Балалардағы созылмалы параректальды жыланкөз

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Аноректальный свищ (K60.5), Прямокишечный свищ (K60.4), Свищ заднего прохода (K60.3)
Педиатрия, Хирургия детская

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Созылмалы параректальды жыланкөз (созылмалы тік ішек маңы қабынуы) – параректальды жыланкөз түзумен қайталанатын қабыну типі бойынша болатын ауру: тікішектегі ішкі саңылау, жасұнықтың айқын немесе аз көрінген жаралық өзгерістерімен жыланкөз жолы, сондай-ақ артқы тесік терісінде сыртқы саңылау тән. Балаларда параректальды жыланкөздер жиі байқалады және көбіне туа біктен сипатқа ие. Кейде олар асқынған тік ішек маңы қабынуынан кейін түзіледі

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
К 60.3 Айланшық жыланкөзі
К 60.4 Тікішектік жыланкөз
К60.5 Аноректальды жыланкөз
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АРМ аноректальные мальформации
АЛТ аланинаминотрансфераза
АСТ аспартатаминотрансфераза
БІТУ белсенділендірілген ішінара тромбопластиналы уақыт
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
КТ компьютерлік томография
МРТ магнитно-резонансная томография
МҰ медициналық ұйым
УДЗ Ультрдыбыстық зерттеу
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, неонатологтар, педиатрлар, балалар хирургтары.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Нысаны бойынша жіктеме:

·          Толық;
·          Толық емес.

Зақымдану тереңдігіне қарай жіктеме:
·          сфинктер ішілік;
·          сфинктер арқылы;
·          сфинктерден тыс.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [3,4]

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар:
·          жыланкөздің болуы;
·          шырыш немесе тікішек ішіндегісінен іріңнің мүмкін бөлінулерімен жыланкөз аймағындағы қабыну өзгерістері.

Өмір анамнезі:
·          жүктілік кезінде тератогенді факторлардың болуы (жүктіліктің І үшайлығындағы ананың инфекциялық аурулары, анемия, зиянды әдеттер, тератогенді сипатқа ие дәрілік препараттарды қолдану  және т.б.);
·          шырышты тікішектегі жарықтармен қатты іш қату;
·          параректальды жасұнықтың созылмалы қабынуының болуы.
 
Физикалық қарап-зерттеу:
Жалпы тексеру / perrectum: шартты циферблаттың әр түрлі позицияларындағы параретальды аймақтағы жыланкөз аузының болуы.
 
Зертханалық зерттеулер:
·          Қанның жалпы анализі– лейкоцитоз, анемия, жылдамдатылған ЭТЖ  мүмкін.
·          Зәрдің жалпы анализі – жергілікті қабыну процесінің есебінен лейкоцитурия.
·          Қанның биохимиялық анализі – бүйректің қайталама патологияларымен байланысты өзгерістер мүмкін (креатинин көрсеткіштері, креатинин клиренсі, Реберг сынамасы, несепнәр);
·          Зәрдің бактериалды себіндісі және антибиотиктерге сезімталдық –микробтық пейзажды анықтау, дұрыс антибактериалды терапияны өткізу мақсатымен антибиотиктерге сезімталдықты анықтау.
·          коагулограмма (протромбинді уақыт, фибриноген, тромбинді уақыт, БІТУ);
·          қан және резус-факторды анықтау.
 
Аспаптық зерттеулер:
·          ЭКГ – операция алдындағы дайындық мақсатымен жүрек  патологиясын боддырмау үшін;
·          ЭхоКГ – жүрек-қантамыр жүйесін дамытудың мүмкін қосалқы ақауын болдырмау үшін;
·          Құрсақ қуысы мүшелерінің және бүйректі ультрадыбыстық зерттеу – зәр шығару жүйесі мүшелері дамуының мүмкін қосалқы ақауларын болдырмау үшін;
·          Фистулография- жылакнкөз деңгейінің мөлшерін анықтау үшін.
·          Магнитті –резонансты томография (МРТ) – жыланкөз биіктігін неғұрлым дәл анықтауға болады
·          Тікішектің және 3D сфинктерлік аппараттың  компьютерлік томографиясы жыланкөз нысанын және өлшемін нақтылау.
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·          балалар невропатологының консультациясы – гипоксиялық-ишемиялық тип бойынша ми қан айналымы бұзылғанда, неврологиялық симптоматикада және ОЖЖ зақымдану белгілері, жалған буылтықты бұзылуларда;
·          неонатологтың консультациясы – қосалқы патология болғанда;
·          диетологтың консультациясы – тағамдық қоспаларды іріктеуде;
·          балалар урологының консультациясы – зәр шығару жолдары жүйесі ақауларының үйлесімінде;
·          балалар гинекологының консультациясы – сыртқы және ішкі жыныс органдары ақауының үйлесімінде;
·          балалар  пульмонологының консультациясы – рефлюкс-индуцияланған бронхо-өкпелі  қабынулар, аспирациялық пневмония, бронхо-обструктивті синдром, бронхиалды астма, апноэ болғанда;
·          балалар оториноларингологының консультациясы – ЛОР-мүшелерінің қосалқы патологияларында;
·          балалар кардиологының консультациясы –   қайталама кардиомиопатияда, кардиттерде, тұрақсыз гемодинамикада;
·          кардиохирургтың консультациясы – жүректің туа біткен ақауларын болдырмау үшін;
·          реаниматологтың консультациясы – қарқынды терапия өткізу, реанимация бөлімшелері шарттарында ерте операциядан кейінгі кезең;
·          балалар фтизиатры кеңесі – арнайы туберкулездік процеске күмәнда.

Диагностикалық алгоритм: (сызбалар)

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [3,6]:
Диагноз Дифференциалды  диагностика үшін негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Н-фистула  қынап қуысында немесе алдында фистуланың болуы Жалпы тексеру
Perrectum
1-Тексеруде қынап қуысында немесе алдында жыланкөз байқалады
2- Патологиялық жыланкөзден нәжістік бөлінулер
3-тек қыздар ауырады
Созылмалы параректальды жыланкөз Шартты циферблаттың әр түрлі позицияларында параректальды аймақта патологиялық жыланкөздің болуы Жалпы тексеру
Perrectum
 
1-жыланкөзді тексеруде параректальды аймақта анықталады
2- Негізінен қабыну сипатының патологиялық бөлінулері
3-Қыздар да ұлдар да ауырады

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [3,5]

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим еркін. 
·          Стол -  жасына қарай
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу – БЖАБЖ принциптеріне сәйкес клиникалық симптомдар және аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
 
Госпитальға дейінгі кезеңдегі терапия нақты науқаста бар қандай да бір синдромның болуына байланысты болады.
·          Анемиялық синдром №666 қан бойынша бұйрықтың 417-қосымшасына сәйкес төмендетуде бір топты лейкофильтрленген эритроцитарлық қоспамен алмастыру терапиясын талап етеді.
·          Геморрагиялық синдром – қан ағуды тоқтату, бір топты лейкофильтрленген, вирусинбелсенділендірілген тромбоконцентратпен алмастыру терапиясы. Плазмалық факторлар жеткіліксіздігінде және ДТҰ синдромында СЗП трансфузиясы.
·          Инфекциялық асқынулардың болуы – дұрыс антибактериалды, зеңге қарсы терапия.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі;
·          цефуроксим;
·          цефтазидим;
·          цефтриаксон;
·          амикацин;
·          гентамицин;
·          метронидазол;
·          флуконазол;
·          анальгин 50%;
·          димедрол 1%;
·          этамзилат.

Қосымша дәрілік заттардың тізбесі:
·          альбумин 10, 20%;
·          глюкоза 5%,10%,15%;
·          фуросемид.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу: 3 жыл бойы тұрғылықты жері бойынша хирургта амбулаторлық бақылауда болу.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          күнделікті бір екі мәрте дефекация;
·          энкопрездің минималды деңгейі;
·          дефекацияға шақырулар;
·          жыланкөздің қайталануының болмауы.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [2,4]: стационарлық шарттарда хирургиялық емдеу өткізіледі.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Палаталық режим дұрыс, ерте операциядан кейінгі кезеңде төсек режимі.
·          Диета – жасы бойынша стол.
·          Күшейтілген тамақтану – жас ерекшелік нормаларымен ақуыздардың біржарымдық санымен жоғары калориялы, дәрумендендірілген, минералдық заттарға бай диета; глюкокортикоидтарды тағайындауда рационды калий тұзы және кальцийді көп қамтитын өнімдермен байытады.
·          Орталық катетер күтімін оқытылған медициналық қызметкер жүзеге асырады.
·          Күн сайын күніне 2-3 рет таңулар өткізіледі.
·           Түбегейлі маңыздысы артқы тесіктің шетін жіктерінің ажырау профилактикасы үшін операциядан кейін жарақатты тұрақты кептіру болып табылады.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу: клиникалық симптомдар және аурулар ауырлығының дәрежесіне байланысты.
Операцияға дайындық кезеңіндегі терапия нақты науқаста болатын қандай да бір синдромның болуына байланысты.
·          Анемиялық синдром № 666 қан бойынша бұйрықтың 417-қосымшасына сәйкес төмендетуде бір топты лейкофильтрленген эр. жүзгінмен алмастыру терапиясын талап етеді.
·          Геморрагиялық  синдром – қанды тоқтату, бір топты лейкофильтрленген, вирусинді белсенділендірілген тромбоконцентратпен алмастыру терапиясы. ДАС және ұюдың плазмалық факторларының жеткіліксіздігінде ЖҚП трансфузиясы синдромында.
·          Инфекциялық асқынулардың болуы – дұрыс антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы  терапия, вирусқа қарсы терапия.



р/с
ДҚ атауы Енгізу жолдары Мөлшері және қолданылу саны (күніне рет саны) Қолданылу ұзақтығы
(күндер саны)
Антибактериалды құралдар: b-лактамды  антибиотиктер және басқа антибактериалды құралдар
(антибиотиктер микроб сезімталдығының нәтижесіне байланысты іріктеледі)
1. Цефуроксим (ДД – В [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. Жаңа туған нәрестелер үшін тәуліктік цефуроксим дозасы 30-60 мг 1 кг  баланың дене салмағына әр 6-8 сағат сайынды құрайды. Өмірінің бірінші жылындағы және одан үлкен  балалар үшін препарат дозасы әр 6-8 сағат сайын дене салмағына 30-100 мг  құрайды. 10
2. Цефтазидим (ДД – В [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. Балаларға арналған дозалау құрайды: екі айға дейін – 30 мг кг дене салмағына тамырішілік, екіге бөлінген; екі айдан 12 жасқа дейін – 30-50 мг кг салмаққа тамырішілік, үшке бөлінген. 10
3. Цефтриаксон (ДД – В [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. Жаңа туған екі аптаға дейінгі нәрестелер үшін доза: тәулігіне бір рет 20-50 мг /кг дене салмағына; емізулі бала және кіші жастағы бала (15 күн-12 жас): тәулігіне бір рет 20-80мг/кг; дене салмағы 50 кг-нан артық жасөспірімдерге «ересектер» дозасын тағайындайды: тәулігіне 1-2 грамм бір рет. Максималды тәуліктік доза төрт грамды құрайды.  10
4. Амикацин (ДД – В [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. Бұлшықетішілік немесе тамырішілік Амикацинді әр 8 сағат сайын 5 мг/кг есеппен немесе әр 12 сағат сайын 7,5 мг/кг есеппен енгізеді. Зәр жолдарын зақымдаған асқынбаған бактериалды инфекцияларда, Амикацинді әр 12 сағат сайын 250 мг қолдану ұсынылған. Шала туылған жасөспірімдерге препаратты 10 мг/кг дозировкада енгізе бастайды, осыдан кейін 7,5 мг/кг дозасына өтеді, оны әр 18-24 сағат сайын енгізеді. Бұлшықетішілік енгізуде терапия 7-10 күнге созылады, бұнда тамырішілік – 3-7  күн. 10
5. Гентамицин (ДД – В [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. Б/і, т/і, жергілікті, субконъюнктивальды. Доза жеке анықталады. Парентеральды енгізуде әдеттегі тәуліктік доза орташа ауырлықты ауруларда қалыпты бүйректері бар ересектер үшін т/і және б/і енгізуде бірдей — 3 мг/кг/тәу, енгізу мерзімділігі — 2–3 рет тәулігіне; ауыр инфекцияларда—5 мг/кг дейін (максималды тәуліктік доза) 3–4  қабылдауға. Емдеудің орташа ұзақтығы — 7–10 күн. Т/і инъекцияда 2–3 күн ішінде өткізеді, одан кейін б/і енгізуге өтеді. Зәр шығару жолдарының инфекцияларында ересектер және 14 жастан асқан балалар үшін тәуліктік доза 0,8–1,2 мг/кг құрайды.
Кіші жастағы балаларға тек өмірлік көрсеткіштер бойынша ауыр инфекцияларда ғана тағайындайды. Максималды тәуліктік доза барлық жастағы балалар үшін — 5 мг/кг.
 7
7. Метронидазол (ДД– В [10]) Тамырішілік. 2-5 жастағы балаларға - 250 мг/тәу.; 5-10 жас  - 250-375 мг/тәу.,  10 жастан артық - 500 мг/тәу. Тәуліктік дозаны 2  қабылдауға бөлген жөн. Емдеу курсы – 10 күн.          1 жасқа дейінгі балаларға - 125 мг/тәу., 2-4 жас - 250 мг/тәу., 5-8 жас - 375 мг/тәу, 8  жастан асқандарға - 500 мг/тәу. (2  қабылдауға).  10
Зеңге қарсы ДҚ (дисбактериоз профилактикасы үшін)
11. Флуконазол (ДД – В [10]) Тамырішілік. Флюконазолды т/і енгізуде балаларға терінің және шырыштының кандидозды зақымдануында 1 – 3 мг/кг есеппен
Инвазивті микоздарда доза 6 – 12 мг/кг дейін артады.
10
Симптоматикалық терапия
12. Альбумин 10%. (ДД – С [10]) Тамырішілік. Т/і тамшылық операциялық шокта, гипоальбуминемияда, гипопротеинемияда. Балаларға альбумин тәулігіне дене салмағына 3 мл/кг есеппен тағайындалады. (Көрсетілімдер бойынша) Көрсетілімдер бойынша
13. Альбумин 20%. (ДД – С [10]) Тамырішілік. Балаларға арналған бір реттік доза 0.5-1 г/кг құрайды. Препаратты шала туған емшектегі балаларға қолдануға болады.  (Көрсетілімдер бойынша) Көрсетілімдер бойынша
 
15. Фуросемид (ДД – В [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. 15 жасқа дейінгі балаларға тамырішілік немесе бұлшықетішілік енгізу үшін орташа тәуліктік доза - 0,5-1,5 мг/кг. Көрсетілімдер бойынша
16 Этамзилат (ДД – С [10]) Бұлшықетішілік, тамырішілік. Ішке, т/і, б/і. Дозалау режимі көрсетілімдерге байланысты орындалады. Балаларға 10–15 мг/кг/тәу 3–4  қабылдауға тағайындалады. 4-6
17 Анальгин 50% Бұлшықетішілік, тамырішілік. Балаларға 0,1-0,2 мл 50%  ерітінді   немесе 10 кг дене салмағына 0,2-0,4 мл 25% есеппен енгізіледі. 3-5
18 Димедрол 1 % Бұлшықетішілік, ішке Б/і — 1–5 мл 1% ерітінді.
Ішке —0,025–0,05 г (балаларға —0,01–0,03 г) күніне 1–3  рет. Курс — 10–15 күн.
 
3-5
19 Фуразидин (дд– D [10]) Ішке   Таблеткаларды тамақ кезіде ішке қабылдау. Ақуыздармен бай тағамды пайдалану ұсынылады (зәрді қышқылдату үшін). Емдеу режимінде 2 таблеткадан  (100 мг) тәулігіне 4 рет бірінші күні қабылдайды, одан кейін –2 таблеткадан (100 мг) тәулігіне 3 рет. Педиатрияда 5-7 мг/кг/тәу. Дозасын негізге ала отырып тағайындайды. Егер балаларға ұзақ емдеу жоспарланса,  дозалау 8 күнге дпғды 7-15 күнге дейін азайтады.  Күннен Емдек курсы 7 күннен 8 күнге дейін құрайды. Емдеу курсының соңғы таблеткасын қабылдағаннан кейін10-15 күн. Емжеу курсын қажтілігі болғанда қайтлайдык. 

 
Көрсетілімдер бойынша


Хирургиялық араласу:
1)      А.И. Ленюшкин бойынша параректальды жыланкөзді жоюдың инвагинациялық әдісі.
Көрсетілімдер: жалпақ параректальды жыланкөздің болуы
Қарсы көрсетілімдер: жыланкөздің қайталануы
 
2)      Параректальды жыланкөздің астау тәрізді тілінуі.
Көрсетілімдер: жыланкөздің қайталануы
Қарсы көрсетілімдер: параректальды аймақта қабыну процесінің болуы
 
3)      Параректальды жыланкөзді жару
Көрсетілімдер: 2 және одан да артық қайталанулардың болуы
Қарсы көрсетілімдер: жоқ
 
Әрі қарай емдеу:
·          жыланкөздің қайталануы болмағанда 3 жыл ішінде хирургта амбулаторлық бақылану;
·          қайталану туындағанда хирургиялық бөлімшеге жатқызу қайта операциялық емдеу үшін 6 айдан кейін.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          жыланкөздің қайталануының болмауы

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [1,3]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          Параректальды аймақта патологиялық жыланкөздің болуы.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          парапроктиттің өткір процесі;
·          гипертермия.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Ашкрафт К.У. Холдер Т.М. 2010 год. стр 503-504. 2) Лёнюшкин А.И., Комиссаров И.А. Педиатрическая колопроктология. – М., 2009. – 398с. 3) Ормантаев К.С. Ахпаров Н.Н Аипов Р.Р. 2011год стр 72 Атлас аноректальных мальформаций. 4) Лёнюшкин А.И., Лукин В.В., Окулов Е.А. Аноректальные пороки развития// Бюлл. для врачей. – М, 2004. - №2(42). – С.19-31. 5) Аипов Р.Р. Актуальные вопросы классификации аноректальных мальформаций у детей. Педиатрия и детская хирургия Казахстана, 2008 - №2, стр. 30-32 6) Ормантаев К.С., Ахпаров Н.Н., Аипов Р.Р. Атлас аноректальных мальформаций у детей. – Алматы, 2011 г., 176 стр. 7) Турсункулов Б.Ш. Совершенствование диагностики и хирургического лечения детей с аноректальными пороками развития: дисс. … канд.мед.наук. – Алматы, 2006. - 89с. 8) Watanabe Y, Ikegami R, Takasa K Three-demensional computed tomographic images of pelvic muscle in anorectal malformations. // J Pediatr Surg. - 2005. - №40. – P.1931-1934. 9) Alberto Pena M.D. , Marc LevittM.D, «The treatment of anorectal malformations» 10) Большой справочник лекарственных средств. Под редакцией Зиганшиной Л.Е.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)      Ахпаров Нұрлан Нұркінұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» РМҚК хирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
2)      Ахтаров Қахриман Махмұтжанұлы – «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» РМҚК хирургия бөлімшесінің дәрігері.
3)      Афлатонов Нұржан Бахытбекұлы – «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» РМҚК хирургия бөлімшесінің дәрігері.
4)      Рустемов Дастан Зейноллаұлы – Ана мен бала ұлттық орталығы «UMC» КҚ филиалының балалар хирургиясы бөлімшесінің дәрігері, Астана қаласы.
5)      Мәжитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медициналық университеті» АҚ клиникалық фармакология және интернатура кафедрасының профессоры, клиникалық фармаколог.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензенттердің тізімі:
1) Набиев Зохир Нарзулоевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-клиникалық орталығының директоры, Тәжікстан.
2)Тұрсынқұлов Бахтияр Шахайдарұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, балалар хирургы, «Рахат медицина орталығы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх