Ана мен ұрық қанының изосерологиялық сәйкессіздігі

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Резус-иммунизация, требующая предоставления медицинской помощи матери (O36.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясының
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген

Ана мен баланың изосерологиялық сәйкессіздігі – антирезустық антидене түзілетін, ұрықтың оң резусты антирезусты эритроцитті антигеніне ананың теріс резусты гуморальды иммундық жауабы. Бұл ұрық пен жаңадан туған нәрестенің гемалотикалық ауруына алып келетін антидене эритроциттер гемолизін тудырады  [6].

Хаттама атауы: Ана мен ұрық қанының изосерологиялық сәйкессіздігі

Хаттама код:

О36.0 Анаға медициналық көмекті қажет ететін резус-иммунизациялау.
 
ХАЖ-10 коды (кодтары):
О00-О99 Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең.
О30-О48 Ұрықтың, амниотикалық қуыстың ахуалына және босанудағы
ықтимал қиыншылықтармен байланысты анаға медициналық көмек көрсету
O36 Ұрықтың анықталған немесе болжамалы патологиялық ахуалында анаға
медициналық көмек көрсету. 
O36.0 Анаға медициналық көмекті қажет ететін резус-иммунизациялау.
O36.1 Анаға медициналық көмекті қажет ететін иммунизациялаудың басқа түрлері.
 
Хаттамада  қолданылатын қысқартулар:
HBSAg - В гепатиті вирусының үстіңгі антигені, «Австралия» антигені).
HCV TOTAL - С гепатиті вирусы антигендеріне антидене
Ig – иммуноглобулин
RHD - D-резусы
АВ0 – адам қаны тобының жүйесі
АД – артериалды қысым
АЛаТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
ЖҚҚ – жатыр ішіне қан құю
ЖММК – жоғары мамандандырылған медициналық көмек
ҰГА – ұрықтың гемолитикалық ауруы
ҰНГА – ұрық пен нәрестенің гемолитикалық ауруы
НҰГА – нәрестенің гемолитикалық ауруы
ИПД – инвазивті пренатальды диагностика
КТГ - кардиотокография
ЛДГ - лактатдегидрогеназа
МоМ - "multiple of median" терминінің ағылшын аббревиатурасы, көрсеткіштің орта мағынадан ауытқу деңгейін көрсетеді (медианалар)
ЖҰҰҚ – жатыр-ұрықтық-ұрықжолдастық қанайналым
Ht - гематокрит
Нв - гемоглобин
ЖҚТ – қанды жалпы талдау
НЖТ – несепті жалпы талдау
ОМА - орта ми артериясы
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ФАТ - фето – ана трансфузиясы
ЭКГ - электрокардиограмма
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: Қанның теріс резусы бар жүктілер, босанатындар және босанғандар.
тәуекелдің  I  тобы: Антидене титрінсіз теріс резусы бар жүктілер.
тәуекелдің  II тобы: ҰГА белгілерінсіз антидене титрі бар теріс резусымен жүктілер.
тәуекелдің  III тобы: ҰГА белгілерімен антидене титрі бар теріс резусы бар жүктілер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: МСАК және стационарлық акушер- гинекологтар.

Жіктемесі


ҰпНГА клиникалық жіктелуі [5, 6]:

Қақтығыс түрі бойынша:
-ана мен ұрықтың Ph-факторы бойынша эритроциттерінің сәйкессіздігі;
-АВ0 жүйесі бойынша сәйкессіздік (топтық сәйкессіздік);
-қанның сирек факторлары бойынша сәйкессіздік болғанда (минорлы антиген бойынша).


Клиникалық көріністер бойынша: белгілейді:

-ісіну формасы (шемені бар қаназдылық). Жаңа туған сәбидің гемолитикалық ауруының ең ауыр және болжамалы қолайсыз формасы.
-сарғаю формасында (сарғаюымен қаназдылық). Бұл сәбилердің гемолитикалық ауруларының жиі кездесетін формасы.
-қаназдылық формасы (сарғаюсыз және шеменсіз қаназдылық).
Бұдан басқа, ГБН-нің асқынған пішінін бөліп көрсетеді (ядролық сарғаю, - билирубинді улану, энцефалопатия; өттің қоюлану синдромы; геморрагиялық синдром; бүйректің, бүйрек үсті безінің бұзылуы және т.б.). 
 Жүктіліктің резус-қақтығысты асқынулары:
-ұрық пен нәрестенің гемолитикалық ауруы.
-өлі туу.


Өмір қауіп төну:
-ұрық үшін – шала туу, инфекция жұқтыру, ҰГА ісіну формасы.
-ана үшін – қан кету, ай-күні жетпей босанулар, хориамнионит.

 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралар тізімі:

Негізгі диагностикалық іс-шаралар  тізімі
[1, 3, 4,5, 6, 8, 11, 13]:
-Тікелей емес Кумбс тестінде антиэритроциттік антиденелер титрі мен қан тобын анықтау.
-Антиэритроциттік антиденелерді олардың кіші кластарын анықтау және резус-сенсибилизация кезінде ауыр пішіндердің дамуын болжау мақсатында (IgG1, IgG3 кіші класстарын анықтау) сәйкестендіру.
-Ультрадыбыстық зерттеуді жүктіліктің 18-20 аптасынан бастап жүргізу орынды – ҰГА-нің ерте белгілері анықталуы мүмкін. [1,6, 8, 9]. Қайта тексеру жүктіліктің 24-26 апталарында, 30-32 аптасында, 34-36 аптасында және тура босану алдында.
-Ұрықтың орта ми артериясындағы қан айналымына қарқынды допплерометриялық бағалау.
УДЗ бойынша ҰГА болғанда – күн сайынғы ОМА допплерометрлялық бағалау, күн сайын КТГ.
Әр жүкті әйелдің қайта УДЗ сканерлеу мерзімі жеке тағайындалады. Қажеттілігі бойынша тексерулер аралығы 1 аптадан 2 аптаға дейін, аурудың ауыр түрінде - 1 -3 күнге дейін қысқарады.

Қосымша диагностикалық іс-шаралар тізімі:
-келесі жүктілік кезінде изоиммунизациялау арнайы профилактикасы мақсатында анти-резус Rho(D) иммуноглобулиннің мөлшерін таңдау үшін фето-ана трансфузиясын (ФАТ) өлшемін анықтауға арналған тест. Осының алдында сезімталдық танытпаған жүктілер мен босанғандарға Клейхауэр тесті (қышқылды алу) [2,12] (УД D).
-ұрықтың кардиотокографиясы;
-диагностикалау және әрі қарай емдеу мақсатында ұрық қанының зерттеуі мен кордоцентезі [3,4,5,6] (УД В). Оған жалғыз көрсеткіш болып ұрықта қаназдықтың барлығын куәландыратын допплерометрияның деректері табылады, себебі жатыр ішінде емдеуге көрсетім тек ауыр қаназдық қана болып келеді. Сезімталдығы төмен пациент әйелдерде инвазивтік араласуларды орындауға басқа көрсеткіштер жоқ, себебі олардың барлығы сезімталдықты арттырады. Кордоцентез жүргізілгенде ұрықтың қан тобы мен резус тиесілігі, антиген фенотүрі, Hb  және Ht деңгейлері зерттеледі, Кумбстың тікелей емес сынамасын орындауға және билирубинді анықтауға болады (УД В). Кордоцентезге қарама-қайшылықтар: жүктіліктіі үзіллу қаупі, қан жүйесінің бұзылуы, алдын ала ұрықтық қабықтың ажырауы, плацентаның бөлінуі және т.б.;
-теріс резусты тиесілігі бар жүкті әйелдің перифериялық қанындағы RHD генін анықтау (ана қанындағы ұрықтың кең айналатын ДНК бойынша).

Жоспарлы ауруханаға жатқызу кезінде қажет тексерулердің ең төменгі тізімі:
-ЖҚТ;
-НЖТ;
-коагулограмма;
-қанды биохимиялық талдау (жалпы ақуыз, АЛаТ, АСаТ, билирубин, креатинин, несепнәр, қант);
-ЭКГ;
-терапевттің кеңесі;
-гепатиттерге, АИТВ-ге тексеру.


Диагностикалық  критерийлар: ***

Шағымдар мен анамнез
[5,12,13]:
Жүктілердің ұзаққа созылған акушерлік анамнезі бар болғанда:

-жүктіліктің 6-7-апталарында жүктілікті өздігінен үзілуі;
-түсіктер (медициналық, дәрі-дәрмектермен);
-жатырдан тыс жүктілік;
-қан кетуімен қатерлі түсік;
-үлдіреу;
-антенатальды қан кету;
-анамнездегі ұрықтағы түсініксіз (иммундық емес пе?) шемен.
-ИПД (хорион биопсиясы, плацента центез, кордоцентез, амниоцентез);
-анамнездегі гемотрансфузия;
-резус-сезімталдығы бар пациенттерде ұрықтың шетінеуі, балалардың гемолитикалық аурудан қайтыс болуы;
-акушерлік оталар (баланы іштен жарып алу (кесарь тілігі) акушерлік қысқыштар, сыртқы бұрылым және т.б.);
-құрсақ қуысының зақымдануы.


 Физикальды  тексерулер: ерекшеліксіз.


 Зертханалық зерттеулер [10,11,13]:
-жүкті әйелдің қанынан антиденелердің барлығын, сондай-ақ олардың сандық сипаттамасын анықтау (антидене титрлері). Жүкті әйелдің қанынан резус-антиденелерді анықтау ағзаның сезімталдығын білдіреді. Антиденелердің 6 түрі бар, аса жиі кездесетіні D немесе Rh0 түрі, және сондықтан тәжірибеде оны анықтау аса қажет. Қанда теріс резус-тиесілік болса, D немесе Rh0 антигені жоқ.
Қаны оң резус факторлы жүкті әйелдерде ҰГА дамуы кезінде аса сирек кездесетін С, Е антигендері бойынша, сондай-ақ қанның басқа жүйелері бойынша (минорлы антиген) тексеру жүргізу керек. Антидене титрінің көлемі ұрықтың ауруы ауырлығының шынайы көрсеткіші деп тануға болмайды, ол гемолитикалық аурудың даму мүмкіншілігі және басқа емдеу-профилактикалық іс-шараларды жүргізу қажеттілігі болып саналады [6] (УД В/С).
-теріс резусты қан тиесілігі бар жүкті әйелдің перифериялық қанындағы RHD генін анықтау.
-антиэритроциттік антиденелерді олардың кіші кластарын анықтау және резус-сезімталдықта ауыр пішіндердің дамуын болжау мақсатында (IgG1, IgG3 кіші класстарын анықтау) сәйкестендіру.
-келесі жүктілік кезінде изоиммунизациялауды арнайы профилактикалық мақсатта анти-резус Rho(D) иммунитет глобулиннің мөлшерін таңдап алу үшін фето-ана трансфузиясы (ФАТ) өлшемін анықтауға арналған тест. Алдындағы сезімталдық танытпаған жүктілер (20 аптадан соң) мен босанғандарға (босанғаннан кейін 2 сағат ішінде) Клейхауэр тестін жүргізу (қышқылды алу). 99.2 - 99.3% әйелдерде босануда ФАТ 4.0 мл. төмен [2,6,7,12] (УД D).
-кордоцентез және ұрық қанын тексеру. Кордоцентез жолымен алынған ұрық қанын зерттеу ҰГА диагнозын 100% қоюға мүмкіндігін беріп қана қоймай, аурудың ауырлық деңгейін бағалауды мүмкін етіп, қанды жатыр ішіне құюды (ЖҚҚ) жүргізуге көрсеткіштерді анықтайды. Гестациялық мерзімдегі ұрықтағы Hb және Ht нормативтік көрсеткіштер кестеде берілген:

Дені сау ұрықтың гемоглобин және гематокритінің көрсеткіштері
 

Жүктілік мерзімі, апта 24-25 26-29 30-33 34
Hb (г/л) 113±17 125±9 129±12 144±13
Ht (%) 35±3 38±3 39±3 44±5

 
Аспаптық зерттеулер [2,3,6,7,8,9]:
УДЗ: Ұрықжолдастың көлемін өлшеу, оның қалыңдауы, судың көбеюі, ұрықтың гепато-спленомегалиясы, асцит, гидроторакс, гидроперикард, тері астындағы ісіну (екі жолақ).
ЖҰҰҚ допплерометриясы: кіндік артериясында резистенттілік индексінің және систоликалық-диастолика қатынасының артуы және ұрықтың орта ми артериясында жылдамдықтың артуы.
Ауыр қаназдықты сипаттайтын қан айналымының гиперқарқынды түрінің ұрықта дамуын білдіреді, 1,5 с артық МоМ түрінде көрініс тапқан жоғары сезімталдық түрімен ОМА-дегі қан айналымының ең жоғарғы жылдамдығын арттыру.
Кардиотокография  ұрық ахуалы көрсеткішін анықтау үшін (ҰГА орташа ауыр және ауыр пішіндерінде монотонды ырғақ және ҰГА ісіне формасындағы «синусоидты» ырғақ.

Мамандар кеңесін алуға көрсетімдер: жоқ. 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:
Ұрықтың жатыр ішіндегі қаназдығының басқа түрлері:
Ұрықжолдастың монохориалды түрі бар көп ұрықты жүктілік кезінде фето-фетальды трансфузиялық синдром кезінде ұрықтың бірінің жатыр ішіндегі қаназдығы.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

Қақтығысты жүктілік кезінде ұрық ауруының ауыр гемоликалық формасының профилактикасы, перинаталды шығыстарды жақсарту және өмірге қабілетті сәбидің туылуы.


Емдеу тәсілі ***:


Дәрі-дәрмексіз емдеу:

жоқ.

Дәрі-дәрмекпен емдеу: 

Негізгі:
Дексаметазон.

Қосымша: адамның анти Д-иммуноглобулині, ампициллин, окситоцин, карбетоцин, цефтриаксон, трамадол меропенем, натрий хлориді, фитоменадион, метоклопрамид, дифенгидрамин, этилл спирті 70%, темір (III) гидроксид-полимальтозды кешен, нифедипин, тетрациклин, альбумин, парацетамол, пипекурония бромид, мизопростол, ропивакаин, пропофол, лидокаин, севофлуран, атракурия бесилат, фентанил, кеторолак, желатин дәрілері, натрий хлориді, натрий гидроксиді, атропин, эфедрин, эпинефрин, омепразол, диазепам, хлоргексидин, повидон-Йод, альтеплаза, октаплекс, меропенем, кальций надропарині.
 
Емдеудің басқа түрлері: жоқ.

Хирургиялық араласу.

ЖҚҚ
– 32 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде қанның теріс факторы Rh (-) бар, бірінші топтағы О (I),  жуылған, лейкосүзгіден өткен, сәулелендірген эритроциттердің қан тамыры ішіне құюмен байланысты терапевттік кордоцентез. Терапевттік кордоцентезге көрсеткіш болып ұрықта қаназдықтың болуын куәландыратын допплерометрияның деректері табылады, себебі тек ауыр қаназдық қана жатыр ішінде емдеуге көрсетім болып табылады.
Ол терапияның жалғыз патогенетикалық негізделген тәсілі, өйткені  нәтижесінде гемоглобин мен гематокриттің деңгейі сыни межеден асады, гемолитиктің аурудың ісінген формасының дамуын төмендетеді және жүктілікті ұзарту мүмкіншілігін береді. [1 - 9] (УД B).
 
ЖҚҚ-ге арналған донорлық қанның көлемін есептеу формуласы [6]:
 V2 = Ht3- Ht1 х EFW х V1,
              Ht2

мұнда
V2 – алдағы қан құюға арналған қан көлемі (мл-мен);
V1 - жүктіліктің аталған мерзіміне сәйкес келетін қанның фетоплацентарлы көлемі (150 мл/кг);
EFW – ұрық салмағы (кг);
Ht1 – ұрықтың гематокрит көлемі ( %);
Ht2 - донордың гематокрит көлемі (85%);
Ht3 – ұрық гематокритінің талапты шамасы.
ЖҚҚ алдында ай-күнінен бұрын босану тәуекелін ескере отырып, 48 сағат ішінде респираторлы дистресс-кортикостероидты синдромы профилактикасын жүргізу қажет.
 
Резус-қақтығысты жүктілік кезінде кесарь тілігін жүргізуге арналған көрсеткіштер:

-ҰГА ауыр формасы;
-ұрықтың қатерлі ахуалы;
-жүктілік кезіндегі хориамнионит;
-бірінші рет босанатын әйел ұрығының жамбаспен жатуы;
-босану индукциясының тиімсіздігі;
-ұрықтың көлденең жатуы.

Әрі  қарай  жүргізу:

Босандырудың мерзімдері мен әдістері:
Тәуекелдің I тобы:
Жүктіліктің 40 аптасы+ 6 күндегі антидене титрінсіз теріс резусты қан тиесілігі бар жүктілер.
Тәуекелдің II тобы: Жүктіліктің 38 аптасынан жоғары ҰГА белгілерінсіз (УЗ маркерлері мен ҰГА допплері теріс) антидене титрінсіз теріс резусты қан тиесілігі бар жүктілер;
Тәуекелдің IIІ тобы: Жүктіліктің > 34 аптасынан төмен ҰГА белгілері бар антидене титрі бар теріс резусты қан тиесілігі бар жүктілер. Босандыру тәсілі акушерлік жағдайға және ұрықтың функциялық ахуалына байланысты.
ЖҚҚ ауыр формаларында - 34 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде қанның теріс факторы Rh (-) бар, бірінші топтағы О (I), жуылған, лейкосүзгіден өткен, сәулелендірген эритроциттердің қан тамыры ішіне құюмен байланысты терапиялық кордоцентез жүргізу. Босандыру тәсілі акушерлік жағдайға және ұрықтың функциялық ахуалына байланысты.
ҰГА ауыр пішіні кезінде 32 аптадан кейін (мүмкіншілігі болса) 34 аптадан кейін таңдау тәсілі болып кесарь тілігі саналады. Орташа ауыр формада және аурудың аса жеңіл өтуі кезінде ұрықтың ахуалын  әбден бақылау арқылы (УДЗ, допплер) және табиғи туу жолдары арқылы босандыру мүмкін [6].
Әрбір сезімталдығы жоқ, оң резусты баласы бар RhD-теріс әйелге 72 сағат ішінде (1250 МЕ- 2.0мл), ж/і. [2] (УД А/В) салынады.
Келесі жүктілік кезінде изоиммуниттеудің арнайы профилактикасы мақсатында анти-резус Rho(D) иммунитет глобулиннің мөлшерін таңдау үшін фето-ана трансфузиясын (ФАТ) өлшемін анықтауға арналған тест. Алдындағы сезімтал емес жүктілер (20 аптадан соң) мен босанғандарға (босанғаннан кейін 2 сағат ішінде) Клейхауэр тесті (қышқылды алу) жүргізіледі. 99.2 - 99.3% әйелдер босанғанда ФАТ 4.0 мл.кем емес [2,6,7,12] (УД D) болады.
Жалпы ФАТ мына жағдайларда орын алуы мүмкін:
-III триместрде іштің зақымдануы;
-ұрықтың түсініксіз шемені;
-көп ұрықты жүктілік;
-ұрықтың өлі туылуы және жатыр ішіндегі өлім;
-аспаппен босандыру және кесарь тілігі;
-ұрықжолдасты қолмен бөлу және ерекшелеу.
Егер күшейтілген жалпы ФАТ орын алса, ФАТ-тың әр миллиметріне 125МЕ есеппен анти-резустың Rho(D) қосымша мөлшеріне 4.0 мл артық енгізу ұсыныс етілген. [2] (УД D).
Босану кезінде ФАТ санын анықтауға арналған Клайхауэр тестін жүргізу мүмкіншілігі жоқ болған жағдайда стандартты постнатальды мөлшерді анти-резус Rho(D) - 1250 МЕ, ж/і тағайындау ұсынылады [2] (УД D).  
Қанның теріс факторы Rh (-) бар, бірінші топтағы О (I), жуылған, лейкосүзгіден өткен, сәулелендірген эритроциттердің қан тамыры ішіне құюмен кардоцентез жүргізілген жаңадан туған нәрестеге дүниеге келген соң 6 айдан кейін HBSAg , анти HCV, АИТВ-ге тексерілуі керек.
 
Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:

-жүктілікті ұрықтың гестациялық жетілген жасына жеткізу және жаңадан өмір сүруге қабілетті сәбидің туылуы;
-нәрестенің бейімделу кезеңінің қалыпты өтуі (ГБН, РДС ауыр формасының болмауы);
-нәрестерлердің өмір сүргіштігі.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау түрін көрсете отырып, госпитальдауға көрсетімдер**: жоспарлы.
Мамандандырылған медициналық көмек, ЖММК.
Көрсетімдер болғанда босанудан бұрын ЖҚҚ-ге жоспарлы госпитальдау.
Тәуекел тобына қарай босануға арналған жоспарлы госпитальдау:
Тәуекелдің I тобы: жүктіліктің 40-аптасындағы антидене титрінсіз теріс резусты қан тиесілігі бар жүктілер.
Тәуекелдің II тобы: жүктіліктің 38 аптасынан ерте емес ҰГА белгілерінсіз (УЗ маркерлері мен ҰГА допплері теріс) антидене титрінсіз теріс резусты тиесілігі бар жүктілер;
Тәуекелдің IIІ тобы: жүктіліктің мерзіміне байланыссыз ҰГА белгілері бар (УЗ маркерлері мен ҰГА допплері оң) антидене титрі бар теріс резусты тиесілігі бар жүктілер.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар [2, 5,6,9,10,12,13] (УД В):

МСАК деңгейінде жүргізіледі:
-ұрпақты болу жасындағы ерлі-зайыптыладырдың қанын Rh тиесілікке және қанның антигенді құрамын фенотүрлендіруге тексеру. Әйел мен биологиялық әкесінің антиген құрамы сәйкес келмегенде, оларды теңділікке тәуелсіз қандағы антиденелер титрінің болуына тексеру қажет.
-жүктілік мерзімінің басынан аяғына дейін қарқынды бақылауы бар изоиммунизацияланған жүкті әйелдің антиэритроцитті антиденесінің титрін анықтау.
-антиэритроциттік антиденелерді олардың кіші топтарын анықтау және резус-сезімталдық кезде ауыр формаларының дамуын болжау мақсатында (IgG1, IgG3 кіші класстарын анықтау).
-жүктіліктің әр түрлі мерзімдерінде УДЗ динамикалық бақылау (фетометрия және допплерометрия).
-имплантттау алды генетикалық – ЭКҰ кезінде ұрық әкесінің резус-факторы бойынша гетерозиготалы генотип бар болған жағдайда Rh (-) эмбрионді таңдау.
-ИПД-ден кейін (хорион, плацентоцентез, кородоцентез, амниоцентез биопциясы).
-жүкті әйел мен баланың биологиялық әкесінің антигендерін фенотиптеу;
-резус-факторды ескере отырып, қан құю;
-теріс резусты қаны бар әйелде бірінші жүктілікті сақтау;

Арнайы профилактика жүргізу – [2] (УД С) сияқты жағдайларда сезімталдық көріністерісіз теріс резусты пациенттерге Rho (D) иммуноглобулин -антирезусын енгізу көрсетілген:
-гестациядан кейін 12+0 аптадан кейін түсік қатері.
-гестацияның 12+0 аптасынан кейін дереу қан кету (6-апталы  қашықтықпен).
-гестацияның 12+0 аптасы немесе одан жоғары мерзімде өздігінен болатын толық немесе ішінара түсік.
-жүктіліктің мерзіміне байланыссыз жоспарлы хирургиялық тоқтату.
-жүктіліктің мерзіміне байланыссыз жүктілікті жоспарлы дәрі-дәрмекпен үзу.
-ИПД  кейін (амниоцентезден, хорион, кордоцентез биопсиясынан кейін).
-жатыр мойнағына тігіс салу (истмикалық-цервикальды жеткіліксіздік кезінде).
-трофобластикалық ауруда.
-оң резусты тромбоциттердің трансфузиясы кезінде.
-жатыр ішіндегі ресімдер кезінде (амниодренирлеу, шунтты ендіру, эмбриоредукция, лазер).
-жүктіліктің мерзіміне тәуелсіз босануға дейінгі қан кету.
-ұрықты басымен сыртқа қарай бұру (тәуекелдерді қоса).
-ЭКҰ кейін бір эмбрионның редукциясы кезінде.
-кез-келген абдоминалды жарақаттар (тікелей/тікелей емес, өткір/өтпес, ашық/жабық).
-жатырдан тыс жүктілік кезінде.
-ұрықтың антенатальды өлімі кезінде.
Сезімталдық құбылысынсыз теріс резусты қанды пациенттерге анти-резус Rho (D) иммуноглобулинді ендіру [2] (УД С).
Жүктіліктің 12+0 аптасына дейінгі жоғарыда аталғандар кезінде - 625 МЕ - 1.0 мл, бір рет, ж/і. анти-резус Rho(D) иммуноглобулинмен резус сезімталдылықтың арнайы профилактикасы.
Анти-резус Rho(D) иммуноглобулинді гестацияның 12+0 аптасынан кейін дереу созылған қан ағуы бар әйелдерде 6 апталы үзіліспен - 1250 МЕ. - 2.0 мл, ж/і тағайындалуы керек. [2] (УД D).
Гестацияның 20+0 аптасынан кейін қынаптан қайта қан ағу кезінде анти­резус Rho(D) иммуноглобулин кемінде 6 апталы үзіліспен тағайындалуы керек - 1250 МЕ. - 2.0 мл, ж/і. [2] (УД D).
 
Профилактикалық іс-шаралар балалардың ГБ-мен туылуының алдын алуға кепілдік болып табылады. Анти-D иммуноглобулинді ендіру сезімтал әйелдердің санын азайтады.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) Н.Г. Павлова, Э.К Айламазян. Современные представления о патогенезе и ультразвуковой диагностике анемии у плода // Пренатальная диагностика. - 2007. - Т. 6, № 3. - С. 170-174. 2) Руководство Королевского Колледжа Акушерства и Гинекологии «RCOG», «Применение анти-Д иммуноглобулина для резус Д профилактики» Лондон, март 2011г. 3) А.Флейшер, Ф. Меннинг, П. Дженти, Р. Ромеро. Эхография в акушерстве и гинекологии. Теория и Практика// Перевод с англ. Видар М. 2004г., Часть II. с.592. 4) Павлова Н.Г., Шелаева Е.В., Нагорнева С.В. Допплерометрия мозгового кровотока плода для диагностики тяжёлых форм гемолитической болезни // Пренатальная диагностика. - 2007. - Т. 6, № 3. - С. 175-179. 5) Сидельникова В.М., Антонов А.Г. Гемолитическая болезнь плода и новорождённого. - М.: ТриАДа-Х, 2004. - 192 с. 6) Г.М. Савельева, А.Г. Коноплянников, М.А. Курцер, О.Б. Панина //Гемолитическая болезнь плода и новорожденного, «ГЭОТАР-Медиа» г.Москва, 2013г. 7) Минеева Н.В. Группы крови человека. Основы иммуногематологии СПб., 2004 8) Айламазян Э.К. Кордоцентез в антенатальной диагностике, терапии и хирургии болезней плода. Вестник РАМН 1998; 1:6—11. 9) Abdalla M.- .K., Beattie В., Alfirevic Z. Intrauterine transfusion techniques in fetuses with Rhesus incompatibility (Protocol for a Cochrane Review) // The Cochrane Library. - Chichester: John Wiley and Sons, 2004. - Issue 2. 10) Crowther C.A. Anti-D administration in pre- nancy for preventin-Rhesusalloimmunisation (Cochrane Review) // The Cochrane Library. - Chichester: John Wiley and Sons, 2004. - Issue 2. 11) Mari G., Deter R.L., Carpenter R.L. et al. Noninvasive dia- nosis by Doppler ultrasono - raphy of fetal anemia due to maternal red-cell alloimmunization. Collaborative - roup for Doppler Assessment of the Blood Velocity in Anemic Fetuses // Ibid. - 2005.- Vol. 342. - P. 9. 12) Шарифканова М.Н., Джусагалиева А.Ш. Применение анти - резус иммуноглобулина для профилактики резус сенсибилизации. Методические рекомендации для врачей акушер гинекологов, неонатологов. Алматы 2010г. 13) Павлова Н.Г., Зайнулина М.С., Шелаева Е.В., Нагорнева С.В., Красильщикова И.В. ведение беременности при изоиммунизации. Учебно-методическое пособие. Санкт-Петербург,2011 г.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
  1. Үкібасова Талшын Мұкадесқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒАмБ» АҚ Акушерлік және гинекология бөлімінің басшысы.
  2. Мағзұмова Гүлмира Әуезханқызы - ҰҒАмБ» АҚ акушериялық бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері.
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: хаттаманы әзірлеушілердің фармакологиялық дәрі-дәрмектер мен жабдықтарға қызығушылықтары жоқ.
 
Пікір иесі:
Л.А.Сейдуллаева - «МУА» АҚ «Акушерия және гинекология бойынша субординатура және интернатурасы» кафедрасының доценті.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх