Балалардағы токсикалық энцефалопатия

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Токсическая энцефалопатия (G92)
Неврология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

Жіті токсикалық энцефалопатия [1] — инфекциялық бактериалды-вирустық агенттердің, токсиндердің және нейротропты улардың әрекетіне жауап ретінде пайда болатын көптеген ағзалар мен жүйелер функцияларының бұзылуымен қоса болатын перифериялық гемодинамиканың жетіспеушілігінің ілгерілеуі көрінісіндегі потенциалды-қайтымды неврологиялық бұзылулар кешені. Балаларда токсикологиялық энцефалопатияның ең жиі тараған түрі нейротоксикоз болып табылады. Нейротоксикоз - перифериялық гемодинамика жетіспеушілігінің ілгерілеуі көрінісінде неврологиялық бұзылулардың, таралған реакцияның ағымының нұсқасы басым болатын токсикалық энцефалопатия, балалардағы токсикоздың ең жиі нұсқасы. Әдетте ол бейспецификалық респираторлы-вирустық (тұмау, аденовирусты, парагриппозды инфекция) және спецификалық (қызылша) инфекцияларында туындайды, әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларда ауыр өтеді.

Хаттама атауы: Балалардағы токсикалық энцефалопатия
 
Хаттама коды:
 
Код ХАЖ-10:
G 92 Токсикалық энцефалопатия
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар
АҚ – артериялық қысым
AЛаT - аланинаминотрансфераза
AСаT- аспартатаминотрансфераза
АТ – антиденелер
ҚІҚК – қарыншаішілік қан кету
ҚГВ – қарапайым герпес вирусы
ҚҰУ- қанның ұю уақыты
БСІГ – бассүйек ішіндегі гипертензия
ТТКҚ – таралған тоникалы-клоникалық құрысу
КЖД – көру жүйкесінің дискі
ИФТ – иммуноферментті талдау
КТ – компьютерлік томография
ҚСТ (С) – қышқылды-сілтілі тепе-теңдік
МРТ – магнитті-резонанстық томография
МЭ - менингоэнцефалит
НСГ – нейросонография
ЖҚТ – жалпы қан талдауы
ЖНТ – жалпы несеп талдауы
ЖРВИ – жіті респираторлы-вирусты инфекция
ҚТП– қарқынды терапия палатасы
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ПТР – полимеразды тізбекті реакция
САҚК – субарахноидалды қан кету
ЭШЖ – эротроциттердің шөгу жылдамдығы
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ҚБ – қалқанша без
СФ – сілтілі фосфатаза
ЭКГ – электрокардиография
ЭЭГ – электроэнцефалография
ЭЭГ- бейнемониторинг – электроэнцефалограмманы бейнемониторингілеу
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар  невропатологтары, балалар инфекционисі,   педиатрлар мен жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел және шұғыл медициналық көмек  дәрігерлері. 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі
Кезеңдері бойынша:
1. Продромалды – қысқа кезең, әдетте ЖРВИ көрінісінде. Клиникасы: ұйқының бұзылуы, мазасыздану, тамақтанудан бас тарту, жиі кекіру;
2. Қызған кезең –I-III деңгейлі нейротоксикоз;
3. Кері даму кезеңі [1,2].
 
Ауырлық деңгейі бойынша [2]

Ауырлық деңгейі
 
Клиникалық сипаттама
 
Зертханалық мәліметтер
 
I деңгей - жеңіл
 
Қозғалыстың мазасыздығы, діріл, гиперестезия
гипертермия
тахипноэ, тахикардия
лоқсу, бір реттік құсу,
қысқа уақытты клоника-тоникалық құрысу, үлкен еңбектің томпаюы және соғуы
 
ликвор мөлдір, қысыммен ағады, құрамы қалыпты
 
II деңгей – орташа
 
гипертермия, ыстық түсіретін дәрілерге торпидты, естің тежелуі: сомноленция, жалпы ми симптомдарымен айықандалған сопор: көп рет құсу, бас ауыру, бас сақинасы симптомының ошақты симптоматикасы: желке бұлшық еттерінің ебедейсізділігі, Керниг, Брудзинский симптомдары,
тахипноэ 60–80/1 мин. дейін, тахикардия 200/1 мин.дейін АҚ шамалап көтеріліуі немесе түсуі, акроцианозды бозғылттық, сан және іштің төменгі бөлігінде домбығу
 
1 мл/кг/сағ аз олигурия,
шамалы гипоксемия, гипокапния, аралас ацидоз
 
III деңгейауыр
 
сопор немесе  кома, құрысу, тыныс алудың бұзылуы: тахипноэ, қатқыл тыныс алу,  көп ылғалды қырыл, жүрек қызметінің бұзылуы: брадикардия, брадиаритмия, АҚ төмен, пульс соғуы өте жіңішке, дене температурасы өте жоғары немесе субқалыптыға дейін төмендеуі мүмкін
тері жабындысы сұр-бозғылт- цианозды мәрмәр тәріздес, «ақ дақтың» оң симптомы, петехиальді  геморрагия мүмкін, ішектің ІІ-ІІІ деңгейлі парезі болуы мүмкін
 
Диурездің анурияға дейін төмендеуі
коагулология – ДВС синдром II-III
гипоксемия, гиперкапния, метаболиялық ацидоз
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі
Амбулаториялық деңгейде диспансерлік бақылау кезінде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          ЖҚТ (6 параметр);
·          НСГ (1 жасқа дейінгі балаларда);
·          ЭЭГ;
·          Офтальмоскопия.
 
Амбулаториялық деңгейінде диспансерлік бақылау кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·          электрокардиографиялық зерттеу (12 жалғамда).
 
Алғашқы оңалту үшін жоспарлы госпитальдауға жіберу үшін қажетті минималды тексерулер тізімі:
·          офтальмоскопия.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
Жедел госпитальдау кезінде:
·          ЖҚТ (6 параметрде);
·          ҚҰУ анықтау;
·          ЖНТ;
·          қанның биохимиялық талдауы: АЛаТ, АСаТ, жалпы билирубин, тік билирубин, тимолды сынама, сілтілі фосфатаза, жалпы ақуыз, С-реактивті ақуыз, жалпы альфа-амилаза, жалпы холестерин, триглицеридті анықтау;
• қосымша тестімен газдар мен электролиттерді анықтау (лактат, глюкоза, карбоксигемоглобин);
·          коагулология (қан плазмасында белсенді ішінара тромбопластинды уақытты (ББТУ) анықтау, плазмадағы фибриногенді анықтау, қан плазмасының фибринолитикалық белсенділігін анықтау, адгезия және агрегация (ГАТ) реакцияларын өткізу, плазманың гепаринге төзімділігін зерттеу, плазмадағы антиплазминның белсенділігін анықтау, қан кету уақытын анықтау, қан плазмасындағы тромбинді уақытты (ТУ) анықтау, ерітілетін фибромономер кешенің анықтау (ЕФМК), плазмадағы VIII факторын анықтау, плазмадағы XI факторын анықтау);
·          люмбальді пункция;
·          жұлын ми сұйықтығын зерттеу;
·          НСГ(бір жасқа дейінгі балаларда);
·          бас миының МРТ/КТ;
·          Электрокардиографиялық зерттеу (12 жалғамда);
·          ЭЭГ.
 
Алғашқы оңалтудағы жоспарлы госпитальдау:
·          НСГ;
·          бас миының МРТ/КТ;
·          ЭЭГ;
·          Офтальмоскопия.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
Жедел госпитальдау кезінде:
·          зарарсыздыққа қанды бактериологиялық зерттеу;
·          Neisseriameningitis жұлын ми сұйықтығын бактериологиялық зерттеу;
·          цитомегалавирусқа IgM, Ig G, ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы 1 және 2 типті ЖҚШ анықтау;
·          ПТР әдісімен биологиялық материалдарда цитомегаловирусты, 1 және 2 типті ЖҚШ анықтау;
·          аңқадан бөліндіні бактериологиялық зерттеу;
·          копрология;
·          гепатобилиопанкреатикалық аймақтың УДЗ.
 
Алғашқы оңалтудағы жоспарлы госпитальдау кезінде:
·          Бейне-ЭЭГ мониторинг;
·          бас тамырының УДДГ;
·          Электрокардиографиялық зерттеу (12 жалғамда).
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық шаралар:
·          шағым жинау және анамнез;
·          физикальды тексеру;
·          экспресс-әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау.
 
Диагностикалық критерийлер
Диагноз қою үшін тіреуіш пунктер:
·           полижүйелі зақымдану белгілерімен үйлемкен жіті инфекциялық ауруларда әртүрлі деңгейлі неврологиялық бұзылулар;
·           мидың ісіну-домбығу белгілерінің клиникалы-зертханалық бар болуында естің бұзылуы (сопор, кома);
·           клиникалы-зертханалық көрсеткіштермен расталған әртүрлі деңгейлі перифериялық қанайналымның жеткіліксіздігі;
·           емдеуі қиын тұрақты гипертермияз;
·           неврологиялық симптоматиканың кері дамуы перифериялық гемодинамиканың бұзылуының жойылуымен тығыз байланысты.
 
Шағымдар және анамнез
Шағымдар:
·          естің бұзылуы – қатты әлсіздік, ұйқысырау, реакцияның жоқ болуы, тежелу;
·          қарқынды бас ауруы;
·          мазасыздану, гиперестезия, ұйқының бұзылуы, тамақтанудан бас тарту (жас балаларда);
·          лоқсу немесе құсу;
·          температураның жоғарылауы.
Анамнез: ағымды вирусты немесе вирусты-бактериалды инфекция, қызылша инфекциясы; алдында болған егу; осы көріністегі кеселдің бар болуы (анемия, аллергиялық диатез, гипотрофия, рахит, ауыр неврологиялық анамнез).
 
Физикальды зерттеу:
·          естің бұзылуы – сомноленция, сопор, кома, делирия;
·          жалпы ми симптоматикасы: бас ауру, бас айналу, жүрек айну, құсу, склераның қызаруы, жалпы мазасыздану;
·          ошақты бағанды симптоматика: дауыстың маңқалануы, жөтелу, қақалу, жұтынудың бұзылуы, лоқсу, демалудың бұзылуы, жүрек жиырылу ырғағының  бұзылуы;
·          құрысу, құрысу мәртебесі;
·          гиперкинездер – діріл, миоклонии.
 
Зертханалық зерттеу:
·          қанның зертханалық зерттеу көрсеткіші бейспецификалық және нейротоксикоз дамыған кесел бейнесіне сәйкес келеді, мысалы, вирусты, вирусты-бактериялы инфекциялар – лейкоцитоз, лейкограмманың нейтрофильді жылжуы, лимф, лимфоцитоз, моноцитоз, ЭШЖ  тездету кезінде; ерекшеленген вирусты инфекцияда – қанда ерекшеленген вирусқа қарсы антиденелер, биоматериалдарда вирусты антиген  анықтау;  анемия бейнесінде – гемоглобин, эритроциттер, түсті көрсеткіштердің деңгейінің төмендеуі;  вакцинация, диатез, аллергия бейнесінде – эозинофилия;
·          тәуліктік диурез: олигоурия, анурия;
·          ҚСТ: метаболиялы ацидоз;
·          қанның газдық құрамы: гипоксемия, гиперкапния;
·          коагулология: ДВС синдром I-III деңгей;
·          ликворология: көрсеткіштер қалыпта
 
Аспаптық зерттеулер
Нейрорадиологиялық зерттеу – бас миының МРТ/КТ:
·          ми  паренхимиясының ісінуі;
·          қарынша көлемі кішірейген немесе қалыпты ісіну.
Ультрадыбыстық зерттеу – НСГ:
·          ми  паренхимиясының ісінуі.
Офтальмологиялық зерттеу – офтальмоскопия:
·торқабықтың нейроангиопатиясы;
·КЖД ісінуі.
    Люмбальді  пункция:
·          ликворлы қысымның жоғарылауы (250-500 мм.су.ст).
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
невропатолог – неврологиялық бұзылуларды бағалау, түзету және мониторингілеу;
офтальмолог – офтальмологиялық бұзылуларды диагностикалау және түзету, асқынудың алдын-алу;
кардиолог – жүрек-тамырлы бұзылуларды  бағалау, түзету және мониторингілеу;
эндокринолог – эндокринді және метаболиялық бұзылуларды диагностикалау және түзету үшін, олардың асқынуларын алдын-алу;
инфекционист – инфекциялық ауырлығын бағалау, жіті нейроинфекциялармен сараланған диагностика өткізу үшін, вирусқа қарсы және антибактериальды көлемді анықтау;
психиатр – психикалық ауытқуларды бағалау және түзету, сараланған диагностика өткізу. 

Дифференциалды диагноз


 
 
Токсикология
лық энцефалопатия
НМК геморрагиялық тип бойынша Жіті вирусты МЭ Эпилепсия, статустық ағын
Жалпы ми  симптоматика
сы
++++ ++++ +++ ++
ошақты симптоматика + +++ ++ +
Температура
ның көтерілуі
ылғи,  39-40 С дейін субфебрильді, сирек - фебрильді субфебрильді, сирек– фебрильді Сирек жағдайларда
құрысулар ЖТКТ, бұзылу бейнесінде ЖТКТ, фокальды полиморфты
бұзылу бейнесінде
полиморфты, алдын-алынған
Жұлын ми сұйықтығының сипаты жасушалы-ақуыз құрамы қалыпта, қысымның көтерілу белгілері Ликвордағы эритроциттер, ақуыздың біршама жоғарылауы Мөлшерлі лимфоцитарлы плеоцитоз, ақуыздың біршама жоғарылауы жасушалы-ақуыз құрамы қалыпта, қысымның көтерілу белгілері
нейровизуализация ми паренхимасының ісінуі САҚК, ішкі-ми  гематомасы, АІҚК ми паренхимасының ісінуі, гемисферада жоғарылаған сигналдар ошағы Органикалық зақымдану бейнесінде ми паренхимасының ісінуі  (ми дисплазиясы, атрофиялық өзгеру)

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты
·          өмірге қауіпті бұзылуларды тоқтату: есті, жүректі-тамырлы және тыныс алу қызметтерін қалпына келтіру;
·          құрысуды тоқтату;
·          жалпы күйді тұрақтандыру;
·          асқынудың профилактикасы.
 
Емдеу тактикасы
Дәрі дәрмексіз  емдеу:
·          қатаң төсек тәртібі;
·          сүңгі көмегімен тамақтандыру;
·          салқындатудың физикалық әдістері;
·           ішекті босату (тазарту клизмасы);
·           ылғалданған оттекпен оксигенді терапия;
·          трофикалық бұзылулардың профилактикасы.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
·          асқынуға қарсы стероидты емес құралдар;
·          дегидратациялау терапиясы – ми ісінуімен күресу мақсатында (маннитол, глюкокортикостероидтер, диуретиктер, ацетазоламид);
·          құрысуға қарсы (туынды вальпроев қышқылдары, бензодиазепиндер, натрий оксибаты, магний сульфаты);
·          седативті құралдар (бензодиазепиндер, натрий оксибаты);
·          ДВС синдромын түзету (гепарин);
·          инфузиялық терапия, электролитті бұзылуын түзетуге бағытталған терапия (натрий, калий, декстран, декстроза ерітінділері);
·          симптоматикалық терапия (бейінді мамандардың ұсынысы бойынша).
 
Жіті кезеңде амбулаториялық деңгейдегі  дәрі-дәрмекпен емдеу
 

100% қолдану мүмкіндігіне ие, негізгі дәрі –дәрмек құралдарының тізімі
 
Фармакологиялық топтар/МНН Тәуліктік мөлшер Шығарылу формасы
парацетамол 6-12 жас: 1,0 г
12-18 жас: 1,5 - 2,0 г
500 мг табл.
  3 ай-3 жыл: 80-100 мг
3 жас – 6 жас: 125-150 мг
6 жастан жоғары: 250-300 мг
Суппозиторийлер ректальды 80 мг, 100 мг, 125 мг, 150 мг, 250 мг, 300 мг
  2,5-7,5 мл Ішке қабылдау үшін суспензия 2,4 % - 120 мг/5 мл
ибупрофен 12-18 жас: 200 мг, 400 мг дәрілер
  3айдан жоғары: 80-300 мг Суппозиторийлер ректальды 80 мг, 150 мг, 300 мг
  2,5-7,5 мл Ішке қабылдау үшін суспензия 100 мг/5 мл
преднизолон 1-2 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 25 мг/мл
Қолдану мүмкіндігі 100%- аз қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі
 
диазепам 0,2 – 0,5 мг/кг Инъекция үшін ерітінді0,5%; Инъекция үшін ерітінді 10 мг/2 мл; Инъекция үшін ерітінді5 мг/1 мл;
 
Жіті кезеңде стационарлық деңгейде  дәрі-дәрмекпен емдеу
 

100% қолдану мүмкіндігіне ие, негізгі дәрі –дәрмек құралдарының тізімі
 
Фармакологиялық топтар/МНН Тәуліктік мөлшер Шығарылу формасы
магний сульфаты 0,1-0,2 мл/кг Инъекция үшін ерітінді 25%
фуросемид 1-2 мг/кг Инъекция үшін ерітінді1%
 
маннитол 0,25-0,5 г/кг Инфузия үшін ерітінді 10%, 15%
преднизолон 3-5 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 25 мг/мл
дексаметазон 1-2 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 4 мг/мл
декстроза 6-15 г/кг Инфузия үшін ерітінді 5% , 10%
декстран 5 мл/кг Инфузия үшін ерітінді 6%, 10%; Инфузия үшін ерітінді 200 мл, 400 мл
натрий хлориді 20-30 мл/кг Инфузия үшін ерітінді0,9%
калий хлориді 0,5-1,0 г Тамыр ішіне енгізілетін ерітінді 4%
гепарин 3-6 жас: 600 МЕ/кг
6-15 жас: 500 МЕ/кг
Инъекция үшін ерітінді 5000 БІР/мл; Инъекция үшін ерітінді 5000 МЕ/мл
Қолдану мүмкіндігі 100%- аз қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі
 
натрий оксибаты 50–100 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 20%
диазепам 0,2 – 0,5 мг/кг Инъекция үшін ерітінді0,5%; Инъекция үшін ерітіндій 10 мг/2 мл; Инъекция үшін ерітінді 5 мг/1 мл;
вальпроев қышқылы 10-15 мг/кг (болюсті);
1-2 мг/кг/сағат
Тамыр ішіне енгізілетін ерітінді
ацетазоламид 1-3 жас: 50-125 мг
4-18 жас: 125-250 мг
 250 мг табл.
Калий және магний аспарагинаты 300-600 мг 350 мг, 300 мг табл.
парацетамол 6-12 жас: 1,0 г
12-18 жас: 1,5 - 2,0 г
500 мг табл.
  3 ай-3 жас: 80-100 мг
3 жыл – 6 жас: 125-150 мг
6 жастан жоғары: 250-300 мг
суппозиторийлер ректальды 80 мг, 100 мг, 125 мг, 150 мг, 250 мг, 300 мг
  2,5-7,5 мл Ішке қабылдау үшін суспензия 2,4 % - 120 мг/5 мл
 
ибупрофен 12-18 жас 200 мг, 400 мг табл.
  3 айдан көп: 80-300 мг Суппозиторийлер ректальды 80 мг, 150 мг, 300 мг
  2,5-7,5 мл Ішке қабылдау үшін суспензия 100 мг/5 мл
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде дәрі-дәрмектермен емдеу:
 

Дәрі-дәрмек құралдарының тізімі
Фармакологиялық топтар/МНН Тәуліктік мөлшер Шығарылу формасы
магний сульфаты 0,1-0,2 мл/кг Инъекция үшін ерітінді 25%
фуросемид 1-2 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 1%
маннитол 0,25-0,5 г/кг Инфузия үшін ерітінді 10%, 15%
преднизолон 3-5 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 25 мг/мл
натрий оксибаты 50–100 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 20%
диазепам 0,2 – 0,5 мг/кг Инъекция үшін ерітінді 0,5%; Инъекция үшін ерітінді 10 мг/2 мл; Инъекция үшін ерітінді 5 мг/1 мл
 
Емдеудің басқа түрлері – жүргізілмейді
 
Хирургиялық араласу – жүргізілмейді
 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар
        Тәуекел факторлары:
·          жүктілік, туу және неонаталды кезеңде ана-бала жолдасы-ұрық жүйесінің  патологиялық күйі
·          жиі ауыратын балалар
·          атопиялық  дерматит, экссудативті-катаральды диатездер
·          дұрыс тамақтанбау
·          санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтамау

МСАК деңгейіндегі профилактика:
·          тәуекел тобындағы балаларға уақтылы диспансерлеу өткізу және сапалы медициналық көмек көрсету;
·          вирусты инфекция, анемия, диатез, рахиттің алдын алу;
·          поствакциналды реакцияның және асқынудың алдын алу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Заболевания нервной системы у детей. В 2-х т./Под ред. Ж.Айкарди и др.: перевод с англ.-М.:Издательство Панфилова: БИНОМ, 2013.-1036 2. Петрухин А. С. Неврология детского возраста / под ред. А. С. Петрухин. – М: Медицина, 2004. – 784 с. 3. Шток В.Н. Фармакотерапия в неврологии. Практическое руководство. Москва, 2000. – 301 с. 4. Шабалов Н.П., Скоромец А.А., Шумилина А.П. Ноотропные и нейропротекторные препараты в детской неврологической практике // Вестник Российской Военно-медицинской академии. – 2001.- Т. 5 - № 1. – С. 24-29 5. Нейрофармакология: основные лекарственные препараты и их возрастные дозы. Пособие для врачей. Санкт-Петербург. - 2005 г. 6. Трошин В.Д. Неотложная неврология, 3 изд. М., 2010.-592с.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген, хаттаманы әзірлеушілер тізімі
1)      Мырзалиева Бақыткүл  Жүсіпжанқызы – «Қазақ үздіксіз білім беру  медициналық университеті» АҚ «Балалар неврологиясы медицина генетикасы курсымен» кафедрасының ассистенті, бірінші біліктілік  санаты бар  балалар невропатологы
2)      Текебаева Латина Айжанқызы – м.ғ.к., «МДҰҒО» АҚ ерте неврология бөлімінің меңгерушісі
3)      Бақыбаев  Дидар  Ержомартұлы  - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі: Жақсыбаева  Алтыншаш  Хайруллақызы  -  м.ғ.д.,  жоғары біліктілік санаты бар невропатолог,  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ стратегиялық даму директоры,  ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас балалар неврологы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы 3 жылдан кейін қайта қарау және/немесе одан да жоғары дәлелділік деңгейінде диагностика/емдеудің жаңа әдістері шыққан кезде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх