Əйелдің жыныс ағзаларын зардаптаған жыланкөздер

Р-О-030

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Свищ женских половых органов неуточненный (N82.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Зəржыныстық жыланкөздері – бұл зəр мүшелерінің жарақаттары немесе 
патологиялық босанулар, акушерлік жəне гинекологиялық операциялар уақытында
трофикалық бұзылыстар нəтижесінде туындайтын жəне салыстырмалы жас шағында мүгедектікке келтіретін, ауыр жəне салыстырмалы жиі кездесетін ауру.
 
Қуық-іншек жыланкөздері – зəр қабы мен іншек қабырғаларының тұтастығы бұзылуы.
 
Қуық-жатыр жыланкөздері – зəр қабы мен жатыр қабырғаларының тұтастығы бұзылуы.
 
Қуық-қосалқылар жыланкөздері – іріңді түтікжұмыртқалық ісіктер, дермоидтық кисталар қуық қабынса еніпкету нəтижесінде қуық қабы қабырғаларының тұтастығы бұзылуы.

Зəр-іншектік / зəрағар-жатырлықтар – гинекологиялық операциялар уақытында васкулярлық бұзылуы немесе зəрағар жарақаттануы салдарынан болатындар.

Зəр өзегі-іншектік жыланкөздер – босану болдыру жəне гинекологиялық операцияларда зəр жолы жаралануы жəне жамбас сүйектері сынуымен ауыр жарақат салдарынан болады.

Құранды жыланкөздер – патологиялық процесске зəржыныс жүйесінің бірнеше бөлімі тартылған (зəрағар – қуық-іншектік жыланкөздер, зəржыныс мүшелері мен ішектердің тіркесті зақымдануы).
 
Іншек жыланкөздерінің басқа түрлері – олар аралықтың ІІІ дəрежеде жыртылуын тіккенен кейін жараның іріңдеуі жəне оның жартылай жазылуы, ішектік-іншектік пластикасы нəтижесінде, пластикалық гинекологиялық операциялардан кейін дамитын жыланкөздер.

 
Хаттма коды: Р-О-030 "Əйелдің жыныс ағзаларын зардаптаған жыланкөздер"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ–10 бойынша коды (кодтары):
N82    Əйелдің жыныс ағзаларын зардаптаған жыланкөздер.
Ережеден шығарылған: қуықтық-ішектік жыланкөз (N32.1 ).
N 82.0 Қуықтық-іншектік жыланкөз.
N 82.1 Əйелдің зəр-жыныстық жолдарының басқа жыланкөздері.
N 82.2 Іншектік – асішектік жыланкөз.
N 82.3 Іншектік-тоқішектік жыланкөз.
N 82.4 Əйелдердің ішектік-жыныстық басқа жыланкөздері.
N 82.5 Əйелдердің жыныстық-терілік жыланкөздері.
N 82.8 Əйелдердің жыныстық мүшелерінің басқа жыланкөздері.
N 82.9 Əйелдердің жыныстық мүшелерінің дəлелденбеген жыланкөздері.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Зəр-жыныстық жыланкөздердің клиникалық жіктеуі:
 
І. Шығу тегі бойынша:
а) акушерлік;
ə) гинекологиялық.
 
ІІ. Патогенетикалық белгісі бойынша:
а) жарақаттық;
б) трофикалық;
в) онкологиялық.
 
ІІІ. Орналасу орны бойынша:
 
1. Қуық жыланкөздері:
а) қуықтық-іншектік;
б) қуықтық-жатырлық;
в) қуықтық-қосалқыларлық.
 
2. Зəржыныстық жыланкөздер:
а) зəрағарлық-іншектік;
б) зəрағарлық жатырлық.
 
3. Зəрөзектік-іншектік жəне қуықтық-зəр-өзекіншектік жыланкөздер.

4. Құранды жыланкөздер:
а) зəржыныстық жəне зəрішектік.
 
5. Күрделі зəржыныстық жыланкөздер.
 
6. Іншек жыланкөздерінің басқа түрлері:
а) шатаралық-іншектік;
б) шатаралық-ішектік;
в) шатаралық-ішектік-іншектік;
г) іншек жəне шатаралықтың лигатуралық байлаулық жыланкөздері.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1.   Босану қызметінің əлсіздігі.
2.   Анатомиялық жəне клиникалық тар жамбаста босану.
3.   Акушерлік қысқыштар салуда, ұрыққа вакуум-экстракцияда зəржыныс мүшелері білінбеген жарақат.
4.   Кесар жаруында, гистерэктомияда, жасанды түсік кезінде білінбеген жарақат.
5 .  Операция ішінде қан кету жəне тіндердің нашар көрінуі.
6.   Өткізілген обыр (рак) түрлері.
7.   Рентген сəулелерін артық дозалау.
8.   Зəр қабындағы бөде денелер (қолмен қоздыру кезінде (мастурбация)).
9.   Жыныстық зорлық қатынас.
10. Химиялық күйік.
11. Жыныс мүшелерінің туберкулездік зақымданулары.
12. Тұрмыстық жарақат.
13. Түтікжұмыртқалық ісіктерді, дермоидтық кистатарды дер уақытында емес жəне ұтымсыз емдеу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
1. Шағымдар жəне анамнез

Шағымдар:
1. Зəрағар-іншектік жыланкөздер. Іншектен зəр еріксіз шығуы. (Көп науқастарда тоталдық зəр ұстамау (жатуда, тұруда) байқалады. Зəр ұстамау тұру кейпінде жəне физикалық жүктемеде күшейеді). 
2. Зəрде қан пайда болуы (Юссиф симптомы).
3. Қуық пен іншек маңайында ауыру сезімі.
 
Жыланкөздің үдей түсуінде зəр ұстамау шағымына басқа шағымдар жалғасады:
- Темппература жоғарылауы;
- Бел маңайының (жыланкөз жағынан) ауыру сезінуі;
- Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары;

Зəрағарлық-жатырлық жыланкөздер:  Негізгі шағым зəрде қан пайда болуы (Юссиф симптомы).
 
Қуықтық-қосалқыларлық жыланкөздер: Үнемі іріңді зəр шығу.
 
Зəрағарлық-іншектік жəне зəрағарлық-жатырлық жыланкөздер:
1. Іншектен үнемі зəр ағып тұруы, операциядан кейін бірден білінеді (жарақаттық) немесе бірнеше күннен кейін (трофикалық) қалыпты зəр шығумен тіркесе жүреді.
2. Бел маңайындағы ауыру сезімі зəр ағып тұруы тоқтағаннан кейін пайда болады.
3. Қызба (гидроуретеронефрозбен себептелген).
 
Зəрағарлық-іншектік жыланкөздер:
1. Жыланкөздің орналасуына тəуелді, тотал зəр ұстамау немесе жеке үлестерін жоғалту.
2. Жыланкөз уретраның дистальдың бөлімінде орналасуында науқастар зəр ұстайды, бірақ зəр шығаруда жыланкөз тесігі арқылы шығарылады.
3. Жыланкөздің орта жəне проксималь бөлімінде – тотальды зəр ұстамау.
 
Іншектік жыланкөздердің басқа түрлері:
Негізгі шағымдары:
- газдарды ұстамау;
- сұйық нəжіс ұстамау;
- іншектен үнемі іріңді шығынды жəне / немесе шатаралық жыланкөз тесігінен.
 
Лигатуралық (байламдық) жыланкөздерде: Қайталанғыш ағым -  олар кезеңді жабылады, одан кейін ауыру сезімі күшейеді, ісініп шығады жəне
тығыздалады, тері қызарады, обсцесс басталады,  ауыру сезімі басылады.
 
Физикалық тексеру
 
Қуықтық жыланкөздер:
1. Айналардан қарау: іншек қуысы жеткілікті тез бос сұйықтықпен толуы (зəрмен) байқалады.
2. Бимануальдық зерттеу: жыланкөздің орналасу орнын, өлшемдерін, іншектің алдыңғы қабырғасын, оның айналасынын ісіну дəрежесін жəне сілемейлі қабықтың қабынуын анықтауға мүмкіндік береді.
 
Зəрағарлық - іншектік жəне зəрағарлық - жатырлық жыланкөздер / Уретроіншектік жыланкөздер:
Айнадан  қарау - зəрдің ырғақты шығуы бар фистула анықталады.
 
Инструменталдық зерттеулер: 
1) “Бояушы” сынама (жыланкөздің шағым өлшемдерінде жəне зəрдін мəнсіз ағуында).
Қуық қабына физиологиялық ерітіндіні индигокармин қосумен енгізу. Іншекті бүкіл ұзындығы бойынша тығындайды. Науқас 10-15 минут бойы жүреді.
- Ең төменгі тығын (тампон) боялуы стрестік зəр ұстамауға тəн.
- Жоғарғысы – қуықтық-іншектік жыланкөзді меңзейді.
- Зəрағарлық-іншектік жыланкөзде тығын суланады, бірақ боялмайды.
 
2) Тамырішілік урография (зəрағарлардың бітелуі мен зəрағарлық - іншектік жыланкөздерді табуға мүмкіндік береді).
 
3) Цистография: қуықтық-іншектік жыланкөз болғанда, қуықты ретроградтық толтыруда контраст дəрмектің сыртына жыланкөз арқылы ағып жетуі байқалады.
 
4) Контраст вагинография: іІншек ішіне фолей катетерін, келісіде контраст затты құюмен енгізу. Зəрағар мен бүйректің ішкі қуысы жүйесін ретроградтық толғаны зəрағарлық-іншектік жыланкөз бар екенін көрсетеді.
 
5) Цистоскопия: жыланкөздердің орналасуы мен  санын, олардың зəрағарлардың сағасына жəне Льето ұшбұрышына қатынасын, фистула айналысындағы тіндер күйін анықтауға мүмкіндік береді.
 
6) Ретроградтық уретропиелография: зəрағарлық-іншектік жыланкөздерді табудың ең дəл əдісі болады.
 
7) Гистерография: зəрағарлық-жатырлық жыланкөздерді табудың ең дəл əдісі болады.
 
8) Метросальпиргография: зəрағарлық-жатырлық жыланкөздерді табудың ең дəл əдісі болады.
 
9) УДЗ.
 
10) Зəрағар катетеризациясы.
 
11) Хроморектроманоскопия (іншектік жыланкөздердің басқа түрлерінің диагностикасы үшін).
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: уролог консультациясы.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- анамнез;
- шағымдар;
- бимануальдық қарау;
- зəрнəрдің, креатининнің, электролиттердің деңгейін анықтау мен қанды биохимиялық зерттеу;
- төгінді микроскопиясымен жалпы зəр анализі;
- арнай жəне арнайы емес жұқпаны табу үшін жағындыны зерттеу;
- ретроградтық уретропиелография;
- гистерография;
- цистоскопия;
- цистография.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
- “бояйтын” сынама;
- іншектік транссудатты биохимиялық зерттеу (креатинин деңгейін анықтау жəне оны сарысулық креатинин деңгейімен салыстыру);
- УДЗ;
- зəрағар катетеризациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
- іншектік трансудатты биохимиялық зерттеу (креатинин деңгейін анықтау жəне оны сарысулық креатин деңгейімен салыстыру);
- зəр, креатинин, электролиттер деңгейін анықтаумен қанды биохимиялық зерттеу;
- шөгінді микроскопиясымен жалпы зəр анализі;
- арнайы тəн жəне арнайы емес жұқпа табу үшін жағындыны зерттеу.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагностика:
1. Қуықтық жыланкөздер. 
2. Стрестік зəр ұстамау

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Хирургиялық емдеу.
 
Консервативтік емдеу мүмкін:
1. Қуықтық-іншектік жыланкөздер.
Консервативтік емдеу “нүктелік” (диаметрі 3 мм дейін) жыланкөзді ғана .
- Фолей уретралдық катетерін №12-14 қондыру;
- Іншекке синтомицин эмульсиясымен тампон енгізу;
- Қатаң төсек тəртібі.
Консервативтік емдеу ұзақтығы 6-8 апта. Тиімділігі болмағанда – оперативтік емдеу.
 
2. Зəрағарлық-іншектік жəне зəрағарлық-жатырлық жыланкөздер.
Консервативтік емдеу фистула қалыптасуының бірінші күндері ғана тиімді, яғни дəнекер тін дамығанша үнемі зəрағарлық стент 6-8 тəулік бойы.

Ем мақсаттыры
Қуықтық жыланкөздер -  жыланкөздң хирургиялық табу жəне ерікті зəр шығаруды табиғи жолмен қалпына келтіру.
Қуықтық-қосалқыларлық жыланкөздер – іріңді ошақты алып тастау жəне қуық қабының бүтіндігін қалпына келтіру.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Науқастардың жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын қалпына келтіру.
2. Жыланкөзді хирургиялық жабу.
3. Аурудың қайталануынын болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: жоспарлы жəне шұғыл.
 
Жоспарлы госпитализация:
1. Зəржыныстық жыланкөз өлшемі 3 мм артады.
2. Консервативтік терапия тиімсіздігі.
 
Шұғыл госпитализация:
1. Асқынған зəржыныстық жыланкөздер.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика :
· Жоспарлы кесар жаруында зəр жүйесінің акушерлік жарақатының алдын алу;
· Босануға көмектесуді дұрыс ұйымдастыру, клиникалық тар жамбастың жəне ұрықтың дұрыс орналаспауының уақытылы диагностикасы.
· Уақытылы гинекология тексеру, қатерлі ісіктер ерте сатыларын табу.
· Оперативтік емдеу алдында науқастарды гинекологиялық жəне урологиялық мұқият зерттеу.
· Тамырлар кернеуі жоғары жəне тіндер ісінуі мен коктамырлық кідіріс аз білінетін, етекккір айналымының бірінші сатысында жоспарлы операциялар жүргізу.

Профилактикалық шаралар:
1. Зəр мүшелерінің жарақатын уақытында тани білу, оның сипатын дұрыс бағалау жəне оны жоюдың орынды əдісін таңдау.
2. Қабыну ошақтарын емдеу.
3. Ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге бағытталған оңалту шараларын урологпен, терапевтпен бірге жүргізу.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:  жеке.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 3. American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Medical management of tubal pregnancy. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 1998 Dec. 7 p. (ACOG practice bulletin; no. 3). 4. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 5. Клиническая гинекология, И.В. Дуда, В.И.Дуда, 1999 год. 6. Неоперативная гинекология, В.П. Сметник, 2003 год. 7. Доброкачественные опухоли и опухолевидные образования яичников, В.М.Серов, Москва 2001 г. 8. Патология влагалища и шейки матки, В.И Краснопольский, Москва 1999 г. 9. Гинекология, Л.Н. Василевская, В.И Грищенко, Ростов–на-Дону 2002 г. 10. Урологическая гинекология, Ю.В.Цвелева, С.Б. Петрова, Санкт-Пербург 2006г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Мырзабекова Г.Т.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.
Шакаралиева Э.М.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.
Гребенникова Г.А.  Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Баймурзаева Л.Г.    Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.
Рослякова А.Г.         Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх