Балалардағы бүйрек кистозды ауруы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Другие кистозные болезни почек (Q61.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
бекітілген

Бүйрек кистозды ауруы – бұл бүйректе тіндерімен де, жалғаушы–тінді қабатшалармен бөлінген бүйрек паренхимасында жылауықтардың болуымен сипатталатын бүйрек ауруы [2]. Синонимдері: цилиопатия, бүйректің кистозды аурулары.

Хаттаманың атауы: Балалардағы бүйрек кистозды ауруы.

ХАЖ-10 бойынша кодтар [1]::Q61 Бүйректің кистозды ауруы
Q61.0 Туа біткен бүйректің оңаша кистозды ауруы
Q61.1 Бүйрек поликистозы, балалық түрі
Q61.3 Анықталмаған бүйрек поликистозы
Q61.4 Бүйрек дисплазиясы
Q61.5 Медуллярлы  бүйрек кистозы
Q61.8 Бүйректің басқа кистозды аурулары
Q61.9 Бүйректің анықталмаған кистозды аурулары

Хаттамада қолданылған қысқартулар:
АГ – артериальды гипертензия
АҚ – артериальды қысым
БАДПК – бүйректің аутосомды-доминантты поликистозы 
АДТ - аутосомды-доминантты түрі
АЛТ - аланинаминотраснфераза
БАРПК – бүйректің аутомосды-рецессивті поликистозы
АРТ - аутомосды-рецессивті түрі
АСТ - аспаратаминотрансфераза
АРБ - ангиотензинге рецепторлар блокаторлары
ААФи – ангиотензинаударушы  фермент ингибиторы
НЖИ - несеп жүйесінің инфекциясы
ИФТ – иммуноферменттік талдау
БКА - бүйректің кистозды аурулары
КТ – компьютерлік томография
НШЖ - несеп шығаратын жолдар
ХАЖ - халықаралық аурулар жіктеуі
ХҚҚ - халықаралық қалыптандырылған қатынас
МРТ – магниттік-резонансты  томография
ПТУ – протромбиндік  уақыт
ПТИ – протромбиндік индекс
ПТР - полимеразды-тізбелік реакция
ШСЖ - шумақшаның  сүзу жылдамдығы
ЭШЖ - эритроциттердің шөгу жылдамдығы
ТСБЖ - терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
УДТ- ультрадыбыстық тексеру
УДДГ – ультрадыбыстық допплерография
СБА – созылмалы бүйрек ауруы
ЦМВИ – цитомегаловирусті  инфекция
ЭКГ – электрокардиограмма
Эхо КГ – эхокардиография
K/DOQI – (Kidney Disease Outcomes Quality Initiative) – Созылмалы бүйрек аурулары бойынша клиникалық практикалық ұсыныстар

Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл.

Пациенттердің санаты: балалар.

Хаттаманы қолданушылар: жалпы тәжірибе дәрігерлер, нефрологтар, педиатрлар.
 

Жіктемесі


Жіктелуі

Бүйрек сарысулы ісіктің жіктелуі [3]:  
І. Бүйректің кистозды дисплазиясы:
-Мультикистозды бүйрек (тотальды бүйректік дисплазия)
-НШЖ кедергісі бар кистозды дисплазия
-Сегментарлы дисплазия (эктопиялық уретероцелемен)
-Араласқан сарысулы ісіктің дисплазиясы (тератогенді синдроммен және синдромсыз)
II. Поликистозды бүйрек ауруы:
-Аутосомды-рецессивті
-Аутосомды-доминантты.
III. Гломерулярлы кистозды ауру.
IV. Медуллярлы бүйрек жылауықтары:
-Медуллярлы кеуекті бүйрек
-Медуллярлы бүйрек кистозы
V. Қарапайым бүйрек жылауықтары мен мультилокуляр кистозды нефромасы
VI. Жүре пайда болған бүйрек жылауықтары.
 
Бүйрек функцияларының ахуалы бойынша:
1-кесте. Созылмалы бүйрек аурулар (СБА) сатысының халықаралық жүйесі (К/DOQI,2002)[3] м2

Сатылары Сипаттама ШСЖ (мл/мин/1,73 м2)
I Бүйректің зақымдануы ШСЖ-пен немесе қалыпты ≥90
II Жеңіл   ШСЖ-пен бүйректің зақымдануы 89-60
III ШСЖ–ы шамалы 59-30
IV ШСЖ–ы ауыр 29-15
V Бүйрек жеткіліксіздігі ≤15 (диализ)
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 парамерлі)
-ЖНТ
-Биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр);
-Бүйректің УДТ

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-іш қуысы ағзаларының УДЗ.
 
Жоспарлы госпитальдаудағы өткізілетін тексерулердің минимальды тізімі:
-ЖҚТ (6 парамерлі)
-ЖНТ
-Биохимиялық қан талдау (жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ);•        
-Бүйректің УДЗ

Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 параметрлер);
-ЖНТ;
-Биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, С-реактивті ақуыздар, АЛТ, АСТ, калий, натрий, хлоридтар, темір, кальций, магний, фосфор);
Коагулограмма (ПУ-ПТИ- ХҚҚ)
Шварц формуласы бойынша шумақтық  сүзу жылдамдығын анықтау:
(креатинин мкмоль/л-де)
Коэффициент: жаңа туылғандар 33-40
препубертатты кезеңде    38-48
постпубертатты кезеңде  48-62
-Қан газдарын анықтауы;
 ПТР әдісімен В және С гепатиттер вирусын, герпетикалық инфекцияны, ЦМВИ анықтау;
-Несепті бактериологиялық зерттеу;
-Бүйректің, қалдық нәрді анықтау үшін  қуық қалбыршағының УДТ;
-Бүйрек қан тамырларының УДДГ;
-Бауыр қан тамырларының УДДГ;
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
 
Кеуле қуысынң рентгенографиясы (бір кескінде);
• Іш қуысы сегментінің КТ (несеп жолдарының бітелуін жоққа шығары, жылауықтардың оқшаулануы мен көлемдерін нақтылау мақсатында УДЗ өткізгенде, бүйрек жылауықтарының болуы, белсенді емес НЖИ өткізіледі);
• ш қуысы мен іш қуысы артының МРТ (несеп жолдарының бітелуін жоққа шығары, жылауықтардың оқшаулануы мен көлемдерін нақтылау мақсатында УДЗ өткізгенде, бүйрек жылауықтарының болуы, белсенді емес НЖИ  өткізіледі);
• ЭКГ;
• ЭхоКГ;
• бүйректің динамикалық сцинтиграфиясы (бүйрек паренхимасының сақталғанын анықтау).
 
 Жедел шұғыл жәрдем кезінде өткізілетін диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер *** (үдеріс деңгейінің ауырлығына байланысты сырқаттану белгілерінің айқын анықтамасы).
 
Анамнез  және шағымдар:
 
Шағымдар жоқ.

Анамнез:
 
Пренаталды БАДПК УДЗ: шомбал бүйректер, олиго-гидроамнион, отбасылық анамнезде тыныс жетіспеушілігінен перианатальды өлім көп. Көптеген жағдайларда ерте сатыда – біржақты зақымдану.
БАРПК: өкпе гипоплазиясын, беттің ерекшеленген келбеттері (эпикант, жалпақ мұрын, кесілген иек, қанат тәрізді тері қабаттары, төмен орналасқан құлақтар), аяқ-қолдың өзгеруі (сүйектердің қисаюы, майтабандық, туа біткен жамбас шығуы).
 
Физикальды зерттеулер:
өмір сүрудің алғашқы айларындағы АГ (5-40% - да диагностикаланады)
50% ауруларда бүйрек жылауықтары (әсіресе қыздарда)
Пальпаторлы: үлкен бүйректі анықтау.
БАРПК кеш көрінуі: үлкен бүйрек пен гепатоспленомегалия, портальды гипертензия, бүйрек фиброзы. Негізі бүйректің не бауырдың зақымдануы [2,3,4].
 
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚТ - анемия;
ЖНТ – айқын гематурия немесе макрогематурия, протеинурия, лейкоцитурия;
Қанды биохимиялық талдау – бүйрек жүйесінің зақымдануы мен креатининнің жас нормасынан көтерілуі (ШСЖ 90 мл/мин кем төмендеуі).
 
Аспаптық зерттеулер:
бүйректің УДЗ - кортико-медуллярлы дифференциацияның болмауы/ зақымдалуымен үлкен гиперэхотұқымды пайда болулар:
         БАРПК кезде – кішкентай ұршық тәрізді жылауықтар, гранулярлы қосымшалар түрінде көрсетілген.
         БАДПК - тіпті кішкентай балаларда үлкен жылауықтардың анықталуы.
 
КТ/МРТ- өкпен және/немесе бүйректе түрлі сарысулы ісіктің болуы, бүйректің үлкен көлемділігі.
Өкпе және бүйрек тамырларының УДДГ – қанайналымының бұзылуы.
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер (кеңесудің мақсаты көрсетілген):
-генетиктің кеңесі – генетикалық  кеңесу мақсатымен;
-оториноларингологтың кеңесі – созылмалы инфекция ошақтарын  санациялау мақсатында;
-стоматологтың кеңесі – созылмалы инфекция ошақтарын  санациялау мақсатында;
-гинекологтың кеңесі – қыздардың сыртқы жыныстық мүшелерінің инфекциясын санациялау мақсатында;
-аллергологтың кеңесі - ағзаның аллергиясы болған кезде;
-көз дәрігердің кеңесі – көру аномалиясын анықтау, микротамырлардың өзгеруін бағалау үшін;
-сурдологтың кеңесі – есту бұзушылықтарын анықтау мақсатында;
-эндокринологтың кеңесі - эндокриндік зақымдалулар болғанда және оларды дәрі-дәрмектермен түзеу мақсатымен;
-кардиологтың  кеңесі – артериальды гипертензия, ЭКГ жағынан бұзушылық және басқа жағдайларды;
-инфекционистің кеңесі – зоонозды және басқа да инфекциялар, вирусты гепатит болған кезде;
-урологтың кеңесі - оперативті емдеу қажеттілгі мен көрсетімдерді анықтау үшін;
-анестезиолог-реаниматологтың кеңесі - орта тамырларын катетерлеу, КТ өткізу алдында, ерте жастағы балалардың бүйрек МРТ.
 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз (кесте түрінде):
 
2- және 3-кестеге сай балалардағы БКА сараланған диагностикасы
 
2-кесте. Бүйректің кистозды ауруында қоса болатын синдромдар [2,5]

Ауру Тұқым қуалаушылық Клиникалық көрсетімдер (бүйрек жылауығынан басқа)
Бардет-Бидл синдромы АРТ Асқан семіздік, гипогонадизм, көз торының дегенерациясы, когнитивті жүйенің бұзылуы, полидактилия, бүйрек әрекетсіздігі.
Бронхио-ото-ренальды синдром (БОР) эүн экспрессияның көп құсқамалығы
 
Бронхиалды фистулалар/ жылауықтар, сыртқы құлақ дамуының ақауы, құлақ маңайындағы шұқырлар (pits),  естудің бұзылуы, бүйрек әрекетсіздігі
Жубер синдромы АРТ Мишық гипоплазиясы,   дамудың тежелуі, неврологиялық белгілер, бауырдың фиброздық өзгеруі
Меккель-Грубер синдромы АРТ Орта жүйке жүйесінің аномалиясы, полидактилия, туа біткен бауыр фиброзы
Жен синдромы (асфиксиялық торакальды дистрофия) АРТ Тыныс жетіспеушілігімен көкірек қуысы қатты қысылған, қаңқа аномалиясы, полидактилия, туа біткен бүйрек фиброзы
Диабет және бүйрек кистозының  синдромы АДТ (көп нұсқамалығы, жиі кездейсоқ өзгерістер) Жас, ақыл тоқтатқан жастағы қант диабеті, жыныс мүшелерінің аномалиясы, гиперурикемия, бүйрек жүйесінің бұзылуы.
 
3-кесте. Аутосомды-рецессивті және аутосомды-доминантті  бүйрек поликистозаның  сипаты [2,5]
 

Белгіллері БАРПК БАДПК
жиілігі 1 : 20 000 1 : 400 – 1000
Бүйрек гистопатологиясы
 
Жылауықтардың оқшаулануы
 
 
 
Жылауықтар диаметрі мен УДЗ
Бүйректің ауқымды, симметриялық өсуі (бұршақ тәрізді)
Жинаушы түтікшелер мен дистальды түтіктер.
 
 
 
Алдымен «тұз-бұрыш» түйіршектелген  жүйесі, үнемі көрінбейтін шамалы жылауықтарыдың қабыршықты және милы қабаттарының эхотұқымдылығын көтерілуі (әдетте < 2 мм), БДПКП сай жас ұлғайған сайын жылауықтар өседі.
Жалпы өскен, бірақ әдетте бүйректің төменірек дәрежесінде.
Шумақтарды қоса, барлық нефрон бөліктерінен шығатын жылауықтар.
 
Қабыршықты және милы қабаттардағы түрлі жылауықтар (әдетте үлкендерде жылауықтар көп).
Басында жылауықтар үлкен емес, алайда бала кезде ұлкен көлемге жетуі мүмкін.
Бауыр патологиясы Міндетті: портальды фиброзбен және сарыуызды ағыс гиперплазиясымен жиелеуші қатпарлардың  даму аномалиясы/ туа біткен бауыр фиброзы (Карол ауруындағыдай). Бауыр жылауықтары үлкендерде жиі, балаларда сирек.
 Кейде жиелеуші қатпарлардың  даму аномалиясы/ туа біткен бауыр фиброзы
Қоса болатын аномалиялар Сирек жылауықтар және/немесе ұйқы безінің фиброзы Ұйқы безіндегі және басқа эпителиальды мүшелердегі жылауықтар, 8 % көлеміндегі бас сүйек ішіндегі аневризмалар
Негізгі клиникалық көріністерр Пери-/неонатальды кезең: 30-50% респираторлы дистресс. Тірі қалғанда – бүйрек жетіспеушілігі, портальды гипертензия мен басқа. АГ түріндегі 3-5 онкүдіктерде көріну, протеинурия, гематурия және/немесе бүйрек жетіспеушілігі. 2% шамасында – басы бала кезде.
Сибс үшін қатер 25% 50% (кездейсоқ өзгерістерден басқа)
Пациенттердің балалары үшін қатер < 1% (егер ақау туыстар некесінен болмаса немесе сау зайыптылардың отбасыларында ауру болмаса) 50% (сонымен қатар кездейсоқ өзгерістері бар емделушілер үшін )
Отбасы мүшелері ауру Сибсторда жиі ұқсас клиникалық көрініс (20% шамасында үлкен отбасыаралық нұсқасы) Үнемі отбасында ұқсас түрлі көріністер. Егер басталуы ерте болғанда, сәйкес көрінісі 50%.
Ата –анасы (бүйрек) Патологиясыз Әдетте 30 жастан асқан ата-ананың біреуінде екі бүйректің жылауығы болады, кездейсоқ өзгерістерден басқа.
Болжау Перинатальды жағдайлардағы жағымсыз тыныс алу дистресс-синдромы. 15% бала кездегі СБХт дамуымен тірі қалған сәбилерде жағымдырақ.
Жиі портальды гипертензияның ауыр асқынулары
 
БАРПК кездегіге қарағанда, ерте көрінісі жағдайында жағымдырақ. 60 жастағылардың 50 % СБХт «есейген» жағдайларда.
СБХт орта жасы 53 және PKD1 тұқымы мен PKD2 тұқымы өзгергенде,  69 жастағыларда сәйкесінше.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
-СБА үдеуін бәсеңдету (аемияны емдеу, АҚ қалыптасуы, ШСЖ жақсаруы)
 
Емдеу тәсілі *** :

Дәрі-дәрмексіз емдеу (тәртіп, диета):
-Жасқа қарай теңгерімделген диета, ақуызды, калорияны сәйкес енгізу (1,5-2 г/кг), калорий.
-жалпы тәртіп.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
 
Артериальды гипертензияны емдеу:
ААФи:
-эналаприл 0,1-0,6мг/кг/тәу; фозиноприл 5-10мг/тәу. ШСЖ 30мл/мин/1,73м2 кем төмендегенде ААФи тағайындалмайды. [19,20].
АРБ: валсартан 0,4-3мг/кг/тәу, максимальды мөлшер 160мг/тәу, лозартан 0,7-1,4мг/кг/тәу, максимальды 100мг/сут (D) [20].
β-блокаторлары:
-атенолол 1-2мг/кг, максимальды мөлшері 100мг/тәу.
 Кальций түтікшелерінің блокаторлары [21]:
-амлодипин 0,1-0,2 мг/кг/тәулігіне, максимальды мөлшері 0,6мг/кг немесе 20мг/тәу; нифедипин 0,5-2мг/кг/тәулігіне 2-3 бөліп қабылдауда.
Симптоматикалық терапия
Кальций карбонаты (остеопороздың алдын алу мақсатымен) 250-500мг/тәу [22];
Темір препараттары: темір сулфаты: анемия дамығанда 1 капсулдан, күніне 1–2 рет,  дене салмағы 50 кг астам жасөспірімдерге);   1 капсулдан, күніне 1 рет( дене салмағы 20-50 кг балаларға).
-Гемопоэз ынталандырушылары: рекомбинантты эритропоэтин, 100-150 бір/кг/апта.
 (ренальды анемияның дамуы, ШСЖ 60 мл/мин кем төмендегенде және темір дәрілерімен емделуге бағынбаған кезде):
 
Несеп жүйесі инфекцияларын емдеу (4-кесте қараңыз)
 
4-кесте. Несеп жүйесі инфекцияларын емдеу

Антибиотиктер Мөлшерлемелер (мг/кг/тәу)
Парентеральды
Цефтриаксон 75–100, 1–2 тамырішілік енгізу
Цефотаксим 100–150, 2-3 тамырішілік енгізу
Амоксициллин + Клавулон қышқылы
амоксициллин + клавуланат)
амоксициллин бойынша 50-80, 2 тамырішілік енгізу
Пероральды
Цефиксим 2 бөліп қабылдауда 8 (немесе барлығын күніне)
Амоксициллин + Клавулон қышқылы
(Ко-амоксиклав)
амоксициллин бойынша 30-35, 2 бөліп қабылдауда
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрілік құралдар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
-фозиноприл, таблеткалар 10мг;
-эналаприл, таблеткалар 10мг;
ШСЖ 30мл/мин/1,73м2 кем төмендегенде ААФи тағайындалмайды  [2-5].
 
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолданудың мүмкіндігі 100% аз):
-цефотаксим, енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 г
-цефтриаксон, енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1г
-амоксициллин+ клавулон қышқылы, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 625мг
-цефиксим суспензия, ауыз арқылы қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған, капсула 400мг;
-амлодипин, таблеткалар 5мг
-атенолол, таблеткалар по 50мг
-лозаратан, таблеткалар 50мг
-валсартан, таблеткалар 160мг
-кальций карбонаты шайналатын таблеткалар 1000-3000 мг/тәу
-темір сульфаты, капсулалар 300мг
-рекомбинантты эритропоэтин, сықпа–пісек 1000-2000 бірл.
 
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу (қолдану мүмкіндігі100% ):
 
Негізгі дәрілік құралдар тізімі (қолданудың мүмкіндігі 100%):
-фозиноприл, таблеткалар 10мг
-эналаприл, тб 10 мг;
-ШСЖ 30мл/мин/1,73м2 кем төмендегенде ААФи тағайындалмайды  [2-5]

Қосымша дәрілік құралдар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
-цефотаксим, енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 г
-цефтриаксон, енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1г
-амоксициллин+клавулон қышқылы, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 625мг
-ауыз арқылы қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған цефиксим суспензиясы, капсулалар 400мг
-амлодипин, таблеткалар 5мг
-атенолол, таблеткалар по 50мг
-лозаратан, таблеткалар 50мг
-валсартан, таблеткалар 160мг
-кальций карбонаты шайналатын таблеткалар 1000-3000 мг/тәу
-темір сульфаты, капсулалар 300 мг, шәрбат
-рекомбинантты эритропоэтин, сықпа–пісек 1000-2000 бірл.
 
Жедел  шұғыл жәрдем кезінде дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілмейді.
 
Емдеудің басқа түрлері (мысалы сәулелік) – өткізілмейді.
 
Хирургиялық араласу -  жүргізілмейді.

Әрі қарай жүргізу:
-ЖТД/педиатрдың қарауы - 3 айда 1 рет (АҚ бақылау);
-Нефрологтың қарауы - 6 айда 1 рет;
-ЖҚТ 1 жылда 1 рет;
-креатининді анықтау (ШСЖ есептеу) -1 жылда 1 рет;
-ЖНТ – 6 айда 1 рет;
-бүйрек УДЗ – 6 айда 1 рет;
-отоларингологтың қарауы 1 жылда 1 рет - созылмалы ошақты инфекцияларды уақтылы анықтау мен санациялау мақсатында.
 
Хаттамада көрсетілген емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары
-ШСЖ төмендеуінің бәсеңдеуі.

Ауруханаға жатқызу

Госпитальдау үшін көрсетімдер:
Жедел госпитальдау үшін көрсетімдер: өткізілмейді.
Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер:
артериальды гипертензиямен және/немесе анемияны БКА, ШСЖ төмендеуі.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
-Профилактиканың мақсаты СБА асқыну екпінін бәсеңдету болып табылады.
-анемияны емдеу мен алдын алу – жануарлар ақуызы көлемі көп диета, анемияға қарсы дәрілерді қабылдау;
-АГ емдеу мен профилактикасы – гипертензияға қарсы дәрілерді пероральды қабылдау, емдік дене шынықтыру;
-ШСЖ сақтау – ААФи және АБР ұзақ қабылдау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Халықаралық аурулар жіктелуі. Денсаулықпен байланысты мәселелер мен аурулардың халықаралық статистикалық жіктелуі негізінде жиналған қысқаша нұсқауы.43 Бүкіләлемдік Денсаулықсақтау Ассамблеясымен қабылданған, 10 қарастыру.ХАЖ-10. 2. 4. Э.Лойман, А.Н.Цыгин, А.А.Саркисян. Балалық нефрология. Практикалық басшылық. Москва, 2010ж. 3. J.M.Kissane в книге Pediatric Nephrology-2012/ Rev. ed. of: Paediatric nephrology/Lesley Rees, Nicolas J.A. Webb 4. K/DOQI Бүйректің созылмалы сырқаттану бойынша клиникалық практикалық ұсыныстар: Бағалау, Классификация мен Стратификация. www.nefro.ru/standard/doqi_ckd/kdoqickd.htm 5. А.Б. Канатбаева, Б.А. Абеуова, К.А. Кабулбаев және басқ. Нефрологиядағы клиникалық симпомдары мен синдромдары.(оқу құралы) Алматы, 2010, 50 пар. 6. А.В. Папаян, Н.Д. Савенкова Бала жастағы клиникалық нефрология. Дәрілерге арналған басқарушылық. //Баспа: Левша. Санкт-Петербург , 2008 жыл, 600 пар. 7. Н.А. Мухин, И.Е. Тареева, Е.М. Шилов, Л.В. Козловская Бүйрек ауруларын диагностикалау мен емдеу. Дәрілерге арналған басқарушылық. // ГЭОТАР-Медиа. Москва. 2008. 384пар. 8. Крис А.О'Каллагхан. Көрнекті нефрология // Москва. 2009.Ағылш тілінен аударылған Е.М. Шилова ред. бойынша, 128 пар. 9. Jafar TH, Schmid CH, Landa M et al. Angiotensin-converting enzyme inhibitors and progression of nondiabetic renal disease. A meta-analysis of patient-level data. Ann Intern Med 2001; 135: 73–87. 10. Indian Pediatric Nephrology Group. Evaluation and management of hypertension. Indian Pediatr 2007;44:103-21. 11. Paediatric nephrology / Lesley Rees [et al.].—2nd ed. p. ; cm.—(Oxford specialist handbooks in paediatrics) 2012.Rev. ed. of: Paediatric nephrology/Lesley Rees, Nicolas J.A. Webb.

Ақпарат

Әзірлеушілер тізімі:
1. Б.А. Әбеуова - м.ғ.д., «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК «ФНПР педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасының меңгерушісі;
2. Н.Б. Ниғматуллина - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Уронефрология» бөлімінің нефрологы;
3. В.Х. Алтынова - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Диализ» бөлімінің меңгерушісі;
4. Н.С. Ахмадьяр - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ  клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі:
М.С. Молдахметов - м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ  «Балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх