликозидтері – дигоксин* қолдаушы дозада 0,008-0,01 мг/кг/тəу. 2 рет қабыладуға; диуретиктер: фуросемид* 1-3 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға ауыстырумен немесе спиронолактон* 3,3 мг/кг/тəу. 2-3 рет қабылдауға.

5. Аритмияға қарсы көрсетілім бойынша дəрі-дəрмектер: пропранолол* 0,25-0,5 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға немесе атенолол* 50-100 мг тəулігіне бір рет немесе амиодарон* 5-9 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға.

6. АПФ ингибаторлары: эналаприл* 2,5-5-10 мг/тəу. 2 рет қабылдауға немесе каптоприл (доза жеке адамға таңдалады) 0,3-1,0 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға.

7. Кардиометаболикалық дəрі дəромектер - поляриздейтін қоспа (глюкозаның 10% ертіндісі 10-15 мг-нан 1 кг-ға, инсулиннің 1 Бірл. енгізілетін 3 гр қантқа, панангин 1,0 мл 1 жасқа), карнитин хлориді 20% ертінді, 10-40 тамшыдан - күніне 3 рет, сиыр қанынан жасалған депротеинделген гемодериват * 200-400-800 мг/тəу. венаға немесе бұлшықетке, инозин тəулігіне 0,4-0,8 г, кокарбоксилаза гидрохлориді 0,025 -0,05 -0,1 г бұлшықетке немесе венаға - күніне 1 рет. Бір уақытта кардиометаболикалық қатырынан 2-ден көп емес дəрі-дəрмекті, əрі қарай оны ауыстырумен тағайындалады.

8. Микроэлементтер, витаминдер жəне басқа топтардың дəрі-дəрмектері – калий дəрі-дəрмегі (панангин, аспаркам) тəулігіне 1-3 таблетка, аскорбин қышқылы* 0,05-0,250 г/тəу., токоферол ацетаты* 50-100 мг/тəу., эссенциале 1-2 капс. күніне 3 рет, құрамында алюминийдің гидрототығы мен магний тотығы комбинирленген дəрі-дəрмек* 2,0-5 мл күніне 4 рет; бүйрек үсті бездері қызметін стимуляциясының дəрі-дəрмегі: этимизол 0,1 г күніне 2-3 рет, глицирам күніне 0,025-0,05 г, 2-3 рет.

9. Хорея болғанда қосымша тағайындалатындар: фенобарбитал* 10-50 мг, тəулігіне 2-3 рет; диазепам* 2,5-15 мг, тəулігіне 2-3 рет қабылдауға; бром дəрі-дəрмегі - натрий бромиді 0,1-0,5 г, күніне 3-4 рет; бромкамфора, күніне 0,15-0,25 г, 2-3 рет; фенибут 0,15-0,25 г, күніне 3 рет; В тобы витаминдерінің кешені, ішуге, күніне 1 таб. 2-3 рет; физиоем - электрлік ұйқы, мойын-жағалық аймаққа бром-папаверинмен электрофорез жасау.

10. Инфекция ошақтарын санациялау - стоматолог, отоларинголог.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Бензилпенициллин 500 000 Бірл., 1 000 000 Бірл., флаконда, инъекцияға арналған ұнтақ
2. *Амоксициллин 500 мг, 1000 мг, табл.; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг/5 мл, пероралды суспензия
3. *Амоксициллин/клавуланат 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, ұнтақтан суспензия дайындайды 125 мг/31, 25 мг/5 мл, 200 мг/28,5 мг/5 мл, 400 мг/57 мг/5 мл
4. *Спирамицин 1,5 млн Бірл., 375 мың Бірл., 750 мың Бірл., суспензияларға арналған гранулалар; 1,5 млн Бірл., инфузияларға арналған ұнтақ
5. *Цефазолин 1000 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Цефалексин 250 мг, 500 мг, табл., капс.; 125 мг, 250 мг/5 мл, суспензия жəне сироп
7. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг, табл.; 750 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ, флаконда
8. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г, флаконда, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
9. *Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ, флаконда
10. *Преднизолон 5 мг, табл.
11. **Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, 250 мг, 325 мг, 500 мг, табл.
12. *Эритромицин 250 мг, 500 мг, табл.; 250 мг/5 мл, пероралды суспензия
13. *Азитромицин 125 мг, 500 мг, табл.; 250 мг, капс.; 200 мг/100 мл, флаконда, инфузияларға арналған ертінді
14. *Дигоксин 2,5 мкг, 250 мкг, табл.; 0,025% 1 мл, амп.
15. *Фуросемид 40 мг, табл.; 20 мг/2 мл, амп.
16. *Пропранолол 0,1% 10 мл, ертінді
17. *Эналаприл 2,5 мг, 10 мг, табл.; 1,25 мг/1 мл амп.
18. *5%, 10% глюкоза, 400 мл, 500 мл, инфузияларға арналған ертінді, флаконда, 40% ертінді 5 мл, 10 мл, амп.
19. Панангин 1,0 мл, амп.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Феноксиметилпенициллин 500 мг, табл.
2. Рокситромицин 50 мг, табл.
3. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.;
4. Бициллин-5, 600000-1200000 Бірл.
5. Индометацин 25 мг, табл.
6. *Диклофенак 25 мг, 100 мг, 150 мг, табл.; 75 мг/3 мл инъекцияларға арналған ертінді; 50 мг ректальды суппозиториялар; 100 мг май
7. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг, табл.
8. Напроксен 250 мг, табл.
9. Нимесулид 500 мг, табл.
10. Гидроксихлорохин (плаквенил) 200 мг, табл.
11. *Спиронолактон 25 мг, 50 мг, табл.
12. *Атенолол 50 мг, 100 мг, табл.
13. *Амиодарон 200 мг, табл., 150 мг/3 мл, амп.
14. Каптоприл 50 мг, табл.
15. Инозин 400 мг, инъекцияларға арналған ертінді 
16. Кокарбоксилаза гидрохлориді 50 мг, амп.
17. *Токоферол ацетаты 1 мл 5%, 10%, 30% майлы ертінді амп-да; 50% майлы ертінді капс.
18. *Алюминий гидрототығы жəне магний тотығы ішуге арналған суспензия, таблеткалар
19. Глицирам 250 мг, 500 мг, табл.
20. Фенобарбитал 500 мг, табл.
21. Натрий бромиді 50 мг, табл.
22.*Диазепам 2 мг, 5 мг, табл.
23. Экстенциллин, 600000-1200000 Бірл.
24. В тобының витаминдері 10 мг, табл.; 5% 1 мл, амп.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
Ревматикалық процесс белсенділігінің клиникалық белгілерін төмендету (тоқтату), белсенділіктің зертханалық көрсеткіштерінің толық қайталамалы дамуы, гемодинамиканы тұрақтандырумен жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі белгілерін азайту, амбулаторлық емдеуге, санаторийге ауысудың критерийі болып табылады.
Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі белгілерінің өсуі, өмірге қауіпті аритмиялардың пайда болуы - үдемелі емді жүргізуге, ОРИТ-ке ауыстыру.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Кез-келген дəрежедегі ревматизмдік процесстің белсенділігі.
2. Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік ақаулары жəне онымен байланысты жүрек ритмінің бұзылыстары.
3. Ревматизмдік генездегі II-III дəрежелі қан айналу бұзылыстары.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі:
1. Жалпы қан анализі.
2. ЭКГ.
3. Кардиоревматолог кеңесі.
4. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.
5. ЭхоКГ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. NHG Practice Guideline. Acute sore throat. May 1999. www.clinicalevidence.com 2. Лыскина Г.А., Шишов А.Я. Ревматизм у детей: современное состояние проблемы. ММА им. И.М. Сеченова. 2002 г. www.mail.ru 3. Березняков И.Г. Диагностика, антибактериальная терапия ипрофилактика ревматизма (острой ревматической лихорадки. www.mail.ru 4. Divisione di Cardiologia Ospedale V. Cervello, Palermo. Le endocarditi infettive: approccio diagnostico e terapeutico. www.g-i-n.net

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Нусипбекова С.С., ҚР ДСМ ПжБХ ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх