Аллергиялық ринит

P-T-022

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Аллергический ринит неуточненный (J30.4)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Аллергиялық ринит – IgE қатысуымен мұрын қуысы шырышты 
қабығының қабынуымен жəне күні бойы бір сағат жəне одан аса уақыт келесі симптомдардың кем дегенде екуінің болуымен: мұрынның бітелуі (обструкция), мұрыннан бөлінділер (ринореялар), түшкіру, мұрынның қышуымен мінезделетін мұрынның шырышты қабығының қабынулық ауруы. (Еуропалық академия мен клиникалық иммунологияның Халықаралық консенсусы - 2000 ж.).

 
Хаттама коды: P-T-022 "Аллергиялық ринит"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J30.   Вазомоторлық жəне аллергиялық ринит.
J30.1 Өсімдік шаңымен шақырылған аллергиялық ринит.
J30.2 Басқа да мезгілдік аллергиялық ринит.
J30.3 Басқа аллергиялық риниттер.
Жыл бойындағы аллергиялық ринит.
J30.4 Анықталмаған аллергиялық ринит.

Жіктемесі


Жіктемесі (Халықаралық консенсус, 2000 ж. жəне БДҰ, 2000 ж. деректері бойынша).
 
Пайда болу мерзімі бойынша:
- жедел;
- созылмалы.
 
Ағымы бойынша:
- мезгілдік;
- жыл бойы;
- кəсіби.
 
Симптомдардың сақталу мерзімдері бойынша:
- интермиттирлеуші аллергиялық ринит;
- персистирлеуші аллергиялық ринит.
 
Ауырлық дəрежесі бойынша бөледі:
- жеңіл;
- орташа ауырлық (аздаған);
- ауыр аллергиялық ринит.
 
Кезеңдері бойынша:
- вазотониялық (қантамырлық тонустың бұзылыстарымен байланысты кезеңдік мұрын бітелулерімен мінезделетін жəне деконгестанттарды əр кезде пайдалануды қажет ететін);
- вазодилатация (мұрын шырышты қабығы қантамырларының кеңеюімен қатар жүріп, жиі мұрын бітелуімен мінезделетін жəне деконгестанттарды жиі пайдалануды қажет ететін);
- созылмалы ісіну кезеңі (тұрақты мұрын бітелулермен мінезделетін, мұрын қуысы шырышының көгілдірленуі, деконгестанттарды пайдалану тиімсіз);
- гиперплазия (тұрақты мұрын бітелулермен мінезделетін, мұрын қуысы шырышының өсуі, полиптердің түзілуі; жиірек процессте мұрынның қосалқы қойнаулары қосылады, екіншілік отиттер дамиды, екіншілік инфекциялар қосылады; деконгестанттарды пайдалану тиімсіз).

Этиология бойынша:
- тозаңдық;
- тұрмыстық жəне эпидермалдық;
- инфекциялық;
- инсекті;
- тағамдық;
- дəрілік;
- кəсіби жəне басқа;
- аралас этиологиялы.
 
ДДҰ Жіктемесі (ARIA, 2007):
 
Ағымы бойынша:
- интермиттирлеуші (аптасына 4 күннен аз немесе 4 аптадан аз);
- персистирлеуші (аптасына 4 күннен көп немесе 4 аптадан көп).

Ауырлық бойынша:
-  жеңіл (төменде көрсетілгендердің барлығы: қалыпты ұйқы, өмірлік қызметтердің, спортпен айналысу жəне еңбек режимінің бұзылыстары жоқ);
- орташа дəрежелі жəне ауыр (төменде келтірілгендердің біреуі немесе көп: ұйқының, өмірлік қызметтердің, спортпен айналысу мен еңбек режимінің бұзылуы, қажытушы симптомдар).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар
 
Негізгі (Хаитов Р.М., 2002 ж.; Лусс Л.В., 2002 ж.; Паттерсон Р. Жəне басқалар., 2000 ж.):
- аллергиялық сенсибилизацияның болуы;
- бай отбасылық жəне жеке аллергологиялық анамнез;
- жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары;
- кəсіби.
 
Ықпал ететін факторлар:
- мұрын жарақаттары;
- темекі тарту;
- бөлмедегі ауаның төмен 
сапасы;
- ауаның ластануы;
- климаттық факторлар;
- экологиялық факторлар;
- "өмір салты" 
факторлары; 
- жедел жəне созылмалы күйзелу;
- дəрі-дəрмектерді, бояуларды, дезинфекция 
жəне дезинсекция мен т.б. бақылаусыз пайдалану.

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер

Шағымдар мен анамнез:
1. Мұрынның бітелуі (обструкция) – толық, жартылай немесе мерзімдік, этиология мен режимге байланысты күннің түрлі уақыттарында.
2. Мұрыннан бөлінділер (ринорея) – көбінесе сулық немесе шырыштық мінездегі.
3. Мұрынның қышуы, күйдіру сезімі, мұрындағы қысым.
4. Түшкіру – жеңілдік алып келмейтін, ұстаматəрізді.
5. Қосымша шағымдар болуы мүмкін – бас ауыруы, əлсіздік, тітіркенгіштік, жас ағушылық (түшкіру себебінен), тамақтың ашуы, құрғақ жөтел (жұтқыншақтың артқы қабырғасы бойынша шарыштың ағуынан), ауа жетіспеу сезімі жəне т.б.
6. Анамнездегі аурудың уақытына, мезгілдігіне, тəуліктік кезеңдікке, спецификалық жəне спецификалық емес (ыстық, суық, өткір иістер, қапырық жəне т.б.) ықпал етуші факторлардың байланысына, кəсіби зияндылықтарға, дəрі-дəрмектердің əсеріне (жергілікті жəне жүйелік) назар аудару қажет. Симптомдардың ұзақтығына, жиілігі мен ригидтілігіне байланысты ауру форма, ағым, ауырлық жəне стадия бойынша жіктеледі.
 
Физикалық тексеру:
Жалпы тексеру кезінде мұрын мен мұрын-еріндік үшбұрыш терісінің қызаруы мен тітіркенгіштігі (ринорея есебінен), көз астындағы қара шеңберлер (веноздық іркілу мен ұйқы сапасының нашарлауы есебінен), «аллергиялық ұшқын» (мұрын ұшын алақанмен сүрту), толық немесе жартылай мұрындық тыныстың болмауы, дауыс тембрінің өзгеруі, «аденоидтық əлпет» (бала жастан жыл бойы риниттің дамуы кезінде – ашық ауыз бен дөңгелектенген əлпеттің ұйқылы түрі) өзіне назар аудартады.
Риноскопия кезінде мұрын қойнауларынан шырышты бөлінділермен, ісінген бозғылт-қызғыш немесе іркілу түсі көрінеді.

Инструменталдық зерттеулер:
1. Риноманометрия – мұрын жолдарының жартылай жəне толық өтімділігі, мұрын жолдары қарсылығының бірден жоғарылауы (екі жақты бірдей немесе бір жақтың басымдылығымен).
2. Рентгенография – мұрын мен қосымша қойнаулардың органикалық зақымдану белгілері жоқ, мұрын шырышты қабығының ісінуі.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
1. Оториноларинголог – іріңді бөлінділер болған жағдайда, анамнезде мұрын жарақаттары жəне мұрын мен осымша қойнаулардың созылмалы инфекциялық аурулары, мұрын мен қойнаулар полипозы болған жағдайда.
2. Аурудың ұзақ ағымы кезінде ықпал етуші 
факторлармен ашық байланыстың болмауы жағдайында.
3. Кəсіби генезге күмəн туған 
жағдайда.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар:
- шағымдарды, жалпы жəне аллергиялық анамнезді жинау;
- физикалалық тексеру;
- алдыңғы риноскопия;
қанның жалпы анализі;
қан сарысуындағы жалпы IgE құрамын анықтау;
- мұрыннан алынған жағындының цитологиялық анализі (сарқынды, қырынды);
- риноманометрия;
- пикфлоуметрия;
- спирография (көрсетімдер бойынша);
- мұрын қойнауының рентгенографиясы (көрсетімдер бойынша);
- ЛОР-дəрігер консультациясы (көрсетімдер бойынша).

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
1. Қанның жалпы анализі – эозинофилия болуы мүмкін (теріс нəтиже диагностикалық маңызды болып табылмайды).
2. Мұрыннан бөлінділерді Райт немесе Хансел бояуымен цитологиялық зерттеу (жағынды, сарқынды немесе қырынды) – эозинофилия (10% астам).
3. Сарысудағы жалпы IgE анықтау – арту (100 МЕ/л астам).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Белгі
Мезгілдік
АР
Жыл бойғы
АР
Вазомоторлық
ринит
Эозинофильдік
аллергиялық
емес ринит
Инфекциялық
ринит
Анамнездегі
аллергия
Жиі Жиі Сирек Болуы мүмкін Сирек
Отбасылық 
анамнездегі
аллергия
Жиі Жиі Сирек Болуы мүмкін Сирек
Ағымы Нақты мезгілдік
Жылдың кез келген
уақытында асқыну
Жылдың кез келген
уақытында асқыну
Жылдың кез келген
уақытында асқыну
Спорадиялық
жағдайлар
Қызба Жоқ Жоқ Жоқ Жоқ Жиі
Этиологиялық 
факторлар
Аллергендер
мен жанасу
Аллергендер
мен жанасу
Тітіркендіргіш заттар Жоқ Инфекциялық агенттер
Мұрыннан бөлінділер Көптеген сулы Шырышты
Сулы немесе
шырышты
Көптеген сулы Шырышты немесе
іріңді
Аллергиялық ұшқын Жиі Жиі Сирек Мүмкін Сирек
Конъюнктивит Жиі Мүмкін Сирек Сирек Сирек
Мұрын шырышты
қабығы
Бозғылт, борпылдақ,
ісінулі
Түрлі көріністер Қызғыш, ісінулі
Бозғылт, борпылдақ,
ісінулі
Гиперемирленген,
ісінулі
Мұрыннан жағынды Эозинофилия Эозинофилия Тəн өзгерістер жоқ Эозинофилия
Эпителий, 
нейтрофилдер
лимфоциттер
Жалпы IgE Жиі жоғарылаған Жиі жоғарылаған Норма Норма Норма
Антигистаминдік
заттардың тиімділігі
Жоғары Аздаған Аздаған Төмен Төмен
Деконгестанттардың
тиімділігі
Аздаған Аздаған Төмен Аздаған Аздаған

 


Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаттары: симптормдарды басу, мұрын жолдарының өтімділігін қалпына келтіру жəне мұрынмен тыныс алу (əсіресе түнде), өмір сапасын жақсарту, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: 
- сақтанулық режим (мұздауға жол бермеу, жедел респираторлы вирусты инфекция жəне  с.с);
- гипоаллергендік диета;
- себептік жəне ықпал ететін факторларды жою (элиминация);
- аллергеннің толық элиминациясы мүмкін болмаған жағдайда;
- тыныс алу жаттығулары.

Дəрі-дəрмектік ем:
Антибактериалды препараттар қарсы көрсетілмеген!
Жергілікті антисептикалық заттар қарсы көрсетілмеген!
Иммуностимуляторлар қарсы көрсетілмеген!
 
1-ші буындағы антигистаминдік заттар. Алғашқы 3-5 күн ішінде орташа жəне ауыр дəрежедегі жедел ағым кезінде пайдаланылады, мұнан кейін 2-ші буындағы препараттарға ауысады:
- хлоропирамин 25-75 мг/тəулігіне;
- хифенадин 25-75 мг/тəулігіне;
- мебгидролин 50-150 мг/тəулігіне;
- дифенгидрамин 50-150 мг/тəулігіне;
- клемастин 1-3 мг/тəулігіне;
- прометазин 25-75 мг/тəулігіне;
- астемизол 10-20 мг/тəулігіне.
 
2-ші буындағы антигистаминдік заттар. Аллергиялық риниттің базалық емі. 10 күннен бастап бірнеше айға дейінгі курстар пайдаланылады:
- лоратадин 10 мг/тəулігіне;
- цетиризин 10 мг/тəулігіне;
- фексофенадин 120 мг жəне 180 мг/тəулігіне;
- дезлоратадин 5 мг/тəулігіне;
- эбастин 10 мг/тəулігіне.
 
Мұрын ауруларын емдеу үшін симпатомиметикалық заттар (деконгестанттар). Мұрын жолдарының өтімділігін уақытша қалпына келтіру үшін (мысалы, топикалық стероидтарды қабылдаудан алдын), сонымен қатар бір аптадан аспайтын аллергиялық риниттің жеңіл ағымы кезінде (тахифилаксияға берілгіштік бар) симптоматикалық заттар қолданылады:
- нафазолин 0,05%;
- оксиметазолин 0,05%;
- ксилометазолин 0,05%;
- тетризолин 0,05%.
 
Мембраностабилизаторлар. Көбіне жергілікті қолданылады. 3-4 айға дейін курспен жүйелі қолдану, аллергенмен жанасуды шектеу мүмкін болмаған жағдайдағы мезгілдік (орташа немесе ауыр дəреже) немесе жыл бойы аллергиялық ринитте мүмкін:
- кромоглицин қышқылы 50-200 мг/тəулігіне;
- кетотифен 2-4 мг/тəулігіне.

Топикалық (интраназалды) глюкокортикостероидтар. Аллергиялық риниттің базалық патогенетикалық емі. 6 айға дейінгі курстармен қолданылады:
- бетаметазон (200-400 мкг/тəулігіне);
- мометазон (200-400 мкг/тəулігіне).
 
Спецификалық емес гипосенсибилизация. 
Қарсы көрсетілімдер болмаған кездегі мезгілдік аллергиялық ринит кезінде мүмкін.
Гистамин гидрохлоридімен бірге адам ииммуноглобулині (схема 
бойынша).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дірмектер тізімі: Дифенгидрамин (инъекция үшін ерітінді 1% 1мл).
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Хлоропирамин (таблетка 25 мг; инъекция үшін ерітінді 20 мг/мл амп.).
2. Хифенадин гидрохлориді (таблетка 25 мг).
3. Прометазин (инъекция үшін ерітінді 2,5% 2 мл ампулада; таблетка 25 мг).
4. Кетотифен (таблетка 1мг).
5. Лоратадин (таблетка 10мг).
6. Цетиризин (таблетка 10 мг, сироп 1мг/мл).
7. Нафазолин (ерітінді 0,1%, 0,05% ампулада 10 мл).
 
Ем тиімділігінің индикаторлары
Ауру симптомдарының айтарлықтай төмендеуі мен жоғалуы, мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру (əсіресе түнгі), өмір сапасының жақсаруы, жұмысқа қабілеттіліктің толық қалпына келуі, ауру рецидивтерінің болмауы, асқынулардың болмауы (бронх демікпесі, синуситтер, көз бен орта құлақтық аллергиялық зақымданулар, мұрын полипозы жəне т.б.).

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
Шұғыл госпитализациялау көрсетімі жоқ.
Жоспарлы госпитализациялау: абсолюттік көрсетімдер жоқ.
Салыстырмалы көрсетімдер – аллергиялық риниттің кəсіби генезі кезінде диагнозды анықтау, сонымен қатар қиын жағдайларда, өзіндік ерекшелігі бар иммунотерапияға көрсетімдер/қарсы көрсетімдер туралы сұрақты шешу үшін.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- тұрғындар мен медициналық қызметкерлер арасында аллергиялық ринит туралы білімді насихаттау;
- аса сезімталдылықты ерте анықтау;
- отбасылық жəне жеке аллергологиялық 
бай анамнез болған жағдайда абайлау, жоғары тыныс жолдарының созылмалы ауруларын анықтау жəне емдеу; 
- үй жануарларынан бас тарту;
- біріншілік жəне үнемі профтексерулар;
- темекіден бас тарту;
- өмір жəне еңбек жағдайын өзгерту;
- салауатты өмір салты.


Профилактикалық шаралар:
1. Динамикада аллергологтың бақылауы.
2. Аллергиялық мектепте науқасты оқыту.
3. Олардың максималды элиминациясымен этиологиялық факторларды (аллергендерді) анықтау.
4. Үйді немесе жұмыс орнын профилактикалық өңдеу.
5. Ықпал ететін факторлармен жанасуды жою (тұрмыстық химия, косметика, антибиотиктер, шаң жəне с.с)
6. Мезгілдік аллергиялық ринит кезіндегі превентивті терапии.
7. Созылмалы инфекция ошақтарын емдеу.
8. Арнайы өткізгіштер немесе бет перделер кию.
9. Тазарту жүйесін/ауаны ылғалдандыру жəне электрондық сүзгіштерді пайдалану.
10. Темекі тартудан бас тарту.
11. Санаторлық-курорттық ем.
 
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Асқыну симптомдарын басқаннан соң, өзіндік ерекшелігі бар in vitro жəне in vivo аллергодиагностика жəне өзіндік ерекшелігі бар иммунотерапия жүргізу туралы сұрақты шешу үшін, науқасты аллергиялық саладағы мамандандырылған жəне жоғарымамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелеріне жолдау.

Жыл бойы ағым жағдайында, алдыңғы риноскопия, қан сарысуындағы IgE жалпы деңгейін бақылаумен жəне пикфлоуметриямен тоқсан сайын тексеру қажет.

Мезгілдік аллергиялық ринит кезінде – жоғарыда айтылған тексеру əдістерімен жылына 1- 2 рет диспансерлеу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Гущин И. С., Ильина Н. И., Польнер С. А. Аллергический ринит: Пособие для врачей. ГНЦ - Институт иммунологии, РААКИ. М., 2002. 68 с . 2. Ильина Н. И., Польнер С. А. Круглогодичный аллергический ринит// Consilium medicum. 2001. Т. 3. № 8. С. 384-393. 3. Клиническая аллергология: Руководство для практических врачей; Под ред. акад. РАМН, проф. Р. М. Хаитова. М.: Медпресс-информ. 2002. 623 с. 4. ЛуссЛ. В. Аллергический ринит: проблемы, диагностика, терапия //Лечащий врач. М., 2002 № 4. С. 24-28 5. Пыцкий В. И. и др. Аллергические заболевания. М., Триада-Х. 1999.470с. 6. Паттерсон Р. и др. Аллергические болезни. М.: Гоэтар, 2000. 733 с. 7. Клиническая иммунология и аллергология. Под ред. Г. Лолора-мл., Т.Фишера, Д.Адельмана (Пер. с англ.) – М., Практика, 2000. – 806 с. 8. ARIA 2007. Allergic rhinitis and its impact on asthma. Annual Workshop Report. WHO. 2007.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Нурпеисов Т.Т.,   ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ, Республикалық ғылыми-тəжірибелік аллергологиялық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, м.ғ.к.
Акпеисова Р.Б.,  Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ аспиранты

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх