Балалардағы холецистит

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Хронический холецистит (K81.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
 бекітілген
       

Созылмалы холецистит
– бұл өт қабы қабырғасының созылмалы қабыну ауруы, ауру өте баяу дамиды және өт қабының склероздануымен, деформациясымен жүреді. Балалық шақта холецистит көбінесе лямблиозбен және ішекқұртты инвазиямен байланысты болады. [9,10]

Хаттама атауы – Балалардағы холецистит
 
Хаттама коды –
 
ХАЖ-10 кодтар
K 81.0 Жіті холецистит
K 81.1 Созылмалы холецистит
K 83.0 Холангит
К 83.8 Өт шығару жолдарының нақты анықталған аурулары
К 83.9 Өт шығару жолдарының нақты анықталмаған ауруы
 
Хаттамада қолданылатын қысқартылған сөздер
АСТ– аспартатаминотрансфераза
АЛТ– аланинаминотрансфераза
ЖТД– жалпы тәжірибе дәрігері
ИФТ– иммуноферментті талдау
ЛОР– оториноларинголог
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
H. pylori – хеликобактер пилори
ЖҚА – жалпы қан талдауы
ЖЗА – жалпы несеп талдауы
ПТР – полимеразды тізбекті  реакция
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы
ФЭГДС – фиброэзофагогастродуоденоскопия
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – электрокардиография
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты – балалар.
 
Хаттаманы қолданатындар – балалар гастроэнтерологтары, педиатрлар, ЖТД, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, фельдшерлер.
 

Жіктемесі


Балалардағы холециститтің клиникалық жіктелуі  [8]:

Ағымы бойынша:
• жіті;
• созылмалы;
• қайталамалы.

Қабыну түрі бойынша:
• катаральды;
• флегмонозды;
•  гангренозды.

Ауру кезеңі бойынша:
• ушығу;
• толық емес ремиссия;
• ремиссия.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
• ЖҚТ (6 параметр);
• ЖНТ;
• Қанның биохимиялық талдауы ( АСТ, АЛТ, билирубинді анықтау);
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Дуоденальды сүңгілеу;
• Іш қуысы ағзаларының УДЗ;
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
• Қанның биохимиялық талдауы (альфа-амилаза,  глюкоза, сілтілі фосфатаза, холестеринді анықтау)
• ФГДС;
• Тамырішілік холангиохолецистография;
• Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
• ЭКГ.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің  минимальды  тізімі:
• ЖҚТ (6 параметр);
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, билирубин);
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Нәжісті гельминттерге және қарапайымдыларға зерттеу;
• Іш қуысы ағзаларының УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер  (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• ЖҚТ (6 параметр);
• ЖНТ;
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, билирубин);
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Дуоденальды зондтау;
• Өттің бактериологиялық талдауы;
• Іш қуысы ағзалаының УДЗ;
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер  (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• Қанның биохимиялық талдауы (диастазаны, қандағы глюкозаны, сілтілі фосфатазаны, холестеринді анықтау)
• ФГДС;
• Тамырішілік холангиохолецистография;
• ЭРХПГ
 
Жедел шұғыл медициналық көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық шаралар:
• ЖҚТ;
• Қанның биохимиялық талдауы (диастазаны, қандағы глюкозаны анықтау);
• Іш қуысы ағзаларының УДЗ;
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдары және анамнез:
Шағымдары:
Оң қабырға доғасы аймағындағы тұйық ұстамалық ауру (әсіресе майлы және қуырылған, ащы тағамдарды, газдалған сусындарды қабылдаған соң), ауызда ащы дәмнің сезілуі [7]:
• құсу;
• кекіру;
• тәбеттің төмендеуі;
• іш өту не іш қату;
• дерматиттер;
• бас ауруы;
• әлсіздік;
• шаршау.
Анамнез:
• дұрыс тамақтанбау;
• билиарлы жолдың дисфункциясы;
• аз қозғалу;
• кейбір дәрілік препараттарды көп қолдану;
• өт қабының атониясы;
• даму ақаулығы;
• тұқымқуалау.
 
Физикальды зерттеу [7,8,11]:
Оң қабырға аймағындағы бұлшықеттер резистенттілігі, «өт қаптық» симптомдардың оң болуы:
Кер (өт қап нүктесіндегі ауру сезімі), Ортнер (оң қабырға доғасын қиғаш қолмен соққылағандағы ауру сезімі), Мерфи (демді ішке тартқан қалпында оң қабырға аймағын пальпациясы кезіндегі ауру сезімі), оң қабырға доғасының  пальпациясы кезіндегі ауру сезімі созылмалы холециститті көрсетеді.
 
Зертханалық зерттеулер [7,8,11]:
ЖҚТ (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдауы), дуоденальды сұйықтық құрамын бактериологиялық, цитологиялық және биохимиялық зерттеу (салыстырмалы тығыздықтың төмендеуі, тұтқырлығының жоғарылауы,  рН қышқылды ортаға ауысуы, өт қышқылдарының мөлшері, билирубиннің төмендеуі).
 
Аспаптық зерттеу [5,7,8.11]:
УДЗ – өт қабының 2 мм-ден артық тығыздалу мен қалыңдануы, жоғарғы бөлігінің қалыптыдан 5 мм-ден артық ұзаруы, паравизикальды  эхонегативтіліктің болуы, сладж-синдромы (Өт қабы қабынуының халықаралық критериі, Вена, 1998);
ФГДС – асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабатын, соның ішінде Одди сфинктерін көруге мүмкіндік беретін диагностиканың эндоскопиялық әдісі. Сонымен қатар  ФЭГДС кезінде өт зерттеуге алынады;
Холангиохолецистография  —  өт қабы мен өт жолдарының анатомиялық және функциональдық жағдайын, олардағы конкременттердің, (өттас ауруы), қабынулық өзгерістердің (холецистит, холангит), іш босауының бұзылыстарының (дискинезиялар) бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді;
Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография – зерттеу кезінде барлық өт шығару жолдарының көрінісін, сонымен қатар әртүрлі толу ақауларын көруге болады. Диагностикалық мүмкіндіктермен қатар, өт шығару жолдарының дистальды бөлімінде орналасқан тастарды алып тастау және  папиллосфинктеротомия секілді емшараны жасауға болады;
Дуоденальды сүңгілеу –   өт үлесінің пайда болуы мен көлеміне қарай өттің типін анықтайды. Өтте шырыш, билирубин, холестерин анықталса, оны микроскоптайды: лейкоциттардың, билибирубинаттардың, лямблийдің болуы диагнозды растайды. В үлесіндегі өзгерістер өт қабындағы, ал С үлесіндегі өзгерістер өт жолдарындағы үрдістерді көрсетеді.
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер
• ЛОР кеңесі – мұрын-жұтқыншаққа санация жасау мақсатында;
• Стоматологтың кеңесі  – ауыз қуысының санациясы мақсатында;
 

Дифференциалды диагноз


Ауру атауы Клиникалық критериі Зертханалық көрсеткіштер
 
 
 
Созылмалы гастродуоденит
эпигастриядағы ауыру, кіндік аймағында және
пилородуоденальды
аймақта оқшауланады; айқын диспепсиялық көріністер (жүрек айну, кекіру,
қыжыл, кейде - құсу);
ерте не кеш ауру сезімінің қосарласуы;
Асқазанның шырышты қабатындағы эндоскопиялық өзгерістер
(ісіну, гиперемия,
қан құйылулар, эрозиялар,
атрофия, қыртыстардың гипертрофиясы және т.б.) H. Pylori болуы -цитологиялық зерттеу, ИФА және т.б.
 
 
 
Созылмалы панкреатит
 
 
Ауру сезімі кіндіктен жоғары сол жақта оқшауланады және сол бөлікке
беріледі, белді айналдыра ауруы мүмкін
 
Қанда, несепте амилазаның жоғарылауы, нәжістегі трипсиннің белсенділігі, стеаторея,
Креаторея. УДЗ –бездің көлемінің ұлғаюы мен
эхологиялық тығыздығының өзгеруі
Созылмалы энтероколит
 
 

Ойық жара ауруы
Ауру  кіндік аймағында не  іш аймағын толық қамытып,  оқшауланады,үлкен дәреттен кейін оның аздап басылуы, іш кебуі, сүтті, көкеніс, жемістерді қабылдай алмаушылық,
іш өтуі
 
Ауру сезімі ас қабылдағаннан соң 2-3 сағаттан кейін дамиды. Жедел, аяқ астынан, пальпацияда айқын байқалады, іш бұлшықеттерінің қатаюы, тері
гиперестезиясы,
Мендель симптомының оң болуы
Копрограммада - амилорея,
стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер,
эритроциттер,
дисбактериоз көріністері болуы мүмкін.
 
 
 
Эндоскопия – шырышты қабаттың терең ақауы, шеттері гиперемияланған көптеген ойық жаралар болуы мүмкін.

Емдеу тактикасы


Емнің мақсаттары:
•  аурудың асқындыры алмау;
• моторикалық бұзылыстарды қалпына келтіру;
• қабынулық, ауру, диспепсиялық синдромдарды тоқтату
                             
Емнің тәсілі

Дәрі-дәрмексіз емдеу
№5 диета холецистит кезінде – емнің ең маңызды бөлімдерінің бірі, тағам қабылдауы күніне 4-6 рет жиілейді. Тәуліктік калория мөлшері дені сау бала қабылдайтын калорияға сәйкес болады. Стационарда науқас Певзнер бойынша   № 5 үстелін қолданады.
Минералды су өттің бөлінуін ынталандырады, оның  тұтқырлығын төмендетіп, сұйылтады. Суды  1 кг салмаққа 3мл келетіндей, аз жұтымдап ішеді. Көбінесе   Ессентуки № 4, 17  боржом қолданады. Егер  холецистит  гиперацидты гастритпен асқынатын болса, онда  минералды суды (ессентуки № 4 боржом) астан  1–1,5 сағат бұрын, гипоацидты не нормацидты гастритпен асқынса – 40 мин. бұрын береді. Емнің курсы 2 апта, 3-6 ай үзіліспен.
Емдік дене шынықтыру емнің маңызды бөлігі, өттің ағуын жақсартады, созылмалы холециститпен және билиарлы жолдың функциональды бұзылыстар кезінде қолданылады.
Санаториялық-шипажай  емделу. Санаториялық емделуге ауру ағымы ұзаққа созылған және  ауруы жиі асқынатын балалар жіберіледі.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу

Қағидат Препарат топтары Препарат атаулары Мөлшер, қабылдау мерзімі
Бактерияға қарсы  терапия Кең спектрлі пенициллин топтары
 
 
 
 
Амоксициллин 250мг, табл.
 
 
 
 
250 мг, 500 мг капсула,
500 мг, балаларға 2-7 жас 250 мг күніне 3 рет, 7 жастан жоғары 500 мг 3рет
Макролидтер тобы
 
 
 
 
 
Азитромицин, 250 мг
 
 
 
 
 
500 мг 3 рет
6 жастан 12 жасқа дейін
20 мг/кг күніне 1 рет , 12 жастан
жоғары 500 мг күніне тәулікте
Триметоприм+
Сульфаметоксазол
Ко-тримоксазол 120, 240, 480 1,5 г тәулігіне
1-2 т. күніне 2рет
Зең флорасы  флора болғанда Зеңге қарсы препараттар Интраконазол оральды ерітінді 150 мл 10 мг/мл. балаларға 0.2 г тәулігіне
Антисекреторлы препараттар ПП ингибиторлары Омепразол
 
 
 
 
 
 
Лансопразол
 
Эзомеразол
 Салмағы 10-20 кг  10мг күніне, қажет болса, 20мг күніне; 20 кг жоғары болса, күніне 20 мг;
 
Күніне 1 рет 10-20мг
Күніне 1 рет 10-20мг
Моторикалық бұзылыстарды түзету Спазмолитиктер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Прокинетиктер
Дротаверин
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гиосцин бутилбромиді
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Платифиллин,0,2%
амп.
Домперидон 10мг, табл.
 6 - 12 жас
максимальды тәуліктік мөлшер 80 мг екі бөліп қабылдау,
Екі қабылдауға, 12 жас. жоғары макс. тәуліктік мөлшер 160 мг 2-4 бөліп қабылдау
 1 жасқа дейін – суспензия түрінде 5 мг тәулігіне
2-3 рет немесе  1 суппозитарий (ректальды
суппоз. балаларға 
7,5 мг), 6 жастан жоғары 1-2 табл. күніне 3-5 рет.
 
 
 
0,2-0,3мг/кг күніне 2рет 0,25-1,0мг/кг
Өт қабының моторикасын жақсартып, өтті сұйылтатын препараттар Өт айдағыш препараттар
 
 
 
 
Силимарин,100мг
 
 
 
 
 
Магний сульфаты 25%-20 мл ампула
 
Дымянка дәрілік шөптер сығындысы, 100мг
6 жастан жоғары балаларға 1 капсула 3 қабылдауда
 
 
0,2 мг/кг тәулігіне
 
 
6 жастан жоғары
балаларға 100 мг 3 рет
 
Диарея кезінде Диареяға қарсы препараттар Лоперамид 1 ай-1 жас 100-200 мг/кг тәулігіне 2 рет тамақ алдында, 1 жас-12 жас 100-200 мк/кг(макс 2г) тәулігіне 3 рет, 12-18 жас 2-4мг 2-3 рет тамақ алдында
Иммунитетті көтеру үшін Дәрумендер Ретинол пальмитат, альфа-токоферол ацетат
Тиамин бромид 5%
 
Пиридоксин гидрохлориді 5%
 
 
 
1 к күніне 3 рет 10 күн
 
1 мл 10 күн
1мл 10 күн
Тағам қорытылуын жақсарту Ферментті препараттар Панкреатин -500-1000ЕД/липаза/кг Капсула  1,5жасқа дейін 50000 ЕД/тәулігіне,
1,5 жастан жоғары 100000 ЕД/тәулігіне
Бактерияға қарсы
препараттар
Гельминттерге қарсы препараттар Пирантел,250мг таблетка, 125мг пероральды суспензия
 
 
 
 
 
Мебендазол, 100мг табл.
6 ай-2 жас 125 мг (1/2таб не ½ қасық), 6-12 жас 500мг (2таб не 2 қас.), 12 жастан жоғары 750 мг (3 таб не 3 қас.)
10 жастан жоғары 100 мг 1 рет
Тұз қышқылын бейтараптай отырып асқазан қышқылдығын төмендететін препараттар Антацидті препараттар Алгелдрат+
Магния гидроксид, 15мг пак.
4-12 ай 7,5 мл (1/2ш.қ.), 1 жастан жоғары 15мл(1ш.қ.)
Айқын метеоризм кезінде Метеоризмді болдырмайтын препараттар Симетикон 1-2 ш.қ. эмульсия не тамшы не 1-2 табл. нәрестелер үшін 1ш.қ. эмульсия  тамақпен не 3-5 тамшы
Бауыр жасушаларын қорғайтын және қалпына келтіретін препараттар Гепатопротектор
лар
Урсодезоксихолды қышқыл 250мг, 500мг капсула
 
Расторопша дақты жеміс экстракты, 200мг
1 рет 10мг/кг/тәулігіне
 
 
6 жастан асқан балаларға 200мг 3 рет
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
 
Негізгі дәрілік препараттар  (100% қолдану мүмкіншілігі бар)
• Триметоприм+Сульфаметоксазол  240-480 мг таблетка;
• Амоксициллин 250 мг, табл.; 250 мг, 500мг капсула, 500 мг, 1000 мг инъекционды ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 125/5 мл  флакондағы суспензия;
• Азитромицин, 250 мг таблетка;
• Интраконазол оральды ерітінді 150 мл - 10 мг/мл;
• Домперидон, 10 мг, таблетка;
• Силимарин, 100 мг, капсула;
• Панкреатин, 10 000 ХБ, капсула;
• Алгелдрат+Магния гидроксид, 15 мл пакет;
• Пирантел, 250 мг таблетка;
• Мебендазол, 100 мг шайнайтын таблетка;
• Дротаверин 40 мг, 80 мг таблетка;
• Гиосцин бутилбромиді 10, 20мг таблетка;
• Платифиллин, 0,2% ампула;
 
Қосымша дәрілер препараттар ( қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• Ретинол пальмитаты (Вит А), 100000 ХБ капсула;
• Альфа-токоферилацетат (Вит Е), 100мг. капсула;
• Пиридоксинагидрохлорид (Вит В6) 0,01 г, 0,002 г. таблетка;
• Тиаминобромид (Вит В1) 40 мг таблетка.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрілік препараттар  ( 100% қолдану мүмкіншілігі бар)
• Триметоприм+Сульфаметоксазол  240-480 мг таблетка;
• Амоксициллин 250 мг. таблетка;
• Азитромицин, 250 мг. таблетка;
• Метронидазол 250мг  инфузияға арналған ерітінді;
• Интраконазол оральный ерітінді 150 мл.;
• Домперидон, 10 мг, таблетка; 
• Силимарин, 100мг., капсула;
• Магний сульфаты 25%-20мл ампула;
• Панкреатин, 10 000 ХБ капсула;
• Алгелдрат+Магния гидроксид, 15 мл пакет;
• Пирантел, 250 мг таблетка;
• Мебендазол, 100 мг шайнайтын таблеткалар;
• Дротаверин 40 мг, 80 мг таблетка;
• Гиосцин бутилбромиді 10, 20мг таблетка;
• Платифиллин, 0,2% ампула.
 
Қосымша дәрілер препараттар (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• Урсодезоксихолді қышқыл 250 мг, 500мг капсула;
• Дымянка дәрілік шөп сығындысы, 100мг. капсула;
• Расторопши дақты жеміс сығындысы, 200мг. капсула;
• Ретинол пальмитаты (Вит А), 100 000 ХБ капсула;
• Альфа-токоферилацетат (Вит Е), 100мг. капсула;
• Пиридоксинагидрохлорид (Вит В6) 0,01 г, 0,002 г. таблетка;
• Тиаминобромид (Вит В1) 40 мг таблетка.
 
Жедел медициналық көмек деңгейіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
• Дротаверин гидрохлориді 40мг. таблетка;
• Гиосциа бутилбромиді 10мг.таблетка, ректальды суппозитарий;
• Платифиллин 0,2% ерітінді;
• Папаверин 1% ерітінді.
 
Емнің басқа түрлері:

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емнің басқа түрлері:

Стационарлық деңгейде көрсетілетін емнің басқа түрлері:
• Емдік дене шынықтыру
 
Хирургиялық араласу - жүргізілмейді
 

Алдын алуы


инфекционды асқынулардың алдын алу
өттастың ықтимал қалыптасуының алдын алу

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Дәлелді медицина негізіндегі клиникалық ұсыныстар: Ағыл ауд. / И.Н.Денисова, В.И.Кулакова, Р.М. Хаитова ред. бойынша. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001. - 1248 б.: 2. Клиникалық ұсыныстар+фармакологиялық анықтама: И.Н.Денисова, Ю.Л. Шевченко ред. бойынша- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004.-1184б. («Дәлелді Медицина сериясы») 3. Society of Nuclear Medicine Procedure Guideline for Hepatobiliary Scintigraphyversion 3.0, approved June 23, 2001. Society of nuclear medicine procedure guidelines manual; Мarch 2003. – 357р. 4. Еvidence-based clinical practice guidelines on the diagnosis and treatment of cholecystitis Domingo S. Bongala, Jr., MD, FPCS, Committee on Surgical Infections, Philippine College of Surgeons, Epifanio de los Santos Avenue, Quezon City, Philippines 5. Ересектеу балалардың ауруы, дәрігерлерге арналған басшылық, Р.Р. Шиляев және т.б.., М, 2002 6. Холециститте қолданылатын емдәм рецепттері, М Смирнова; РИПОЛ классик, 2013, 150б. 7. Холецистит және өт қабының басқа да аурулары Г. В. Болотовский; М., 2007. 160б. 8. Өт жолдарының созылмалы аурулары, Р. А Иванченкова. М.: «Атмосфера» басылымы, 2006. 416 б.: ил. 9. Балалар гастроэнтерологиясы, Т.Г. Авдеева, Ю.В. Рябухин, Л.П. Парменова; М., 2009, - 210 10. Педиатрға арналған практикалық гатсроэнтерология, М.Ю. Денисов, М. 2004, 204б 11. Поликлиникалық педиатрия, А.С. Калмыкова, М., «ГЭОТАР-Медиа» басылымы, 2007. 621 б.

Ақпарат


Әзірлеушілер
1.  Орынбасарова К.К. –м.ғ.д., «С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК, «Балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі; 
2.  Мырзабекова Г.Т. –  м.ғ.д.,  «МАДБЖИ» ШЖҚ РМК «Педиатрия» кафедрасының  меңгерушісі;
3.  Смағұлова А.Б. –     «С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК, «Амбулаториялық-емханалық педиатрия» кафедрасының доценті;
4.  Құдайбергенова М.С. –   «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ, клиникалық фармакологы. 
 
Мүдделер қақтығысын жоқтығын көрсету: болған жоқ
 
Пікір иесі:  Оразова С.Н. - м.ғ.д.,    «Астана медицина университеті» АҚ «№2 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының меңгерушісі 
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:
Хаттаманы  қайта қарау 3 жылдан соң не диагностиканың жаңа әдістері дамыса не емнің басқаша түрдегі дәлелденуі.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх